КІРІСПЕ
«Әділетті мемлекет.Бір тұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Мемлекет
басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына 1 қыркүйек 2022 жылғы
жолдауында «Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз.
Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз.
Еңбек өнімділігі төмен, инновация
жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ.
Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты
жолдары бар.Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру. Сондай-ақ,
шағын және орта бизнес
пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін
орнықтыру. Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз. Экономикалық
саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және
инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.
Биыл біз жаңа кезеңге
қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын
қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру
жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді
экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» [1].
Бүгінгі таңдағы экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару
жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп
өндірістің
хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді
нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын
болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне
зор мән
бере отырып , өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және
өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.
Осы мәселеге орай кәсіпорын өндірістік шығындарды есептеу жолдарын
дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық
қызметін басқарудың
заңдылықтары халық шаруашылығында өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі
экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп
арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Бүгінгі таңда, шығындар есебінің екі мәселесі бар:
- біріншісі – отандық теория мен тәжірибенің Қазақстан
Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында басқару
жүйесінің алдында тұрған жаңа міндеттерді шешуге қайта бағытталуында;
- екінші маңызды мәселе – есеп ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін
зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа
жүйесін құру, өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың, қаржылық
нәтижелерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай-ақ бұл
ақпараттардың
өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін
қолданылуы.
Өндірістік шығындардың құрылуы мен айналымы өндірістік кәсіпорындар
үшін аса маңызды, сондықтан шығындар есебінің кәсіпорынды басқарудағы