Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет22/26
Дата18.11.2021
өлшемі448.5 Kb.
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Спорттағы психологиялық диагностика.

Психологиялық диагностика-зерттеушіне белгілі жеке тұлға (индевид) немесе топты сипаттаушы психикалық компоненттерді бағалайтын экспериментальды әдістердің арнайы орентациясын айтуға болады. Анықтамасында көрсетілгендей, диагностиканың елеулі кезеңінде осы шақтағы беймәлім психикалық құбылыстар зерттелмейді, керісінше, бұрынғы белгілері алдын-ала анықталған факторлар әсерімен белгісіз жағдайларда көрінетіндері: жеке тұлғалық айырмашылықтар жүктемелерге, жарыстарға бейімделуі бағаланады.

Спорттағы психодиагностика спортшы жеке басының қасиеттерін, психикалық процестер деңгейін (мысалы, құрамының жаңа ойыншыларының қабілеттерін анықтау үшін) жаттығу және жарыс кездерінде психикалық жай-күйлерін, жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бағалауға бағытталған.

Психодиагностика әдістері мен құралдарын таңдағанда зерттеуші ең алдымен төмендегі принциптерді басшылыққа алу керек:



1) Обективтілік принципі: психикалық құбылыстарды өмірде кездестіретіндей күйінде, іс-әрекеттің сыртқы және ішкі жағдайларын байланыстыра қарауды ойластырады, бұл жерде диагностика мәліметтері тәжірибе жасаушының тілегі мен мүмкіндіктерімен емес, олардың объективті мінездемесімен байланыста талдануы керек.

2) Комплекстік принцип: әдістемелерді комплексті пайдалануды немесе әртүрлі өмір жағдайларындағы эксперименттік көрсеткіштерді алмастыруды, айқындалатын элементтерді біріңғай құрылымға біріктіру үшін қолдануды және жекелеген процестер, қалыптар арасында байланыстарды орнатуды талап етеді.

3)Динамикалық принципі: кез-келген психикалық құбылысты оның мінездемесін ескере отырып, обективті дамуын тек қазіргі уақытта ғана емес, даму перспективасымен де қарастырылуы керек екендігі, диагностика жүргізілгенде әбден бекіген қасиеттері бар жоғары класты тәжірибелі спортшы жеке басында кездесетін мүмкін болатын өзгерістерді де мысалы, оның мотивациясы немесе стрессті факторлардың шексіз әсеріне психологиялық тұрақтылығын да ескеру қажеттілігін білдіреді.

4)Аналитикалық-синтетикалық зерттеу принципі: бір жағынан, психиканың кейбір элементтерін, екінші жағынан, жеке тұлғаның немесе белгілі біл психикалық жай-күйдің толық мінездемесін бөліп көрсетеді, бірақ, көбінесе диагностика осы аталған спортшы немесе команда туралы жалпы қорытындыға алып келу керек.

Диагностиканың осы аталған принциптері әдістемені таңдауға және диагностиканы ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды айқындайды.



Валидтілік-біл жағынан, психологиялық эксперименттер нәтижелері, екінші жағынан, сыналушының іс-әрекеті мен жүріс-тұрыс түрлері мен формалары арасындағы байланысты көрсетеді. Ол психологиялық эксперименттің өміршеңдігін айқындайды. Кеңінен қарастырғанда тесттің валидтілігі өзі қызмет ететін қайсыбір мақсаттар мен тілектерге қаншалықты жақын екендігін білдіреді.

Психолог, өз пікірінше, спортшы реакциясының жылдамдығын бағалайтын жаттығулар ойлап табуы мүмкін. Дегенмен, қандай да бір тестті орындау тиімділігі реакцияның жылдамдығына емес, жауап беруші қимылдың орындалу уақытына тәуелді.

Спорттағы психодиагностиканың жалпы принциптері мен әдістері тексерулердің мақсаты мен міндеттеріне қарай қолданылады.


  1. Диагностикаға арналған әдістемелердің;

  1. Спортшының жеке тұлғалық қасиеттерінің ;

  1. Психикалық процестер ерекшеліктерінің;

  2. Психикалық жай-күйлерінің ерекшеліктерінің;

Спорттық командалардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің жинақтары бар.

Бокс спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған бағдарлама.

1. Спорттық қимылдардың біркелкі қатаң нақтылығы.

2, Тәсілдердің алуан түрлілігі және күрделілігі.

3. Жалпы алғанда жарыстар ұзақтығы.

4. Кейбір қимылдардың қайталануының жиілігі мен ұзақтығы.

5. Қимылдардың жылдамдығына қойылатын талаптар.

6. Ақпарат процестерінің күрделілігімен құрамы.

7. Реакция процестерінің жылдамдығына қойылатын талаптар.

8. Оны өңдеудің күрделілігімен құрамы.

9. Күштердің көріну ерекшеліктері.

10. Дене төзімділігіне қойылатын талаптар.

11. Жарыстар барысында эмоциональды қалыптардың ерекшеліктері.

12. Тактика ерекшеліктері (жекелік, топтық және т.б.)

Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған материалдар байқаудың жүйелі әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болады, хронометраж, статистикалық талдау, кейбір ақпараттық әдістемелер (мысалы, реакцияметрия, диномометрия т.б.) спорттық қызметтің қалыпты жағдайларында қолданылады.

Боксшыға психологиялық мінездемесін жасауға арналған бағдарлама.


  1. Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің көрінуі: күш салмақтылық, жүйке процестерінің қозғалмалығы, жүйелі психологиялық, педагогикалық мәліметтер бойынша.

  1. Жеке тұлғаның бағыттылығы: қажеттілік, қызығушылық, еңбекке, сабаққа, спортқа деген қарым-қатиынас, спорттық қызметтің мотивтері.

  1. Мінездің моральді-еріктік белгілері: ұжымдық сезімі, тәртіптілік, бастамашылық, ұжымдағы қарым-қатынас.

  2. Жеке тұлғаның эмоциональды көріністері: олардың интенсивтілігі, спорттағы табыстары мен жеңілістерге қарым-қатынас, жарыстар мен жаттығулардың болатын көңіл-күйлер.

  3. Негізгі дене функцияларының даму динамикасы: реакция жылдамдығы, қозғалыстың қалпы, бұлшықеттік-қозғалыстық қабылдау, вестибулярлық аппараттық әсерлену, ес процестерінің тұрақтылығы мен интенсивтілігі, эмоциональды реакциялар жән т.б. Бұл көрсеткіштер спортшының психологиялық профилі түрінде көрсетіледі.

Спортттағы қимылды жетілдірудің психологиялық негіздері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік