Дипломдық жұмыс «Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Жерге ақы төлеу. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Жер дауларын шешу. Жерді аймақтарға бөлу



бет20/27
Дата11.04.2022
өлшемі329.29 Kb.
#220066
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
тура және кері пропорциялар, Мөлдір, БӨЖ 2, БӨЖ 2, микробиология, Абызова Г физкультура
Жерге ақы төлеу. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Жер дауларын шешу. Жерді аймақтарға бөлу.

Жерге ақы төлеу дегеніміз – жер учаскесін пайдаланудың экономикалық нәтижесіне байланысты болмайтын, белгілі бір аймақта орналасқан, белгілі бір сападағы және шаруашылық құндылығы бар жер учаскесінің бірлік алаңы үшін белгіленген сома. Жерге ақы төлеу жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді пайдаланғаны үшін, жер учаскесін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алғаны үшін немесе жер пайдалану құқығын алғаны үшін жер заңдарымен, салық заңдарымен немесе өзге де заңдармен белгіленген бекітілген мөлшердегі соманы төлеу жөніндегі әрекеті болса, жер төлемдері жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған нақты жер учаскесі үшін белгіленген сома болып табылады. Әрине жер төлемдерінің мөлшеріне жер учаскесінің орналасқан жері, сумен қамтамасыз етілуі, топырағының құнарлылық сапасы т.б. факторлар әсерін тигізіп отырады.

Сонымен қатар, жер төлемдерін екі түрлі мағынада қарастыруға болады: экологиялық мағынада және экономикалық мағынада. Экологиялық мкағынадағы жер төлемдерінің қатарына жерді қорғау және сапасын жақсартқаны үшін төленетін төлем, жерді ластағаны үшін төленетін төлем жатқызылған болса, экономикалық мағынадағы жер төлемдерінің қатарына жер салығы, жердің нарықтық құны, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, жердi мемлекеттік меншіктен жеке меншiкке немесе пайдалану құқығына алғаны (сатып алғаны) үшiн төленетін төлем т.б. жатқызылған.

Жер учаскесінің экономикалық құндылығы келесідей негiзгi үш белгісі арқылы белгiленедi:

1. Жер учаскесінің негiзгi мақсаты, яғни, бұл жер учаскесi қолданылатын мақсатты санаты; Жердiң негiзгi мақсатта пайдалану белгiсi жер учаскесiн бағалаудағы басқа екi белгiнi сипаттап ашуға мүмкiндiк бередi: мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер үшiн бұл жерлердiң мәндi белгiлерi болып, оның құнарлылығы, топырағының физикалық-химиялық құрамы, өзге де минералды және органикалық құрамдарының бар болуы танылса, ал, өнеркәсiп, транспорт және өзге де мақсаттағы жерлер үшiн маңызды белгiлерi болып оның бедерi, пайдалы қазбаларының бар болуы, гидрологиялық және геологиялық қасиеттерiнiң бар болуы танылады;

2. Жердiң сапасы, яғни, жер учаскесiнiң белгiлi бiр шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алу деңгейi; Жердiң сапасы жердiң белгілі бір табиғи қасиеттерiне деген сұраныс деңгейімен анықталады;

3. Жер учаскесiнiң экономикалық шаруашылық кеңiстiкте нақты орналасуы, яғни оның бағасын мына қағидадан анықтауға болады: жер пайдалану шығындарының төмендiгi және жердiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң жоғарлығы

Жерге ақы төлеудің түрлерін келесідей нысанда көрсетуге болады:

а) Жер салығы; Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, жер салығы салынады.

б) Жалдау ақысы; Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген кезде жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерін пайдалану төлемақысын есептеу және жергілікті бюджеттің кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес анықталады. Егер жалға алушы тұлға шетел мемлекеттері болған жағдайда, жер учаскелерін пайдалану төлемақысының мөлшері Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда айқындалады.

в) Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жердің нормативтік құны; Бұл жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган мемлекеттің жеке меншікке өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді.

г) Жер учаскесінің нарықтық құны; Яғни меншік иесі жер учаскесін сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға оқшаулаған кезде, сондай-ақ ол жер учаскесін кейінгі жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелері үшін төлемақының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сату-сатып алу немесе мүлік жалдау шарттарымен айқындалады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 385, 438, 546-баптарына сәйкес, шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді деген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан