Диплом жұмысы 6В01303 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


«Ертегілер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемесі және тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар» атты бөлімде



бет5/19
Дата05.05.2023
өлшемі216.65 Kb.
#561349
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Абишева Гульниса
Тест с ответами на тему, Новое пособие по WORD. Лабораторный практикум, №3.2, Лабораторная работа №1 Шифрование и дешифрование данных, Информатика сабағын талдау үлгілері, test ms excel, питон, Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы , Баяндама тақырыбы «Ойын арқылы оқыту технологиясы»
«Ертегілер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемесі және тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар» атты бөлімде ертегілер арқылы танымдық қызығушылықты дамыту жолдарының мазмұны ұсынылып, зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесі баяндалды.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, жетістіктер мен қорытынды және ғылыми - әдістемелік нұсқаулар беріледі.

1. ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ертегі арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде талдануы


Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады [4].


Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем-эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным–сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен әсер еткен [5].
Ертегінің негізгі бір саласы- қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес Айыртөс батыр», «Аңшы бай», «Керқұла атты Кендебай» т.б. қиял-ғажайып ертегілерінің де өзінше мәні үлкен. Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы фантазияға құрылады. Қаһармандарды «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ай астындағы Айсұлуларды» іздеп, жеті қат көк, жеті қат жер астын шарлайды, жан баспаған қияға барады.
Олардың алысатын жаулары - қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтыр-нақ, мыстан кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос күштер де болады. Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара құс, самұрық, алты айшылықты алты аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар-адамның өршіл қиялы туғызған бейнелер. Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді жеңеді. Халық қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне сол сенім білдіреді. «Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда , мазмұны, сюжеті, құрылысы, тіл жағынан көне заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниеге көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттын асау күштерімен алсып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі перілермен күресі баян етіледі [6, б 45].
Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызметте атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі XVIII ғ 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – XIXғ 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғылыми мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В.Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды.
Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғылыми түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Г.Н.Потаниннің, В.В.Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғылыми зерттеулеріне ілікті. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы ХХғ кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды.
Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті.
Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми негізге түсті. Бұл салада М.Әуезов пен Е.С.Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – М.Әуезов). Ертегі жанрына М.Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял - ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс - салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды [7, б 34].
Аса көрнекті педагог В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз творчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі -деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгіме. Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді.
Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық, мерген, мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені, оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы-ертегі [8, б 15].
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді қатынасты оятуға бағытталуы керек. Болмысқа танымдық қатынасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы-өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебиеттерде жатыр. Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігі еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады. Ал осы ертегілер арқылы балада танымдық қызығушылық пайда болады [9, 75 б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі