Дипломдық жұмыс «Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»



бет8/27
Дата11.04.2022
өлшемі329.29 Kb.
#220066
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
тура және кері пропорциялар, Мөлдір, БӨЖ 2, БӨЖ 2, микробиология, Абызова Г физкультура
Жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу. Жерді қорғау үшін ақы төлеу жер төлемдерінің экологиялық құқықтық көрінісі болып танылады. Жердің қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып табылатын табиғи объект екендігін нақты анықтайды. Себебі, жоғарыда қарастырылған жер төлемдерінің түрлері экономикалық сипаттағы, жердің кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі, өндіріс құралы және азаматық айналымның объектісі екендігін айқындайды. Жерді қорғау үшін төленетін төлемдердің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: Жерді ластағаны үшін ақы төлеу, яғни жерге эмиссияға ақы төлеу; жерді табиғи ресурс ретінде молықтырғаны үшін ақы төлеу; жерге келтірілген зиянның орнын толтыру т.б.

Жерді ластағаны үшін (эмиссия) үшін төлемақы. Жерді ластағаны үшін төлемақы жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу мәселесі анықталған. Жердің қоршаған ортаның бір бөлігі екенін ескере отырып, экологиялық кодекс нормаларының жерді ластағаны үшін ақы төлеу қатынастарын реттеуге таралатыны анық. Жерді ластағаны үшін ақы төлеу дегеніміз – арнайы уәкілетті органдармен берілген рұқсат шегінде ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету үшін төленетін есептеу әдістемесін қолдана отырып анықталатын төлемақы. Жерді ластау қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және оның аумақтық органдарымен берілетін экологиялық рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

Табиғи ресурс ретіндегі жерлерді ластағаны үшін төленетін ақылар жер салығынан ерекшеленеді. Алайда, қазіргі салық заңдары «салық» және «басқа да міндетті төлемдер» деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды көрсетпеген сияқты «жер салығы» және «қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем» деген ұғымдардың да арасындағы нақты айырмашылықтарды бермейді. 12 маусым 2001 жылғы Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төлетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (салық кодексі) 10-бабына сәйкес, «салықтар» деп мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз өтеусіз сипатта болатын бдюжетке төленетін міндетті ақшалай төлемдерді, ал «басқа да міндетті төлемдер» деп бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдарын (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер) түсіндірген. Айырмашылық неде?

Біріншіден, нысаналы мақсаты. Жер салығы ең алдымен фискальді салық, мемлекеттік қазынаны толтыруға бағытталған. Жерлерді ластағаны үшін төлемақылар бұл мақсатты көздемейді, олардың негізгі тағайымы – қоршаған ортаны қорғау.

Екіншіден, салық салу объектілері әр түрлі. Жер салығын салудың объектісі – жер учаскесі не жер үлесі, ал жерді ластағаны үшін төлемақы кезінде – ластағыш заттарды тастаудың (авариялық тастауды қоса алғанда), өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты көлемі.

Үшіншіден, есептеу тәртібі әр түрлі. Жер салығының базалық ставкалары Салық кодексімен заң деңгейінде белгіленген.

Жергілікті өкілді органдар жерлерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде салық ставкаларын түзетуі мүмкін. Жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы заңды тұлғалар дербес, ал жеке тұлғаларға қатысты салық органдары есептейді.

Жерді ластағаны үшін төлемақылардың ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жасаған есептер негізінде жергілікті өкілді органдар жыл сайын белгілеп отырады. Қоршаған ортаны белгілеген лимиттерден тыс ластағаны үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімімен жергілікті өкілді органдар бекіткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады.

Төлемақы сомасын салық төлеушілер қоршаған орта ластанылуының және белгіленген ставкалардың нақты көлемін негізге ала отырып, дербес есептейді.

Төртіншіден, төлемақының есептелуінің дұрыстығын және олардың уақтылы төленуін бақылайтын субъектілер әр кезде сәйкес келе бермейді. Жер салығының төленуіне бақылауды салық қызметінің органдары жүзеге асырады, жерді ластағаны үшін төлемақының төленуін тек осы органдар ғана емес, жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің органдары да бақылайды.

Жер меншік иелерінің мүдделерін сақтандыру. Сақтандырудың бұл түрі Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» заңына және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің «экологиялық сақтандыру» деп аталатын 107-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Онда экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғалардың мүліктік құқықтарын (сақтандырылғандарын) қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады деп айтылған. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтандыруға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін.

Жер кодексінде жер учаскелері меншік иелерімен жер пайдаланушылардың мүдделерін сақтандыруды көздейтін жеке баптың бекітілуі қажет деп ойлаймыз. Қазіргі таңда сақтандыру объектілерінің бірі ретінде ерекше құндылыққа ие жылжымайтын мүлік танылып отыр. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, жылжымайтын мүлік қатарына жер учаскелері, жер қойнауы учаскелері, оқшауланған су объектілері, орман ресурстары, көп жылдық екпелер, ғимараттар және белгілі бір шығынсыз орнынан қозғалту мүмкіндігі жоқ объектілерді жатқызған. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру жылжымайтын мүлікті сақтандыру шартына сәйкес жүзеге асырылады. Аграрлық заңдарда ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер өздерінің жерде жүзеге асырған өндірісін сақтандыруға міндетті дегенге мысалдар бар. Нақтырақ айтатын болсақ, 1-сәуір 2004-жылдан бастап қолданыстағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің мүдделерін сақтандыруды құқықтық жағынан қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан