Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет24/26
Дата18.11.2021
өлшемі448.5 Kb.
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Психикалық қалыптар және оның түрлері.

Психикалық қалып-тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.

Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып бөлінеді.



Ситуативті қалып-оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы қызметтік және іс-әрекетпен мінез-құлықтың күрделі жағдайларындағы психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалды психикалық қалыптарға бөлінеді.

Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.

Жалпыланған негізгі психикалық қалып-бұл ой, сана сергектігі.

Сергектік қалып-бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалыпы адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.

Шаршап-шалдығу қалпы-уақытшп жұмыс қабілетінің кемуінен физиогогиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және жедел әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау сезімдері тобындағы субектив түйсінулерден пайда болатын ағза қалпы.

Психикалық күштену (напряжение) қалпы-іс-әрекеттің күрделенген жағдайлардағы интеллектуалды және эмоциялы-еріктік құбылыстар.



Тұлғаның дағдарысты қалпы-адамның психикалық бұзылысқа келтіруші жағдайларға жауап қатысы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте, өз ұстанымдарын қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс, жөнсіздік қайта-түзетуге келген рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі, ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік (псевдоупорядоченность) тұлғаның әлеуметтік ортадан алыстатылып, мұңды қиялға батуына, ал кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне себепші болады.

Жабығу (депрессиялық) қалыптары-сырқатты енжарлықпен бірге көрінетін болымсыз эмоциялы-психикалық жағдай.

Аралық қалыптар-қоғамдық норма (талап, тәртіп) және потология (ағзадағы физиологиялық ауытқу) арасындағы сыбайлас психологиялық құбылыстар: невроздар, психикалық ауытқулар, психикалық даму тоқырауы.

Психикалық норма сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшеліктеріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-салдарлылығы; тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көріну; мақсат, мотив және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік талаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.

Спорттағы психореттеу әдістерінің пайда болуы және дамуы.

Адамның сөздердің көмегімен және соларға сәйкес ойлану бейнелері арқылы адамның өзіне-өзі әсер етуін психикалық өзін-өзі реттеу деп атаймыз.

Мысалы, егер «лимонның сулы қышқыл бөлігі» десек, онда біздің ауыз қуысымызда еріксіз сілекей бөлінеді. Немесе «мен тоңдым» деп өзі суықта тұрғандай сезініп, денесінің тері қабаты тоңазуы мүмкін. Осындай мысалдар өте маңызды екі қорытынды жасауға көмектеседі. Бірінші: сөздердің тұрақты серіктері-ойша бейнелер болып табылатындығы. Екінші: сөздер өздерінің ойдағы бейнелері арқылы біздің ағзамызға әсер ете алады. Психикалық өзін-өзі реттеудің негізгі екі бағыты-өзін-өзі сендіру мен өз-өзіне деген сенімділік болып табылады. Өз-өзіне деген сенімділік деп өзіне-өзі логикалық ойындардың көмегімен әсер етуін айтамыз. Ал өзін-өзі сендіру кезінде логиканы қалыптастырмай санаға әсер ете алатын күшті психикалық процесс сенім пайдаланылады. Мысалы, адам бөлмеде отырып, ең көп логикалық ойларды пайдаланса да, осы сәтте теңіз жағасында жатқандай сендіре де сезінеде алмайды. Ал бірақ мұндай жағдайдың мүмкін болатындығына сендіре алады. Жарақат алғанда аяғым ауырмайды деп өзіңді сендіре алмайсың, бірақ өзін-өзі сендіру көмегімен ауырғанды сезінуге тырысуға болады.

Спорттық іс-әрекетте қолданылатын өзін-өзі реттеудің пайда болуы мен дамуы.

Өзін-өзі сендіру арқылы өзін-өзі әсер етуге болатындығын адам өте ертеде біздің эрамыздан бұрын білген. Әсіресе, шығыс елдерінде-Жапонияды, Қытайда, Индияда психикалық өзіндік реттеудің әртүрлі жүйелері қолданылған. Біздің эрамыздан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын, негізгі ойларды өзін-өзі сендірумен ойлайтын, ерекше діни философиялық жүйе-«йога» пайда болған. Йоганың негізгі мақсаты-өз жеке басының «ерітілуі» мен оның құдайшылық бастауымен біте қайнасу иллюзиясы пайда болатын психофизикалық қалыпқа жету. Негізінен йога жүйесі идеалистік болса да өзінің мистикалық мақсаттарына жету үшін бір қатар материалистік әдістерді пайдаланылады. Ең қызығы олардың ішінде ағзадағы реттеуге болмайтын процестердің өзін саналы түрде реттеуге мүмкіндік беретін жандарды табуға болатындығында. Бұл жерде атап айтсақ, жүрек қызметінің қалпын өзгерту, дене қызуын көтеру немесе төмендету, және т.б.

ХІХ ғасырдың ІІжартысында Францияда, Германияда және Россияда науқас адамдарға көмектескен өзін-өзі сендірудің қызықты бірқатар әдістері пайда болды. Бірақ, бұл әдістер көп пайда әкелсе де, өкінішке орай бізге дейін олардың ешқайсысы алғашқы нұсқасымен жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі медицина саласы ретінде өзін-өзі сендіру айтылды. Оның бастауы 1932 жылы неміс психиары И.Г.Шультцтің «аутогендік жаттығу» деген кітабы жарық көрген уақыт деп айтуға болады.

Бұдан сәл бұрын американдық зерттеуші Эдмун Джекзон өзінің психикалық өзін-өзі реттеу әдістемесін жазып бітірді. Оның ойынша, түрлі эмоциялар кезінде қаңқаның бұлшық еттері не босаңсиды, не жиырылады. Сол бұлшық еттер босаңсығанда, адамның көңіл күйін керекті бағытқа, оның ішінде уайым, қорқыныш сезімдерді өзгертуге болатындығын дәлелдеген. Бірқатар артықшылықтар болсада, бұл жүйе еуропада аутогендік жаттығудай кеңінен таралмады. Совет Одағында Э.Джексон жүйесінің басқаша моделін спортшылармен жүргізілетін жұмысында В.П.Горовец пайдаланған. Біздің заманымызда канадалық маман Л. Персиваль ұсынған психикалық реттеудің барынша жеңіл әдістемесі де қызығушылық тудырады. Оның мәні тек екі дене механизмдерін-тыныс алу мен бұлшық еттердің жиырылуы босаңсуын пайдалану болып табылады. Бұлшық еттер жиырылғанда дем алуды тоқтатады, үйлестіріп, одан соң еркін жай тыныс шығарғанда бұлшық еттерді босаңсытып, шектен тыс уайымды толқуды қойып, өзін-өзі тыныштандыруға болады. Психикалық өзіндік реттеудің еуропалық және американдық әдістемелерін салыстыра отырып, пайдаланатын болса, ал екіншілерінде басты маңыз-дене мүшелеріне психикалық қалыпқа әсер ететін қаңқа бұлшық еттерінің тоңысуы мен тыныс алуға берілетіндігін көруге болады.



Жарыс жағдайындағы психикалық қалыптарды реттеу мен өзін-өзі реттеу тәсілдері.

Спортшыны жарысқа психологиялық дайындау жүйесі оның психикалық қалыптарының реттеу мен өзін-өзі реттеудің алуан түрлі тәсілдерін біріктіреді. Бұл тәрсілдердің көп түрлілігін төмендегідей топтастыруға болады.



  • мақсаты жүйкені шаршатпай, бұлшық еттер ширығуын әлсірететін жаттығулар жиынтығы;

  • жаттықтырушы беделінің әсерлі күші. Спортшының әсіресе жас спортшының спорттық жарыстарға қатысу тәжірибесі болмағандықтан, бұл фактордың маңызы ерекше болады.

Бокстан жасөспірімдер арасындағы жарыста 13-14 жасар жас бала, өте толқулы болады, ол алғаш қатысуы еді. Мұны байқаған жаттықтырушы оған көңілді нәрселер айтып, оны қинап тұрған ойлардан арылтып, қатты уайымдауға негіз жоқ екендігін, бәрі жақсы болатындығына сендіреді. Нәтижесінде бала өз мақсатына жете алады. И.Шультц, О.А.Черникова мен О.В.Дашкевичтер жасаған аутогендік жаттығуы-спортшының эмоционалды қалпын белсенді өзіндік реттеудің комплекстік әдісі. Оны жарыс алдындағы қолайсыз қалыпты тыныштандыруға дене шынығуын төмендету мен жоюда қолданады. Өзіндік реттеудің бірдей әдістері барлық уақытта бірдей нәтиже бермейтіндігін ескеру қажет. Мұның себебі-спортшының жүйке жүйесінің ерекшеліктерінің әртүрлі болуында. Осыған орай, әрқайсысына тіркесу мен жеке дифференциалды жарыс алдындағы дайындықты өткізу спортшылардың төрт түрін бөліп көрсетуді ұсынады: 1) спортшының мәре алдындағы дайындығы күнделікті дайындықтан ерекшеленбейді (жүйке жүйелерінің бір қалыпты, қозғалысты) 2)мәре алдындағы жаттығу толық эмоционалды болуы керек (жүйке жүйесі инертті) 3) мәре алдындағы жаттығуда эмоционалды ширығуды төмендету керек (жүйке жүйесі қозғалысты) 4) басында 3-топтың кейіннен 2-топтың нұсқаулары пайдаланылады (жүйке жүйесінің инертті-баяу қимылдайтын).

Сонымен жарыс жағдайындағы спортшының психикалық қалпын реттеу спортшының жеке басындағы ерекшеліктеріне тікелей тәуелді болады.[31]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік