Танымдық қызығушылық қалыптасуының жолдары:
оқу материалдарының жаңалығы;
тарихпен байланыстылығы;
білімді күнделікті өмірдегі мысалдармен келтіріп түсіндірілуі;
жаңа және дәстүрлі емес оқыту түрлерін қолдану;
проблемалық оқыту;
көрнекілік қолдану;
компьютер көмегімен оқыту;
өзара оқыту (жұптасып, шағын топ құру);
білім мен біліктерін тесттен өткізу;
сәттілік жағдаятын жасау;
жарыс (сыныпьтағы оқуышлар арасында)
оқушыға деген сенім;
педагогикалық такт және педагог шеберлігі:
педагогтың оқушыға, пәнге деген қатынасы;
мектепішілік қарым – қатынстың гумандылығы.
1-кестенің жалғасы
|
Бұл поцестердің ешқайсысы өздігімен жеке қызығушылық тудыра алмайды. Эмоционалдық факторлардың болуы қызығушылық затын тартымды етеді, ал қызығушылықтың интеллектуалдық және еріктік сәттермен байланысты болуы оған танымдық бағыт береді. Осылайша қызығушылық жеке бастың болмысқа танымдық көзқарасын анықтайды.
Танымдық қызығушылықтың дамуы оқушылардың жалпы дамуының көрсеткішіне байланысты. Өйткені, адам есейген сайын оның танымдық қызығушылығы да толысып, жетіле түседі. Әрбір кезеңдегі адам жасына тән қызығушылықтың өзіндік мазмұндық сипаты, ерекшеліктері болады. Осыны ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қылыптастыруда аса ыңғайлы кезең екендігін дәлелдеу айқындау керек. Әдебиеттану, фольклортану саласындағы бірқатар жіктемелерді (М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев) негізге ала отырып оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ертегілер жіктемесі ұсынылған. Олар бұл жұмыстың 1 бөлімінде қарастырылған болатын, яғни қиял – ғажайып, тұрмыс – салт, батырлық, хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ұсынылған жіктеменің педагогикалық мәні өте жоғары: біріншіден – әр сыныпта меңгерілетін қазақ халық ертегілерін, нақты өлшемдер арқылы сұрыптауға (ертегінің танымдық мазмұндылығы; ертегіде көрініс тапқан ойлар арқылы берілетін білімнің бала жасына қарай түсінікті болуы; ертегідегі оқиғалардың эмоциялық мәнерлілігі; ертегі мазмұныынң қызықтылығы) бағыт – бағдар береді.; екіншіден – мұғалімге оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастырудағы ертегігің рөлін дұрыс бағалауға көмектеседі; үшіншіден – оқушының ой өрісін жетілдіреді, халық ертегілері түрлерін бір – бірінен ажырата білуге үйретеді, халықтың тұрмысы, тыныс – тіршілігі, дүниетанымы, дәстүрлі өнегесімен таныстырады, жақсыдан – жаманды, қайырымдылықтан жауыздықты айыра білуге, адал еңбек етуге бағдарлайды; төртіншіден - ертегіні эмоциялық әсермен қабылдай білуге көмектеседі; бесіншіден - баланың танымдық қызығушылын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін (зейін, ес, ойлау, қиялдау, талғам т.б.) айқындатуда септігін тигізеді [36]
Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әлеуетін, қабілеттілігі мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында ертегілерді оқыту маңызды болып табыоады. Яғни келесі міндеттер қарастырылады:
- Балаларды айналаны қоршаған әлеммен, оның түрлі қыр-сырларымен, бейнелер, бояулар, дыбыстар арқылы таныстыру.
- Балалардың бойында адамның көңіл-күйіне, бет пішінін, қимыл-қозғалыстарын, дауыс ырғағына қарай тани білу қабілеттерін дамыту.
- Балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жан ашырлық қасиеттерін тәрбиелеу. Әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйрету [37].
Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай берілетін ертегілердің мазмұны әсерлі көңіл-күйді білдіре отырып, сезіне білуге үйретеді. Бастауыш мектеп кезеңіндегі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең. Кіші мектеп жасындағы балалардың театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың жаңа қабілеттері мен дағдыларды үйренуге жағдай жасаумен қатар, балаға өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі, өзін - өзі көрсете білуге ықпал жасайды. Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын жәйт – кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігі, олардың әрекеттері, іс – қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң – тамаша қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |