Дипломдық ЖҰмыс әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімінің жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану


Әлеуметтік педагогтың жасөспірім жастағы оқушылардың өзін- өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны



бет11/17
Дата10.06.2022
өлшемі236.16 Kb.
#267398
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Қонай С. диплом жұмысы
interaktivtі-құraldar, Курсовая Максат Дене тәрбиесі, Бейсем Куралай-, 159655 (1), Ата ана және педагогикалық ұжым әрекеттесуі, РЕФЕРАТ ҚАЗАҚ Әдеибиеті, sciPaper5955 2, 6-презентация, Бағалаудың өлшемдік технологиялары, Технология 5-9 каз, вопросы, 2-дәріс, характеристика, список группы, Практика дуальное рус

2.Әлеуметтік педагогтың жасөспірім жастағы оқушылардың өзін- өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны



2.1 Жасөспірім жастағы оқушылармен жұмыс барысында әлеуметтік педагогтың  дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері 


Әлеуметтік педагог педагогика тарихында оқыту мен тәрбиелеудің тәжірибиесіне негізделеді. Тәрбиелеудің ең алғашқы әдістері ежелгі қытай философы, ойшылы конфуциды еске түсіреді. Тәрбиелеудің негізгі принципі мынандай: «Өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме». Ол алғаш рет идеялды адам және отбасындағы бала тәрбиесі жайлы концепциясын құрастырды. «Ата-анаңды құрметте, сыйла», « оларды тастама», «оларға қамқор бола біл» және тағы басқалар. Жақсы әке ұлына білім, мамандық, дқрыс тәлім тәрбие бере білуі қажет.


Алғашқы тәрбиелеудің маңыздылығы жайлы сұрақтарды афинаның пайда болуына дейінгі кезеңде әлемдік философтар мен софистер қарастырды.Грек философы Сократтың айтуы бойынша, білім адамды ең жоғарғы, яғни жақсылыққа жетелейтінін, ал жағымсыз қылықтары, іс-әрекеттері білімсіздіктің нәтижесі болып табылады.Ол өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге шақырады. Соераттың шәкірті Платанның айтуы бойынша жеке тұлғаның дамуы бір қалыпта өтіуі және балалардың тәрбиесі жайлы.
Әлеуметтік педагогика білім беру мен тәрбиелеуде қоғам өмірімен байланысты және педагогика әлеуметтік болып табылады. Сонымен бірге педагогика және әлеуметтану арасында білім беру шектеулі аймақтар болады, ол педагогикалық ғылымда салыстыру педагогикасын, әлеуметтік және тәрбиелеу, педагогикалық әлеуметтану және халықтық білім беруді әлеуметтік бастаулар арқылы оқытады.
Табиғат пен қоғамда өзінің іс-әрекет өзгерте алса, онда адам өзінің психикасын да өзгерте алады.Тәрбие «ұлы күш» бола алады, егер ол өмір жаңа талаптары бойынша қойылған міндеттерді шешуге бағытталса. Яғни өмір өз алдына міндеттерді қояды: күшті, дені сау, өзіне сенімді ұқыпты тәрбиелеу.
Советтік кезеңде әлеуметтікпедагогиканы буржуазиялық педагогиканың бір бағыты деп есептеді және әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің шектеулілігінің пәнін оқыту болып табылады.
Советтік педагогика қазан төңкерісі жылдарында бірінші рет Маркстік әлеуметтанумен тығыз байланыс құрды.Сонда да педагогика мен әлеуметтік арасында ғылыми байланыс бірден көрініс таппады.Совет педагогикасының құрылу кезеңдерінде көптеген көзқарастар пайда болды. В.Н. Шульпин мен М.О.Крупина педагогиканы әлеуметтану мен саясатқа біріктеуге тырысты, ал еркін тәрбиенің жақтастары олардың байланысына қарсы шықты және бала психологиясын тәрбиелеуге заңдылықтарды шығарды.[68-36]
В.Н.Шульгин және М.В.Крупенина мектеп пен қоршаған ортада тәрбиелеу қызметінің міндеттерін біріктіріп, оған әлеуметтік орта мен балаларды тәрбиелеуді қосып «... қоршаған ортамен байланысқа түспей мектепте тәрбиелеу міндеттерін шешу».
«В.Н.Шульгин советтік билікті қабылдап, жаңа қоғамда жаңа адамды тәрбиелеуді, жаңа типтегі педагогика- педагогика әлеуметтік тәрбиелеу және педагогикалық ортаны армандады» Ол мектепте «өмірде өсу керек» ортаға өосылу, оның өзгеруіне әсер ету қажет,- деп есептеді.Бірақ педагогика орта балаға оның жеке тұлғалық қалыптасуына әсер етуі, яғни бала «ауыл-село, отбасының бір бөлігі» болғандықтан педагогика білімсіз жүзеге асыра алмайды.
«М.В.Крупенина пролетарлық ревалюцияны қабылдап, жаңа қоғамда мекиептің ролін кеңірек қолданады.Ол мектеп тек қана оқыту орталығы ғана емес, мұнда еңбек басты орында болатын оқыту мен тәрбиелеу процесінің жаңа формасын құру керек деп есептеді».
Әлеуметтік педагогтарды дайындау жүйесіне әлеуметтік педагогикалық білім кіріспесінде қоғамдық құбылыстар қарастырған, мұнда тек қоғамды тәрбиелеу потенциалы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі тәрбиелеу күштерінің интеграциялық формасының негізін актуализациялау қарастырылған.Бұл жағдай Ю.В. Васильковтың көзқарасы бойынша білім беру жүйесінде теориялық және әдіснамалық оқыту-тәрбиелеудің негізі бола тұра дәстүрлі педагогика қоғамдағы тәрбиелеу процесін түсіндіріп және болжап бере алмайды.
Әлеуметтік педагогтар- жоғары квалификациялы мамандар, ерекше профессионалдағы адамдар. Олар әлеуметтік көмек берудің көппрофильді жүйесін және тұрғындарды қорғауға міндеттелген профиль мен әлеуметтендіруге тікелей байланысты.Ғылым ретінде әлеуметтік педагогиканың даму тенденциясы гумантаризация болып табылады, яғни адамға білім берудің ғылыми ақпаратының кең көлемде ұлғаюы жайлы және оның табиғи және әлеуметтік ортада тіршілік ету, қазіргі жағдайда білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстардың негізгі бағыттары анықталған, мұнда әлеуметтік педагог айналысуы қажет: материалдық көмек көрсету (ақшалай патронажды техникалық көмек көрсету); әлеуметтік қамқарлықты ұйымдастыру ( адамдармен жұмыс, қызметкерлерді таңдау, тексеру), адамға әсері.
Қысқаша айтқанда, әлеуметтік педагог-бұл білім беру мекмесінің қызметкері, ол оқушыларға әлеуметтік және кәсіби өзіндік дамуына шарттарды құрады, гуманизм принципі негізінде педагогтар мен ата-аналар іс-әрекеттік ұйымдастыру тарихи-мәдени дәстүрлерге сүйене отырып.
Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері болып әлеуметтік балалардың құқығын қорғау, балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, білім беру мекемесі мен ата-аналар арасында әріптестік қарым-қатынастық байланысын орнату.
Әлеуметтік педагог білім беру мекемесінің басшысымен, мұғалімдермен, педагог-психологтар, валеолог, тәрбиешілер, оқушылар мен ата-аналарымен өзара тығыз байланыста болады.
Өзінің кәсіби мақсатына жету үшін ол мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен тығыз байланыста болады, қоғамды біріктіріп барлық мекемелерде тәрбиелеуншілердің қызығушылығы мен 16 жасқа дейінгі түлектердің қызығушылығымен көрсетеді, білім беру мекемесінің педагогикалық кеңестеріне қатысады, жергілікті билік ұйымдарымен және отбасы мен балалардың әлеуметтік қорғаумен айналысатын муниципальды орындармен тығыз байланысты болады.
Адамға әсер ету-бұл педагогикалық және психологиялық байланыстың процесі.Ең маңызды білу, қажетті әлеуметтік тәрбиелеу, отбасы педагогикасы, баланың жеке тұлғасы, балаға қандай әдістер арқылы әсер етуге және сөйлесуге болады, қиын жасөспірімдер мен жұмыс істеу ерекшеліктерін.
Мамандық қазіргі заманғы құқықтық, әлеуметтік статусына байланысты сұрақтар:
- арнайы педагогика өте маңызды болып табылады.Бұл маманның рөлінің обьективті өсуімен байланысты, сонымен бірге отбасы, мекеме мәдениеті, мектеп және басқа да әлеуметтік институттармен байланысты.
Қазіргі әлеуметтік педагогика статусы бүгінгі шынайылық әсерінен қалыптасады.Әлеуметтік педагогиканың негізі анықтама-бұл баланың жасөспірімдердің әлеуметтік қорғау, оған әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, оның білім алуын, қоғамда бейімделуі мен оңалтуын ұйымдастыра алуы.
Мұғалім сыныппен жұмыс кездегі жұмысының әдістерінің бағыты ұжымдағы жұмыстарымен бөлек баламен бөлек жұмыс жүргізеді, ал егер топ болса шағын, ал егер отбасымен болса әрқайсысымен жеке жеке жұмыс жүргізеді.[48-58]
Білім беру саласында да басқа өмір саласында балалар өздері шеше алмайтын қиындықтарға кездесіп жатады.Сол себепті де сауатты, мамандандырылған көмекші-әлеуметтік педагог қажет, ол баламен, отбасымен жеке тұлғамен байланысқа түседі.Адамның психологиялық және жас ерекшелігін, қабілетін әлеуметтік педагог меңгере отырып оның қызығушылығына, оның қоршаған ортасына, оның өмір сүруіндегі жеке тұлғаның мәселелерін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру