Дипломдық жұмыс «Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»



бет17/27
Дата11.04.2022
өлшемі329.29 Kb.
#220066
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
тура және кері пропорциялар, Мөлдір, БӨЖ 2, БӨЖ 2, микробиология, Абызова Г физкультура
Жерге орналастыру дегеніміз - жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Республика заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру қызметінің белгілері:

1. Жерге орналастыру – жер аумағын, жерді пайдалануды және экологиялық жағдайды ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;

2. Жерге орналастыру - бұл жерді өндіріс құралы ретінде ұйымдастыру шараларының жүйесі;

3. Жерге орналастыру – жерді толық, тиімді және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, жерді пайдалану мәдениетін арттыру және қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған шаралар;

4. Жерге орналастыру – жер пайдалану саласында, мемлекеттің органдарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың жүйесі;

5. Жерге орналастыру – барлық жер аумағын және оның жеке бөліктерін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ететін белгілі шаруашылық құқықтық және жер техникалық, мемлекеттік шаралар (әрекеттер) жүйесі.

Жерге орналастыру қызметінің мазмұнындағы бұл шаралар үш топқа бөлінеді:

1. Әлеуметтік экономикалық. Әлеуметтік экономикалық шаралар жерді қандай салада пайдалануын анықтайды ол жерді ауыл, орман, шаруашылық қызметтерін жүргізу мүмкіндігін анықтайды. Жерге орналастыру экономикалық аспект ретінде жер өндіріс құралы және халық шаруашылығының салаларының объектілер орналастыратын аумақтық базисі ретінде жерді ұйымдастыру.

2. Техникалық. Техникалық шаралар іздестіру, суретке түсіру, карта жасау, зерттеу жұмыстарын әртүрлі жобалады жасауға жұмыстар жүргізеді. Жерге орналастырудың техникалық аспектісін жобалау, іздестіру, зерттеу және түсіру жұмыстары қамтиды.

3. Құқықтық. Жерге орналастыру жер қорын басқаруға байланысты мемлекеттік қызметтің бағыттарының бірі. Жерге орналастыру құқықтық аспект ретінде – жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын жүзеге асырудың шарттарын анықтайды. Жерге орналастыру жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жүйесін құрайды.

Жерге орналастыру жұмыстары 5 шілде 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Жерге орналастыру жүргізудің тәртібі туралы» ережеге сәйкес жүргізіледі.

Жерге орналастыру процессінің кезеңдері. Жерге орналастырудың кезеңдері дегеніміз - жер заңының және жерге орналастыруды іске асырудың нормативтік актілерде көрсетілген жерге орналастыруды жүзеге асыратын құзіретті органдардың реті мен орындауының іс қимылдары (әрекеттері). Келесі сатылардан тұрады:



  • Жерге орналастыру әрекеттері өндірісін қозғау;

  • Дайындық жұмыстары. Дайындық жұмыстары қажетті бастапқы деректер мен мәліметтерді жинаудан, жүйелендіруден, сараптаудан және бағалаудан тұрады. Болжауларды, сызбаларды, жерге орналастыру жобаларын өңдеу; Шаруашылық аралық, шаруашылық ішіндегі және учаскелік жерге орналастырудың болжамдары, схемалары, бағдарламалары, жобалары, елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық құрылымының жобалары, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты жобалар, жоспарлар, карталар, сұлбалар, есеп берулер, сондай-ақ, жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттар жерге орналастыру құжаттамасының жерге орналастырудың мәніне сәйкес міндетті түрлері болып табылады;

  • Жерге орналастырудың болжамдарын, бағдарламаларын, схемаларын және жобаларын әзірлеудің тәртібі жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган әзірлейтін және бекітетін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Жерге орналастыру құжаттамаларын қарау, келісу, және бекіту Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргізіледі;

  • Жобаны жерге көшіру. Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жерге көшіруді; жобаның барлық элементтерін игеруді; жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын рәсімдеуді және беруді қамтиды;

  • Жерге орналастыру құжаттарын рәсімдеу және беру;

  • Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге орналастыру жобаларының орындалуын бақылау.

Жерге орналастырудың мазмұнын Жер Кодексінің 149-бабына сәйкес мыналар құрайды:

1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;

2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;

3) белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын /шегін/ анықтау мен белгілеуді олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

4) белгілі бір жерден әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;

5) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;

6) жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;

8) жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді.

Жерге орналастырудың субъектілері дегеніміз - жер туралы заңдарда белгіленген және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізетін уәкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жер процессіне қатысушылар болып табылады.

Жер кодексінің 14-бабына сәйкес жер ресурстарын басқарушы негізгі орталық уәкілетті орган және оның жергілікті жерлердегі органдары болып, яғни екіге бөлінеді: Біріншісі орталық уәкілетті орган болса, екіншісі оның жергілікті жерлердегі аумақтық органдары болып табылады. Жер кодексінің 151-бабына сәйкес жерге орналастыруды жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғалар жерге ораналастыру процесіне қатысушылар болып табылады, яғни жерге орналастыру қатынастарының субъектілері бола алады.

Жерге орналастырудың объектісіне жерді жеке меншікте және пайдалану құқығында пайдаланатын барлық субъектілердің жер алаңдары, алқаптары және учаскелері жатады. Мұндай жер құқықтық қатынастардың объектісіне тұлғаларға кондоминиум құқығымен тиесілі жер учаскелері де жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан