Дипломдық ЖҰмыс әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімінің жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану



бет13/17
Дата10.06.2022
өлшемі236.16 Kb.
#267398
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Қонай С. диплом жұмысы
interaktivtі-құraldar, Курсовая Максат Дене тәрбиесі, Бейсем Куралай-, 159655 (1), Ата ана және педагогикалық ұжым әрекеттесуі, РЕФЕРАТ ҚАЗАҚ Әдеибиеті, sciPaper5955 2, 6-презентация, Бағалаудың өлшемдік технологиялары, Технология 5-9 каз, вопросы, 2-дәріс, характеристика, список группы, Практика дуальное рус
О.А.Колобов әлеуметтік педагогикалық қолданбалы міндеттері мынандай:
- баланы тәрбиелеуде адамгершілік пен шынайылық, жақын адамдарына, тіршілікке, шығармашылыққа, өзара түсіністікке деген махаббатты ұғындыру;
- қиын жағдайдан өздерінің шыға алуға үйрету, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуге, өз өмірінің мәні мен мақсатын анықтауға үйрету;
- қоршаған әлемді тану, адамды, оның физикалық және рухани ерекшеліктерін, қоғамдағы құқығы мен міндетін тануға тырысу;
Бұл жерде педагогқа өзінің тәрбиеленушілерінің жас ерекшелігі жайлы білуі керек;
Бұл қолданбалы міндеттерді қысқаша былай құруға болады:

  • тәрбиелеу, жақсылық жасау;

  • өз өмірін ұйымдастыруға үйрету;

  • танымдық қызығушылықтарын дамыту;

  • өзінің дербестігін, өзінің қабілеттері мен болашағын ұйымдастыруға көмектесу;

Әлеуметтік педагогиканың қызметін тіпті қысқаша түрде жоғарыдағы
айтылғандарды қоса отырып былай құруға болады. Ол:
Жоғарыдағы қызметтерден әлеуметтік- құқықтық немесе әлеуметтік
оңалтуды бөліп қарастыруға болады. Тәрбиелік қызмет баланың (жасөспірімнің) қоршаған ортаға кіруін, оның әлеуметтену процесін. Оны оқыту мен тәрбиелеу процессіне бейімделуін болжайды.
Әлеуметтік педагог әлеуметтік тәрбиенің теориясы мен тарихын білуі қажет. Сонымен берге «Білім беру» туралы заң, бала құқығы жайлы конвенция, жеке тұлғаның дамуының негізгі заңдылықтары, ортадағы қарым-қатынастың қалыптасу спецификасы, эканомикалық, демографиялық,
әлеуметтік-педагогикалық әр түрлі микроорта аймағының сипаттамасын, отбасымен әр түрлі топтармен әлеуметтік жұмыстың әдістері мен формасы, әлеуметтік саясат, еңбектік заңдылықтар, отбасы мен құқықтар негізі, жеке тұлға мен микроортаның диагностикалау әдісі мен технологиясы, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың, педагогикалық этиканың талдауы мен бағдарламасын білуі тиіс.[14-4]
Кесте 1 - Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет құрамы

Әдіс-тәсілдері



Құралдары

Түрлері (формалары

Әдіс-тәсілдері



Оқу

Диагоностика,

Зерттеу, зерделеу




Танып-білу;

әдістері;

Еңбек

Әлеуметтендіру

Сөз түріндегі әдістер;

Ойын

немесе

Іс-әрекетін




қатарға қосу;

үйымдастыру;

Өзіне қызмет ет)

Түзету;

Жаттықтыру;




Ретгеу;

Әдет қалыптастыру;

Қарым-қатинас

Қалыбына

Дағдыландыру;




келтіру;

Үйрету;

Бос уақыт

Доиекерлік;

Бақылау;




Орналастыру;

Байкау;




(жүмысқа.

Баіалау;




интсрнатқа.

Озін-өзі




паналау орнына

тәрбиелеу;




т.6.)

Белсеиді одістср;




Демалысып

Ынталандыру одістсрі;




үйымдастыру;







Агідын алу;

Әлеуметтік педагогтың шәкірттермен қарым-қатынасында әлеуметтік қызметті атқарушы және нақты жеке тұлға ретінде педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі. Қарым-қатынас арқылы әлеуметтік педагог оқушылар туралы ерекше қажетті ақпаратты алып отырады.Тікелей қарым-қатынас жеке тұлға әр түрлі жағдайларда және іс- әрекетте диагностикалық және коррекциялық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.


Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты біздің іс-әрекетімізбен қатар мінез-құлқымыз да өзгермелі. Соған сәйкес қарым-қатынас стильдері де өзгермелі болады. Қарым-қатынас стилі адамның басқа адаммен өзара әсерлесуі барысындағы мінез-құлқын көрсететеді. Сонымен адамның қарым-қатынас стилі, оның анықталған нақты бір қарым-қатынасқа орнықталынуы, бағытталуы, соған дайындығы мен адамның сол жағдайдағы өзін көрсетуі. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, қарым-қатынас негізгі қызметі арқылы жүзеге асады. Олар: активациялық - әрекетке түрткі беру; интердиктивті – тыйым салу, тежеу; дестабилизациялаушы – қоқан-лоққы, қорлау [26]. Осыдан қарым-қатынастың:

  • инструментальды (іс-әрекетті қарым-қатынас жолымен үйлестіру);

  • синдикативті (қауымдастықты, топты жасау);

  • трансляциялық қызметтері анықталды.

Соңғысы педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше маңызды, себебі «бұл қызмет оқыту негізінде қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады». Адамзаттың барлық өмірі үнемі басқа адаммен қарым-қатынас негізінде өтеді. Қарым-қатынас процесінің барлық жақтары (коммуникативті, интерактивті, перцептивті) басқа құрылымдық тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олар кез келген іс-әрекетте бір-бірін қабылдау, түсіну, бірлескен әрекет ұйымдастыру мақсатынды іс-әрекеттің мазмұнына байланысты орындалатын процестің негізінде туындайтын қарым-қатынастың түрлері мен арақашықтықтары.
Педагогикалық қарым-қатынас стилінен біз педагогпен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекеттегі өзара әсерлесудің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін көреміз. Педагогикалық қарым-қатынас педагог және оқушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы:

  • педагогтың коммуникативті мүмкіндігінің ерекшеліктері;

  • педагогпен оқушының өзара қатынасынан туындаған мінез-құлық;

  • педагогтың шығармашылық индивидуальдылығы;

  • оқушылар ұжымының ерекшелігі.

Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан байытылған сатысы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйренушілердің оқу іс-әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлылықтан да, үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін. Осыдан, педагикалық қиындықтардың негізгі бағыттары білім беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларымен, мұнда оқыту мен тәрбиелеу іс-әрекетінің субьекті ретіндегі оқытушының ерекшеліктері және қарым-қатынас процесімен байланысты [27,28,7 бет].
Педагогикалық іс-әрекет үрдісіндегі қарым-қатынасты төмендегідей жіктеуге болады:
- әлеуметтік педагог пен оқушы қарым-қатынасының жалпы жинақталған жүйесі;
- педагогикалық іс-әрекеттің нақты кезеңіне тәуелді қарым-қатынас жүйесі;
- нақты педагогикалық және коммуникативті тапсырманы шешуден туындаған ситуативті қарым-қатынас жүйесі.
Білім беру ортасындағы өзара әрекеттесуші тұлғаларды дамытудың, түрлі жағдайларда оқушылардың жетістікке жетуіне итермелейтін, сыныптық тапсырмаларды орындауда іскерлік пен тәсілдерді меңгеруде ықпал ететін әлеуметтік педагог мен оқушы арасындағы бірлескен іс-әрекет неізінде болатын қарым-қатынас мәселесі. Мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің негізгі іс-әрекеті қарым-қатынас. Бірақ осы жастағы оқушылардың жас ерекшелік деңгейінде болатын психологиялық өзгерістерге байланысты қарым-қатынаста да бірнеше қиындықтар кездеседі. Осы мәселені шешудегі маңызды фактор бірлескен педагогикалық іс-әрекетке қатысушылардың субьект-субьекттік өзара үйлесімді психологиялық жағдаймен қаруландыру нәтижесінде оқытудың нәтижелілігін арттыру. Оқытудың нәтижелілігі педагогикалық әдістерге ғана негізделмейді, оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың маңыздылығына да байланысты. Білім беруде оқыту үрдісінің тиімділігі немесе жекеленген оқушыларға психологиялық-педагогикалық ықпалдың тиімділігі мәселесінеен артық мәселені табу қиын. Осыдан, кез-келген педагогикалық іс-әрекет, ол сабақ немесе тәрбиелік-дамытушылық іс-шаралар әлеуметтік педагог мен оқушы әрекетінің түрлі формалары мен өзара әрекеттестігінде көрінеді.
Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп обьектілі бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзінде олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруымен сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен ерекшеленеді: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілерге (қазіргі жағдайлары және болашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру) [29].
Педагогтың шәкірттерімен қарым-қатынасы оқу-тәрбие үрдісін басқарудың өзіндік каналы ретінде іске асады. Бірақ қарым-қатынас каналдарында «ақпараттық тасқын» өте көп. Әрбір оқушыға әр түрлі ақпарат тасқыны әсер етеді. Оқушының дамуы мен жеке ерекшеліктеріне байланысты олар бір-біріне қарама-қайшы келуі де мүмкін. Осындай жағдайда педагогтың оқушылармен қарым-қатынасы белгілі дәрежеде бүкіл ықпал ететін ақпараты біріктіріліп, ықпал етуші элементтерді нақтылайды.
Әлеуметтік педагог мен оқушылардың өзара қарым-қатынас тәжірибесінде әр уақытта да ойдағыдай қалыптаса бермейді. Көп жағдайда бұл Әлеуметтік педагогтың басқару стиліне, оның оқышылармен қарым-қатынас шеберлігіне байланысты. Психология ғылымындағы зерттеулерден әлеуметтік педагогдердің оқушыларды басқарудың жиі кездесетін 5 түрлі стилі анықталынған [30]:
-автократиялық (өзіндік әміршілдік),
-авторитарлық,
-демократиялық,
-бұрмалаушылық,
-бірізділік емес.
Өзіндік әміршілдік автократиялық басқаруда әлеуметтік педагог активке сүйенбей, ұжымды өзі басқарады, оқушылардың өз көқарасы ескерілмей, тек талап қойылып оны орындау қатаң бақыланады. Авторитарлық басқаруда автократиялық басқару стилінің негізгі белгілері тән, бірақ ұжым өмірінің мәселелері бойынша талқылауға қатысуға рұқсат берілгенімен әр уақытта шешімді әлеуметтік педагог өзі қабылдайды. Басқарудың демократиялық стилінде әлеуметтік педагог ұжымды қолдап, өз бетінше белсенділіктерін ынталандырады. Бұрмалаушылық басқарда әлеуметтік педагог оқушылардың өмірі мен іс-әрекетіне аз араласады, оларды басқару ісінен шеттетіледі, басқару тек формальды жүреді. Бірізділік емес басқару стиліне тән ерекшелік әлеуметтік педагог сыртқы жағдайлар мен өзінің эмоционалдық стильдерінің кез келгенін іске асырады, ол көп жағдайда әлеуметтік педагог мен оқытушылардың өзара қарым-қатынас жүйесін түсініспестікке және әр түрлі жағдайға алып келеді. Басқару стилі әлеуметтік педагогмен оқушылардың өзара қарым-қатынасының барлық жүйесіне із қалдырады, әлеуметтік педагог өз оқушыларымен қалай қарым-қатынас жасайды, оқушылармен оның жиі болып тұратын келіспеушіліктері, ұжымдағы психологиялық ахуал және т.б.
Психологиялық зерттеулер негізінде оқушылармен қарым-қатынас жасау белсенділігіне байланысты шарытты түрде әлеуметтік педагогтерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топта қарым-қатынас әлеуметтік педагогдердің күнделікті тәлімгерлік міндеттерінен шығып, ерекше белсенділігімен, сенімділігімен және тиімділігімен ерекшеленеді. Олар оқушылармен жиі кездеседі.
Екінші топтағы педагогтар оқушыларға құрметпен қарап, олардың сенімі мен симпатиясына ие болғандар. Бірақ қарым-қатынас әр түрлі жағдайға байланысты және әлеуметтік педагогдіердің басқару стиліне байланысты бір ізді емес.
Үшініші топта педагогтар оқушылармен жақын қарым-қатынас жасауға ұмтылатындар, бірақ жақын қарым-қатынас қалыптаспаған. Оқушылар тарапынан сенім орнату, ұнату жағы аз қалыптасқан.[31,34б]
Педагогикалық қарым-қатынас жас ерекшелік, әсіресе жас жеткіншектер мен жоғары сынып оқушыларына тән үлкендердей болуға ұмтылуын есекеруіне байланысты. Орта және жоғары сынып оқушыларында ата-аналарымен, үлкендермен қарым-қатынасында қиындықтың деңгейі артып отырады. Осыдан «әлеуметтік педагог-оқушы» жұбының өзара қарым-қатынасының қалай құрылатынын ескеру маңызды.
Сонымен педагогтың оқушылармен біріккен іс-әрекетте болатын қарым-қатынасы жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы ретінде жас ерекшелік деңгейінде жетілуін оқу-тәрбие әрекетінде ұйымдастыруда педагогтардың ықпалын талдау барысында мынадай нәтижелерге көңіл аудару маңызды:

  • Қарым-қатынастың тәсілдері мен формаларына мән беріп, оның нақты стратегиясы мен тактикасын өңдеу:

  • Тұлға аралық қатынастарды ұйымдастыру:

  • Жаңа қатынас, дағды мен қажеттігін тәрбиеші Әлеуметтік педагогтың педагогикалық іс-әрекетін жүйелі жоспарлау.

Педагогикалық қарым-қатынастың оқу процесін ұйымдастыру барысында анықталған тұжырымдар:

  • Педагогикалық қарым-қатынас жеке бас дамуында жас ерекшелік деңгейінде жетілдірудің құралдарына бағытталады.

  • Түрлі жағдайлар кезінде қатынас техникалары әлеуметтік-психологиялық дайындықты қажет етеді.

  • Қарым-қатынастың қалыптасуы үлкендерге еліктеуден, топ ішіне ену және бейімделуден бастау алады.

Сонымен қорыта келгенде, әлеуметтік педагог қарым-қатынкасының кәсіби мәдениеті – бұл оқыту процесінде субьектілердің біріккен іс-әрекетін үйлесімді ұйымдастыру, психологиялық ықпал ету мүмкіндіктерін біріктіретін жағдайдың құру, өзара әрекеттің жаңа жолдарын іздеуді талап ететін шығармашылық қасиет.
Қазіргі кезеңде еліміздің саяси өмірінде, экономика сферасында, білім беру жүйелерінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Осыған орай білім беру психологиясының маңызды мәселесінің бірі- тұлғаның өмір бойы білімін жетілдіруін қолдау болып отыр. Мектепті бітірген жас өспірім, дербес өмірінің алғашқы жылдарында-ақ алған білімінің бестен бір бөлігінің жарамсыз болып қалатынына қарамастан, еңбек нарығында өз орнын таба білуі қажет. Осыған байланысты білім беру тәсілдерін жаңарту қажеттіліктері туындап отыр. «Бүкіл өміріне білім беру» парадигмасының орнына «өмір бойы білім алу» деген басқа парадигма пайда бола бастады.
Қазіргі психология аталған жаңалықтарды ескере отырып, теория мен практика арасында жаңа байланыстар орнатуда. Әсіресе, бұл жағдай білім беру саласында айқын байқалуда. Сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеуде мектеп, отбасы және әлеуметтік орта байланыстарын, мектептегі хал-ахуалды психологиялық тұрғыда түсінбестен, Әлеуметтік педагогтың өзбетінше жаңа заман адамын қалыптастыруы мүмкін емес. Егер де соңғы он жылдағы ғалымдар зерттеулерін қарастырып, озық педагогикалық тәжірибені талдуға келетін болсақ, бірқатар өзекті мәселелер көз тарта бастайды. Олар мыналар:
- оқушы өмірін әлемді әлеуметтік игеру, өмірлік әрекет ретінде ұйымдастыру;
- білім беру мәселелері мен бағыттар өрістерін болжау және құру ретінде;
- білім беру процесінің өмірге саналы түрде араласуы;
- педагогтардың кәсіби тұрғыда өсуі;
- білім беру процесін тұлғаны орталықтандыру ретінде басқару.
Көрсетілгендермен қатар ең маңызды сәтті ерекшелеу қажет: аталған мәселелердің барлығын, оқушы Қазақстан азаматы ретінде ең бірінші орынға қойылып, білім беру процесі субъект-субъектілі болған жағдайда ғана шешуге болады. Қазіргі мектеп оқушысы мектеп бітіргенге дейін шынайы білім беру процесінде өз өмірін болжап, болашағын үйымдастыра және құрастыра білуі қажет. Білім беру процесі оқушының тұлғалық мүмкінліктерін ынталандырып және жетілдіріп отыруға міндетті. [28]
Қазіргі уақыттағы білім беру жекелік дамуға жағдай жасауға бағытталып отыр. Осыған байланысты оны жаңа әлеуметтік тәжірибе ретінде қарастыруға болады. Жаңа жағдайларда оқу пәндері жоспарларының құрылымдарына да өзгертулер енгізілуде. Сонымен қатар оқу бағдарламаларындағы жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлы және басқа да бағыттарды ерекшелеумен келісуге тура келеді.
Білім беру жағдайы дамуының тағы бір бағыты- пәнаралық тәсіл. Оның мәдени-тарихи тұжырымдамасы түрлі ғалымдардың өзара байланысу идеяларына негізделеді, ал осы негізде мектептегі бірнеше пәндерді біріктіруге мүмкіндік беретін гуманитарлы білім аталған идеяның негізі болып табылады: философия, әлеуметтану, логика, этнография, экология, экономика. Л.С.Выготский мектепті құнды құрылым ретінде қарастырда. Құнды деп мектептің мәдени дамыту моделін айтуға болады. Л.С.Выготский пікірінше, балаға қандай да бір білімдерді хабарлаудан, оны ойлауға үйрету маңызды. Оның пайымдауынша, мектеп, мінез-құлықтың жанама түріндегі мәдениетін қалыптастыру және іс-әрекетті нақтылау үшін жағдайлар жасауы қажет. Осыдан мектеп оқушысының дамуы сапалы жаңаруды болжайды. Мектеп баланы дамытуда абстрактілі жағдайлармен шектелмей, баланың жекеліктерін дамыту мүмкіндіктері қарастырылатын білім кеңістіктеріне ие болуы шарт [29].
Бірақ қазіргі ғалымдар тұжырымынан, білім беру жағдайлары баланың мектептегі әлеуметтік даму жағдай, ұжымды түрде бөлінген іс-әрекет және өмірлік мәселелерді шешуде балаға психологиялық көмек көрсету сияқты көптеген жаңа әлеуметтік-мәдени феномендерді енгізуі қажет.
ХХІ ғасыр мектебінің басты мақсаты - тұлғалық қасиеттері толыққанды қалыптасқан, қоғамға пайда келтіре алатын азамат дайындау, ол үшін азамат өз істерін еркін жүргізіп, пайдалы идеяларын өмірге енгізе білуі қажет. Мұндай мақсат кездейсоқ қалыптасып отырған жоқ. Мектеп пен өмірді байланыстыру мәселесі педагогикалық психологияның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде, яғни 1920жылдардан қарастырылып келе жатыр. Егер де ол кездегі шешім өмірдің қандай да бір сферасымен әлсіз байланысып прагматикалық тұрғыда қабылданса, ал қазіргі кезеңде аталған мәселе әлемді әлеуметтік тұрғыда игеру идеясымен байланасытырылып отыр.
Жасөспірімдердің орта жағдайларының өзгерістеріне әрқашанда бейімделуге қабілетті бола бермейтіні белгілі. Сонымен қатар еліміздің нарықтық экономикадағы тәжірибесі де аздау. Жас өспірімдер еңбек нарығында өз орнындарын тауып, тиімді қарым-қатынас түрлеріне бейімді болуы шарт. Бірақ мектепті жаңа бітірген жас өспірім тұлғалық ресурстарын, өзінің мүмкіндіктерін әлі де толығымен білмейді, ал осы ерекшеліктердің барлығы мектеп қабырғасында анықтауы міндетті, ол үшін қазіргі таңда білім берудегі жаңаша көзқарстарды қарқынды жүзеге асыру қажет. Осы бағытта ғана мектеп түлегі, яғни жас өспірім бойында тұлғалық дамуға және өзін-өзі дәлеледеуге деген қажеттіліктерді қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие бола аламыз. Сонымен қатар бұл мәселенің шешілуі де жеңіл болмайтыны түсінікті. Елімізде қайта құрылған педагогикалық жоғары оқу орындарының негізгі стратегиялық міндеттері жоғары педагогикалық білімді модернизациялау деп бекітіліп отыр. Ең алдымен осы бағытта білім беру жүйесін реформалаудың басты көрсеткіші жаңа форматтағы педагог мамандардың пайда болуын Елбасы Н.Назарбаев 2004 жылғы 19 наурызда Қазақстан халқына жолдауында көрсеткен.
Жеке тұлғаға бағдарланған мектептегі қатысушылар өзара әрекеттестіктері басқару орталығы болу қажет деп тұжырымдалып келген. В.Г.Казанская, Р.Х.Шакуров, Е.А. Ямбург, зерттеулеріне негізделе отырып, жеке тұлғаға бағдарланған мектептің білім беру процесі әлеуметтік педагог мен оқушының педагогикалық ұжымның барлық қызметтері және ата-аналармен бірлестікте әрекет ету барыснда ғана мүмкін болады. Әлеуметтік педагог-оқушы жүйесін басқаруда бірінішісінің басымдылығын білдірмейді, өйткені басқару әдістері мен формалары адамдардың белсенділігімен бастамашылдығына басымдылық көрсетпестен дамыту қажет. Осы жердегі ең басты мәселе- әлеуметтік педагог мен оқушы әрекеттерінің үйлесімді болуы. Бұл жағдайлар Б.Ф.Ломов идеяларына негізделген. Ол, бірлескен әрекеттегі үйлесімділік келесі бағыттарда болуы мүмкін: жеке әрекеттер немесе қатысушылардың бірқатар тізбекті әрекеттерді бір мезгілде орындауында. Үйлесімді әрекет іс-әрекетпен басталып, сонымен аяқталады. Келесі нұсқа- әрекеттердің тізбекті орындалуы. Бір қатысушы әрекеттерінің нәтижелерін екіншісі пайдаланады. Кейде бір тәсіл бір мезгілде бірнеше адамдармен орындалады [30].
Оқушы мен әлеуметтік педагог өзара әрекеттестігі аталған нұсқалардан тұрады, өйткені педагогтың ұсынған әрекеттерін барлық оқушылар қабылдап, сол уақыттағы олардың әрекетінің пәніне айналуы қажет. Білім беру процесіндегі үйлесімді әрекеттер міндетті, онсыз оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Бірақ білім беру процесіне барлық әлеуметтік педагогдер мен ата-аналардың қатысуы міндетті, осы үйлесімділікте жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеу баланың жекелік ерекшеліктерін барлық субъектінің бірлескен әрекеттерінде дамытуды көздейді. А.В.Петровский зертеулерінде, бірлескен әрекеттегі адамдардың бір-бірлеріне қарым-қатынасы әрекет мазмұнына байланысты екені көрсетілген. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас әлеуметтік педагог мен оқушылардың өзара әрекеттестігі бірлескен және достық формада жүзеге асады, ал олардың өзара қарым-қатынасы конъюктивті негізде құрылуы қажет [32].
Бала өзін-өзі қалай көрсетсе, айналасындағылар да оны солай қабылдайды. Егер де сыныпта бала өзін көрсете алса, өз ойларын еркін білдіретін болса оны айналасындағылар осылайша қабылдауы мүмкін, бұл жағдай оның басқа да балалармен және ересектермен бірлестікте екенін білдіреді.
А.В.Петровский пайымдауынша, индивидте тұлға болу қажеттіліктері қалыптасқан. Ол адамның әлеуметтік қатынастарға араласуынан байқалады, сонымен қатар солармен шарттасады. Басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу қажеттіліктерін қанағаттандыру арқы Адам тұлғалық қасиеттерін жетілдіре бастайды. Бұл басқа адамдармен өзара әрекеттесу прцесінде жүзеге асады [33].
Оқыту - қатар және бір- бірлеріне тәуелсіз құбылыстар ғана емес, сонымен қатар өзара байланысты үйрету мен оқытудан тұратын процесс. Олардың бір-бірлеріне психологиялық байланыстылығының негізі процестердің рухани бірлігі болып табылады. Сабақ беру тиімділігі оқушылардың оқуға және әлеуметтік педагогдерге қатынасының жақсаруына қаншалықты негіз болуына байланысты.
Бұл бағытта білім беру ашық коммуникативті, диалогты, жүйелі болуы қажет. Онда Әлеуметтік педагогтың арнайы ұйымдастырған іс-әрекеті арқылы оқушы тек білімдерді ғана игеріп қана қоймай, сонымен қатар мінез-құлықтың өнегелі нормаларын игереді. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаға бағдарланған білім беру процесі оқушының тек білім алуына ғана емес, сонымен қатар оның тәрбиесіне де ықпал етеді. Оқушының құрбыларымен, әлеуметтік педагогдері және айналасындағылармен қарым-қатынасы мінез-құлықты реттейтін бірқатар ынталандыруларды игеруге мүмікнідік береді. Оқушы өз мінез-құлқын басқара отырып жекелік қасиеттерді иегере бастайды. Бірақ өзінің «Мен» және басқалардың мінез-құлықтарын түсіну, ортақтасу, бірлесіп әрекет жасау арқылы дамып отырады.
Коммуникативті ықпалдар педагог іс-әрекеті тұлғаны қанағаттандырған жағдайда ғана ынталандырып дамытады. Әлеуметтік педагогтың оқушылармен кез-келген әрекеттестігі емес, баланың жақсы қасиеттері қалыптасатын – бірлескен және достық қарым-қатынас маңызды.
Осы бағытта болашақ педагог кадрларының құзырлылық қасиеттерінің қалыптасуы ерекше назар тартып отыр. Құзырлы қарым-қатынас жас өспірімдердің танымдық іс-әрекеттерін дамытуда, айналасындағы адамдармен тиімді қатынасқа жасауда, өмірде өз орнын табуда оң ықпалын білдіреді. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік: «Кәсіби құзыреттілік- жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, педагогтың құзырлылығы - жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады.
Кей зерттеушілер «біліктілік» ұғымын «құзыреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, «құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады.
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын терең талдай отырып, 12 жылдық білім беру жағдайындағы педагогтың құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенді сипатталады:

  1. мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым-қатынас: бұлжағдайда 12 жылдық оқытуға көшу маңызын, теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;

  2. проблемалық-практикалық аспект: осы жағдайда педагогтың алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және орындау жолдарын анықтауды сипаттайды;

  3. коммуникативті аспект: бұл- педагогтың осы үрдіске, ахуалға, қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.

Оқу процесінің тиімділігін көтеру үшін әлеуметтік педагог қарым-қатынас тәсілдерін жеткілікті деңгейде игеруі қажет.
Коммуникативті құзырлылық белгілі бір орта жағдайында тұлғааралық қарым-қатынаста тиімді коммуникация құруда қажет болатын ішкі мүмкіндіктер жүйесі ретінде қарастырылады.
Қазіргі жағдайларда құзырлы қарым-қатынас дамуы оның үйлесімділігінің бірқатар ұстанымды бағыттарын қарастырады. Қарым-қатынастағы құзырлылық түрлі психологиялық қашықтақта қатынас орнату іскерліктеріне дайындықты көздейді. Құзырлы қарым-қатынасқа қол жеткізу серіктестердің үш деңгейінде жүзеге асады- коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Осыған орай, қарым-қатынастағы құзырлылықтың түрлері түрлері туралы айтуға болады. Тұлға өзін жан-жақты үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін барлық психологиялық позицияларды игеруі қажет.
Қарым-қатынаста тұлғаның өз субъективтілігі коммуникативті құзырлылық деңгейлеріне байланысты жүзеге асады. Коммуникативті құзырлылық келесі қабілеттерден тұрады:

  1. Қарым-қатынасқа түсу мүмкін болатын коммуникативті жағдайға әлеуемттік-психологиялық болжам жасау;

  2. Коммуникативті жағдайдың өзгешелігіне сүйене отырып, қарым-қатынас үдерісін әлеуметтік-психологиялық тұрғыда бағдарлау;

  3. Коммуникативті жағдайдағы қарым-қатынас үдерістерінің әлеуметтік-психологиялық басқаруды жүзеге асыру.

Болжам коммуникативті жағдайды алдын-ала көре білу деңгейінде талдау үдерісінде қалыптасады. Бұл үдеріске қатысушылардың алдын – ала көре білу қабілеттіліктері – тұлғаның қарым-қатынас үдерісіндегі өзіндік бір мінез-құлық бағдарламасы. Алдын-ала көре білу ерекшелігі келесі ерекшеліктерді анықтауда байқалады: серіктестердің заттық-тақырыптық қызығушылықтары, түрлі оқиғаларға баға беру ерекшелігі, қарым-қатынас формасына қатынасы.
Тәрбиелік кешеннің бір және қызықты қатынасы (жанұя, тұрғылықты шекарандан өндіріс, бұқаралық ақпарат құралдары, мектептен тыс мекемелер) оқушының тұлғасына әсер етеді де практикалық педагогикалық тәрбиелік іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетінің жалпы сұрақты қоюды және шешуді негізді негіздейді. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. Кез-келген мектептегі қарым-қатынас адамдар арасындағы жай байланыс емес, оданда терең қасиетті білдіреді. «Әлеуметтік педагог оқушы»жұбындағы қарым-қатынастың кез-келген түрі жағдайда тәуесіз тәрбиелеуші болады.
Әлеуметтік педагогтың қарым-қатынасын оқудағы және оқудан тыс деп бөлуге болмайды. Мұны психология ғылымдарының докторы С.М.Жақыпов «Танымдық іс-әрекет пихологиясы» еңбегінде оқу процесінің ішкі мазмұнын ашып ашып ондағы әлеуметтік педагогмен оқушының өзара қарым-қатынас әрекетін көрсету. Адаммен қарым-қатынастың кез-келген түрі обьективті және субьективті сипаттағы күрделі заңдылықтарға сүйенеді. Қарым-қатынастың алуан түрлерінің терең негізін адамың білуі оның тиімді іс-әрекетінің шарты болып табылады. Тәрбие, тәрбиелеуші және тәрбиеші арасындағы рухани қауымдастықтың нәтижесінде жүзеге асыра алатындықтан әлеуметтік педагог мен қарым-қатынастағы ерекше дағды мен қабілеттілікті талап етеді. Сол кезде ғана жиналған мәдени құндылықтар беріледі [34].
Әлеуметтік педагог жан тәнімен берілуді адалдықты кейде құрбандықты талап ететін ең күрделі мамандықтың бірі. Қоғам басқа мамандықты адамдарға қарағанда әлеуметтік педагогге жоғары талап қояды. Әлеуметтік педагог еңбегі бұл;
- оқушының мектепте және мектептен тыс күнделікті жұмысы.
- үнемі өзімен жұмысы.
- өзін жүйелік бақылау.
- әр-түрлі қабілеттегі жіне сипатағы балалармен қатынас.
- әрқайсысы өз баласын идеалды деп санайтын ата-аналармен қарым-қатынас жасау.
Әлеуметтік педагог - бұл педагогикалық пән әлеуметтік педагогдері, методикалық бірлестіктің мүшесі. Шығармашылықпен айналысатын әлеуметтік педагог бұл шығармашылық топтың,методикалық кеңестің мүшесі. Осы іс-әрекеттің барлығы әлеуметтік педагог ең алдымен өз басында құратын қарым-қатынастың әр-түрлі тәсілдері мен формаларында кездеседі. Педагогикалық іс-әрекет көлемі жағынан қаншалықты қарым-қатынас көп қырлы және әр-түрлі болып келеді. Кәсіби педагогикалық іс-әрекет оның мәдени деңгейін негіздейтін қарым-қатынасқа айналысатын талаптарды құрады.Әлеуметтік педагогтың кәсіби қарым-қатынасы әрқашан бір-бірімен тығыз бпйланысты екі топқа бөлуге болады:
1. Бұл оқыту мен тәрбиелеудің бірдей мақсатын мұғадімнің педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыратын өткеннен қалған құндылықтың қоғамдық сипатымен қатар салынған қарым-қатынстың жалпы принциптері;
2. Қарым-қатынастың индивидуалды принциптері әлеуметтік педагог стилі яғни жеке білімгер кәсіби тәрбиелер қабіттер негізінде өз іс-әрекетін жүзеге асыратын оқытумен тәрбиелеудің нақты шарттары мен мүмкіншіліктеріне тәуелді.
Нақты тәсілдер мен құралдардың жинақтығы. Іскерлікке бағытталған педагогикалық қарым-қатынас творчестволық өнімді жеткізу негізінде дағдылар мен білімдерді беру ретінде өз мазмұнын міндетті түрде қосатын рухани іс-әрекеттің түрі. Сонымен қатар үнемі жаңаны құру еркін, адамгершіліктің, гуманды-творчестволық бейімді адам тұлғасын қалыптастыру. [25]

2.2 Әлeумeттiк пeдaгoгтың жасөспірім жастағы oқушылapының өзін -өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы тәжірибе жұмыстарының кезеңдері мен нәтижелері 



Әлеуметтік педагогтар кез келген іс-әрекет жеке адамға қажет болған жағдайда ғана орындалып, оның нәтижелі болатына көз жеткізе алады. Осы орайда оқушылардың тұлғалық бейнесінің қалыптасуына қарым-қатынас мәдениетінің толық болуы үшін білімі, дүниетанымы, сезімталдығы, дағдысы мен икемділігі және ең маңыздысы қарым-қатынасқа байланысты. Бірақ мектеп қабырғасында оның мұғаліммен қарым-қатынасы ең біріші орында. Анықтау экспериментінен кейін сыналушы топ оқушылары және пән мұғалімдерімен түзету-дамыту іс-шаралары ұйымдастырылды. Мұнда «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-оқушы», «Мұғалім-мұғалім» схемасында сабақ және сабақтан тыс уақытта тренингтік жаттығулар, әдістемелер, ойындар жүргізілді. Мұғалімдермен тренингтік жаттығулар жұмыстан кейінгі қысымды шығару, оқушылармен қарым-қатынас қиындықтарын шешу, алдын ал мақсатына негізделді.


Оқыту үдерісінде жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыруын қалыптастырудың мазмұнын айқындау мақсатында, «Жасөспірімдердің өзін-өзі жүзеге асыруын қалыптастыру» тақырыбында мектеп оқушыларымен факультативтік таңдау курсы жүзеге асырылды (кесте -). Курстың мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыруын дамыта білуге үйрету.
Курс мына міндеттерді жүзеге асырды:

  • коммуникативтілік мәдениетін қалыптастыру;

  • Оқушылар бойында өзін-өзі жүзеге асыруға негізделген қарым-қатынас қалыптастыру;

  • Іскерлік қарым-қатынас барысында өз-өзін ұстауға үйрету;

  • Дұрыс қарым-қатынасқа түсе білу.

Курстың мазмұны төмендегідей құрылып, 34 сағатқа жоспарланды. Курс мазмұнына тренингтер, іскерлік ойындар және т.б. іс-шаралар қамтылды.

Кесте 2 - «Жасөспірімдердің жауапкершілігін қалыптастыру» тақырыбында мектеп оқушыларымен факультативтік таңдау курсы





Тақырыптар

Барлық сағат саны

Дәріс

Өздік жұмыс

1

Кіріспе .




1

1

2

Өзін-өзі жүзеге асыру туралы түсінік.




2

1

3

Қарым-қатынас психологиясы және адамдармен тіл табыса алу.




2

1

4

Сөйлеу мәдениеті мен уәде беру және оны орындау.




2

1

5

Менің қарым-қатынас стилім.




2

1

6

Қарым-қатынаста өзін-өзі дұрыс ұстау әдебі.




2

2

7

«Мен-жеке тұлғамын!»




2

2

8

Өзін-өзі жүзеге асыруды көрінудегі имидждің рөлі.




2

2

9

Іскер адамның психологиялық потенциалы.




2

2

10

«Мен - ескі, мен - жаңа»




2

2

11

Қорытынды




19

15




Барлығы

34







Курс барысында дәріс, семинар және оқушылардың өздік жұмыстары ұйымдастырылып, оқыту жүзеге асырудың жаңа формалары өткізілді.


Осы тұрғыда психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы болып табылады. Тренингтің ең маңызды мәселесі - өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қолданудың мақсаты, мына міндеттерді шешеді [35, 43]:

  • тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);

  • эмпатиялық дамыту;

  • сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;

  • тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;

  • айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;

  • тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;

  • қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

  • байланыс жасау іскерлігін меңгеру;

  • өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну;

  • өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру;

  • ашықтық сезімді, адамдарға деген сенімді дамыту;

  • өзін-өзі жүзеге асыруын қалыптастыру.

Сондықтан ең алғашқы сабақта оқушылармен “Сиқырлы орындық” жаттығу жүргізілді. Жаттығудың мақсаты қиын тапсырманы орындағаннан кейін топтағы қысымды шығару, ортада жаттығуды орындауда назар аудартқан қатысушылардың жетекшілікті қайта үйлестіруді жүргізу. Барлық топ мүшелеріне өздерінің білетін құрбысы туралы ойлайтын пікірлерін, барлық мейрімділігін айту, бір-бірін дұрыс бағалау.
Тиімді қарым-қатынас деңгейін дамытуға арналған «Туған күн» жаттығуы. Бұл жаттығуды тілек айту ауызша (вербальды) түрде, ал сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде берілетіндіктен қатысушылардың қиялы, ойлау деңгейі және қарым-қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталады.
Сонымен қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшек. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін оқытушы міндеті білімгердің іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы білімгерлердің қарым-қатынас икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Ұстаз бен ұстаз арасындағы қарым-қатынас” ойыны.
Ұстаздардың арасындағы қарым-қатынасын үйлестіру мақсат етіп алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру