Дипломдық ЖҰмыс әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімінің жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану


Жасөспірім жастағы оқушылардың өзін –өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруда әлеуметтік педагог жұмысының психологиялық мазмұны



бет6/17
Дата10.06.2022
өлшемі236.16 Kb.
#267398
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Қонай С. диплом жұмысы
interaktivtі-құraldar, Курсовая Максат Дене тәрбиесі, Бейсем Куралай-, 159655 (1), Ата ана және педагогикалық ұжым әрекеттесуі, РЕФЕРАТ ҚАЗАҚ Әдеибиеті, sciPaper5955 2, 6-презентация, Бағалаудың өлшемдік технологиялары, Технология 5-9 каз, вопросы, 2-дәріс, характеристика, список группы, Практика дуальное рус

1.2. Жасөспірім жастағы оқушылардың өзін –өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруда әлеуметтік педагог жұмысының психологиялық мазмұны.


Әрбір психологиялық зерттеудің артында - адамның табиғаты туралы айқын тұжырымдалған немесе айқын емес көзделетін белгілі-бір түсінік тұрады. Сонымен бихевиоризмнің негізінде адамның организм ретіндегі түсніктері жатады; бұл жағдайда әлбетте, қарастырудың пәні организм мен орта арасындағы өзара қарым-қатынастар болып табылады, және адами психика ынта-реакция терминдерінде талданады. Көптеген заманауи ғылыми психологиялық тәсілдерде адам әлеуметтік жаратылыс (солай екені күмәнсіз) ретінде қарастырылады, соның нәтижесінде зерттеушілердің назарында әлеуметтік өзара әрекеттесулер, әлеуметтік құрылымдар және психиканың қызмет етуі тұрады. Алайда адамның табиғатына қатысты басқа да көзқарас бар, Ол көзқарас адамның тірі организм және әлеуметтік жаратылыс екендігін жоққа шығармайды, және психология үшін дәстүрлі мәселелерге басқаша келуге мүмкіндік береді. Біздің айтқымыз келіп отырғаны отандық философияда дамыған дәстүр, оған сәйкес, екі жақты рухани-материалды жаратылыс ретінде қаралады. Бұл дәстүр Н.А. Бердяевтің, С.Л. Франктің, М.М. Бахтиннің, С.Л. Рубинштейннің есімдерімен байланысты.


Әлеуметтік өмір салты жағдайларында жетекші құндылық болып адамның тұлғасы табылады. Дәл сондықтан адам потенциалын пайдалану мәселесі адам прогресінің, тұлғаның және жалпы алғанда қоғам дамуының факторларының бірі болып табылады. Мейлінше көбірек жүзеге асырылуға және қоғамға пайда келтіруге қабілетті дербес, белсенді, мақсатты, творчестволық адамдар қажет. В.Ф. Сафиннің пікірінше, бұл жағдайда субъектінің өз-өзіне қатысты творчестволық бастауы айтарлықтай маңызға ие болады [1].
Осыған байланысты адам туралы ғылымдарда, оның ішінде психологияда, тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және таныту мәселесі жиі-жиі қызығушылық тудыруда. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру идеясы адам туралы көптеген тұжырымдамалар үшін өте маңызды болып табылады.
А.А. Реанның пікірінше, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыруға деген көкейтесті қажеттілік кемелденген тұлғаның негіз қалаушы қасиеті, адамның ұзақ жыл жасауының, оның ішінде кәсіптік ұзақ жұмыс істеуінің қайнар көзі [2]. Осыған орай тұлғаның өзін-өзі танытуының әртүрлі қырларын зерттеу ерекше өзектілікке ие бола бастайды .
Жеке басының өзіндік келбетінің және әлеуметтік орта ерекшеліктерінің негізінде тұлға ішкі потенциалын ашуға, яғни танытуға қабілетті. Өзін-өзі таныту – бұл адамның өзін-өзі жүзеге асыруға, өз потенциялдарын мүмкіндігінше толығырақ дамытуға деген ұмтылысы (А. Маслоу).
Психологияда мазмұны бойынша өзін-өзі жүзеге асыру ұғымына жақын бірнеше термин қолданылады, олар өзін-өзі жүзеге асыру ұғымын толықтырып, оның мәнісін түсінуге көмектеседі. Кей кездері жүзеге асыру мағынасы бойынша жақын осы ұғымдардің көмегімен түсіндіріледі. Олардың арасынан «өзін-өзі таныту», «трансценденция», «өзін-өзі бекіту», «өзін-өзі көрсету», «өзін-өзі жетілдіру» секілділерін бөліп көрсетуге болады.
Адамның өзін-өзі жүзеге асыру феноменіне қатысты тұжырымдамалар өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге асыруды мәні бойынша жақын, синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (гуманистік психологтар), өз дамуының ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы, адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы және басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру керектігін айтады. Олар бірін бірі толықтырып отырады және көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л.А. Коростылеваның пікірінше, «өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» терминдерінің интерпретациясындағы кейбір айырмашылықтар тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен байланысты. Оның пікірінше, тұлға тіршілік етуінің ішкі (субъективті) және сыртқы (объективті) жағынан байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның ішкі аспекті ретінде, ал таныту сыртқы аспект ретінде көрініс табады. Онымен қоймай, Л.А. Коростылева өзін-өзі таныту ұғымын өзін-өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі жүзеге асыру мән-өмірлік және құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік, аутентикалық өзін-өзі жүзеге асыру – танытуға деген қажеттіліктерді өзінің қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін-өзі жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін-өзі іске асыру деп атайды.
Сонымен, Н.А. Бердяев былай деп жазған: "Адам - екі әлемнің қиысу нүктесі. Бұл айтылғанды адами өзіндік сананың оның бүкіл тарихынан келе жатқан екі жақтылығы көрсетіп отыр. Адам өзін екі әлемге тиесілі деп сезінеді, оның табиғаты екіге айналады, санасында біресе бір табиғат, біресе екінші табиғат бой көрсетеді. Адам ең қарама-қайшы өзінліке салдарды теңдей күшпен негіздейді, оны өз табиғатының деректерімен бірдей ақтайды" [18]. Бердяевтің ойынша адам бір мезгілде екі әлемге тиесілі - табиғат әлемі мен рух әлеміне. "Адам осы әлемнен ғана емес, басқа да әлемнен, не қажеттіліктен ғана емес, бостандықтан да, табиғаттан ғана емес, Құдайдан да. Сонымен бірге, бұл екі жақтылықта негізгі рөл табиғаттан тыста, уақыттан тыста[19].
Н.А. Бердяев адамның екі жақтылық табиғатын маңызды ерекшелікпен сипаттайды, оның бірмезгілде рухани және материалдық әлемге жататындығын нақтылайды: бір жағынан, адам шексіздікке қатысты, және бұл қатыстылық оның өзіндік санасының маңызды факторы болып табылады, екінші жағынан – адам биологиялық жаратылыс ретінде шектеулі болғандықтан, оның өмір сүруі уақыт бойынша бұрылыс жасау қаждеттілігі болады. Осы жерден осы өмір сүруіне ұдайы қанағаттанбау пайда болады.
Сонымен, Н.А. Бердяевтің пікірі бойынша, адамның өмір сүруінің маңызды сипаттамаларының бірі оның болмысының және әрекеттерінің уақытшалығы мен оның уақытшаға тысқа тиесілілігінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады - Н.А. Бердяевтің ойынша "мәңгілік адамында болатын" [20].
Осыны орыстардың қызықты да терең философтарының бірі- С.Л. Франк та атайды . Оның ойынша, уақытша және уақытшадан тыстың және олардың өмір сүруінің арасында қарама-қайшылық қана емес, олардың арасындағы байланыстың қажеттілігін ғана айтады. Бұл байланыстың маңыздылығы мынада : "... болмыстың ең ортақ мағанасы әлбетте, ол жерде шексіз шектіліктің нақты форасында болады" [10;]. Сонымен, шексіздік, уақыттан тыс болу уақытшадан байқалады; онымен қоймай ол оның негіздемесі болып табылады. Рухани, уақыттан тыс болмыс дене, уақыт болмасының негіздемесі болып табылады; онымен қоймай, оның мәнін құрайтын негіздемесі болып табылады.
Сөйтіп, адамның екіжақтылық табиғаты адамда уақыттық және уақыттан тыс аспектілердің болуымен нақтыланады, осы ретте осы тұрғыдан алғанда, уақыттын тыс аспект мағананы тасымалдаушы және уақытшаның мағанасын белгілейтін негіздеме болып табылады.
Бұл тақырып М.М.Бахтиннің еңбектерінде аса маңызды және табысты дамытылған. Ең алдымен бұл өмірдің маңыздылық мазмұны мен оның кеңістіктік-уақыттық таралуының қарама-қайшлығы. М.М. Бахтиннің тәсілі философиялық-психологиялық деп айтсақ та болады. Ол атап көрсеткендей, болмыстың рухани және материалдық аспектілерінің арасындағы қарама-қайшылық (оның мағаналық және кеңістіктік-уақыттық аспектілердің арасындағы қарама-қайшылық ретінде нақтыланған) нақты индивидтің өміріне сұғынып енетін, онымен қоймай, оның негізін қалыптастыратын қарбаластық қарама-қайшылық болып табылады[22].
М.М. Бахтин дамытатын екі маңызды идеяларды атап көрсетеміз: біріншісі – тұлғаның субъективті тұтастығы мағаналық тұтастық болып табылады, және екіншісі – кеңістік пен уақыттың "техникалығы; яғни, адам үшін кеңістік пен уақыт (сонымен қоса оның кеңістік пен уақытта дамитын әрекеттері) оның мағаналық ұйымдастырылуын іске тасырудың құралы болып табылады. Сонымен қатар, тағы бір басқа еңбегінде оның оны іске асырудағы жауаптылығын айтады [23].
М.М. Бахтиннің айтуынша, адамның өмірінде кеңістік-уақыттық және мазмұндық-мағаналық аспектілердің болады: "кеңістіктік-уақыттық анықтылық және эмоциялық-еріктік түстер мен мағаналар". Мағаналық және кеңістіктік-уақыттық аспектілерінің қатыстылығы мағанылық және шындықтың қатыстылығы десе де болады.
Осыған байланысты адамда өзіндік мағаналық бірлікті қалыптастыруға, оның жүзеге асыруға жауаптылығы болады, адамның қалыптасуы адамның әлемде өзін анықтау –өзін өзі анықтау формасына енеді. Бұл жерде М. М. Бахтин өзін- өзі анықтаудың аса маңызды сипаттамасын көрсетеді (ол жайында психолотар да айтқан болатын, атап айтар болсақ Л. И. Божович, ол туралы бір басқа жұмыста айтқан болатынбыз [6]) – оның борлашаққа бағдарлығы. Сонымен адамның екі жақты табиғаты, оның өмірінде құндылықтық-мағаналық және кеңістіктік-уақыттық аспектілердің болуы бізді өзін-өзі анықтау мәселесіне алып шығады. Бұл мәселе болашақты қарастыру қажеттілігін көздейді. Осы жерде де М. М. Бахтин айырмашылықтарды келтіреді, оның маңыздылығын психологиялық көзқарас тұрғысынан асыра бағалау қиын. Атап айтар болсақ, өзін өзі анықтау үшін маңызды болып саналатын уақытша және мағыналық болашақ арасындағы айырмашылық: "өзін-өзі белсенді сезіну – демек өзіне алдағы мағынамен жарық түсіру; одан тыс мен өзім үшінде жоқпын"[24].
Сонымен, мағаналық болашақ адам үшін өзін құндылықты ынталандыратын тұлғалық дамыту саласы ретінде болашақта мінсіз жобалау ретінде болады. Сонымен қоса, маңаналық болашақ тұлғалық өзін-өзі анықтауда негізгі рөлді атқарады.
Сонымен, М.М. Бахтиннің жұмыстары адамның екі жақты табиғаты туралы таза философиялық түсініктерден оны психологиялық мәндестіруге қадам жасауға мүмкіндік береді. Біз үшін аса маңызды кезең адамзаттық өмір сүрудің кеңістіктік-уақыттық және кеңістіктік –мағаналық аспектілерін ажырату, оларды мағаналық және уақытша болашақта нақтылау және адамның өзін-өзі тұлғалық анықтаудағы рөлі болып табылдаы.
Енді философиялық бағдар ұстанған отандық психологтың - С.Л. Рубинштейннің еңбектеріне жүгінеміз - "Адам және әлем", А.С.Арсеньева мақалсында аталған еңбекке талдау жасаған [25]
С.Л. Рубинштейн үшін «АДАМ-Әлем» қатынасы маңызды орын алады. Оның аясында ол адамның екі жақтылығын шектілік пен шексіздік арасындағы қарама-қайшылық ретінде сипаттайды. Және ол үшін адамның екілік тағбиғатының негізінде жатқан бұл қарама-қайшылық туындатушы қарама-қайшылық болып табылады, осы ретте адамның шексіздікке (кеңістіктік аспект; М.М. Бахтин уақыттан тыс туралы айтады) оның тұтастығының негіздемесіне айналады.
М.М. Бахтин секілді уақыттан тыс пен уақытша арасындағы қатынасты қарастырды (уақыттан тыс уақыттшадан көіренді, өзінің көрінісін сол дерде береді), С.Л. Рубинштейн шексіз мен шектінің қатынасын былай қарастырады: "Шексіздің Адамның әлемге деген қатынастарының барлық формаларында "жарық көрсетеді" ... тұлғалық дамдың, тарнсцендирлеудің ішкі мазмұнын құрайды. Және ары қарай "Тұлғалық даму идивидтің өзінің әлеуетті бірегейлігін, шексіздігін іске асыру ретінде, Адамның Индивидте қалыптасуы ретінде түсіндірілуі мүмкін". Осы ережені растау үшін А.С. Арсеньев аса беделді есімдер тізіміне сілтеме жасайды: "Тұлғаны солай таныған ондаған ірі ойшылдарды көрсетуге болатын еді. Мысалы, қанша айырмашылықтары болса да, Л. Фейербах, К. Маркс, Н. Бердяев, М. Бахтин, К. Домбровский, К. Роджерс ( және бүкіл гуманистік психология) және көптеген басқаларының ойы бір жерден шығады". Адамның екілік табиғатының бұл екі аспектісі «тік» және «көлденең» өлшемділіктер ретінде белгіленуі мүмкін. Сонымен С.Л.Рубинштейннің ізінде жоғарыдағы екі жақтылықты көрсеткен әлемнің бір-біріне қарама-қайшы келетін мәңгі және рухани өлшемдері деп көрсетеді. Осы ретте « «адам-Әлем» саласында Әлем де Адам да здеріне тән өлшемдері бар» (бұл жерде дәлірек айтқанда «сана-материя» емес, «руханилық-дене» айтылып жатыр)"[26].
Сонымен, адам екі жақты, рухани-материалды, шексіз-шекті, уатыттан тыс –және уақытша тыс жаратылыс болып табылады. Бұл екі жақтылық туындатушы қарама-қайшылық болып табылады, оның адамдық жаратылысын белгілейді. Адамның өмір сүруінің бұл екі аспектілері екі өлшемділік ретінде сипатталуы мүмкін - "тік" және "көлденең", осы орайда «тік» құраушысы адамзаттық өмір сүруге негіз болады, оның құндылықтық-мағаналық бірлігін қамтамасыз етеді; ол «көлденең» құраушыда көрініс береді және іске асады. Адамның өзінің құндылықты-мағаналық бірлігін иемденуі және оны іске асыру өзін бұл әлемде анықтауы - өзін-өзі анықтауы. Өзін-өзі анықтаумың маңызды ерекшеліктері оның болашаққа бағдарлығы болып табылады, осы ретте болашақтың екі түрін бөліп қарастырады - мағаналық және уақытша болашақ.
Ары қарай біз, бұл тәсіл нақты психологиялық зерттеулерде қалай іске асатындығын көрсетеміз. Психология өзін өзінің кеңістіктік-уақыттық қатарында іске асыратын ажалы бар индивидпен жұмысы бар; және осы тұста біз М.М. Бахтиннің ойымен келісеміз, ол ажалды адамның нақты құндылығы жайында былай дейді: "Ажалды адамның құндылығы ғана кеңістіктік және уақыттық қатар үшін ауқымдар береді, кеңістік ажалды адамның мүмкін болатын дүниетанымы, оның мүмкін болатын қоршаған айналасы ретінде тығыздалады, және уақыттық құндылықтық салмағы мен ажалды адамның өмірінің барысы ретінде ауырлығы болады " [27].
Сонымен, бізге адам өмірінің құндылықтық-мағаналық және кеңістіктік-уақыттық ұйымдасуының бірлігін қарстыруымыз керек.
Психологияда адамзат өмірінің аффективті және кеңістіктік-уақыттық аспектілерін сипаттайтын тұлғаның өмірлік кеңістіктігі ұғымы. Ол ұғымды Л. Франком ендірген және К. Левин кеңінен пайдаланған [28]. Біз бір жағынан адамзат өмірінің аспектілерінің бір жағынан кеңістіктік-уақыттық аспектісінің, екінші жағынан кеңістіктен тыс және уақыттан тыс аспектілерінің бірлігін көрсетуге талпынамыз. Біз кеңістіктік түсініктерден азат «тұлғаның өмірлік өрісі» терминін ендіруді жөн көреміз. Біз тұлғаның өмірлік өрісін өткен шақты, осы жне болашақты қамтитын көкейкесті және әлеуетті нақты әрекет етудің дербес құндылықтарының және мағаналарының және кеңістігінің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Тұлғаның өмірлік өрісінде өткен шақты, осы шақтың және болашақтың нақты әрекет етуінің маңызды тұлғалық мағаналары мен кеңістігінің ретінде көрсетілген – психологиялық өткен шақ, психологиялық осы шақ және психологиялық болашақ. Психологиялық тұрғыдан алып қараған кезде өткен шақ тәжрибе ретінде болады, болашық –жоба ретінде, ал осы шақ –шындық ретінде болады.
Психологиялық өткен шақ, осы шақ және болашақ әртүрлі қызметтерді атқарады және өзара күрделі өзара әрекеттестікте болады, тұлғаның өмірлік үлгісін белгілейді. Оның компонентрерінің қызметтерін біз келесідей анықтаймыз.
Психологиялық өткен шақ – өткен тәжрибенің іске асуы (онтогенетикалық аспектіде жастық міндеттерді іске асырудың қорытындысы).
Психологиялық осы шақ – өзін-өзі дамыту (өзін-өзі тану және өзін-өзі жүзеге асыру).
Психологиялық болашақ – мағыналық және уақытша перспективаларды қамтамасыз ету.
Біз тұлғаның өмірлік өрісінің компоненттері арасындағы келесі қатынастарды айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы