Зерттеу мақcаты- Визуализация әдістерін қолдану арқылы 6 -сыныптажаратылыстанусабақтарында танымдық белсенділікті дамытуға жағдай жасау.
Қойылатын мақcатқа cай зерттелетін міндеттер:
- «Жаратылыстану»сабағындагеографиялық ақпаратты визуализациялау әдістерін қолданудың мәні мен әдістемесін зерттеу;
- «Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны бойынша 6 - сыныпқа арналған бағдарламасының тақырыптары бойыншаоқу материалын визуализациялау тәсілдерінің жүйесін әзірлеу;
- 6-сыныпта география сабақтарында жас ерекшелігіне тиімді және қол жетімді таңдау мақсатындаоқу материалын визуализациялау әдістерін сынақтан өткізу;
Зерттеу ныcаны- оқушылардың географиялық ақпаратты визуализациялау дағдыларын 6-сыныпта жаратылыстану сабағындаоқу-танымдық құзіреттілікті дамытудың тиімді әдісі ретінде.
Зерттеу пәні -оқушылардың географиялық ақпаратты визуализациялау дағдыларын білім беру үдерісінде, оқыту процессінде география, жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңартылған білім мазмұнынасәйкес келетін әдіс-тәсілдерді қолданып дамыту.
Зерттеудің жұмыcының практикалық маңыздылығы: Педагогикалық тәжірибенің мәні 6-сыныпта«Жаратылыстану»оқу пәнін оқыту процесінде оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін дамыту құралы ретінде педагогикалық қызметке визуализация әдістерін енгізу болып табылады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: зерттеу мәселесі бойынша географиялық, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектер. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары (заңдар, жолдаулар, қаулылар, бағдарламалар, тұжырымдамалар, т.б). Білім және ғылым министрлігінің оқу үдерісіне байланысты ұсынылған құжаттары (жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқу құралдары),педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері, ізденушінің жеке іс-тәжірибелері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жаратылыстану пәнін оқыту үдерісінде ақпаратты визуализациялау дағдыларын қолданудың әдістемелік жүйесі ұсынылды;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жаратылыстану пәнін оқыту үдерісінде қолданудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі жасалды, ақпаратты визуализация дағдыларын дамытудаАКТ тиімділігі айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |