Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «салық заңдарын бұЗҒаны үшін жауапкершілік»


І.3. Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің салық жүйесі



бет10/15
Дата11.04.2022
өлшемі378 Kb.
#220443
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
әкімшілік жауаптылық
экстремизм инфо, зарлыкова ардак 402 экстремизм проект
І.3. Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің салық жүйесі.

Салықтардың функциялары белгілі кезеңде өздері атқаратын рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге себін тигізуге қажетті экономикалық тұтқа және реттеуші болып табылады.

Салықтардың қалыптасқан түрдегі негізгі үш функциясы бар. Олар: фискалдық, қайта бөлу және реттеуші функциялар.

Бірінші, фискалдық функция – салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы түсіп отыруын қамтамасыз етеді. Фиск – латын тілінде мемлекеттік қазына деген мағынады айтылған. Сондықтан, фискалдық қызмет – салықтық - бюджеттік қызмет, яғни мемлекеттік қазына – бюджетті төлемдер арқылы ақшалай қаражаттарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет болып табылады, қаражаттарды бюджетке жұмылдыру қызметі. Тауарлық - ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына байланысты бұл функция мемлекет қарамағына түсетін ақшалай кірістерді ұлғайта түседі [21].

Қайта бөлу функциясы, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің табыстарының бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі. Бұл қызметтің барысында жалпы ұлттық өнім көлеміндегі салықтардың үлесі анықталады, яғни ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы оның қандай бөлігінің мемлекет меншігіндегі қорға қосылғанын көрсетеді.

Реттеуші функция – салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы , заңды және жеке тұлғалардың рынокқа бағытталған экономикалық белсенділіктерін, сондай-ақ мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл функция ынталандырушы, тежеуші ұдайы өндіруші деп бөлінеді.

Салықтық реттеу мүмкіндігінше тиімді салық түрлерін таңдау, олардың мөлшерін өзгерту, жеңілдік көрсету, кейде кейбір түрлерін алу тәсілін өзгерту сияқты әрекеттерден тұрады. Әсіресе, бұл функцияны ғылыми – техникалық процестерді ынталандыру кезінде қолдану өте тиімді болады.

Мемелекет аталған салықтардың функциясын қолдана отырып салық салу, салық қызметі саласындағы әртүрлі шараларды жүргізеді және салық жүйесін анықтап, олардың қызмет атқару тұтқасын әзірлейді. Салық салу шараларын қоғамның нақты бір даму кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттарына байланысты экономикалық саясатпен ұштастыру осы функциялар арқылы жүргізіледі.

Салық салу кезінде мемлекет белгілі бір принциптерді салық теориясының басты элементі.

Салықтар жөніндегі ілімнің тұңғыш қарлығаштары, саяси экономикалық теорияның ірі классиктері Адам Смит, Вильям Питти.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттаитын экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржалық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен бірге қалыптасады [22].

Әрбір мемлекетте өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады.

Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады.

Салық жүйесін мемлекет пен және тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Салық- құрылған және анықталған заңмен белгіленген тәртіп бойынша, мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субьект табысының бір бөлігі.

Салық салу- бұл табысты және қайнар көздері, мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал.

АҚШ-тың тәуелсіздік туралы Декларациясының авторларының бірі Бенджамин Франклин былай деген екен: "Бұл өмірде өлім мен салықтардан басқа заттардың барлығынан құтылып кетуге болады". Сол кезден бастап АҚШ-тың салық жүйесі дамыды, келе-келе тармақталған сипатқа ие болып, нарықтық экономикалық дамуына өз әсерін тигізген болатын.

АҚШ-тағы салықтар федеральді бюджетті, жергілікті және штаттық бюджетпен табыспен қамсыздандырады және салықтар экономиканың дамуын реттейтін құрал ретінде пайдаланылады. Бюджеттің қозғалысы мен қалыптасуы американдық мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыруында басты роль атқарады. АҚШ-тағы салық салу мемлекеттің табысының қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің бизнес саласына әсер етуіндегі басты құрал болып саналады. Кейінгі кезеңдерде АҚШ-тың бюджеттік-салықтық реттеуді үкімет экономикадағы кризистік жағдайдан шығу және экономиканың өсуінің баяулауын тежеу үшін қолданып келеді.

АҚШ-тың қаржы жүйесінде басты рольді федеральді үкіметтің бюджетке механизмі алады. Тұрақты және ірі саладағы салықтар федеральді бюджет қорына түседі. Мемлекеттің шығысы мен кірісінің 70% осы федеральді бюджеттің үлесінде.

Жергілікті органдарда өздерінің финанстық ресурстарының қайнар көздері бар, яғни жергілікті салық. Кейінгі 10-15 жылдың ішінде АҚШ-тың жергілікті басқару органдарының қаржы көлемі өскені байқалады. Сонымен қатар білім денсаулық сақтау жол салу шығындарының 70-тен 90%-ке дейінгісі осы штаттық және жергілікті басқару органдарының бюджетінен алынады. Ал қоршаған ортанықорғау, табиғи ресуртарды сақтау, құрылыс жұмыстарының 40% штаттық және жергілікті басқару органдарының бюджетінен алынады.

Салық төлеуден бас тарту және жалған мәліметтер беру үлкен заң бұзушылық ретінде қарастырылып, түрлі шаралардың қолданылуына әкеліп соқтыруы мүмкін немесе төленбеген салық сомасының 25%-тік көлемінде айып пұл салынуы мүмкін. Салық декларациясы жайында мәліметтер ИРС-қа (ішкі табыс қызметі) жеткізіледі. Олжерде мәліметтерді мұқият статистикалық тексеруден өткізеді. Егер салық төлеушіаудитордың мәліметтері тексерумен келіспесе, аудиторшешіміне сотқа шағым бере алады.

Қарапайым азаматтық айып пұл салық төлемегенде және декларацияны толтырмаған жағдайда салынады. Кейбір жағдайларда айып пұл қылмыстық заң бұзушылық кезінде төленеді.

Егер салық 3 жыл бойы төленбесе ішкі табыс қызметі соттасуға құқылы. ИРС салық мөлшерін анықтап кез келген уақытта сот ісін қозғай алады, яғни егер декларация алааяқтық мақсатта толтырылған болса немесе мүлде толтырылмаса.

Жеке салық төлеуші декларацияны толтыруды 2 – 4 айға соза алады, бірақ айып пұл төлеуден және өсіп, қосылыа отыратын проценттерден құтыла алмайды.

АҚШ-тың ішкі табыс қызметі жыл сайын 100 млн-ға жуық салық декларациясын тексерістен өткізеді. Тексеріс компьютер арқылы электронды бақылау бойынша жүргізіледі. Ол мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру қызметімен бірге жүргізіледі. Олардың компьютерлерінде салық төлеушілер жайында мәліметтердің барлығы сақталған. Ішкі табыс қызметінде көптеген инспекторлар мен ревизорлар жұмыс істейді.

АҚШ –тың салық жүйесін жеңілдетуге тырысуына қарамастан салық төлеушілердің деғкларацияны толтыруды оңайлату шараларына қарамастан салық жүйесі күрделі әрі қиын болып қала беруде. Шедулдер мен түрлі формаларды толтыру үшін салық төлеушіге 1.5 сағаттан 16 сағатқа дейінгі уақыт жұмсалады. Салық төлеу ережелерімен танысып, кең тараған 1040 форманы толтыру үшін салық төлеуші кем дегенде 6 сағат уақыт жұмсайды.

Салық жүйесінде ішкі табыстар қызметінің жұмысын күшейту мақсатында бірнеше қадамдар жасалған болатын.

Салық төлеушілердің ИРС тарапынан қысымшылық көрмес үшін АҚШ конгресі 1998 жылы өзінің арнайы заңын шығарған болатын. Ол заң "Салық төлеушілердің құқы туралы биль" деп аталады. Ол салық төлеушілердің ИРС тарапынан жасалған сындардың әсерінен өз үйлерін сатқан және кәсіпкерлік жұмысын аяқтау факторларының алдын алу үшін жасалған.

Бұл заң бойынша салық төлеуші салықты бөлшектеп төлеу мүмкіндігіне ие болды.

АҚШ-тың салық жүйесінің кемшілігі оның дәрменсіздігі мен күрделілігі болатын.

1986 ж қыркүйекте қабылданған салық реформасы жайындағы жаңа заң салық саласындағы ірі оқиға. Реформаның басты мақсаты- американдық салық жүйесңн жеңілдету қарапайымдау және экономикалық өсуге бағыттау үшін әділетті жүйе құруға бағыттау болатын.

80-жылдардағы АҚШ үкіметінің басына келген Рейгеннің келуіне байланысты жасалған бұл реформа экономикалық коньюнкутраны ынталандыру ірі шарасы болып табылады. Бұл реформа салықтарды едәуір қысқартты. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффердің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің ойынша корпороциялартабысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми – техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

Жаңа заң бойынша тек екі салығы қарастырылады 15 және 28% тік, бұрын ол 15% және ең үлкені 50% болатын, осы заң бойынша корпорация табыстарына салынатын салықтарда төмендетіледі. Ол 46% -тен 34%-ке дейін төмендетіледі. Ьұл реформа экономикалық өсуге үлкен ықпалын тигізеді.

Салық қатынастарының теориясының негізі Ұлыбританияда пайда болды. Бұл түсінікті де-Ұлыбританияның дүние жүзілік өнеркәсіп дамуына еткен ықпалы зор. Салықтардың қоғамдағы ролі мен алатын орнын айқындау Ұлыбританияда ХҮІІ ғасырдың басында басталды. 1625 жылы үлкен басылымның сақтаушысы, ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) былай жазды: "Халықтың келісімімен енгізілген салықтар оның күш қуатына соншалықты жаман әсер етпейді, бұрын біз Нидерланды мен Англияның кейбір жерлеріндегі салықтардан көре аламыз. Қазір сөз ақшаны жинау туралы есмес, халықтың күш қуаты туралы етіліп тұр. Халықтың келісімімен төленетін салық оның рухына тіпті басқа әсер қалдырады".

Кейін ағылшын экономисі Уильям Петтил өзінің еңбегінде жанама салықтардың тиімді жақтарын ашып көрсеткен. Оның осы еңбегі "Алым мен салықтар туралы трактат" деп аталады. Осы еңбегінде Уильям Петти жанама салықтардың пайдасы зор екендігін дәлелдеп шығады: „Акциздің пайдалы екндігін осы фактардан көруімізге болады:


  1. Әркім өзінің тұтынған заттардың көлеміне, сапасына және керектігіне байланысты төлеу керек. Осыған орай бұл салықты ешкімді де еріксіз түрде төлеуге міндетті етіп де еріксіз түрде төлеуге міндетті етіп қоймайды. Себебі әрбір адамға өмір сүру үшін ең қажетті заттарға ешқандай акциз болмайды.

  2. Бұл салық адамдарды бекер ақша шашудан қорғайды. Яғни ақшаны дұрыс пайдаланып, оны жинап халық билейді. Бұны біз голландықтардан немесе еврейлерден көре аламыз.

  3. Ешкім де бір зат үшін екі есе төлей алмайды себебі бір зат тек қана бір рет тұтыныла алады.

Ал қазіргі кезде осыған қарамастан, жер үшін салық бар, титулдар үшін салық бар, кеден салықтар да бар. Азаматтар осы барлық салықтарды төлеуге тиісті болады. Акциздер кімде артық төлемейді.

  1. Салықтың осы түрі халықтың экономикалық жағдайы туралы, оның тұтыну қаблеттілігі күші туралы мәліметтерді кез келген кезде алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әрбір отбасымен ерекше келісім жасауда қажеттілік болмайды. Салықтар жинау да жеңілдейді.

Салық қатынастардың теориясының дамуына зор үлес қосқан экономист және философ- Адам Смит (1723-1790) Және де ол салыққа жаңа көзқарасты ұсынды. Оның ойы бойынша салықтар оларды төлейтін адамдар үшін құлдықтың емес, еркіндіктің белгісі. 1776 жылы Адам Смиттің "Халықтардың байлығының себептері мен табиғатын зерттеу" атты еңбегін жазады.

Смиттің көзқарасына жүгінсек, төрт негізгі принциптерін атап көрсетуге болады. Және олардың қазіргі заманға да өте өзекті екенін ескеру жөн.

1.Әділеттілік принципі. Осыған принцип халыққа салынатын салық оның табыстарымен пропорционал болу керектігін көрсетеді.

2. Анықталғандық принципі. Бұл принцип бойыеша әрбір азамат салық төлеу уақытын, кеөлемін білуді талап етеді.

3. Ыңғайлық принципі. Бұл принцип салықты төлеу тәсілі мен формасы оны төлейтін азаматы үшін ыңғайлы болу керектігін талап етеді.


  1. Экономия принципі. Ол салық жүйесінің шығындарын қысқарту және оны жетілдіру керектігін көздейді.

Нақ осы кезде яғни ХҮІІ ғасырдың аяғында Батыс Европада қазіргі заманғы мемлекеттің негіздері қалыптаса бастайды. Осы жаңа мемлекет активті экономикалық пен салық саясатты көздейді. Ұлыбритания барлық мемлекеттерден де озып кетеді.

Ұлыбританияның салық жүйесі өткен ғасырда қалыптасты. Осы жүйесінің әсіресе, табыс салығының ерекшеліктері осы уақытта да сақталды. 1973 жылғы салық реформа Ұлыбританияның салық жүйесінің құрылымына едәуір өзгерістер енгізген болатын. Қазіргі кездің өзінде де Ұлыбритания мен басқа да дамыған елдердің салық жүйелерінде өзгшерістер болып жатыр. Бұл өзгерістер дүние жүзінде барлық дамыған мемлекеттерге тән проблемалардың әсерінен жүргізілді.

Ұлыбританиядағы заң шығару негіздері ретінде: халық пен корпорациялардың табыс салығы туралы 1974 жылғы АКТ; капиталдық өсімшесі ретінде табысқа салық туралы 1979 жылға акт НДС туралы 1983 жылғы акт алынады. Сонымен қатар әр жылы салық заң шығару актілерге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Салықтарды жинау ағылшын парламенттің міндеті болып табылады. Оның билігі Англияға да Уэльске де, Шотландия мен Солтүстік Ирландия да таралады.

Ұлыбританияда салық бір жыл ішінде 4 рет төленеді. Әрбір төленетін салық мөлшері бірдей болады. Салық жылының аяғында (6 сәуірден келесі жылдық 5 сәуірге дейін) жыл ішінде табыстың көлемі толық анықталғаннан кейін, салық төлеушілер қалған бөлігін төлейді. Бірақ тек қана жалақыға тұратын азаматтар салық декларациясын 5 жылдабірақ рет толтырады.

Салық декларацияны дұрыс толтыру үшін салық төлеушінің салық статусын айқындап алу қажет. Оны ақпараттарға сүйене отырып, салық қызметі жұмысшыға хабарламаны, ал жұмыс берушіге жұмысшының салық нөмерін және салық формасын көрсететін документтерді жібереді.

Салық төлеушілерден ешқандай да әрекет жасауды қажет етілмейді. Жұмыс берушіге жіберілген документтер бойынша жұмысшылар жалақыдан керек ақшалар алынып тасталады.

Ұлыбританияда табыс салығы бір кумулятивті жолмен есептелінеді. Яғни бір кіші мерзімінде болған табысы есептелмей бүкіл жылдық табыс бірден есептелінеді. Бұл Ұлыбританиядағы табыс салығын есептеудің негізгі ерекшклігі болып табылады. Себебі басқа елдерде табыс салығын айдай есептейді. Яғни бір айда салық төлеушінің табысы кіші болып, екінші айда үлкен болса да, бірінші ай салығы төмен, екінші ай үшін салығы жоғары болады. Ұлыбританиядан бірінші мен екінші айдың табысы бірден есептелініп салық та бірден алынады.

Үкімет қаржы мекемесінің көмегімен Ұлыбританиядағы салық жүйесін билейді және реттейді. Ал үкіметтің бұл ісін парламентпен бақыланады. Ұлыбританиядағы қаржы мекемесі басқа елдерде кездеспейтн мемлекеттік финанс институты болып табылады. Бұл үкіметтегі ең басты министрлік болып табылады. Қаржы мекемесі бүкіл елдің экономикалық негізгі даму стратегиясын белгілейді. Ал административтік тұрғыдан қаржы мекемесі – билеу органы болып табылады. Оны қаржы мекемесінің бірінші лорды, премьер-министр, қаржы министрі кіші лордтар басқарады [23].

Ұлыбританияда салық заң шығаруы үкіметпен белгіленеді. Салық қызметін ұйымдастыру негізгі екі департаменттке жүктелген; ішкі табыстарды билеу және салық пен акциздардыбилеу департаменттер. Ішкі табыстар департаменттің функцияларына мекемелерден және азаматтардан салықтардың жинауын қадағалау кіреді. Административті бақылау Лондондағы бас инспектордың көмегімен өтеді. Осы бас инспекторға Лондондағы 700 аудандық конторалар бағынады. Бұлш конторалар салықтарды жинаумен де және консультация берумен шұғылданады. Осындай аудандық контораларды салық салық инспекторлар жұмыс істейді. Олар әрбір компания мен жеке азаматтардың табыстарын есе,птеп отырады. Сот болған кезде ішкі табыстарды билеу департаменттің атынан шығады. Ішкі табыстар билеу департаментімен ерекше брошюралар салық төлеу кейбір мәселелер көрсетеді.

Ал салық пен акциздарды билеу департаменті жанама салықтардың барлық жүйелі реттеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан