Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі



бет4/26
Дата18.11.2021
өлшемі1.15 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса, ал 2015 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралы» заңы қабылданса, 2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017-2022 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі мен спорт саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесі мен жеке спорт түрі бойынша жан-жақты қабілетті болуы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет. [1,2,3,4].

Әдістемелік зерттеулердің нәтижесі, өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен және жекелей спорт түрімен айналысу жұмыстарын белгілі ғаламдар педагогика әдістемесі және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім физиогогиясы, мектеп гигиенасы мамандарының жалпы әдістемелік негізіне сүйене отырып жүргізілгенін көрсетті.

Қазіргі таңдағы педагогика, ғылымы дене тәрбиесі және спорт бағыттарын белгілей отырып Қ.І.Адамбеков [5], А.О.Аяшев [6], З.И.Кузнецов [7], М.Б.Сапарбаев [8], Б.А.Гейнца [9], А.С.Жұманова [10], Б.У.Алимханов [11], В.Н.Платонов [12], Қ.А.Құланов [13] сынды ғалымдар өздерінің еңбектерінің педагогикалық негізі ретінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылауға арнаған. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне қарай таңдауға Н.И.Набатникова [14], Ж.Б.Қоянбаева [15], М.С.Бриль [16] сынды ғалымдар жұмыс жасаса, ал сыныптан тыс уақыттарда оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде К.А.Атаев [17], Б.Ж.Биданов [18], В.В.Ворюшин [19]; Мектеп жасындағы оқушылардың жеке спорт түрлерінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б.Қ.Қаражанов [20], В.П.Филин [21], В.А.Ашмарин [22], И.Г.Понамарев [23], Л.П.Матвеев [24], Т.А.Ботағариев [25], А.Н.Хан [26] және басқа да көптеген ғалымдар қарастырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде