Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «салық заңдарын бұЗҒаны үшін жауапкершілік»


ІІ. 1.Салықтық қызметке байланысты мемлекеттік органдардың құзыреті



бет13/15
Дата11.04.2022
өлшемі378 Kb.
#220443
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
әкімшілік жауаптылық
экстремизм инфо, зарлыкова ардак 402 экстремизм проект
ІІ. 1.Салықтық қызметке байланысты мемлекеттік органдардың құзыреті.
Салық төлеу - салық төлеушінің заңдық міндеті болады.

Салық тұрақты түрде төленіп отырылатын қаржылық міндеттеме болып табылады, күн сайын, ол квартал сайын, ай сайын, жыл сайын төленеді.

Салық төлеу мемлекеттік жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген. Төленбей қалған салықтық көлеміне байланысты Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген тәртіпте жауапкершілік шаралар қолданылады.

Салықты төлеуге мемлекет тарапынан мемлекеттік бақылау жүргізіліп отырылады. Соған арнайы құзыреті бар органдар өздерінің атқаратын функцияларына сәйкес өз міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, оның жанынан арнайы қүрылған ведомстволар: Салық инспекциясы, Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі департамент, Алькоголь өнімдерінің айналымьш бақылау жөніндегі департамент, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттілігі, Қаржы министрлігінің жанынан қүрылған қаржылық бақылау комитеті. Қаржы полициясы салыстырмалы түрде жақында ғана, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын орган ретінде қайта қүрылды. Бүл өте дұрыс жасалған шара болды, себебі, бұл органның ешкімнен тәуелсіз қызмет атқарғаны тиімдірек. Тек Президентке ғана бағынатын жағдайда оның қызметі нәтижелі болатыны хақ.

Парламенттің салықтарды бекіту қүдығы арқылы халықтың төлеуге келісу қүқығы көрінеді. Осы позициядан салықтардың құқықтық табиғаты қарастылып зерттелуі тиістігі көрінеді.

Бірақ, салықты салу халықтың өкілі Парламенттің келісімі арқылы жүзеге асырылса да, қоғамның жекелеген түлғаларының келісімін қажет етпейді. Сондай - ақ, көптеген мемлекеттерде салық салу сұрақтарын референдум арқылы шешуге конституциялық шектеулер қойылған.

Ол, салықтық басты құқықтық белгісін - салықты бекітудегі біржақтылықты көрсетеді. Сонымен қатар, салық жеке ақысыз болып табылады, себебі салықты жинаудағы басты мақсат - қоғамның мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады. Салық төлеушінің салық төлегені үшін, мемлекеттің салық төлеуші алдында белгілі бір міндеттері болмайды.

Салықтар қайтарымсыз негізде алынады. Салықтың қайтарылуы тек, салықтың мөлшерін асырып төлеген кезде, және белгілі бір жеңілдіктер пайда болған кедерде ғана мүмкін жэне мемлекеттің біржақты шешімімен қарастырылып төлемнің жалпы сипатына ешқандай әсерін тигізбейді.

Салық ақша қаражаттарының тек біржақты қозғалысынан көрінетіндіктен, оның принциптері азаматтық құқықтық принциптерге қайшы болып табылады. Салықты төлеу мемлекеттің мәжбүрлеу шараларының негізінде жүзеге асырылады. Бірақ, көбінесе мэжбүрлеу шараларын қолданудың қажеттілігі жоқ, сесбебі салық төлеуші көбінесе салықтарды дербес өзі төлеп отырады. Бірақ, егер салық төлеуші уақытылы салықтарды төлемейтін болса, мемлекет оған байланысты қатаң санкцияларды қолданады. Ондай әрекеттер Республикамызда өте жиі кездесіп және қолданылып отырады.

Салық салық төлеушімен мемлекет арасындағы қаржылық қатынастарды реттеуші қүрал ретінде көрініс табады. Қатынастың бір жағы - салық төлеушінің міндеттерін, қатынастың екінші жағы - мемлекеттік салықтық органньщ құқылы әрекетін көрсетіп, айқындап отырады.

Осындай позициялардың негізінде, жоғарыда аталғандарды қорыта отырып, салыққа келесідей анықтама беруге болады:

Салық дегеніміз - мемлекеттің мәжбүрімен, ақысыз және қайтарымсыз сипаттағы, азаматтар мен заңды түлғалардың меншігіндегі ақша қаражаттары мен мүлікті, қоғамдық билік субьектілерінің төлем төлеу қабылеттілігін қанағаттандыру мақсатымен, заңда көрсетілген мөлшерлер мен мерзімдерде мемлекеттік бюджетке алу болып табылады.

Бюджетке қайтарымсыз және ақысыз төленетін міндетті төлемдердің барлығы салық болып табылмайды. Мысалы: соттың шешімі немесе үкімі бойынша мемлекеттің немесе үшінші жақтардың мүддесі үшін ақша қаражаттарын төлету, жоғарыда айтылған салықтың белгілеріне ұқсас болса да, салық болып табылмайды.

Салықтар - халық билігінің субьектілерінің (мемлекетік билік органдары, басқару органдар және басқа да мемлекеттік органдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары) мүддесі үшін төленеді. Осы белгісімен, салық басқа мемлекеттік биліктің орталық немесе жергілікті органдарынан басқа заңды түлғаларға төленентін төлемдерден айырылады. Ондай төлемдер салықтық емес төлемдер (парафисналитет) болып саналады.

Ондай төлемдер, мысалы, әртүрлі техникалық немесе профессионалдық, коммерциалық жэне элеуметтік кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдасы үшін мәжбүрлеу арқылы төленеді. Бұл жердегі мәжбүрлеудің орын алуы ондай төлемдердің де заңдардың негізінде пайда болуынан көрінеді. Бірақ, кейбір мемлекеттерде, мысалы Францияда, парафисналитеттерді атқарушы органдар өздерінің актілерінің негізінде бекітуі мүмкін

Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерге жататындар:

- Алымдар, баждар, төлемдер.

А) Алым сияқты міндетті төлемнің құқықтық мазмұнын анықтау үшін, оның салықтық төлемнен негізгі айырмашылықтарын анықтап, қарастыру қажет.

- Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін -тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;

- Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Мысалы: белгілі бір кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысқаны үшін лицензия алу кезінде алынады, немесе ҚР территориясында транзиттік тәртіппен транспорт құралдарының өткені үшін алынады. Яғни, алым төлегені үшін субьект белгілі бір қүқықтарды иеленеді немесе мемлекеттен қандай да бір рұқсаттарды алады.

• Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті.

Соныменен, алымдар — мемлекеттік органдармен төлеушіден материалды және материалды емес обьектілерді пайдаланғаны үшін, немесе пайдалануға қатысқаны үшін алынатын міндетті төлемнің түрі. Б) Баж.

Бюджетке түсетін келесі міндетті төлемнің түрі — баж болып табылады. Мемлекеттік бажды алу көптеген норматавті құқықтық актілермен реттеледі.

Баж дегеніміз заңды маңызды әрекеттер жасағаны үшін немесе құжаттар бергені үшін, соған өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мен алынатын міндетті төлемнің түрі. Бұл анықтамаға қарап, біз баждың алымға жақындығын көреміз. Бірақ, Худяков А.И. ойынша, келесідей айырмашылықтар бар:

Баж - бюджеттің, яғни жалпы мемлекеттің кірісі, ал алым - төлеушіге қызмет көрсеткен үйымның кірісі. Сондықтан, классикалық теорияға сәйкес, баж - фискалды төлем, ал алым- чиновниктік төлем.

Баж - көрсетілген қызметтің бағасынан тәуелсіз алынады, ал алымның мөлшері - көрсетілген қызметтің бағасына сәйкес болады.

Баж салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Салық төлегенде мемлекет төлеушіге ешқандай қызмет көрсетіп, орнына ешнәрсе бермейтін болса, ал баж төлегені үшін белгілі бір заңмен көрсетілген қызметтерді ұсынады. Айтарық, кеден тауар алып өтіне рұқсат беру, немесе, сотта талап арыздарын қарау, т.б.

В) Төлем.

Бюджетке төленетін келесі міндетті төлемнің түрі - төлем. Төлем жеке тұлғалардан, немесе заңды түлғалардан белгілі бір мемлекеттің меншігіндегі игіліктерді пайдалағаны үшін алынатын мідетті төлем. Мысалы айтатын болсақ, ерекше күзетілетін обьектілерді пайдаланғаны үшін төлем, орманды, жануарлар әлемін пайдаланғаын үшін төлемдер. Яғни, мемлекет өзінің айрықша қүқығындағы қүдықты пайдалануға береді де, сол үшін төлем алады.

Міндетті төлемдер бюджетке барып түседі де, мемлекеттің кіріс көзін құрайтынын жоғарыда атадық. Жыл сайын мемлекетімізде бір жылда келіп түсетін түсімдер мен жүмсалатын шығыстар көрсетілген бюджет туралы Заң және жергілікті бюджеттер туралы шешімдер қабылданады. Бұл өте күрделі процесс және оларды қабылдауға барлық мемлекеттік органдар қатысады.

Қаржы Министрлігі және экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігі бюджеттік саясаттың басты мақсаттары мен, алдағы жылдың бюджеттік саясатын, өтіп бара жатқан бюджеттің орындалуының бағасы, және ақша - кредиттік саясаттың басты бағыттарын айқындап отырады. Осы арқылы ол, мемлекеттің қаржылық балансын анықтайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған мемлекеттің қаржылық балансы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі үшін жергілікті бюджеттердің параметрлерін, олардың республикалық бюджетпен қарым -қатынастарын айқындауға жол береді. Алдағы жылдың республикалық бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен 15 қыркүйектен кешіктірілмей, ал жергілікті бюджеттердің жобалары жергілікті әкімдермен 1 қыркүйекке дейін жасалып, сәйкес түрде - Қазақстан Республикасының Парламентіне және жергілікті маслихаттарға тапсырылуға тиісті. Алдағы жылдың Республикалық бюджеті осы жылдың 15 желтоқсанына дейін Қазақстан Рсепубликасының Парламентінің палаталарының ортақ отырысында қарастырылып, бекітіледі.

Егер, Парламентпен өтіп бара жатқан жылдың 15 желтоқсанына дейін алдағы жылдың Республикалық бюджеті бекітілмесе, онда Қазақстан Республикасының Президенті Парламентпен бюджет бекітілгенге дейінгі күші бар, «Алдағы қаржылық жылдың 1 кварталының республикалық қаржылық жоспары туралы» заң күші бар Жарлығын қабылдайды.

Қаржылық жоспардың орындалуы Республикалық бюджет үшін анықталған тәртіпте жүзеге асырылады.

Мемлекеттің салық жүйесі - салықтардың, алымдардың, баждардың, төлемдердің және басқа да заңдарменен көрсетілген тәртіпте алынатын төлемдердің жиынтығы. Салық жүйесі қомақты болып табылады және келесілерді қамтиды: 1. Заңдардан және заңға сәйкес актілерден тұратын салық заңдарын; 2. Салықтық бақылау жүргізетін салық органдарынан; 3. Салық төлеушілердің атынан салықтарды есептеп, бюджетке аударатын салық өкілдерінен; 4. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаржылық полициядан; 5. Салық салу саласындағы ғалымдар мен практиктердің теоретикалық ережелерін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы