Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «салық заңдарын бұЗҒаны үшін жауапкершілік»



бет14/15
Дата11.04.2022
өлшемі378 Kb.
#220443
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
әкімшілік жауаптылық
экстремизм инфо, зарлыкова ардак 402 экстремизм проект
Қорытынды
Кез келген мемлекет тек материалды базасы болған да ғана өмір сүре алады. Басқаша айтатын болсақ, өзінің аппаратын қаржыландыра алатындай ақшасы болғанда, өзінің алдында тұрған функцияларын орындай алатындай қаражаты болғанда мемлекет ретінде таныла алады.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде Қазақстан Республикасының алдындағы тұрған әртүрлі сипаттағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көздерін қалыптастырушы салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің атқаратын ролі, олардың құқықтық реттелуінің, осыған байланысты қатынастардың мемлекет тарапынан басқарылуының дұрыс болуының маңызы зор. Мемлекет өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекет ретінде танылып өмір сүру үшін, мемлекеттегі болып жатырған әртүрлі процесстерді ақшамен қамтамасыз ету үшін, ақшаның ықпалымен әсер ету үшін белгілі бір қор қажет. Сол қор мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекет осы бюджетке келіп түсетін эртүрлі кірістер мен түсімдерді және бюджеттен шығатын шығыстарды эртүрлі қүқықтық актілеріменен реттеп отырады.

Салық төлеу – салық төлеушінің заңдық міндеті. Мемлекет салықты белгілегенде адамды салық төлеуге міндеттейді. Бұл міндет заңдық сипатта болады, яғни салық төлемегені үшін ол адам заң бұзушы болып табылады. Е.Порохов жазғандай, салық - бұл төлем, салық төлеушінің мемлекет шығындарында қатысудың конституциялық міндеті.

Салық - тек мемлекеттік кіріске түсетін төлем.

Салық - баламасыз төлем, салық көрсетілген қызмет немесе сатып алған тауарларға төлейтін төлем.

Салық - ақшалай түрдегі төлем.

Салықты төлеу ақшаны құқыққа сай алу деген мағынада айтылады. Мемлекет меншік иелерінің (заңды, жеке тұлғалардың) ақшаларын өз меншігіне алып қояды, бірақ бұл салықтардың жазалау шарасы емес. Салықты төлеу міндетті құқыққа қарсы әрекетке байланысты емес.

Салықты төлеу мемлекеттік жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген. Салық төлеушілер салық міндеттемелерін ойдағыдай орындамаған жағдайда мемлекет тарапынан заңда белгіленген жауапкершілік шарасын - қаржылық - құқықтық, әкімшілік - құқықтық, қылмыстық - құқықтық - қолданылады. Салық төлеу мәжбүрлі сипатта болғанымен субьектіні жазалау түріне жатпайды.

Ал осы жекелеген салықтар өзге міндетті төлемдер жөніндегі салықтық міндеттемелердің орындалуы объективті, субъективті жағдайларға орай салық салу аясында туындаған экономикалық-құқықтық теріс маңызы мен келеңсіз мән сипаты бар құбылыстарды күні бұрын есепке ала отырып белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген.

Осыған байланысты және өктем-әмірлі императивтік әдістердің баса қолданылуына қарай салық салу аясы мемлекеттік мәжбүрлеу аясына сай келіп отыр, сондай-ақ осы жәйттердің нәтижесінде салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу деп аталатын салықтық-құқықтық институт қалыптасып, даму үстінде.

Бұл бюджеттердің негізгі кіріс көзі - салықтар, алымдар, баждар, төлемдер болып табылады. Салық қызметін жүзеге асыру барысында қалыптасатын салықтық құқықтық қатынастарды зерделей келе, оларға талдау жасай отырып, келесідей түйіндер жасауға болады және осы салық жүйесін, оның негізінде қалыптасатын салықтық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

• салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамсыз ету;

• салық жүйесін барынша қарапайым жасау, заңдар мен норматавтік актілерден екіұшты, түсініксіз талқылау беретін нормаларды алып тастау;

• салықтық ставкілерді азайта отырып, мүмкін деген салықтық міндеттемелер жүйесін қалыптастыру;

• тікелей және жанама салықтардың үйлестілігінің тиімді деген жолын таңдау;

• салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу тәртібін белгілейтін актілерді (соның ішінде бухгалтерлік есепке алу нормаларын да) салық заңдарына сәйкестендіру.

• шаруашылық қызмет субьектілеріне салынатын салықтарды есепке алуды мейлінше дұрыс жүзеге асыру;

• салық салу қызметінде еріктілік қағидасын қалыптастыру. Ол үшін салық төлеушілерге салық қызметінің маңызын түсіндіру, салық заңдарында болып жатырған өзгерістер мен толықтырулармен оларды дер кезінде таныстырып отыру, эртүрлі кеңестер беріп отыру жэне т.б.

Бүгінгі таңда Республикалық бюджетің 60 - 65 жуық пайызын салықтар құрайды. Осы фактордың өзі-ақ салық салу мәселесінің өте маңызды мәселе екеніне дәлел бола алады.

Қорытындылай отырып, негізгі бірнеше ұсыныстарды жасап кеткім келеді:

Салықтар және алымдар туралы заңдарда салықтық құқық субьектілік туралы мәселелерді реттейтін жалпы институттың пайда болуы салықтық құқықты бөлек құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болады.

Қазақстан Республикасының салықтық құқығының субьектілері салықтық қатынастарға қатыса алушы және КР заңдарымен көрсетілген құқықтармен міндеттерді иеленуші жеке тұлғалармен заңды тұлғалар болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан