Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» № 130 бұйрығы.
2.4 Зерттеу нәтижелері
Біз дипломдық жобамызда Усиков В, Егорина А., Г. Забенова. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін 9 сынып оқушыларына арналған оқулығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Атаулы "Қазақстан географиясы" оқулығы екі бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім географиялық зерттеулердің заманауи әдістеріне, картографиялау әдісіне және Қазақстанның табиғатына арналған.
Екінші бөлімде биосфера мен геологиялық қабық, сондай-ақ әлемдік, әлеуметтік, экономикалық және саяси даму тұрғысынан біздің еліміздің халқы мен экономикасы талданады.
Оқулықтың бөлімдері параграфтарға бөлінеді. Әрбір параграф теориялық және практикалық блоктардан тұрады. Теориялық блок негізгі және қосымша мәтінді қамтиды. Негізгі мәтінде есте сақтау керек негізгі ғылыми білімдер жинақталған. Қосымша мәтін – бұл «мәлімет үшін» ақпарат, мәтіннің ішінде ол кішкентай шрифтпен ерекшеленеді. «Қосымша мәтін: қызықты фактілер». Әр тақырыптың соныңда тест тапсырмаларымен қамтамасыз етілген.
«Қазақстан географиясы» оқулығының мазмұны география ғылымының құрылымынан бастап планетамыз, әлем елдері мен халықтары туралы білімге дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды.
9-сыныпқа арналған оқулық курстың негізгі мазмұнды бөлімдерін орналастыруды қарастырады:
1. Географиялық зерттеу әдістері. Зерттеулер мен зерттеушілер.
2. Картография және географиялық мәліметтер базасы. Географиялық карталар.
3. Физикалық география.
4. Әлеуметтік география.
5. Экономикалық география.
6. Саяси географияның елтану негіздерімен.
«Функционалдық сауаттылық» бағытындағы «Қазақстан географиясы» оқулығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 292 жылғы № 292 қаулысымен бекітілген негізгі мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
2016 жылғы 13 мамыр. 2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 үлгілік оқу жоспарына сәйкес 9-сыныптағы «География» пәнінің сағат саны аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. МЖМБС жалпы орта білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын игеру нәтижелеріне қойылатын талаптарға сәйкес оқулық пен әдістемелік құралдың мазмұны білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруін және алған білімдерін қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін қолдану біліктерін дамытуды көздейтін географиялық білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығын үйлестіруге бағытталған. Осы «Қазақстан географиясы» оқулығы бойынша курсты оқу кезінде ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес келесі жеке нәтижелер қалыптасады:
Мектеп географиясында қазіргі таңда 9 сынып үшін 3 түрлі оқулық ұсынылған: 1) Қаратабанов Р.Ә., Саипов А.А., Балғабаева Б.Х., Сапаров Қ.Т. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін 9 сынып оқушыларына арналған / 1-бөлім (176 бет.), 2 бөлім (232 бет). Алматыкітап баспасы, 2019 ж.
2) Усиков В, Егорина А., Г. Забенова. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін 9 сынып оқушыларына арналған / 1-бөлім (256 бет.), 2 бөлім (256 бет). Атамұра баспасы, 2019 ж.
3) Толыбекова Ш.Т., Головина Г.Е., Козина С.С., Ахметова Е.А. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін 9 сынып оқушыларына арналған / 1-бөлім (192 бет.), 2 бөлім (256 бет). Мектеп баспасы, 2019 ж.
Аталған 3 оқулықтың кіріспесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген негізгі мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында айқындалған жалпы орта білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптарды іске асыратын мұғалімге көмек ретінде әзірленді
2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 үлгілік оқу жоспарына сәйкес 9-сыныптағы «География» пәнінің сағат саны аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
9 сынып географиясы бойынша келесі авторлардың оқулығы таңдалып алынды (Усиков В, Егорина А., Г. Забенова. Қазақстан географиясы), бұған себеп оқулық мазмұны бай, тапсырмалар мөлшері жеткілікті және қызықты қосымша мәліметтермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тақырып соныңда ауызша немесе жазбаша жауап беретін сұрақтармен, кемінде әртүрлі деңгейдегі 4-5 тапсырмалар жиынтығы, кескін картадан көрсететін нысандар, кескін картамен жұмыс тапсырмалары, тақырыпқа қатысты әлемдік географияның Қазақстанмен байланыстыра берілген қызықты мәліметтері, тест тапсырмалары, баяндамалар мен жобалық жұмыс тақырыптары бірге беріліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |