Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Мақұлжанова Ақжан Сабыржанқызы
Мектеп математика курсында алгебралық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқыту әдістемесі
(тақырып атауы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012700- Математика-Информатика
(шифры/коды – мамандық атауы / білім беру бағдарламасы)
Семей, 2021 жыл
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
«Қорғауға жіберілді»
Физика-математика ғылымдары
және информатика оқу
кафедрасының меңгерушісі
Жолымбаев О.М. ____________
(қолы, аты-жөні, тегі) (күні)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мектеп математика курсында алгебралық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқыту әдістемесі»
(тақырып атауы)
5В012700- Математика-Информатика
(шифры / коды – мамандық атауы / білім беру бағдарламасы)
Мақұлжанова А.С.
|
(аты-жөні, тегі)
| Орындаған
Жолымбаев О.М.
|
(аты-жөні, тегі)
| Ғылыми жетекшісі
ф.-м. ғ. к., доцент
Қапанова Н.Ж.
|
(аты-жөні, тегі)
| Нормоконтролер
П.ғ.м., оқытушы
Семей, 2021 жыл
Аннотация
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыруды, нығайтудың елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Білім беруді дамыту тұжырымдаманың «білім берудің деңгейлері мен мазмұны» тарауында орта білім берудің мақсаты, міндеттері, сол міндеттерді іске асыру үшін қажетті мәселелер қарастырылған. Сол мәселелердің бірі - білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін: тіл мен әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру.
Математикалық білім беруді дамытудың стратегиялық бағытын және алдын ала болжаудың біртұтас кешендік мәселелері айқындалып, оның қазіргі кезеңгі математикалық мәдениеттің бір құраушысы ретінде орны мен мақсаттарын анықтау проблемаларын шешу қажет, яғни оқушылардың меңгеру деңгейіне қажетті және тиімді мазмұн көлемін анықтайтын, қазіргі талапқа сәйкес математикалық білім негізін жете зерттеу мәселесі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сонымен мектеп математика курсында теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әдістемесін жетілдіру, оқыту мазмұнының қолданбалық бағытын күшейту, алған білімдерін практикада қолдануға талпына отырып, оқыту процесінің әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімді жолдарын кешенді түрде игерілуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |