Кейіпкер аты
|
Сипаттама
|
Қарт кісі
|
|
Бақ
|
|
Дәулет
|
|
Аман
|
|
№2 Әдістеме
«Менің таңдауым»
Мақсаты: Оқушыларды жеке таңдау жасай білуге тәрбиелеу. Ертегінің мазмұнын түсіну арқылы, танымдық қызығушылығын дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Жүргізу әдісі: Ертегіні оқып шығу. Егер Бақ, Дәулет, Аман үшеуінің біреуін таңдау керек болса, сен қайсысын алар едің? Таңдауды түсіндіру. Әр оқушы өз таңдауын жеке баяндап береді.
№3 Әдістеме
«Егер осылай болса....»
Мақсаты: Оқушылардың таным процестері және қиялын жамытуға бағытталған әдістеме.
Жүргізу әдісі: Балалар ертегіні оқып шығады, ал басқалары мұқият тыңдайды. Бір оқушы бастап ертегідегі оқиғаны өз басына түссе, қандай әрекет жасар екенін айтады. Мысалы:
«Егер мен Бақ болсам, онда.........»
«Егер мен ертегідегі немеренің орнында болсам, онда.......»
«Балықшы мен бақалшы» ертегісі
№1 Әдістеме
«Салыстыру»
Мақсаты: Оқушылар бойында адамгершілік сезімін тәрбиелеу. Жақсы мен жаманды ажырата білу. Ертегіні оқу арқылы дүниетанымын кеңейту.
Жүргізу әдісі: Ертегіні оқып шығып, түсінік айту. Басты кейіпкерлердің іс - әрекеттеріне қарай отырып, оларға мінездеме беру. Жағымды және жағымсыз қасиеттерін айта отырып, екі кейіпкерді салыстыру.
№2 Әдістеме
«Сөйлемді аяқта»
Мақсаты: Сабаққа деген қызығушылығын ояту және зейінін дамыту. Жүргізу әдісі: Ертегіні қайталап оқып шығып, мәтінмен жұмыс жасау. Берілген сөйлемдерді мәтіннен тауып, аяқтап жазып шығу. (дәптермен жұмыс).
Алдын ала болжап отыратын............................
Саудагер Бақан деген аттан..............................
Бір күні теңіз жағасында....................................................
Ел жұртты аштықтан.........................................................
Қарттың қайырымдылығын көрген Балық......................
Бақалшы әлгі асыл тастарды алайын деп келсе,.................
№3Әдістеме
«Мен кіммін?»
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.
Жүргізу әдісі: Ертегіні қайталап оқып шығу. Оқушылар осы ертегідегі қай кейіпкер орнында болғысы келетінін баяндау керек. Әр бала ертегідегі ұнаған кейіпкерін таңдап, несімен ұнағанын түсіндіреді. Не себепті сол кейіпкер орнында болар еді деген сұраққа жауап береді.
2.3 Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері.
Анықтаушы эксперимент нәтижелері мынадай болды: эксперимент тобында оқушылардың танымдық қызығушылық деңгейлері жоғары - 46%, орташа – 37%, төмен – 17% пайызды көрсетті.
Зерттеу жұмысы екі сынып бойынша жүргізіліп, қорытынды. нәтижесі жалпыланып, диаграмма түрінде сараптама жасалды.
Эксперименттің екінші диагносткалық қалыптастыру кезеңіндегі жұмыстар нәтижелері экпсперимент тобында арнайы ертегілерге дайындалған әдістемелер жүргізілді. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған әдістемелер жүргізілді.
Эксперименттің үшінші қорытынды кезеңі педагогикалық экспериментке талдау жүргізіліп, психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық сипатта іске асуына қорытынды жасалды, педагогикалық тәжірибе жұмыстарының барысы мен нәтижелері сараланды. Ғылыми-педагогикалық тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар енгізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша келесі көрсеткіштер анықталды (сурет 5,6).
Сурет 5 - Экспериментке дейінгі танымдық қызығушылық деңгейі
Жүргізілген әдістемелердің нәтижесінде қалыптастырушы эксперименттен кейін өткізілген танымдық қызығушылықты анықтау диагностикалары қайта жүргізіліп, нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылық деңгейлері мынадай көрсеткіштерге жетті: жоғары деңгей – 55%, орта деңгей – 38%, төмен деңгей – 7 % пайызды көрсетті.
Эксперименттен кейінгі танымдық қызығушылық деңгейлері (сурет 6) келтірілген.
Сурет 6 - Экспериментке кейінгі танымдық қызығушылық деңгейі
Тәжірибелік – эксперименттің қорытынды нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығының артқанын айғақтайды. Қорытынды кезеңде эксперименттік топтан анықтаушы кезеңде жүргізілген диагностикалар қайта алынды. Егер анықтау эксперименттің барысында эксперимент тобында төмен деңгейді көрсеткен оқушылар – 17% болса, эксперимент соңында 8 % болды. Орта деңгейде – 37% болса, соңында олардың саны 38% , жоғары деңгей көрсеткіші 46 % - дан 55% - ға өсті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
Сонымен, тәжірибелі – эксперимент жұмысы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда, арнайы жүргізілген әдістемелердің тиімділігін дәлелдеді. Қорытынды эксперимент нәтижесі арнайы диаграммаға түсірілді (сурет 7).
Сурет 7 - Қорытынды эксперимент нәтижесі
Қорытынды
Бастауыш мектептегі сабақтарда ертегілерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында қолданудың теориялық негіздері және тәжірибелік - эксперименттік зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:
1. Психология мен педагогикада ертегілерді қолдану теориясы мен практикасы кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру толықтай баяндалған. Кіші мектеп жасындағы балаларға қарапайым білім беру барысында, ертегілерді қолдану арқылы танымдық қызығушылығын дамытудағы мүмкіндігі анықталмаған және де оларды сабақта қолданудың әдістемесі жасалмаған.
2. Жоғарыда айтылғанға орай зерттеу барысында бастауыш мектептегі сабақтарда оқушылардың танымын дамытуда ертегілерді қолданудың қазіргі жағдайы анықталды. Төменгі сынып оқушылары үшін ертегіні орынды түрде меңгерілетін материалдардың сипатына қарай қолданудың қажеттілігі дәлелденіп, психологиялық-педагогикалық негізі анықталды.
3.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда ертегілерді қолданудың әдіс-тәсілдері анықталып, олар теория тұрғысынан негізделді. Сонымен қатар, ертегілердің оқушылар танымдық қызығушылығының дамуында атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалды.
4. Бастауыш мектептегі сабақтарда ертегілерді қолданып оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы тексерілді. Осыған орай, бастауыш мектепте қолданылатын ертегілердің мазмұны ашылып және оларды сабақта қолданудың мақсаты анықталды. Сонымен қатар, ертегілердің сабақ барысында қолданғанда дайындықтары әртүрлі оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың ерекшеліктері анықталып, сипатталды.
5. Бұл зерттеу жұмысының жалғасы бастауыш мектептегі пәндердің әрбір тақырыбына байланысты ертегілер жүйесін құрастырып, оларды қолданудың әдістемесін жасау қажет.
Оқушылардың ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамытып қана қоймай, бір-біріне деген қамқорлығы, адамгершілігі, сыйластығы, эстетикалық сезімі, т.б. көптеген жақсы қасиеттердің қалыптасуы, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көрсетті. Нәтижесінде жетістіктерге жеттік деп ойлаймыз.
Бірінші жетістігіміз: Оқушылардың сапа көрсеткіштері жоғарылап, танымдық қызығушылығының артқанын көруімізге болады.
Екінші жетістігіміз: Оқушылардың танымдық қызығушылығын кеңейту, әрі халқымыздың бай қазынасы ертегілерді насихаттау бағытында жасаған жұмыстарымыз жақсы нәтиже берді деп ойлаймыз.
Үшінші жетістігіміз: Ертегілерді пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, танымдық деңгейінің жоғарлағанын байқай аламыз.
Міне, халықтық педагогиканың бір тармағы болып саналатын ертегілер, оқу-тәрбие кезінде бір-бірімен ұштасып өз нәтижесін беріп жатыр. Ертегілер арқылы оқушы өмір танымын кеңейтеді, қызығушылық деңгейі де жоғарылайды.
Қорыта айтар болсақ, әрбір елдің ауызекі шығармаларының бір - ертегілер, сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс тіршілігіне байланысты болып келеді. Ертегілер– халықтық мол қазына. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына ертегіні меңгерте отырып, танымдық қызығушылығын дамытумен қатар, ақыл – ойын арттыруға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
[1] Выготский Л.С. Бaлaлық шaқтaғы қиял мeн творчeство. - М.: «Просвeщeниe», 2015.-21б
[2] Жaрықбaeв Қ. Жaлпы психология –Aлмaты.: кітап баспасы 2017 ж.-19б
[3] И.П.Павлов. «Ми рефлекстері».: Петр 2018 ж.-125б
[4] Жaрықбaeв Қ. Қaзaқ психологиясының тaрихы –Aлмaты.: кітап баспасы 2019 ж.-56б
[5] Мұқaнов М.М. Жaс eрeкшeлiк жәнe пeдaгогикaлық психология, -Aлмaты.: кітап баспасы: 2015 ж.-113б
[6] Жaрықбaeв Қ., Сaңғылбaeв О. Психология энциклопeдиялық сөздік. –A.: - Атамұра баспасы, 2019ж.-256б
[7] Мухинa В.С. Мeктeп жaсынa дeйінгі бaлaлaр психологиясы. Оқу құрaлы--A.: - Мектеп баспасы, 2017ж.-27б
[8] Aймaуытов Ж. Психология – Aлмaты.: кітап баспасы, 2018ж.-94б
[9] Жұмaбaeв М. Пeдaгогикa.- A.,: Aнa тілі, 2016 ж.-112б
[10] Тeбeновa Қ.С., Рымхaновa A.Р. Aрнaйы психология. –A.:Білім, 2015ж.-89б
[11] Л.С.Выготский // «Бaлaлaрдың жaс eрeкшeліктeрі жәнe кeмтaр бaлa психологиясы» журналы, A.: - Көкжиек баспасы, 2015ж.-15б
[12] И.П.Пaвлов. Шығaрмaлaрдың толық жинaғы., -М.: Петр, 2014ж.-112б
[13] И.М.Сeчeнeв. Тaңдaмaлы философиялық жәнe психологиялық шығaрмaлaры. -М.: прогрес, 2015ж.-23б
[14] Aймaуытов Ж. Психология.- Aлмaты.: кітап баспасы, 2016ж.-45б
[15] Aлдaмұрaтов Ә. Қызықты психология.- Aлмaты.: кітап баспасы, “Қaзaқ унивeрситeті”, әқ».ж.-87б
[16] Aлдaмұрaтов Ә. Жaлпы психология. - Aлмaты.: кітап баспасы, “Білім” 2015ж.-112б
[17] Әбдірaхмaнов A., Жaрықбaeв Қ. Психологиялық орысшa- қaзaқшa сөздік. - Aлмaты.: білім, “Мeктeп”, 2018ж.-113б
[18] Eлeусізовa С. Қaрым- қaтынaс психологиясы. - Aлмaты.: кітап баспасы, 2016ж.-43б
[19] Жaрықбaeв Қ., Озғaнбaeв О. Жaнтaнуғa кіріспe. - А.: кітап баспасы, 2015ж.-13б
[20] Жaрықбaeв Қ. Жүсіпбeк Aймaуытұлының психологиялық көзқaрaстaры.- . - Aлмaты.: Мектеп баспасы, 2017.-90б
[21] Жaрықбaeв Қ.Қaзaқ психологиясының тaрихы.-М.: Прогресс, 2015ж.-87б
[22] Мұқaнов М. Aқыл- ой өрісі. - Aлмaты.: кітап баспасы, 2017ж.-113б
[23] Тәжібaeв Т. Жaлпы психология. -М.: Академия, 2015.-114б
[24] E.A.Aркин – Мeктeп жaсындaғы бaлa –М.: Прогресс, 2016ж.-23б
[25] Бaлa мeн бaлaбaқшa – Рeбeнок в дeтском сaду// журналы, 2018ж - №5 – 29 А: -Мектеп баспасы– 316б
[26] Бaлa тәрбиeсі №-01-2015// журналы,А.: Өлке баспасы, -14-15 б
[27] «Отбaсы жәнe бaлaбaқшa» // журналы, А.: Өлке баспасы, 2015ж. №4.-99б
[28] Мухинa С., Мeктeп жaсынa дeйінгі бaлaлaр психологиясы. - Aлмaты.: кітап баспасы, 2019 ж.-119б
[29] Aймaуытов Ж. Психология. –Aлмaты.: кітап баспасы, 2015ж.-99б
[30] Тұрғынбaeв Б.A. Кіші жaстaғы бaлaлaрдың шығaрмaшылық қaбілeтін дaмыту. – Aлмaты.: Білім, 2015ж.-45б
[31] «Отбaсы жәнe бaлaбaқшa» // журналы, А: Өлке баспасы, 2019ж №1.-5б
[32] Отбaсы жәнe бaлaбaқшa. // журналы, А.: - кітап баспасы, 2016 №4.-89б
[33] Aглaковa Э. «Ойын – бaлaлaрды тәрбиeлeу жәнe дaмыту құрaлы» Отбaсы жәнe бaлaбaқшa // журналы, А.: - Өлке баспасы, 2018ж. №1.-7б
[34] Ф.Н.Жұмaбeковa «Мeктeпкe дeйінгі пeдaгогикa» -Aстaнa.: - Білім -2015ж.-32б
[35] «Мeктeпкe дaярлық журнaлы» // №6 А.: -Өлке баспасы, 2019 жылы.-56б
[36] Искaковa Р., Eрнaзaровa.З «Жaңa тeхнологияны пaйдaлaну әдістeрі» Қызылордa.: Білім, 2015 жыл.-98б
[37] Ғылыми әдістeмeлік пeдaгогтік журнaлы // «Отбaсы мeн бaлaбaқшa»№1 2016 жыл.-5б
[38] Aхмeтов. Қaзaқ бaлaлaр әдeбиeті тaрихының очeркі –Aлмaты.: кітап баспасы, 2015ж.90б
[39] «Мeктeпкe дaярлық журнaлы» // №4 2017 жыл.-78б
[40] A.В.Пeтровский «Психология» Aлмaты.: кітап баспасы, 2015ж.-44б
[41] В.С.Мухинa «Мeктeп жaсынa дeйінгі бaлaлaр психологиясы» Aлмaты.: кітап баспасы 2016ж.-67б
[42] Ф.Н.Гоноболин «Психология» Aлмaты.: кітап баспасы, 2017ж.-34б
[43] Сәбeт Бaп-бaбa «Жaлпы психология» Aлмaты.:Дaрын, 2015ж.-54б
[44] «Мeктeптeгі психология» журнaлы Aлмaты.: кітап баспасы, 2015ж.-45б
[45] Ә.Aлдaмұрaтов «Жaлпы психология» А.: Білім, 2016.-56б
Достарыңызбен бөлісу: |