Дипломдық ЖҰмыс әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімінің жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану



бет2/17
Дата10.06.2022
өлшемі236.16 Kb.
#267398
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Қонай С. диплом жұмысы
interaktivtі-құraldar, Курсовая Максат Дене тәрбиесі, Бейсем Куралай-, 159655 (1), Ата ана және педагогикалық ұжым әрекеттесуі, РЕФЕРАТ ҚАЗАҚ Әдеибиеті, sciPaper5955 2, 6-презентация, Бағалаудың өлшемдік технологиялары, Технология 5-9 каз, вопросы, 2-дәріс, характеристика, список группы, Практика дуальное рус













































Кіріспе




Зерттеудің өзектілігі: «Келер ұрпақ алдында зор өзін-өзі жүзеге асыру жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек[1].
Мемлекет саясатының басыңқы бағыты – үздіксіз білім беру жүйесін жаңарту және дамыту. Сонымен қатар, білім беру жүйесін модернизациялау жоғары оқу орнындағы педагогикалық бағыттағы маманды кәсіби даярлаудың сапасын жетілдіруді талап етуде.
Бүгінгі күні педагогикалық тұрғыдан сауатты маман деп қандай мұғалімді айта аламыз? Әрине, альтернативті педагогикалық жобалар мен жүйелерде жұмыс істей алатын, мектеп білім беру ісіндегі инновацялық қозғалыстың ерекшеліктерін зеттеп үйренген, білім беру саласындағы инновациялық іс-әрекеттің мәнін түсінетін, инновациялық білім беру технологияларының ауқымды меңгерген, педагогикалық шеберлігі қалыптасқан мұғалімді айта аламыз. Мұғалімнің инновациялық іс – әрекетін дамыту, педагогикалық шеберлігін қалыптастыру – бұл білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі. Бүгінгі күні педагог тек өзінің пәнінің кәсіби маманы емес, сонымен қатар шығармашыл тұлға болуы керек. ХХІ ғасырдың білім беруі адамның еркін дамуына, шығармашылық талпынысқа, өз бетінше әрекет жасауына және бәсекеге қабілеттілікке бағыттайды.
Заманауи өмір адамның өзіндік ерекшелігін білдіру үшін қолайлы жағдайлармен ғана емес, сонымен қатар оған қатаң талаптар қоюмен де сипатталады - күтпеген жағдайлардағы оңтайлы шешімдерді өз бетінше таңдау мүмкіндігі. Жас ұрпақ осы өзгерістердің барлығын сезінуде. Тұлға алдында әрдайым таңдауға байланысты проблемалар тұрады, және де зерттеушілердің айтуынша бұл проблемаларды өз бетімен, білім мен өмірлік тәжірибеге сүйеніп шешуге тура келеді. Сондықтан өзін-өзі жетілдіру қазіргі заманғы адам өмірінің негізі болып табылады.
Кәсіптік өзін-өзі тануда мамандықты таңдау және онда өзін-өзі жүзеге асыру процесі ретінде, еңбек нарығының пайда болуына, өндірістің қайта құрылуына байланысты экономикалық өзгерістер жағдайында қалыптасқан практикалық сұраныс қамтамассыз етілген. Жоғары мектеп жасында мамандықты таңдау кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың басы болып саналады. Алайда бұл жаста таңдаған ұстаным қайта қаралуы мүмкін, өйткені осы жаста өзін-өзі жүзеге асырудың әдісі ретіндегі кәсіп таңдау мотивациясы өте күшті болады. Жастар өзін табуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беретін мамандықты таңдайды.
Өзін-өзі жүзеге асыру мәселесі психология, педагогика және философия ғылымдарының аясында кеңінен зерттелуде.
Адам және оның әлеммен қарым-қатынасы мәселелерін зерттеу аясында, адамның өзін-өзі жүзеге асыру мәселесінің әзірлеу дәрежесін көптеген философтар Л.Фейербах, И.Кант, Г.К.Чернявская, Ж.П.Сартр, Н.А.Бердяев, В.И.Муляр, Н.И.Полубабкина, Г.Гегель, Б.С.Братусь, Н.В., М.В.Шугуров қарастырған[2].
Психологияда өзін –өзі жетілдіру мәселесін И.Б.Дерманова, Е.Б.Весна, К.А.Абульханова-Славская, Д.А.Леонтьев, Е.В.Рыбалко, Е.А.Городилова қарастырды[3].
Педагогикада өзін-өзі жетілдіру даму мен қалыптасудың маңызды критерий ретінде Л.И:Ф.Харламов, Г.К.Селевко, Т.И.Степанова, Г.Н.Серіков, С.Л.Емельянцевтің еңбектерінде көрсетілген[4].
Жоғарыда аталған авторлардың жұмыстары өзін-өзі жүзеге асырудың маңызды жақтарын зерттеуге, сонымен қатар мәселенің қандай аспектілері одан әрі зерттелуді қажет етендігін анықтауға мүмкіндік берді. Аталған мәселе бойынша ғылыми әдебиеттердің талдауы жастардың мамандық таңдауда өзін-өзі жетілдірудегі өзектіліктің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Маманның кәсіби іскерлігін қалыптастыру проблемасы да ғалымдардың зерттеу еңбектерінде қарастырылды.Оны ғылыми-теориялық тұрғыда О.А.Абдуллина, В.А.Беликов, Г.Д.Бухарова, М.М.Левина, К.С.Оспанов, К.Өстеміров, Н.Н.Хан және т.б. ғалымдар негіздеді[5].
Қоғамның қазіргі даму жағдайында еңбек сапасына талаптың күшеюіне байланысты білім беру саласының дамуы жөніндегі Қ.М.Арынгазин, Б.Б.Баймұханов, М.Ж.Жадрина, З.А.Исаева, С.Т.Каргин, Т.С.Көшеров, А.Қ.Құсаинов, Е.Ө.Медеуов, С.Е.Шәкілікова, Қ.Ералин, Л.С.Смановтың еңбектері; Ал мамандар даярлаудағы әлеуметтік мәселелердің маңызы жөнінде Г.К.Ахметова, Е.З.Батталханов, З.Ө.Кенесарина, Г.Ж.Меңлібекова еңбектері; Білім беру саласында арнайы педагогикалық идеяларды іске асыруда және мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары туралы А.В.Усова, В.И.Земцова, В.И.Тесленко, И.Л.Беленок, М.А.Кұдайкұлов, А.Е.Әбілқасымова, Қ.Қабдықайырұлы, Н.Э.Пфейфер, Ш.Таубаева, Н.Д.Хмель,В.Г.Храпченков, А.Б.Абибуллаева, Б.Кенжебеков және т.б. ғалымдардың болашақ маман даярлау туралы еңбектерінің маңызы жоғары болды[6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы