Диплом алды практика күнделігі Атырау 2022 жыл



бет6/22
Дата11.06.2022
өлшемі235.8 Kb.
#268014
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
кунделик терапия Ибрааемова Шолпан

Бірінші кезең – тісжегі қуысын ашу. Бұл кезеңді орындау мақсаты – тісжегі қуысы ауызындағы астындағы тірек дентин бұзылысқа ұшыраған жабынды кіреукені егеп немесе бұрғылап алып тастау. Астында қалыпты дентин қабаты сақталмаған кіреукені тісжегі қуысы жиегінде қалдырмау керек. Себебі, дентин арқылы жүретін зат алмасу үрдісінен айрылған кіреуке механикалық әсерлерге төзімсіз және тез сынғыш болғандықтан, қойылған пломбының жиегінде ақаулар пайда болып, тісжегі үрдісінің әрі қарай дамуына мүмкіндік туындайды. Кейбір жағдайларда эстетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін аса көп механикалық әсерлерге ұшырамайтын аймақтарда (алдыңғы тістердің ерін жақ беттері) астында қалыпты дентин сақталмаған кіреуке қабатын қалдыруға болады. Тісжегі қуысын ашу көбінесе шарға немесе цилиндрге ұқсас беттері алмас үгінділерімен жабылған борлардың (бұрғылардың) көмегімен орындалады. Борлардың көлемі қуыс ауызының көлемінен кішірек және қуысқа еркін енулері керек.

Екінші кезең – ыдыраған және жұмсарған дентинді алып тастау (некроэктомия). Алдымен тісжегі қуысындағы ас қалдықтары мен ыдыраған және жұмсарған дентинді аршығыштың (экскаватор) көмегімен алады (көбінесе қарқынды дамыған тісжегі кезінде), ал жұмсарған бірақ қаттылау және пигменттелген дентинді шарға ұқсас бормен бұрғылап алады. Жабынды дентин қабатындағы жұмсарған дентинді алғанда аршығышты тік бағытта, ал ұлпа маңындағы дентин қабатында оны көлденең бағытта қозғайды. Өміршеңдігінен айырылған тіндер толығымен қатты және пигменттелмеген қалыпты дентинге дейін толық алыну керек. Тек қарқынды дамыған терең тісжегіні емдеген кезде ұлпаны ашып алмас үшін, қуыстың табанында жұмсарған немесе пигменттелген дентиннің жұқа қабатын қалдыруға болады (терең тісжегі кезінде). Болашақта емдік төсемдердің әсерінен жұмсарған дентин қабаты қайта минералдануға ұшырайды.

Үшінші кезең – тісжегі қуысына белгілі-бір оңтайлы пішін беру. Осы кезеңді орындау кезінде қойылатын мақсат – тісжегі қуысын егеп-тазалай отырып, оған шартты талаптарға сай келетін пішін беріп, пломбының қуыс қабырғаларына жақсы бекіп, ұзақ тұруына ыңғайлы жағдай туғызу. Бұл кезеңді орындау ерекшеліктері тісжегі қуыстарының орналасу ерекшеліктеріне, көлеміне, патологиялық үрдістің даму жылдамдығына, тісжегі қуысына қойылатын пломбылық материалдардың физико-химиялық қасиетіне байланысты. Әртүрлі пломбылық материалдардың тіс тіндеріне жабысу қасиеттері бірдей емес. Егер шайнау қысымының күші пломбының жабысу күшінен жоғары болса, дұрыс пішін берілмеген тісжегі қуысынан шайнау қимылы пломбыны итеріп шығарады. Бұл кезеңді орындау үшін әртүрлі көлемді және пішінді борлар, көбінесе табанын тегістеуге керіконусқа, цилиндрге ұқсас борлар, қабырғаларын өңдеуге конусқа және цилиндрге ұқсас немесе фиссурлы борлар қолданылады.

Төртінші кезең – тісжегі қуысының жиегін тегістеу немесе кіреуке жиегін өңдеу. Тісжегін қуысын ашу кезінде металдан жасалған борларды қолданған кезде кіреуке призмаларының сынуы нәтижесінде кіреуке жиегі ойлы-қырлы болып қалады және әртүрлі тереңдікте саңылаулар пайда болады. Мұның өзі пломбылық материалдың тісжегі қуысының жиегіне жабысуын (краевое прилегание) нашарлатып, екіншілік тісжегінің дамуына жағдай туғызады. Пломбының тұрақтылығын арттыру және жиектік жанасуын (краевое прилегание) жақсарту үшін кіреуке жиегін карборунд тастармен, өте ұсақ алмас үгінділерімен жабылған, қатты құймадан жасалған карбид-вольфрамды борлармен және финирлермен мұқият тегістейді. Қажет болған жағдайда (металқұрамды материалдармен пломбылайтын жағдайда, ерін жақ қабырғалары бұзылған ІІІ және IV кластық тісжегі қуыстары бар алдыңғы тістерді композиттердің көмегімен қалпына келтіргенде) қуыстың жиегін тегістей отырып, кіреукені 45º бұрыш жасай отырып, қиып тастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру