Дипломдық ЖҰмыс әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімінің жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану



бет15/17
Дата10.06.2022
өлшемі236.16 Kb.
#267398
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Қонай С. диплом жұмысы
interaktivtі-құraldar, Курсовая Максат Дене тәрбиесі, Бейсем Куралай-, 159655 (1), Ата ана және педагогикалық ұжым әрекеттесуі, РЕФЕРАТ ҚАЗАҚ Әдеибиеті, sciPaper5955 2, 6-презентация, Бағалаудың өлшемдік технологиялары, Технология 5-9 каз, вопросы, 2-дәріс, характеристика, список группы, Практика дуальное рус
«Ішкі сәуле» жаттығуы.
Мақсаты: ішкі тынышытықты қалыпна келтіріеді және шмамдан тыс шаршаудан көмектеседі.
Жаттығу мұғалімдермен жеке-жеке орындалды. Жаттығуды орындау үшін ата-ананларды ыңғайлы етіп орналастырдық. Ережесі: Егер партада отырса аяқты еркін созып, басты артқа түсіріп, қолды алдыға қою керек. Қатысушылар толық ыңғайлы жағдай жасағаннан кейін оларға көзді жұмып жаттықтырушының айтқанын сезінуді талап етеміз. Жүргізуші: «Сіздің басыңыздың ішінде, жоғары жағында жарық сәулесі пайда болды. Жарық сәуле жарқырап басыңыздан төмен асықпай қимылдап барады. Өзінің қоғалысымен беттің барлық бөліктерін, мойын, қол, йық және т.б. мүшелерді жылы және жайлы жағдайға түсіріп жарқыратып кетіп барады. Жарық сәуле жүріп өткен жердердің қыртыстары жазылды, көздің жарығы ашылды,иық кеңейді және т.б.» - деген сөздерменқатысушылардың бойына жаңа талпыныс күшін ұялатып, шаршауды басады, рахаттану сезімін орнатады. Мұғалімдерге жаттығуды орындағаннан кейін мына сөздерді айтқыздық: «Мен жаңа адам болдым! Мен күшті, шыдамды адам болдым! Мен барлық істі жақсы орындаймын!».
«Пресс» жаттығуы.
Мақсаты: Жаттығу мұғалімдердің жағымсыз эмоциясын шығаруға, ыза, ашулану, қобалжудың алдын алуға көмек беру. Жаттығуды жұмыстан шаршап келгенде, кез келген психологиялық қысымды жағдайдан кейін, балаларымен ерекше әңгіме жүргізер алдында өзіне сенімділікті тудыру үшін жүргізуге ұсындық. Ата-ана өзінің көкірек деңгейіне дейін іштей қатты прессті сезінеді. Пресс арқылы жағымсыз эмоциясын басады және ішкі қысымды шығарады. Жаттығуды орындау барысында денеде іштей физикалық ауыртпалықты нақты сезіну қажет. Бірақ жаттығуды жүрек ауыратындарға орындатуға болмайды.
«Менің күшті жақтарым» жаттығуы.
Қатысушылар жұпқа бөлінеді, серіктестер өздерінің бала тәрбиесіндегі өзара мәселелерін бір – біріне айтады. Егер кімде –кім қиналса, психолог өзі бағыт береді. әңгімелесуші адам серіктесін тыңдап болғаннан кейін оның мінез – құлқының күшті жақтарын табатындай жағдаятты талдайды. Рольдер ауысқаннан кейін шеңбер бойына отырып талқылау болады. Енді ата-ана өзінің жағдаят мінезінің қандай күшті жағын көрсеткенін әңгімелейді.
Кездесу соңында мұғалімдер өз сезімдерімен бөлісіп, психологтың келесі сұрағына жауап береді: «Бүгінгі жаттығуда сіз үшін не пайдасы болды?».

  1. балаға деген сүйіспеншілік

  2. тұрақты қатынас

  3. аса қамқор болу

  4. шектен тыс талап қою

  5. парықсыздық

  6. қатаң қарау.

«Мен сені түсінемін» жаттығуы.
Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 мин ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі ойын ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі сезімдерімен бөліседі. Оған 5 мин уақыт беріледі.
Жүргізушіге кеңес: қатысушылар жаттығу басталмас бұрын өздеріне серіктес таңдаулары қажет. Белгілі уақыт аралығында қатысушылар өз беттерімен жұмыс істейді. Содан-соң бір-бірінің пікірін талқылайды. Үлкен шеңбер құрып топ мүшесінің біреуін
Қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшек. Сыныпта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін педагог міндеті түрде оқушының іс-әрекетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады [36].
Оқушы мен оқытушының бірлесіп жұмыс жасауының нәтижесінде әдіс қарым-қатынас тәсілі мен амалдарының қызметін атқарады. Әдісті дұрыс пайдалана білудің нәтижесінде оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдылары қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеті артады. Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім тәрбие және таным үрдісі жетіледі. Дұрыс ұйымдастырылған әдіс негізінде білімді меңгертуге бағытталған, белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет орнығады.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігі күнделікті білім үрдісіне аса керек мәселе. Дегенмен де, оқыту әдісін қайта құру – күрделі үрдістің бірі. Кез келген тақырыпты оқытуда ерекше әдіс пен тәсілдерді іріктеп ала білудің маңызы аса зор. Сондықтан оқушыларға білім беру кезінде әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Өзін-өзі жүзеге асыруды қалыптастыруда бірнеше әдістерді пайдалануға болады. Соның бірі – әңгімелесу әдісі. Әңгімелесу – мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін, зейінін, таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды. Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады. Берілген міндеттерді жүзеге асыруда сұрақ-жауап әдiсi арқылы мұғалiм жан-жақты талдау жасай алады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталуы керек. Ең бастысы сыныптағы әр оқушы өз ойын ашық айта алатындай мүмкiндiк тууы керек. Егер жеке өз ойы жетпеген жағдайда, оқушы бiреудiң сөзiн сол күйi қайталау арқылы да сөйлеп үйренедi.
Қазіргі таңда дидактика ілімінде оқытудың интербелсенді әдістеріне мыналарды жатқызып жүр:

  • пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі;

  • эвристикалық немесе «Сократ» әдісі;

  • «дөңгелек үстел» әдісі;

  • іскерлік, рөлдік ойындар және т.б.

Бүгінде аталып отырған интербелсенді әдіс модульдік оқыту технологиясы негізінде үлкен жетістіктерге жетуде.
Қарым-қатынас кезінде де интербелсенді әдістердің орны ерекше. Бұл әдістердің қатарына жоғарыда айтылған әдістермен қатар пікірталас, тренингтер және т.б. жатқызуға болады.
Пікірталас – оқушылардың сыныпта немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршеңді мәселесі бойынша өзіндік көзқарастары және пікірлерімен алмасып, өзге позицияларын толықтыру әрекеттері.
Пікірталас – оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені оқушылар қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарасын пайымдау мен түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне жаратуға үйретеді. Оқушылар пікірталас кезінде еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекетін жасайды. Пікірталас оқушылар өміріне шынайы проблемаларды әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.
Пікірталас кезінде оқушылармен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Пікірталас кезінде әрбір қатысушының өз мүмкіндігін айту мүмкіншілігі болу керек; қарсыласын тыңдай білуге дағдылану; біреудің сөзін бөлмеу; үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру.
Мұғалім пікірталас кезінде шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей білуге, үйренуге шақырады. Ол оқушыларға шындықты дайын күйінде ұсынбай, оны қалайша іздеп тауып, қорғауға болатындығын көрсетеді.
Өзін-өзі жүзеге асыруға үйрету кезінде қолданылатын әдістің тағы бір тиімдісі – іскерлік ойындар. Бұл әдіс ойынға қатысушылардың сан қилы мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауды қажет етеді. Іскерлік ойындар әлеуметтік немесе экономикалық сипаттағы нақты бір жағдайды шешуді үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген шығармашылық жұмыстардан басқа іскерлік ойын да оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулудың бір жолы болып табылады.
Іскерлік ойынбұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың максималды өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарий арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру практикасында оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді.
Іскерлік ойындар – кейбір педагогикалық жағдайдың, сабақ фрагментінің модельденген түрі. Іскерлік ойынға алдын ала дайындалады: сценарий құрылады, мақсаты көрсетіледі, рөлдер бөлініп, оған кеңес беріледі. Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер әзірленеді.
Іскерлік ойындардың педагогикалық мәні мынада: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Іскерлік ойындар күрделі шешімдер қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты айқындап, оқушылардың білімі, білігі мен жеке қасиеттерін тексеру мүмкіндігін жасайды. Іскерлік ойын олардың жеке қасиеттерін: мақсаткерлік, белсенділік, өзін-өзі жүзеге асыру, іскерлік, шыншылдық, шешім қабылдауға икемділік сияқты қасиеттерін дамытады.
Іскерлік ойынның тиімді жақтары:

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырады;

  • Қызығушылығын оятады;

  • Білімі мен білігі қалыптасады, өз білімін қолдануға үйренеді;

  • Ойын соңындағы талқылау арқылы білімін бекітеді;

  • Оқушылардың өзін-өзі тануы, өз мүмкіндігін анықтау үрдісі кеңиді, тереңдей түседі.

Іскерлік ойындарының негізгі міндеттері мынадай:
а) оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау;
ә) дұрыс шешім қабылдау және дұрыс баға беру білігін қалыптастыру;
б) қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;
в) шығармашылығын дамыту.
Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері:
1-кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы:

  • құрылымын анықтау;

  • сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру;

  • ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.

2-кезеңде: соңғы оқу материалын талдау, мәселені шешудің әдістемесін анықтау:

  • тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу;

  • сценарийді дайындау, рөлдерге бөлу.

3-кезеңде: іскерлік ойын сценарийімен, мақсатымен, мазмұнымен мұғалімнің оқушыларды таныстыруы:

  • ойынды ұйымдастыру;

  • оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы;

  • мұғалімнің, оқушының ойынды басқаруы;

  • ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы.

Іскерлік ойынға қатысушылардың міндеттері мен құқықтары бар:
Міндеттеріне:

  • тақырып бойынша оқу материалын және өзінің рөлін терең білу;

  • ойынға қатысушылардың бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуы;

  • ойындағы рөлдік қызметтеріне қарамастан, шындыққа жетуде қызығушылық, белсенділік көрсету және қызықты ой-пікірлерді дамыту;

  • нәтижеге жетуге ұмтылу;

  • өзінің бағытын дәлелдеп шығу, бірақ кемшіліктерін мойындай білу.

Құқықтарына:

  • өзінің рөлдік әрекетін арттыруда рұқсат етілетін барлық құқық нормалары мен құралдарды пайдалану;

  • ойынға қатысушылардың рөлдік бағытын анықтау үшін сұрақтар беру;

– ойынның барлық сұрақтарына, пікірталасқа белсене қатысу;
– кез келген анықтама және әдебиеттерді қолдану, пікір айту.
Іскерлік ойындарды талдауда басшылыққа алынатын жүйе:
– ойын сабағының барысы мен нәтижесін бағалауға бағытталған мұғалімнің сұрақтары – талдау әдісін анықтау;
– оқушылардың ойын әрекетін бағалауға қажетті критерийлерді талдау;
– іскерлік ойынның өтуі мен нәтижесін талдау;
– ойынның жетістіктері мен кемшіліктері туралы пікірталас ұйымдастыру;
– қорытынды шығару.
Іскерлік ойын нәтижелерін қорытындылауда мұғалім мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
– өтілген сабақтың мазмұны мен формасы туралы әр оқушының пікір айтуына мүмкіндік жасау (өзінің әрекеті мен басқалардың, мұғалімнің әрекетін талдауы);
– әр оқушыға көңіл бөлу, кейбір жағдайларды жазып алу;
– әр оқушының жауабын белгілеп отыру;
– бағалауда оқушының баяндауының мазмұны мен сөз саптауын ескеру;
– оқушылардың негізгі ойды көрсетуін талап ету;
– талдауда кемшіліктерден гөрі жетістіктеріне көңіл бөлу [37, 46]
Ғылыми еңбектерде көрсетіліп жүргендей, іскерлік ойындардың формасы – ұжымдық, топтық болады. Ал ұжымдық, топтық оқыту деген мәселеге соңғы кезде ерекше көңіл аударыла бастады. Мысалы, А.Жанәбілова өз зерттеуінде ұжымдық оқытудың бірнеше белгілерін көрсеткен. Бұл мәселеде ғалым пікірінің өзіндік ерекшелігі де бар, оның жұмысты оқушылар топ болып орындап, ортақ пікірге келуі керек деуінің топтық жұмыстың сәтті орындалуы үшін мәні үлкен, өйткені зерттеуші көрсеткендей, топтық жұмыс «...әр баланың қабілетін, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшенің өз талантымен әркімге және бір-біріне көмегі, ынтымақтық, мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің алмасып келіп отыруы. Мұғалімнің қызметін ұжымның атқаруы, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын саралауда, бағалауда, талдауда оқушының өздерінің жетекшілік етуі», - оқушылар білімінің нәтижелі де сапалы болуы үшін өте тиімді жұмыс деп есептейміз.
Ұжымдық оқытудың келесі бір түрі – топтық жұмыс. Ол «дәстүрлі оқытудағы топтық жұмыстардан өзгеше», өйткені «мұнда берілген тапсырмалар топ болып орындалады мұғалім тарапынан нақты нұсқау беріледі. Олар шешетін проблемалық тапсырма ұсынылады. Сынып неше топқа бөлінсе де, бір проблеманы шешу айналасына жұмылады. Бірақ әрқайсысы оны әр қырынан зерттеп, соңынан ортақ келісімге келеді. Топ арасында бір-бірінің жұмысын саралау, бағалау ауысып жүріп отырады». Сонымен қатар ғалым ұжымдық жұмыстың мынадай моделін берген: «Сұрақ – тыңдау – сөйлеу – талдау – келісу - қорытындылау». Бұл модельдің оқушыны да, студентті де сөйлеуге, өз ойларын дұрыс жеткізуге, сонымен қатар басқаның пікірін де тыңдай білуге, сұрақтар қоя білуге жетелейтін, дағдыландыратын жұмыстар бағытына арналғандығын көруге болады.
Ұжымдық, топтық жұмыстар іскерлік ойын кезінде тіптен тиімді іс-әрекет деп ойлаймыз, өйткені ойын – тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Сондай-ақ, психологтардың көрсетіп жүргенідей, ойын әрекетінде нәрсенің бәрі шындықтан алынады. Ойындағы мақсат, сезім, түсінік, тілек – бәрі ойнаушы орындайтын рөлдің сезімі, тілегі, ойы болып табылады.
Психологтар мен педагогтардың (Л.Г. Вишнякова, Г.А. Китайгородская, А.А. Вербицкий, Г.А. Зорин) т.б. еңбектерінде оқыту процесі кезінде студенттердің белсенділіктері мен сөйлеу тілін дамытуда, болашақ кәсіби іскерліктерін қалыптастыруда жаңа технологиялық әдістердің ішінде іскерлік ойындардың жақсы беретіндігі анық көрсетілген.
Іскерлік ойындардың негізгі мәні – шешімі табылатын жағдай (ситуация) мен сол жағдайды шешуге қатысатындардың атқаратын рөлдері. Ойында оқытушы қызметін де оқушылар өздері атқаратындықтан, теориялық білімдерін шыңдап, шебер сөйлеуге дағдыланып қана қоймайды, болашақ мамандықтарына сәйкес кәсіби қызметке де бейімделеді.
Іскерлік ойын кезінде оқушының сөйлеу белсенділігі артып, жұмыс нәтижелі болу үшін ойынның тақырыбы өзекті мәселеге арналып, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Тақырып таңдауда оқытушы студенттерді ойландыратындай мәселені таңдай отырып, ол мәселені шешуде атқарылар жұмыстар оқушылар тілін дамытуға әсері болуын да назарда ұстауы тиіс.
Қарым-қатынас деңгейлерімен таныстыру мақсатында келесі жағдаяттық ойынды ұсынуға болады. Барлық қатысушылар өте сұранымды затқа кезекке тұрады, соңғыларына жетпейді, ол затты міндетті түрде алу керек, яғни соңындағылар кезекті бұзып сатып алулары керек. Ал алдыңғыларға оларды өткізу тиімсіз. Ойыннан кейін жасалған іс-әрекетке «Қарым-қатынастағы ұстаным» сызба-нұсқасымен талқылау жүреді. Тұлғалық қызығушылық болды ма? (Иә). Қатысушы қарым-қатынаста ашық болды ма? (Иә, ол өзінің жағымсыз қасиеттерін көрсетуден ұялмады). Мұндағы қарым-қатынас деңгейі басқа адамға физиологиялық обьект түрінде – ең төменгі деңгейде жүреді. Қарым-қатынастағы барлық деңгейлер келесі адамға қызығушылығымен, алшақтығымен өлшенеді. Төменгі деңгейде – қарапайым, манипуляцияланған, стандартталған – мұнда қызығушылық жоқ, адамдар бір-бірінен «жалығады». Конвенционалды деңгей жоғары мен төменнің ортасы болады, тұлғалық қызығушылық болғанымен, әлеуметтік рөлмен шектеледі. Жоғары деңгейдегі қарым-қатынаста – іскерлік, ойындық, рухани яғни қызығушылық ашыла түседі.
1. Қарапайым деңгей.
Қарапайым деңгейге түсетін қарым-қатынастың деңгейлік сипаты келесідегідей түсіндіріледі: Ол үшін әңгімелесуші серіктес емес, оған кедергі келтіретін зат қажет. Ал қажет болса, оны иеленуі керек, кедергі келтірсе – оны жолдан тайдыру керек. Мысалы, ішімдікке берілген адам.
2. Манипулятивті деңгей.
Мұндағы манипулятордың сипаты: ол үшін серіктесі ойындағы бәсекелесі және оны міндетті түрде жеңу керек. Жеңу келесідей тиімділікті береді: материалдық болмаса да, үстінен басқаруға мүмкіндік беретін психологиялық үстемдік. Манипулятивті деңгейде әлсіз тұлғаға қызығушылық тән.
3. Стандартталған деңгей.
Мұнда рөлдік өзара әрекеттілік жүрмейді. Бетперделік қатынас қана болады.
А) «нөлдік бетперде» - мәні: мен сізге тиіспеймін, сіз де маған тиіспеңіз;
Ә) «жолбарыс бетпердесі» - қорқу үшін өзін-өзі қатал ұстау;
Б) «қоян бетпердесі»;
В) «сайқымазақ бетпердесі».
Стандартталған деңгейде серіктеске қызығушылық әлеуметтік рөлге байланысты таңдалады.
4. Конвенционалды деңгей.
Бұл деңгей ең төменгі мен жоғарғының ортасы. Қалыпты қарым-қатынас. Мұнда серіктесіне қамқорлық, қарым-қатынаста мәдениеттілік пен диалогты ұстау қажет болады.
Бұл деңгей адами қарым-қатынаста тұлғалық және тұлғааралық мәселелерді шешуге тиімді.
5. Іскерлік деңгей.
Іскерлік қарым-қатынас конвенционалдыққа қарағанда, терең болғанымен, күнделікті қарым-қатынас түрі болып табылады.
Іскерлік деңгейде қарым-қатынас барысында жылулық, сенім, жақындық байланыстары өзара дамиды. Немесе жағдайға байланысты керісінше антипатия туындайды.
6. Ойын деңгейі адамилық пен біртұтастықты сипаттайды үлкен мазмұнға ие. Бұл деңгейде біз біраз танитын адамдармен қарым-қатынасқа түсеміз.
Ойын деңгейі қарым-қатынаста серіктестер «бір-бірімен ойнайды», «бір-бірін қайталайды». Мұнда икемделудің түр-түрі қолданылады, сол арқылы қарым-қатынас қызықты, көңілді әрі бірін-бірі танып, түсінуге ықпал етеді. Бұл деңгей педагогикалық қарым-қатынаста тиімді.
7. Рухани деңгей адамзаттың қарым-қатынастағы ең жоғарғы деңгей. Серігі рухани бастаудың негізі болып қабылданады да, бізде сезім тудырады. Рухани қарым-қатынас ойындық және іскерлік деңгейлердің жағымды жақтарын жинақтайды. Сонымен қоса қатынасты ұмытылмастай қылатын жаңа нәрсе пайда болады. Бұл деңгей рухани диалогқа ену тереңдігімен, серігіне максимальды қызығушылығымен, тұтас ашықтығымен ерекшеленеді.
Кей оқытушының оқушыларға біріңғай әдіс-тәсілдермен ықпал-әсер етуі тәп-тәуір нәтиже берсе, екінші бір оқытушыларда оның керісінше болатын жайттері жоқ емес. Тіпті, бір оқытушының айтқан мәні шамалы, елеусіздеу сөзінің өзі кейде оқушыларға жеңіл әзілдей әсер етсе, екінші оқытушының айтқан сөзі ерсілеу естілуі мүмкін. Бірақ, бұған қарамай, әр оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады. Біз бүгін бұл қасиеттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
Байқағыштық. Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш оқытушы оқушыларының ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл-күйлерін қабақтарынан танып, әрқайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір оқушының тілін табуға, әрбір оқушының оның сезімдері мен ойларына өз сезімдерінен қуанып, өз ой, сезімдеріндей күйіп жанып қабылдауына мүмкіндіктер береді.
Байқағыш оқытушы оқушылары талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма, жоқ па, бәрі-бәрін тап басып анықтайды. Байқағыш оқытушы, мәселен, сабақ үстінде, оқушылардың қайсысы тапсырманы орындады, қайсысы құлықсыз тыңдап отыр-бәрін қалт жібермейді. Мұндай оқытушылар ықтиярсыз көндіру тәсіліне көп жүгінбей-ақ та топтың бүкіл оқушыларын өзіне тарта біледі және олардың өзді-өздерін еркін ұстап, іштей ашылуларына ықпал етеді.
Айталық, соңғы партада отырған оқушы оқытушыны тыңдамай терезеге қарап ойланып қалған делік. Мұндай жағдайда оқушыға қарап дауысты сәл ғана көтерсе немесе қасына барса болады-ол дереу ісіне кірісіп кетеді. Екінші бір ұқыпты оқушы бірінші рет үй тапсырмасын орындамаған. Ол өзін топта мықты санайды және мықты боп қалғысы келеді. Бүгін оны тақтаға шақырмай, сабақтан кейін алып қалып, үй тапсырмасын нендей себеппен орындамағанын, бәлкім, сұрап білген дұрыс болар.
Ал анау басқалармен бірге қол көтеріп отырған алдыңғы партадағы оқушыны тақтаға шақырмай болмайды. Бұл оқушы соңғы кезде түзеле бастады. Оған талпынса оқи алатындағы дәлелдеуге мүмкіндік беру керек.
Алайда, байқағыштық қыбырлаған-жыбырлағанның бәрін қапы жібермеу деген сөз емес. Зерделі педагог қыбырлаған-жыбырлағанның бәрін көзімен көріп отырса да көп мән бермейді. Егер топтағы қыбыр-жыбырдың бәріне ойымыз бөлінсе күшіміз де, уақытымыз да жетпеген болар еді. Оқушылар сабақты шамалы уақыт тырп етпей тыңдар, бірақ қашаңғы тырп етпейді. Көп ретте оқушылар оқытушыны тыңдап отырады да, іле-шала өздерімен өздері болып кетеді. Әлгінде не айттыңыз, бір оқушыдан сұраңызшы, ол сарт-сұртайтып береді. Бірақ, ол сізді тыңдап қана қоймай, қасындағы көршісіне де құлақ түреді, бүгін киноға барып, 16 жақсы толмаған балаларға рұқсат етілмейді фильмге қалай кірсем деп ойлайды, біреу сыйға тартқан қолшамы жарық түсірсеме, жоқ па? соны тексереді. т.с.с.
Әдебі шамалылау оқытушы оқушылардың назарын аудару арқылы сабақтың сапасын жақсартамын деп, болмашы тысырға елеңдеп, тырысып-бүрісіп болады. Мұнда оқытушы қайсысына тиіссем екен дегендей топ ішінде әдейі олай-былай кезіп жүріп алады. «Сен қайда қарап отырсың?» «Сенің қолың қайда?» «Сен не ұстап отырсың, кәне, бері әкел!»-деген сияқты өктем сауалдармен сабағын ырың-жырыңмен өткізеді. Мұндай оқытушылар былай қарағанда бәрін байқағыш, бірақ әдептен аулақ жатыр. Әдепті оқытушы кішігірім андай-мұндайлардың бәрін байқаса да байқамаған бола салады.
Аңғарымпаз оқытушының оқушыларға жаман ойы болмаса да әдепсіздік танытуы ғажап емес. Яғни, өз білместігінен байқамай ол мақтамайтын оқушыны мақтап, керісінше жазығы жоқ оқушының жер-жебіріне жетуі мүмкін. Мұндай оқытушы оқушыларының фамилияларын көпке шейін шатыстырып, олардың түр-түстерін айыра алмай жүреді. Кейде айқай-шу шығарып алып, басы қатады. Кейде жалпылама мағлұматы бар демесек, өз оқушылары жайында ештеме білмейтін топ жетекшілерін де кездестіруге болады. Олар үшін оқушылар – бестік пен екіліктің, тәртіптілік немесе тәртіпсіздіктің көрсеткіш-бейнесі іспетті. Аңғырт оқытушыларды оқушылар сыйламайды, біреуінің орнына басқасы жауап қайтарып, тексеруге дәптерлерін ауыстырып беріп, сіз бізге ондай материалды жүргізген жоқпыз, деп, тіпті кейде оларды сайқымазаққа айналдырады.
Байқағыштық педагогтық мамандық сияқты аңғару, сезу арқылы жүре бара қалыптасады. Адамның жан-дүниесіне жол табу тәсілдері қалай іздестірілсе, сезімталдық-байқағыштық тәсілдері де соған ұқсайды.
Ілтипаттылық. Әдетте, оқушылар, өте жақсы көретін оқытушыларды өздеріне дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға емес, оқытушыларды көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап жай-жаспар білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Өздеріне оқытушының назар аудару үшін әдейі тәртіп бұзатын бірден-екілі оқушылардың да бар екені өтірік емес.
Жақында мен оқытушысы топтан қуып шыққан бір оқушымен әңгімелесіп қалдым. Оқушының айтуына қарағанда оқытушының оны топтан не себепті қуып шыққаннын түсіну қиынға соқпады. Сабақ үстінде бұл артқы партада отырған көршісінің қаламын алады да, орнынан қайта келіп, жазуға кірісіп кетеді. Неге екені белгісіз, көршілері оның қаламын алғанын жаратпайды. Оқушы оқытушының рұқсат етуін өтінгісі келеді. Көріп отырсыздар, оқушының ешқандай кінәсі жоқ. Оқытушы өтінішіме бірдеме дей ме деген дәмемен оқушы қолын көтеріп отыра береді. Біресе оң қолын, біресе сол қолын, ол екі қолын алма-кезек ауыстырады, ұстазының әлі көзі түспейді. Әрі-беріден соң ол ұшып түрегеліп оқытушының үстеліне жетіп барады да бүкіл оқушылардың көзінше қаламын сарт еткізіп алады. Кері қайтып келе жатып бірнеше оқушыны жанап өтіп, орнына келіп отырады да жаза бастайды. Оқытушы оны топтан шығарып жіберді, ілтипатты оқытушы ондай күрт қимылға балмаған болар еді. Оқытушы оқушыларға жаңа материалды түсіндірумен қатар оларға назар аудара да білуі керек. Бұл да педагогтық әдеп саласына жатады. Әдебі шамалы оқытушылар оқушыларды тыңдай бермейді. Кейбіреулер сабақты жай еске салғандай қып айтып, өз ойларын жеткізе алмай, оқушылардың мейірімдерін қандырмай қойса, екінші біреулері сұрақтың оған бәлендей қатысы жоқтай сыңай танытуға тырысып, жауабынан жалтарып, үндемей бағады. Мұндай оқытушылардың оқушылармен қарым-қатынас жасауы қиын.
Сенім. Педагогтық әдеп оқытушының оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байланысты екеніне сене білуі тиіс. А.С.Макаренконың пайымдауынша, қателесу қаупі төніп тұрса да оқытушы оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.
Оқушылар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін әлі шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін оқытушыларының бағасына сүйенеді. Сондықтан оқытушы олардың қабілеттерін бағаларда өте сақ болғандары жөн. Оқушылардың қабілеттерін, әрине, асырып бағалау дұрыс емес. Құлдыратып бағалау одан да оғаштау.
Еске сақтай алмайтын деген сылтаумен азар да безер боп өлең жаттағысы келмейтін бір оқушыны білетінмін. Кейін белгілі болды, мұндай мінездемені оқытушы оған 1 курста беріпті. Оқытушы солай деген соң оқушы кәдімгідей иланып, енді «ұзақ» өлең жаттатпайтын болды деп тіпті қуанып кетіп (қайсыбір оқытушылар әр оқушының жеке мүмкіншілігін жеке мүмкіншілігін ескеру – талапты азайту деп түсінеді, түптің түбінде бұл қате), бұдан былай сол мінездемені сылтау ете берді. Ашығын айтсақ, оқушыда еске сақтау қабілетінен гөрі ықтияттылық жетіспеген. Еске сақтау кемістігі байқала қалған күнде де мұғалім, К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтсақ, оқушыны өзіне деген сенімсіздік тудыратын кедергі атаулының бірінен аулақ ұстауы керек [38,39].
Оқушыға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының үдеріс деп А.С.Макаренко әдемі айтқан. Шәкірттерге сенім арту мәселесі А.С.Макаренко еңбектерінде тиісті орын алған. Демек, бұл жұрттың бәріне әлімсақтан белгілі нәрсе. Сол себепті де мысал келтірмедім. «Ұстаздық дастан» - адамның адамға сенімі жайында жазылған шежіре [38]. Колониядағыларға А.С.Макаренконың ең ащы шындықты батыра айтуына болатын еді ғой, бірақ ол ешқашанда сенімсіздік білдіріп, ешкімнің жанын жараламады.
Оқушылардың келешектеріне күмәнмен қарайтын және ол күмән-күдіктерін қит етсе оқушылардың беттеріне басатын әдептен саңылаусыз оқытушылар де болады. Олардың мұндай әдептен саңылаусыздығы көбіне педагогтық қылмыспен ұштасып жатады.
Төзім және сабыр сақтау. Оқытушының педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, оқытушы еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. А.С.Макаренко айтқандай, оқытушының кейде әлде неге шыдамай, түтеп, жарылып кете жаздайтын да реттері бар. Сондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды. Өйткені, ашу тасыса ақыл төгілетіні белгілі.
Ашу үстінде ешқандай да шешім қабылдауға болмайды. Ондай жағдайда оқытушының асығыс шешім қабылдамауы үшін: «Мен сенімен жеке әңгімелесемін», «Сенімен айналысуға қазір уақытым болмай тұр» - деген сияқты кінәлау түрлерін іздестіргені жөн. Ашу басылған соң оқытушы басқашалау ойлайды, шешімі ақылға сыйымды болады, ол шешімін оқушыларға, яғни топқа бір қапысын тауып жеткізеді.
Сабырлылық, өзін - өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы қажет. Тәжірибесі аз, жас оқытушылар көп ретте өздерін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын лап етпе мінездерін нерв жүйесі жағдайларынан көреді. Жүйке жүйелері жастарға қарағанда әлде қандай осал байырғы оқытушылар, әдетте, ұстамдырақ келеді. Демек, мәселе жүйке жүйесінде емес, керісінше, ол әркімнің өзіне тапсырылған іске жауапкершілігі мен өзін-өзі ұстай білу дағдысына байланысты. Олай болса, ұстамдылық пен сабырлылық іскерлік пен дағдыға ұқсас болады. Өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелемеген оқытушы педагогтық әдепке қарадүрсіндеу келеді.
Педагогтық әдепті әңгіме еткенде, оның іскерлік сияқты өзіндік ерекшелігін сете сақтау керек. Әдепті болу үшін педагогтік бірер ереже мен әдіс тәсілді білу аз. Педагогтық әдеп – оқытушының тұрақты шығармашылығы. Оқушылар бір-біріне қалай ұқсамаса, педагогтық әдеп те солай - әр жағдайда әр қалай.
Енді, педагогтық әдерті меңгеруге психологиялық білімнің мән-маңызды жайында бір-екі ауыз сөз.
Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын сапа емес екенін жоғарыда айтқан болатын. Ол адамның басқа сапасы сияқты жүре бара пайда болады. Бірақ, бұл ешқандай теориялық дайындықсыз өзінен өзі келеді деген сөз емес.
Педагогтық әдеп оқытушының психологиялық білімін алдын ала қарастырады. Тәжірибе жинақтамас бұрын, - деп жазды К.Д.Ушинский,-педагог көп оқып, көздеген мақсаты, пәні және өз еңбегінің кілті жайында жатпай-тұрмай ойлануы керек. Педагогтық әдепті бойына сіңіру үшін әр оқытушы не істеу керек, деген сұраққа, міне, шамамен осылай жауап беруге болады [40].

2.3 Әлeумeттiк пeдaгoгтың жасөспірім жастағы oқушылapының өзін өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру жайлы әдістемелік ұсыныстар


Эксперименттік жұмыстың өзіндік бағдарламасын жасау және зерттеу процедураларын тыңғылықты таңдау сияқты мідеттерді қояды. Психологиялық зерттеулердің көптеген міндеттері мәселені көпжақты салыстыруды қарастырады. Салыстыру жұмыстарын жүзеге асыруда және зерттеу бағдарламасын жасауда бірқатар ғалымдардың статистикалық-математикалық зерттеулері талданып, бірқатар парадигмалар қарастырылды.


Осы тұрғыда ғылыми зерттеуіміздің эксперименттік болжамдарын талдап, негізге ала отырып, зерттеу жұмысының жалпы болжамы мен бірнеше жеке болжамдары бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы