Экономикалық және географиялық білімнің негізінсіз мектепте қалыптасқан экономикалық ойлаудың жоғары деңгейі мүмкін емес. Түбегейлі жаңа экономикалық жағдай балалардағы экономикалық ойлауды дамытудың негізгі тәсілдерін өзгертуді талап етеді. Мектеп түлектері нарықтық қатынастар әлеміне табысты бейімделіп, өзінің өмірлік әлеуетін барынша тиімді пайдалануы тиіс. Оқушылардың экономикалық және әлеуметтік географиядағы экономикалық дайындығының қазіргі деңгейін талдау оны жоғары деңгейге көтеру керектігін көрсетті. Оқушылардың экономикалық және географиялық білімінің жетіспеушілігін жою, олардың экономикалық ойлауын дамыту, экономикалық өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту қажет.
Мектеп географиясында қазіргі таңда 9 сынып үшін 3 түрлі оқулық ұсынылған: 1) Қаратабанов Р.Ә., Саипов А.А., Балғабаева Б.Х., Сапаров Қ.Т. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін 9 сынып оқушыларына арналған / 1-бөлім (176 бет.), 2 бөлім (232 бет). Алматыкітап баспасы, 2019 ж.
2) Усиков В, Егорина А., Г. Забенова. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін 9 сынып оқушыларына арналған / 1-бөлім (256 бет.), 2 бөлім (256 бет). Атамұра баспасы, 2019 ж.
3) Толыбекова Ш.Т., Головина Г.Е., Козина С.С., Ахметова Е.А. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін 9 сынып оқушыларына арналған / 1-бөлім (192 бет.), 2 бөлім (256 бет). Мектеп баспасы, 2019 ж.
Аталған 3 оқулықтың кіріспесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген негізгі мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында айқындалған жалпы орта білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптарды іске асыратын мұғалімге көмек ретінде әзірленді
2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 үлгілік оқу жоспарына сәйкес 9-сыныптағы "География" пәнінің сағат саны аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
9 сынып географиясы бойынша келесі авторлардың оқулығы таңдалып алынды (Усиков В, Егорина А., Г. Забенова. Қазақстан географиясы), бұған себеп оқулық мазмұны бай, тапсырмалар мөлшері жеткілікті және қызықты қосымша мәліметтермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тақырып соныңда ауызша немесе жазбаша жауап беретін сұрақтармен, кемінде әртүрлі деңгейдегі 4-5 тапсырмалар жиынтығы, кескін картадан көрсететін нысандар, кескін картамен жұмыс тапсырмалары, тақырыпқа қатысты әлемдік географияның Қазақстанмен байланыстыра берілген қызықты мәліметтері, тест тапсырмалары, баяндамалар мен жобалық жұмыс тақырыптары бірге беріліп отырады.
Бағалау критерийі бойынша берілген 12 баллдық шкала негізінде оқушылардан бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысы жүргізілді. Жоғарыдағы кестеде 8 «Ә» сыныбының 18 оқушының бағалау нәтижелері анықталды. Кестеде оқушылардың бөлім бойынша тақырыптарды өте отырып, жұмыс дәптерін қолдану барысында алынған бағалау нәтижелері. Алынған жиынтық бағалау нәтижесі бойынша 11 суретке сәйкес білім алушылардың мониторингі жасалды.
5 - ші бөлім «Физикалық география» бөлім тақырыптары бойынша білім алушылардың 15 кестеге сәйкес жиынтық бағалау нәтижелері.
Достарыңызбен бөлісу: |