Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет17/26
Дата18.11.2021
өлшемі1.15 Mb.
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Жарысқа боксшының тактикасын дайындау.

Турнирге дейін ұзақ уақыт бұрын тактикалық дайындық жасау қажет. Турнирден кейін боксшы жаттықтырушымен бірге отырып өткен ұрысты анализдейді. Бұл жеңіспен біткен турнир болғанның өзінде дайындықтың әлсіз және күшті жақтарын ескереді. Жеткен жетістікпен тоқтамау қажет. Әр жекпе-жекте табысты немесе табыссыз жақтары болады. Боксшы күшті қарсыласының жеңіл түрде, әлсіз қарсыласын күшпен жеңуі мүмкін. Бұл қарсыласын дұрыс бағаламағаннан болады немесе ұрыс тактикасының дұрыс болмағанында.

Жаттықтырушы және боксшы тактикалық дайындықта енді қандай жұмысты жалғастыру қажет. Тактикалық жетіспеу себебі неде?

Себебі техникалық арсенал шектелуі немесе әлсіз теориялық дайындық немесе арнайы физикалық дайындықтың жетіспеушілігі ұрыс жүргізудің жетілмеген тактикасы. Боксшының негізгі жетіспеушіліктерін жоюға тырысу қажет. Өзінің күшті жағын жетілдіру қажет. Жүлделі орынға ұсынылатын боксшы өзінің негізгі қарсыласын жақсылап бақылап, ұрыстағы тактикасын анализдеу қажет.

Сосын қарсыласына карта құру оның әлсіз жерін бақылап және осы жағын өзі жетілдіру, күшті жағын нитрализдеу қажет. Күшті қарсыласына әрекет жоспарын құрып, жаттықтырушы мен боксшы бірге осы схеманы пайдаланып, осы боксшыға тән техника-тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Қарсыласының қателіктерін қолданып системалы жаттығу жасаған боксшыға табыс алып келеді. Боксшыларды жинағанда оған дайын болу қажет. Боксшы жарысқа дайындалғанда жаттықтырушы алдында келесі мәселе тұрады:


  1. Боксшының шеберлігінің күшті жағын қарау.

  2. Бұрында жасалған қателіктер мен жетіспеушіліктерін жою.

  3. Боксшы жалпы және арнайы дайындық жүргізу, негізгі көңілді жылдамдыққа бөлу қажет.

Осы жаттығуларды 3-4 апта бойы аптасына күн демалып жасалады. Дайындық аптасының әр күні дұрыс жүргізу маңызды. Боксшының дайындығы (ұйқысы, жаттығу, тамағы, қыдыруы) маңызды. Техника мен тактикасын жетілдіруде максимальды тапсырыстар жасау қажет аптасына 2-3 рет. Қалған күндері боксшы техника және тактиканы жетілдіруде физикалық дайындыққа көшеді. Дайындық кезінде боксшы дөрекі соққылар жасамау қажет, техника және тактиканы жетілдіру жаттығуымен шектен тыс нервке күш түсірмеуі қажет.

Жарыстар алдында тактикалық дайындық өте маңызды, жарыста боксшы әр түрлі қарсыласпен кездеседі, сондықтан әр түрлі ұрыс материалдарына дайын болуы қажет. Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта боксшы олардың әрекеттеріне қарсы тактикалы жоспар құру қажет. Таныс емес қарсыласына дұрыс және тез барлау жасап және оған негізгі контроәрекет жасау қажет.

Айқын тактикада тек қана қарсыласының белгілі бір ерекшелігін ғана емес, боксшының ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұндай жағдайда жаттығу дайындығын боксшының келісімімен жасауға жоспарлап және қарсыласына күтпеген болатын жаңа тактика, техниканы жоспарлау, жарыста қарсыласымен 4-5 рет кездеседі, боксшының және жаттықтырушының мәселесі қиын. Боксшы дайындықта әртүрлі қарсыластарымен кездесетінін ескере отыру қажет.

Солақайлармен кездескен өте қиын. Негізінен «түркі» тәсілмен жұмыс істеу қажет. Егер боксшы бір тәсілді қайталай берсе «қарсыласына ол боксшы қорқынышты болмай қалады. Сондықтан боксшының жақсы көретін тәсілі болса онда оны қарсыласынан жасыруы қажет. Жаттықтырушы айтылған құралдардың ішінен боксшының жеңісіне алып келетін әрекеттерді таңдауы қажет. Ең бастысы жаттықтырушы боксшының берілген жаттығуларды игере алулығы. Алғашқы аптада жиналу мәселесінде спортшы функционалды жағдайын жоғарлату. Бұл үшін жаттығу (тас лақтыру) Бокс залында көптеген дайындық жүргізіледі. 3 раунтты дайындық боксшыға 1,5-2 сағатқа созылады.

Екінші аптаның тапсырмасы-боксшының төзімділігін бақылау.

Дайындықта максимальды тығыздықта қарсыласын тез ауыстыра отырып 1-1,5 сағатқа созылған.

Үшінші апта тапсырмасы-жылдамдықты тұрақтау. Боксшы жаттығуды, жеңіл тез боксшымен ұрыс жүргізу. Жаттығудың ұзақтығы 45 минут 1 сағатқа созылады.

Жаттықтырушы, боксшы соңғы аптада салмағын қуу, жаттығуда күш түсірмеу қажет. Егер жаттығу арқылы боксшы салмағын қуғысы келсе, ол ұзақ уақыт күш түсірмей орта темппен жұмыс істеу керек.

Еркін және шартты ұрыстағы тактикалық тапсырмалар

Алғашқы апта: Дүйсенбі жаттығудың негізгі бөлігі 1 раунд-Бір боксшы басқа және денесіне сол жағынан тіке шабуылға шығу керек деген тапсырманы алады. Екіншісі қорғанады. Раунд ортасында боксшылар рольдерін ауыстырады.

2 раунд-Бірінші боксшы бір және қос соққыларымен ұзақ арақашықтықта шабуылдау. Екіншісі жауап бір және қос соққылармен қорғану Раунд ортасында ролдерін ауыстырады.

3 раунд-Бірінші бір және қос соққымен ұзақ арақашықтықа шабуыл шығады. Екіншісі қолайлы жағдайында бір және қос соққымен қарсы шабуылға шығады. Раунд ортасында рольдерін ауыстырады.

4 раунд Бір боксшы сол жақ тіке басқа жеңіл соққы беруді, екінші боксшы бір және қос соққымен контрашабуылға шығады. Бірінші боксшы шегініп және еңкейіп қорғанып қос соққымен шабуылданды екіншісі қорғанады.

5 раунд Сол 4 жаттығу боксшылар орындары ауысады.

6 раунд Сол 4-5 жаттығу, бірінші және екінші боксшы кезекті соққылармен контрашабуыл жасайды.

7 раунд Сол жаттығу боксшылар орнын ауысады. 8-9 раунд Жекелеген комбинерленген жетілдіру

Сейсенбі

Жаттықтырушының боксшылармен жеке жаттығуы. Жаттығушы боксшының қимылының тездігін, соққысының дәл болуын, қорғанудың және соққысының уақытында жасалуын бақылайды.

Сәрсенбі

1 раунд бірінші боксшы сол жақ басына тіке соққы жасауды екіншісі орта арақашықтыққа еңкейіп шығу, қолайлы жағдайда сол жақ бүйір бастап соққы төменнен сол жақ денеге немесе оң жақ басқа тіке соққы жібереді. Бірінші сәтте қорғану жағдайы.

2 раунд Сол 1 жаттығу боксшылар орынын ауыстырады.

3 раунд Бірінші алға ұмтыла отырып кезекті шабуылдар жасау тапсырмасы. Екіншісі қорғана шетке немесе артқа шегіну. Осы қосарланған қорғаныспен артқа шегіне отырып, соққы беру.

4 раунд Сол 3 жаттығу боксерлер орнын ауыстырады.

5 раунд Бір боксшы қарсыласын бұрышқа немесе арқанға қысу. Екінші жеңіл немесе кең манврлеу артқа, шетке қадам жасап оңға немесе солға айнала қимыл жасау.

6 раунд Сол жаттығу боксшылар орнын ауыстырады.

7-8 раунд жекелеген қосарланған жетілдірулер 9-10 раунд ұрысқа жақындау, ұрыс тәжірибесі

Екінші апта

Дүйсенбі


Сабақтың негізгі бөлігі

1 раунд Бірбоксшы бір немесе қос, кезекті соққыларды өздігінен жасайды. Екінші бір немесе қос кезекті соққыларды контрашабуылға қарсы және жауапты соққыларды контрашабуылға қарсы және жауапты соққы ретінде жасайды.

2 раунд Сол 1 жаттығу боксшы орынын ауыстыру.

3 раунд еркін ұрыс;

4 раунд еркін ұрыс;

5 раунд ұрысқа жақындау;

6 раунд ұрысқа жақындау;

Сейсенбі

Боксшы мен жаттықтырушының жеке жаттығу

Сәрсенбі


Ұрыс тәжірибесі.

Үш раунд еркін ұрыс, екі раунд-еркін ұрыс, боксшы бір қарсыласпен кездеседі. Үшінші раунд жаңа қарсыласпен, төртінші раунд-ұрысқа жақын.

Жұма. Дүйсенбіден қайталау. Үшінші жеңіл және шапшаң қарсыласпен кездеседі.

Сәрсенбі. Жаттықтырушымен жеке жаттығуы.

Жұма. Қарсыласпен жеке комбинтрленген жетілдіру. [38].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде