Диплом жұмысы 6В01303 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет10/19
Дата05.05.2023
өлшемі216.65 Kb.
#561349
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Абишева Гульниса
Тест с ответами на тему, Новое пособие по WORD. Лабораторный практикум, №3.2, Лабораторная работа №1 Шифрование и дешифрование данных, Информатика сабағын талдау үлгілері, test ms excel, питон, Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы , Баяндама тақырыбы «Ойын арқылы оқыту технологиясы»
Қызығушылықтың ерекше бір түрі – танымдық қызығушылық. Оның нысаны болып танымдық процесс болып саналады. Ол құбылыстың мәнін, белгілі білім саласының ғылыми негізін меңгерудегі талпынысты сипаттайды. Бұл «жеке тұлғаны танымдық салада, нақты пәндік салада және білімді меңгерту процесінде бағыттай әрекеті». Жеке тұлға құрылымында танымдық қызығушылық: қоршаған орта нысанасы мен болмысына психикалық процесті саралап бағыттау ретінде; жеке тұлғаның осы құбылыс, іс - әрекет саласымен айналысуды қажетсінуімен; барлық психикалық процестің қарқынды жүзеге асуына, іс - әрекеттің нәтижелі болуына ықпал ететін белсенділікті арттыру ретінде; нысанаға, қоршаған орта құбылыстарына, олар туралы білімін арттыруға, ғылым салаларына бағытталған белсенді ой – пікірлерге, эмоцияға толы саралы көзқарас ретінде айқындалады [29].
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Танымдық iзденiмпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Танымдық қызығушылық оқушының жеке басының тұрақты қасиеті бола отырып, оның оқудағы белсенділігін, өздігімен дербес танымдық мақсатты қоя білуін анықтайды. Осыны ескере отырып, психологтар қызығушылық ұғымын былайша сипаттайды:
қызығушылық > танымдық қызығушылық > бір пәнге (бір нәрсеге) қызығушылық. Демек, оқушылардың қандай да бір нәрсеге немесе бір пәнге қызығушылығы сатылап қалыптасады [30].
Балалар оқу пәнінің бір түрімен аз, енді бір түрімен көп уақыт айналысуға бейім келеді. Ұнататын, ұнатпайтын пәндері пайда болады.
2 - cыныптың өзінде-ақ бірқатар балалар дауыстап оқуды және әңгімелеуді көбірек жақсы көрсе, енді біреулері есептеуді, есеп шығаруды, ал кейбіреулері сурет салуды немесе дене шынықтырумен айналысуды ұнататындықтары байқалады. 3 - cыныпта оқу пәндерін осылайша таңдап ұнатулары мұнан да гөрі белгілі болады және ол cыныптан тыс жұмыстарда көрінеді. Балалар өз инициативасы, өз таңдауы бойынша белгілі бір көркем немесе көпшілікке арналған әдебиеттерді оқи бастайды. Бұл жаста олардың танымдық қызығушылығы жасөспірімдік, әсіресе бозбалалық кезеңдегідей орнықты және айқын болып ерекшеленбейтіндігін атап айтуымыз керек. Мұнымен қоса бұл қызығушылықтар аса тереңдей түседі. Егер 1 және 2 cыныптың бас кезінде балаларды фактілер, оқиғалар, әңгіме сюжеттері қызықтырса, ал екінші оқу жылының аяғынан бастап оларды бұл фактілер мен олардың себептерін түсіндіру қызықтыра бастайды. Мысалы, 1, 2, 3 және 4-cынып балаларына екі әңгіме оқылды: біріншісінде жануарлар тіршілігінен қызықты мағлуматтар айтылып, екіншісінде жібек маталарын дайындау жағдайы түсіндіріліп баяндалды. Мұнда ересек балаларға екінші әңгіме көбірек ұнағандығы байқалды. Бұдан көрінетін нәрсе, жасы өскен сайын мектеп окушысының қызығушылығы өсіп қана қоймайды, бұлар неғұрлым күрделі құбылыстардан туады екен. Балада мектепке келмей тұрып-ақ көптеген қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасады. Мұғалімнің міндеті: зиянды әдетке айналып кетпес үшін, қажеттіліктері мен қызығушылықтарының пайдалысын дамытып, қажетсізіне жол бермеу және ақырында, баланың денсаулығына немесе моральдық сапаларына зиянын тигізетін кейбіреулерімен күрес жүргізу болып табылады. Мұнымен бірге мектеп, балаларда бұрын болмаған, бірақ тұлғаға қажет дұрыс қажеттіліктер мен қызығушылықтарды тәрбиелеуі тиіс. Бұл қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту жұмысын жанұямен тығыз байланыста жүргізу керек. Үйде баланы шамадан тыс ойын-сауыққа, көңіл көтеруге тәрбиелеп, мораль нормаларына жататын мәдени тәртіптілік әдеттерін қалыптастыру үшін ешқандай шара қолданбайтын болса, онда мұғалім ата-аналармен тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Әрбір шектен тыс, әсіресе материалдық, қажеттіліктерін өтеуден эгоистер тәрбиеленіп шығатындығына, ал рухани тілектерге шек қоймаудан ой-өрісі тар және пайдалы іс-әрекетке икемі жоқ адамдардың пайда болатындығына оларды сендіру керек [31].
Мұғалімнің аса бір маңызды міндеті — балаларда байсалды көркем әдебиетке деген қажеттілікті, қоғамдық жұмыстарда басқа адамдарға пайдасы тие білуге ұмтылуын дамыту. 7-8 жастағы балаларда (жоғарғы cыныптардағы мектеп оқушыларымен салыстырғанда) білімді қажет етушілік аз байқалады. Сондықтан да мұғалім балалардың мектепке келген алғашқы жылынан бастап-ақ, ғылымға деген қызығушылығын дамытуы керек. К.Д.Ушинский былай деп жазған болатын: «Орта және төменгі оку орындарында оқушыньщ пәнге өзі қызығушылығын күтіп отыруға болмайды, бірақ мұғалімнің барлық өзінің тыңдаушыларының зейінін әркашан да қозу жағдайында ұстайтындай әдісі болуы тиіс». Оқыту белгілі бір дәрежеде балалардың қызығушылық-ынтасына сүйенуі қажет, сонымен бірге олардың талап-тілектерін дамытады.
Төменгі cынып оқушыларының қызығушылық ынтасын дамытуға не көмектеседі. Оқытуда көрнектіліктің (иллюстрация, дидактикалық материал, тәжірибе жүргізу, экскурсия т.б.), мұғалімнің шырайлы әңгімесінің зор маңызы бар. Оқушы өздері жасауға тиісті бақылаулар, сондай-ақ өз бетінше жұмыстардьщ басқа түрлері үлкен қызығушылық ынта туғызады. Балалардың бір нәрсеге қызығушылықының артуының басты шарты — жаңа оқу материалының алдын ала белгілі мағлұматтармен дұрыс байланыста болуы. Әдетте адамның, ежелден таныс, білетінінің элементтері бар, жаңа нәрсе оның қызығушылығын оятады және ол өзімізде бұрыннан болған біліміміздің өрісін кеңейтіп, бұл білімімізді (кейде өзгертеді, не оның дұрыс еместігін білдіреді) толықтыра түседі. Сондықтан да олар бәрін жақсы игерген оқу пәндерімен қызу айналысады, оған қызыға қарайды, ал түрлі себептер бойынша білімдерінде үлкен олқылықтары бар пәндермен айналысуды ұнатпайды [31,84б].
Оқытуға деген ынта - қызығушылықтың пайда болуы үшін, тек қана жаңаны ескімен байланыстыру жеткіліксіз, сондай-ақ қызықсызды қызықтымен байланыстыру қажет. Оқытуда ынта - қызығушылықты дамытуда эмоцияның атқаратын рөлі зор. Мұнда балалардың оқу материалы мұғалімнің жеке басымен тығыз байланыста болады. Сүйікті педагогтың барлық пәндері қызықты болып көрінеді. Оқушылармен жөнді тіл табыса алмаған мұғалімнің оқу жұмыстарымен де балаларды қызықтыра алуы қиынға түседі.
Мәдени қажеттіліктерді дамытуға оқушылармен дұрыс жолға қойылған эстетикалық тәрбие көп көмегін тигізеді, Әдебиет пен өнерге деген қызығушылықты балаларға төменгі cыныптарда-ақ ену қажет. Сондықтан балалардың кітап окуға деген қызығушылығын жүйелі түрде және шебер оята білу, төменгі cынып оқушыларын көркем өнерпаздар үйірмесіне белсенді қатыстыра алу, олармен музейлерге, театрларға, көрмелерге бару, олар түсіне алатын музыканы тыңдау - мұның бәрі төменгі cынып оқушыларының рухани ынта қызығушылықының өсуіне көп көмек көрсетеді, оларды мәдениетті, мазмұнды және бақытты өмірге даярлайды.
Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс - әрекеті мен әдіс – тәсілдерінің қалыптасуына байлынысты. Оқушылардың қызығушылығы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдердің пәнін оқушылар қызығушылықпен оқиды. Танымдық қызығушылық балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады [32].
Танымдық іс-әрекетке деген қызығушылықты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; қауіп – қатер балалардың диагностикасы, үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар мемлекет стандарт иегінен асу т.б. Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады [33].
Оқу – танымдық іс-әрекет – бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады. Оқу – танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу – танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу – танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл – ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді [34].
Танымдық іс – әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі – оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл – ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді.
Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды. Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту – оның мінез – құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді т.б. үйретеді.
Оқушының танымдық іс-әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс- әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу – танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы – кітаптар, лабораториялық құрал – жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т.б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады [35].
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды. Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді. Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет [36].
Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады. Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс. Оқу-танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.

1.3 Оқушылардың ертегі арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың мүмкіндіктері


Бастауыш сынып оқушысында танымдық қызығушылықтың пайда болып әрі қарай дамуы оның іс-қимылынан, әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі баланың іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Танымдық қызығушылық әбден жетілгенде, баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.


Танымдық қызығушылық адам өміріндегі алатын орнына қарай бірнеше функцияны атқарады. Біз оларды бағыты мен мазмұнына қарай былайша топтастырамыз:
1) дүниетанымдық;
2) қозғаушы;
3) таңдаушы;
4) реттеуші;
5) жасампаздық.
Бұл функциялар бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуында танымдық қызығушылықтың мүмкіндіктерін өзара байланыстырып, сабақтастырып отырады. Танымдық қызығушылықтың психологиялық құрылымы: эмоционалдық, интеллектуалдық және еріктік процестердің бірігуінен тұрады:
1) іс - әрекетке қатынастығы жағымды эмоция (эмоционалдық компонент);
2) осы эмоциялардың танымдық жағының болуы, яғни танып білу қуанышы (интеллектуалдық компонент);
3) нақты бір іс - әрекеттен, туындайтын мотивтердің болуы (еріктік компонент)[3.14]. Танымдық қызығушылықтың қалыптасу жолдарын қарастыруға болады (кесте 1).

Кесте 1- Танымдық қызығушылық қалыптасуының жолдары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі