Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды



бет3/4
Дата09.09.2017
өлшемі352 Kb.
#19746
түріДиплом
1   2   3   4

Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың (бірқатар "пәрменді" министрліктер мен ведомстволарды қоспағанда) жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардын бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.

2 Үкіметтің құрылуы және құрамы
Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Жоғарыда айтылғандай, Премьер-Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді. Президент құрамында Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет Аппаратының басшысы, министрлер, Мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Премьер-Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.

Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.

Үкімет және оның кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған Парламентпен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әр түрлі мән- жай негіз болуы мүмкін. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасында бірнеше Үкімет ауысты: 1) 1991-1992 ж. –Төрағасы Ұ.Қараманов; 2) 1992-1994 жж. -Төрағасы С. Терешенко; 1994-1997 жж. - Төрағасы Ә.Қажыгелдин; 1997-1999 жж. – Төрағасы Н.Балғымбаев; 1999-2002 жж. Төрағасы Қ.Тоқаев; 2002-2003 жж. – Төрағасы И.Тасмағамбетов; 2003 жж. - Төрағасы Д. Ахметов. Үкіметтің өз ішінде еңсерілмейтін әр түрлі көзқарастар, басқа да себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан түсуіне олардың Үкімет Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс стилімен келіспеуі, сырқаты және тағы басқалары себепші болуы мүмкін.

Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Конституцияда көзделген жағдайларда: 1) егер Үкімет Бағдарламасын Парламент екінші мәрте қайтарса (53-баптың 6-тармағы); 2) егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса (61-баптың 7-тармағы) Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер Президент орнынан түсуді қабылдаса, онда ол оның орнынан түсуі туралы мәлімдеген Үкіметтің немесе оның мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Егер Премьер-Министр орнынан түсуді мәлімдесе, онда оның орнынан түсуінің қабылдануы бүкіл Үкімет өкілеттігінің тоқтатылғанын білдіреді.

Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет қызметінің бағдарламасы туралы мәселені шешеді. Осы мерзімде Премьер-Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы Парламентке баяндама ұсынады. Нақ осы мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы Парламентке осының алдындағы Үкімет құрамының Бағдарламасын қолдау туралы және өз қызметтерінде соны басшылыққа алғысы келетіндері туралы Парламентке мәлімдей алады.

Егер Парламент Үкіметтің жаңа Бағдарламасын қабылдамай тастаса Премьер-Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке Бағдарлама туралы екінші баяндама ұсынады. Үкімет Бағдарламасын Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен тағы қабылдамай тастауына болады. Мұндай көпшілік дауыстың болмағаны Үкімет Бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді.

Конституция Үкімет құрамында болуға қатысты шектеуді көздейді. Республика Үкіметі мүшелерінің:

өкілді органның депутаттары болуға;

оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақылы қызметтер атқаруға;

кәсіпкерлікпен шұғылдануға; коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.

2.1 Үкіметтің құзыреті және үкіметтің қызметін ұйымдастыру
Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орнықтырылған кен өкілеттіктер берілген.

Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді; республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады; валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады; бағаның құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенкулатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның қорғалуын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйесі мен шартын, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге ықпал етеді.

Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.

Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады, олардың Президентпен Үкіметтің актілерін орындауын бақылайды; министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі қызметін басқарады, олардың заңдарды орындауын бақылайды.

Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырады.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.

Үкіметке Премьер-Министр басшылық етеді, оның өкілеттігі Республика Конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен бекітіледі. Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:

Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі; Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;

халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;

Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді;

Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландырыла-тын барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;

Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық ең маңызды шешімдері туралы баяндайды;

Үкімет мүшелерінін, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тындайды.

Премьер-Министр оған заң жүктеген және Үкімет қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға қатысты басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлығымен Премьер-Министр орынбасарларының өкілеттігі белгіленген. Олар лауазымы бойынша Үкімет құрамына кіреді және мынадай өкілеттіктерді атқарады:

Үкімет құрамына кірмейтін тиісті министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жүктелген шекте мемлекеттік басқару салаларының (сфераларының) қызметін үйлестіреді;

мемлекеттік басқарудың үйлестірілетін салаларының жай-күйіне жауап береді, оларда заңдардын, Президент және Үкімет актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Премьер-Министрдің және Үкіметтің қарауына Үкімет құрамына кірмейтін тиісті орталық атқару органдарының басшылықтарын қызметіне тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.

Премьер-Министрдің орынбасарлары Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да қызметтер атқарады.

Министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары Үкімет мүшелері болып табылады. Олар тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттерге басшылық жасайды және тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің қарауында болатын мемлекеттік басқару салаларындағы (сфераларындағы) қызметтің жай-күйіне жауап береді. Сонымен бірге Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 68-бабы).

Республиканың Премьер-Министрінің жанынан Үкіметтің тұрақты жұмыс істейтін органы ретінде Төралқа құрылады. Үкіметтің Төралқасының құрамына лауазымы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары және Үкімет Аппаратының басшысы кіреді. Премьер-Министр Төралқа құрамына Үкіметтің басқа мүшелерін енгізуге құқылы, Үкімет Төралқасының отырыстарын әзірлеу және өткізу тәртібін Регламент белгілейді.

Үкімет отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Отырысты Премьер-Министр не Президент шақырады. Аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет қарауы кезінде оның отырыстарына Президент төрағалық етеді. Егер оған онын мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысса ол құқылы болып есептеледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша отырыс ашық өткізіледі, Үкімет отырысы жабық өткізілуі де мүмкін.

Үкімет пен Премьер-Министрдің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін өз Аппараты құрылады. Аппарат басшысын Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындап, қызметінен босатады. Аппарат басшысы Үкімет аппаратының Президент Әкімшілігімен, Парламент Аппаратымен, министрліктермен, мемлекеттік комитеттермен, ведомстволармен, жергілікті атқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.

Үкіметтің құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Үкімет жанынан комиссиялар, кеңестер және өзге де консультативті-кеңесші органдар құрылады. Бұл органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет мүшелері басқарады. Консультативті-кеңесші органдардың шешімі нұсқаулық сипатта болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі өз қызметінде унитарлық принципін, мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, заңдылық, жариялылық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары принциптерін басшылыққа алады.

2.2 Үкіметтің түрлі әдеуметтік саладағы қызметтері
Қазақстан Республикасы Үкіметі, біріншіден, Парламент пен Президент жүзеге асыратын заң шығару процесіне қатысады; екіншіден, өз құзыреті шеңберінде норма шығарушылықты жүзеге асырады; үшіншіден, министрліктер мен ведомстволардың норма шығарушылық қызметін бақылайды; төртіншіден, атқарушы биліктің жергілікті органдарының норма шығарушылық қызметін бақылайды.

Үкіметтің заң шығарушылық бастамашылық құқығы болады. Ол өз құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын әзірлеп, оны Мәжілістің қарауына енгізуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне заң шығару бастамасы құқығының берілуі жөніндегі қағида Үкімет Парламентке заң жобасын енгізе де алады, енгізбей-ақ қоюына болады деген сөз емес. Үкімет мемлекеттік биліктің заң негізінде қолдана алатын кең өкілеттікті иеленген ерекше тармағы ретінде, сөз жоқ, тиісті заңдардың қабылдануына мүдделі. Сондықтан Үкімет заң жобалау жұмысымен шұғылдануға құқылы ғана емес, міндетті де. Заң шығарушылық бастама құқығын жүзеге асыру мақсатында Үкімет заң жобалау жұмыстарын әзірлейді. Заң жобаларын әзірлеуде министрліктер мен ведомстволар Үкіметтің ұйымдық тірегі болып табылады. Республика министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және ведомстволарының нақты жобаларын өзірлеу жөніндегі ұсыныстары республиканың Әділет министрлігі мен Үкімет арқылы енгізіледі. Ол қаралып, қорытылғаннан кейін заң жобалау жұмыстарының тізбесіне кіргізу үшін Парламент Мәжілісіне жіберіледі. Заң жобалау жұмыстарының тізбесіне және Республика Парламентінің осы мәселелер бойынша қабылдаған шешіміне орай орталық атқарушы органдар заң жобаларын қазақ және орыс тілдерінде әзірлеп, белгіленген мерзімде Үкіметке беруі тиіс. Ұсынылған заң жобаларының сапасына, дер кезінде әзірленіп, ұсынылуына орталық атқару органдарының бірінші басшысы тікелей жауап береді. "Сапа" ұғымы айтарлықтай кең ұғым. Заң жобаларын мүдделі министрліктердің әзірлеуі, олардың өздерінің тар шеңберлі ведомстволық мүдделерін заң арқылы орнықтырып алуына ұмтылдыруы мүмкін. Егер заң жобаларында мұндай көзқарас басым болса, онда олар қабылданған жағдайда ол мемлекет, қоғам және азаматтардың мүддесіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заңның "сапасы" ұғымы заң шығару техникасы тұрғысынан алғанда заң жобаларын жетілдіру ұғымын ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге көпшіліктің мүддесіне сәйкес келетін заң жобасының дұрыс жоспарлануында білдіретін ұғым. 1996 жылғы 22 ақпанда Үкімет бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының Регламенті де осыған назар аударған. Демек, заң жобаларын Үкіметке өздерінің қарауындағы мәселелер бойынша министрліктер мен мемлекеттік комитеттер ұсынады.

Заң жобаларының сапалық жоғары деңгейде болуы үшін қажетті жағдайда актілер экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық және өзге сараптауға беріледі. Үкіметтің қарауыыа тиісті негіздемелерімен түскен ескертпелер туралы анықтама, сараптама қорытындысы заң жобасымен бірге беріледі. Егер Үкімет заң шығарушылық бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы Конституциямен және заңдармен Президенттің өкілеттігіне жатқызылған мәселелерді қозғайтын болса онда ол туралы Республика Президентімен келісіп алу керек.

Үкімет пен Парламентке енгізілген заң жобалары міндетті түрде Үкіметтің отырысында не онын Төралқасында талқылануы керек. Заң жобасын талқылау міндетті түрде құжатты әзірлеушілердің, сарапшылардың қатысуымен өткізіледі. Заң жобасын қараудың нәтижесімен Үкіметтің қаулысы не Премьер-министрдің әкімі қабылданады. Сол арқылы заң жобасы Парламент Мәжілісіне жіберілуі немесе пысықтауға қайтарылуы мүмкін.

Үкімет заң шығару бастамасын жеке жүзеге асырып қана қоймайды. Ол заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу женіндегі Президент тапсырмасын да орындайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке заң шығару бастамасы құқығын бермеген. Бірақ ол Президент заң шығару процесінен аластатылады деген сөз емес. Президент туралы Жарлықпен көзделген Президенттің Үкіметке заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізуге тапсырма беру құқығы оның заң шығаруға ықпал ету жолдарының бірі болып табылады. Бұл арада заң жобасы Президент Әкімшілігінде әзірленіп, Үкімет арқылы Парламентке енгізілетінін ескерген жөн.

Үкімет сонымен бірге Президент актілерінің жобаларын әзірлей алады. Әңгіме, ең алдымен, орталық атқарушы органдар арқылы, Президент Аппаратының тиісті бөлімдері немесе Үкімет шешімімен құрылатын жұмыс тобы арқылы жүзеге асырылатын, Президенттің Үкімет енгізген нормативтік жарлықтары туралы болып отыр. Оларды Үкімет арқылы жүзеге асыру талап етілетін Президент актілері жобаларының қатарына Үкімет қаулыларының жобалары да жатады.

Жеке құқықтық актілер шығарушылығын Үкіметтің өзі жүзеге асырады. Нормативтік құқыктық актілер иерархиясында Үкіметтің нормативтік актілері Президент Жарлықтарынан кейін тұрады. Республика Үкіметі Республика Конституииясы, заңдары, Президент актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде және оларды орындау үшін нормативтік және нормативтік емес қаулылар шығарады. Үкімет актілері өз құзыреті шегінде қабылданады, бүкіл республика аумағында оның міндетті күші болады. Үкімет қаулысын Президент және Үкіметтің өзі кері қайтаруы мүмкін.

Алайда Үкіметтін және басқа атқарушы органдардың норма шығарушылық қызметінің барлық мәселелері бірдей шешіліп болған жоқ. Өткеннен мұра болып қалып, әлі күнге жалғасып келе жатқан көптеген проблемалар шешімін таппай отыр. Үкімет кейде бір-біріне қайшы келетін шешімдер, сондай-ақ бір мәселе туралы бірнеше шешімдер шығарады. Сондықтан Президенттің осы мәселелерді реттейтін нормативтік актілерінің қажеттігі туралы ұсыныс назар аударуға тұрарлық.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес республиканың сыртқы саясаты жөнінде шаралар әзірлеу Үкімет өкілеттігінің бірі болып табылады (6-баптың 5-тармағы). Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығы конституциялық ереженің мәнін ашады. Жарлыққа сәйкес Үкімет келіссөз жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты дамыту бойынша шаралар қабылдайды; сыртқы сауданы дамыту бойынша шаралар қабылдайды; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақты және өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.

Үкіметтің халықаралық шарттар жасасуы Президенттің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы Жарлығымен реттеледі. Осы Жарлыққа сәйкес Республика Үкіметі үкіметаралақ шарттар жасасады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасу туралы ұсынысты Үкіметке Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі енгізеді. Басқа министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен республиканың өзге де орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде Республика Үкіметіне республиканың Сыртқы Істер министрлігімен бірлескен немесе сонын келісіміне сәйкес Үкімет қарауына жататын мәселелер бойынша шарттар жасасу туралы ұсыныс енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарын жасасу туралы Президентке ұсыныс түсіруге құқылы. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келіссөз жүргізуге және республиканың халықаралық шарттарына қол қоюға тек Президенттің ғана құқығы бар. (44-баптың 11-тармағы).

Республика Үкіметі өз қарауына жататын мәселелер бойынша келіссөз жүргізу және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасы министрлерінің, мемлекеттік комитет төрағаларының, өзге де орталық атқару органдары басшыларының да келіссөз жүргізу және халықаралық шарттарға қол қою туралы шешім шығаруға құқығы бар. Мұндай шарттар ведомстволық шарттар деп аталады. Министрліктер мен ведомстволар келіссөз жүргізу және ведомстволық келісімдерге қол қою туралы өз шешімдерін Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісіп шығаруы тиіс.

Қазақстан Республикасының Үкіметтің қарауына жатқызылған халықаралық шарттарға қатысты халықаралық шарттарын жасасу өкілеттігі Үкіметке берілген. Премьер-Министр өкілеттіксіз-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға құқылы. Үкімет жасасқан кейбір халықаралық шарттар Парламентте бекітілуі керек. Мысалы, қолданылып жүрген заңдарға өзгеріс енгізуді немесе жаңа заң қабылдауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгеннен өзге ереже белгілеуді талап ететін халықаралық шарттар бекітілуге жатады. Республиканың халықаралық сипаттағы халықаралық шарттарын бекіту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентіне Үкімет ұсынады. Президент осындай ұсыныстарды қарайды, егер қажет деп тапса, бұл шарттарды Парламентке бекітуге енгізеді.

Кейбір халықаралық шарттарды Парламенттің бекітуіне Үкіметтің өзі ұсынады. Айталық, Сыртқы Істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметіне Үкіметтің қарауына жатқызылған мәселелер жөніндегі халықаралық шарттарды бекіту туралы ұсыныс енгізе алады. Қазақстан Республикасының басқа министрліктері, мемлекеттік комитеттері және өзге де орталық атқару органдары Үкіметке Үкімет қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық шарттарды бекітуге Сыртқы істер министрлігімен бірге немесе солардың келісімімен енгізеді. Үкімет осы ұсыныстарды қарап, егер қажет деп тапса, онда шарттарды Парламенттің бекітуіне береді.

Қазақстан Республикасының бекітуге жатпайтын халықаралық шарттарын бекіту (қабылдау) тиісті министрліктің, мемлекеттік комитеттің немесе өзге де орталық атқару органының ұсынысымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің көрсетілгеннен басқа да өкілеттіктері бар. Ол Республика Президентіне Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша мемлекетаралық, сондай-ақ үкіметаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныс енгізеді.

Халықаралық шарттарды бекіте отырып, Қазақстан Республикасы оны мүлтіксіз орындау туралы міндеттеме алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Мұндай міндет тиісті министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге және басқа орталық атқару органдарына да жүктеледі. Сонымен бірге Үкімет министрліктер және өзге орталық органдар Қазақстан жағының осындай шарттардан туындайтын құқықтарын жүзеге асыруын және шартқа басқа қатысушылардың міндеттемелерін орындауын қадағалауы тиіс.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша оған басқа қатысушылар міндеттемесін бұзған жағдайда Сыртқы істер министрлігі немесе республиканың басқа да органдары Үкіметке халықаралық құқық нормаларына және шарттың өзінің міндеттеріне сәйкес қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныс береді.

Үкіметке халықаралық шарттардың қолданылуын тоқтату туралы мәселе қою өкілеттігі берілген. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басқа қатысушылар елеулі түрде бұзған жағдайда, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында көзделген басқа жағдайларда, Үкімет Президентке Қазақстанның мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшін жою туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметтің қарауына жататын мәселелер жөніндегі шарттарының күшін жою туралы ұсыныс енгізеді.


3 Үкіметтің мемлекеттік басқа да органдармен қатынасы


Қазақстан Республикасының атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, Үкімет мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен қатынас жасайды. Республика Конституциясы, Президенттің Республика Үкіметі туралы, Парламенті туралы, соттар мен судьялар туралы, Конституциялық Кеңес туралы жарлықтары Үкіметтің басқа мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасының заңдық негізі болып табылады. Барлық осы нормативтік құқықтық актілерде Үкіметтің басқа мемлекеттік органдармен өз құзыретіне және мемлекеттік биліктің әр түрлі тармақтарға бөліну жүйесінде алатын өз орнына орай өзара қатынасының принциптерін, нысандарын айқындайтын ережелер қамтылған.

Үкіметтің Президентпен қатынасы. Үкіметті Президент құрады, Үкіметтің құрылымын және құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері халық және Қазақстан Президенті алдында ант қабылдайды. Үкімет бүкіл қызметімен Республика Президенті алдында жауапты. Ол Үкімет Бағдарламасының, Президент тапсырмасының орындалуы туралы және өз қызметінің басқа бағыттары туралы Президентке ұдайы хабарлап отырады. Үкімет Республика Президенті актілерінің орындалуын ұйымдастырады және министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ол актілерді орындауын бақылайды. Үкімет Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу туралы Президент тапсырмасын орындайды. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарла-маларды өзі таңдап Президенттің бекітуіне ұсынады. Үкімет Президентпен. заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы келіседі. Президент Үкімет актілерінің қолданылуын қабылдамай тастауға, тұтастай немесе жекелеген тұстарын тоқтата тұруға құқылы. Бұл жұмысты Президент өзінің жеке бастамасы бойынша да, Бас Прокурордың ұсынысы бойынша да жүзеге асыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді