Дипломдық ЖҰмыс оқушылардың географиялық ақпаратты визуализациялау дағдыларын дамыту Білім беру бағдарламасы



бет13/18
Дата10.06.2022
өлшемі1.48 Mb.
#267560
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Оразова Клара С ГТ-41..

Сабақтың тақырыбы

Сабақта қолданылатын ақпаратты визуализациялау дағдысын дамытуға көмекшівизуализация әдістері

1

Макроәлем және микроәлем

  • РоwerРоіnt презентациясы

  • Бейнеролик көрсету

  • Раdlet тақтасы

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

4 кестенің жалғасы

2



Жер туралы жалпы мағлұматтар

  • РоwerРоіnt презентациясы

  • Бейнеролик көрсету

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

  • Kаhооt онлайн викторинасынанын тест тапсырмасын шешу

3

Жер қабықтары және өзара байланыстары

  • Бейнеролик көрсету

  • Схемалар

  • Сынып тақтасыдағы суреттер

  • Жер қабатының макеті

  • ThіngLіnk интерактивті постерлері

4

Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы. Адамдардың қазіргі өмір сүру жағдайлары

  • РоwerРоіnt презентациясы

  • Бейнеролик көрсету

  • Менталды карта

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

5



Географиялық карталар және шартты белгілер

  • Географиялық карталар

  • Шартты белгілер көрсетілген кестелер

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

6





Карталар бойынша қашықтық пен азимутты анықтау



  • РоwerРоіnt презентациясы

  • Географиялық карталар

  • Wоrdwаll платформасынан тест тапсырмасын орындау

  • Үлестірмелі қағаздардағы географиялық есептерді орындау

7



Географиялық координаттарды анықтау

  • Географиялық карталар

  • Бейнеролик көрсету

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

8

Сағаттық белдеулер

  • Географиялық карталар

  • РоwerРоіnt презентациясы

  • Бейнеролик көрсету

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

  • Kаhооt онлайн викторинасынанын тест тапсырмасын шешу

9



Мұхиттар табиғатының ерекшелігі

  • Мұхиттар картасы

  • РоwerРоіnt презентациясы

  • Бейнеролик көрсету

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

10

Материктердің ерекшелігі

  • Материктер картасы

  • РоwerРоіnt презентациясы

  • Leаrnіng Аррs платформасынан тапсырма орындау

11



Халықтардың қоныстануы және тығыздығы

  • Географиялық карталар

  • Кестелер

  • Фондық диаграмма

Жүргізілген зерттеу барысындаоқушыларға дәстүрлі сабақ өту формасының тиімсіздігі, яғни оқушылардың тек қана дәріс түрінде өткізілген сабақтан алған мәліметтерді есте сақтауы қиын екендігін анықтадым. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып оқушыларға қызықты болатындай, есте сақтауға қолайлы түрде материалды ұсынып, визуализация дағдыларын жетілдіру қажеттілігін түсіндім. Оқушылардың ақпаратты визуализациялау дағдыларын дамыту үшін сабақ өту барысында жаңартылған білім мазмұнынасәйкесақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен түрлі платформалар арқылы сабақ өте бастадым.
6 «А» сыныбының жаратылыстану пәні бойынша «Адам. Жер. Ғалам» бөлімін игеру барысында оқушылардың географиялық ақпаратты визуализациялау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жиынтығын қолданып сабақты қызықты өтуге тырысып, оқушылардың географиялық ақпаратты есте сақтау дағдыларын дамыту бойынша зерттеу жұмысын жүргіздім.
Leаrnіng Аррs платформасын қолдану арқылы оқушылардың географиялық ақпаратты визализация жасау дағдыларын дамытуда қолдану, платформа оқушыларға әртүрлі сипаттағы әдістерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындауға, игерілетін білімді есте сақтауға мүмкіндік береді.
- символдық (мәтіндер, сандар, кестелер);
- графикалық (суреттер, сызбалар, фотосуреттер);
- мультимедиа (анимация, аудио және бейне жазбалар).
Leаrnіng Аррs платформасындағы тапсырмалар үлгісі құрылымдық-функционалдық белгілері бойынша келесідей топтастырылған:

- Жұбын табу
- Жіктеу
- Хронологиялық сызғыш
- Қарапайым тәртіп
- Мәтін енгізу
- Кестені толтыру
- Сөзжұмбақ
- Бәйге
- «Кім миллионер болғысы келеді?» ойыны
- Бағалау
- Сәйкестендіру
- Нысанды табу
- Суреттерді сұрыптау
- Дұрыс жауапты таңдау
- Бос орындарды толтыру
Leаrnіng Аррs платформасын қолдану арқылы 6 - сынып оқушыларының ақпаратты визуализация жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгісі.
1 - тапсырма
Оқушыларға «Макроәлем және микроәлем» тақырыбын игеру барысыда Leаrnіng Аррs платформасын қолдану арқылы орындауға ұсынылған тапсырма. «Жіктеу» әдісі арқылы оқушылар берілген сөздерді тиісті бағанға қою арқылы 3 суретке сәйкесжіктейді.
Берілген атаулар: элементар бөлшектер, атом, биосфера, молекула, жасуша, өсімдік, жеке тұлға, жер ядросы, тірі жасуша, телефон, пайдалы бактериялар, саңырауқұлақтар, су, гүлдер.

3 сурет - «Жіктеу» әдісі арқылы тапсырманы орындау үлгісі


Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың нәтижесі экран бетінде шығып тұрады. Әрбір оқушының нәтижесі мұғалімнің жеке кабинетінде қол жетімді болады.


2 - тапсырма
«Жер туралы жалпы мағлұматтар» тақырыбы бойынша Leаrnіng Аррs платформасында құрастырылған 4 суретке сәйкес дұрыс жауабын таңдау тапсырмаларын орындайды. Тест тапсырмалары 10 сұрақтан құралған, 3 жауапты нұсқадан тұрады (Ә қосымшасы).



4 сурет - Leаrnіng Аррs платформасындағы дұрыс жауабын таңда викторинасындағы тапсырма үлгісі


3 - тапсырма
Бұл тапсырмада оқушылар «Мұхиттар табиғатының ерекшелігі» және «Материктердің ерекшелігі» тақырыптарын пысықтау мақсатында, сонымен қатар материктер мен мұхиттарды картадан көрсету арқылы визуалды дағдыларын дамытуға көзделген. Оқушылар экран бетінде көрстеілген дүниежүзінің картасынан 5 суретке сәйкес аталған нысандарды көрсетуге тиіс.
Берілген нысандар: Еуразия материгі, Африка материгі, Солтүстік Америка материгі, Оңтүстік Америка материгі, Аустралия материгі, Антарктида материгі, Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит.



5 сурет - Leаrnіng Аррs платформасында нысанды табу тапсырмасын орындау үлгісі


4 - тапсырма
Оқушылар бұл тапсырманы орындау барысында материктер мен оларды ауданы бойынша сәйкестендіреді, яғни 6 суретке сәйкес берілген аудандарды сәйкес келетін материк атауына қосады. Берілген материк атаулары мен аудандары:

Еуразия
Африка
Солтүстік Америка
Оңтүстік Америка
Аустралия
Антарктида
14 млн км2
9,0 млн км2
54 млн км2
24,2 млн км2
18 млн км2
30,3 млн км2

Тапсырманы орындау барысында оқушылар материктер мен аудандарды сәйкестендіріп, елдердің картадағы аудан көлемі мен географиялық орнын көрсетеді. Елдер мен көрсетілген аудан көлемдерін сәйкестендіру арқылы материктердің ауданын есте сақтай алады. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялармен сабақ барысында жұмыс жасау дағдылары, географиялық ақпаратты визуалдау дағдылары дамиды.



6 сурет - Leаrnіng Аррs платформасында сәйкестендіру тапсырмасын орындау үлгісі


5 - тапсырма


Оқушылар «Халықтардың қоныстануы және тығыздығы» тақырыбы бойынша оқушылардың карта бетіндегі ақпаратты визулизациялау дағдыларын дамыту бойынша картограммалық әдіс арқылы тапсырманы орындау керек. Тапсырманы орындау барысында оқушылар 5 кестеде берілген ақпаратты қолдану арқылы 7 суреттегі Қазақстанның контурлық картасына фондық картограмма әдісі арқылы картаны толтырады [28].

5 кесте – Қазақстан Республикасының облыстарының халық саны мен халық тығыздығы көрсеткіші (2016 жыл)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру