«Дін, саясат және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелге



Дата11.04.2017
өлшемі335.5 Kb.
#7493
2011 жылдың 31 тамызы күні облыстық жас көшбасшылар мен студенттік жастар ұйымдары жетекшілерінің, «Нұр Отан» Халықтық – Демократиялық партиясының, дін өкілдерінің және еңбек ардагерлерінің қатысуымен жастар арасында рухани келісімді нығайту мақсатында «Дін, саясат және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» Халықтық – Демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.А. Шыныбеков төрағалық етті. Университет атынан аталмыш дөңгелек үстелге тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім жетекшісі М.И.Исатаев қатысып, оқу ордамыздағы студент жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен іс-шараларын атап өтті. Жастар қоғамдық бірлестіктері мен жас көшбасшылардың тарапынан осы тақырыптағы ой-пікірлер айтылып, ұсыныс-тілектері жолданды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде барлық қатысушылардың тарапынан арнайы үндеу қабылданды.

2011 жылдың 7 қыркүйегінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттік жатақханасының тұрғындарымен арнайы жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу, деструктивтік діни ағымдардан қорғау, алдын-алу мәселесі бойынша және университет жатақханасының ішкі тәртіп ережелері қаралды.

Жиналыс ұл балаларға және қыз балаларға арналып, екі жерде оздырылды. Жиынға университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім қызметкерлері, БҚО дін істер департаментінің маманы Ғ. Мажиев, БҚО Ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің бастығы Б.М. Хайруллин, «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі Л. Шағатай қатысты.




Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Т.М. Даришева студентерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық жоспарына сәйкес студенттерге рухани, толеранттылық бағытта тәрбие беру мақсатында аталмыш жиналыстың ұйымдастырылып отырғандығын және университеттің ішкі тәртіп ережелеріне сай білім алушылардың дұрыс жетіліп, дамуына арналған тәрбие жұмысының бағыттарын түсіндіріп, арнайы шақырылған қонақтарды таныстырып өтті.

БҚО дін істері департаментінің маманы Ғ. Мажиев – Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында діни экстримистік бағыттағы адамдардың ұсталғандығын, солардың көпшілігі 17-18 жастағы жастар екендігін атап көрсетті. Сонымен қатар өз болашағына балта шапқан жастардың өмірінен мысалдар келтірді. Республикада орын алып жатқан қыздардың қара жамылып кетуі, оқудан шығуы, ата-анасынан теріс айналып кетуі дұрыс еместігін, Батыс Қазақстан облысы Республика бойынша діни мәселе бойынша 4-ші орында тұрғанын және бұл жағдайдың қауіпті екенін анық айтты. Сөз соңында студенттердің біреудің қолындағы ойыншығына, ермегіне айналып кетпеулеріне тілегін білдірді.

«Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі Л. Шағатай студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, негізгі сұрақ бүгінгі қоғамдағы дін мәселесі екендігін айтты. «Секта», «джихат», «вахабит» ұғымдары туралы анықтамалар мен олардың негізгі қызметтері туралы ақпарат беріп, аталған діни ұйымдардан қорғанудың жолдарын көрсетті.



Тәрбие бөлімінің жетекшісі М.И. Исатаев әлемде секта және де өзге ұйымдардан басқа ғылым, мәдениет, қоғам өмірі сияқты ұғымдар бар екенін айтып, дәлел ретінде университеттің атақты түлектері мен оқу орнында ғылыммен, қоғамдық жұмыстармен, спортпен айналысып жүрген белсенді студенттерді үлгі етті.


Каталог: images -> stories -> downloads
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Ахмет ақҚали қабижанұлы қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихы
downloads -> 6М011600 География Магистратураға үміткерлердің билет сұрақтары
downloads -> Назар аударыңЫЗ!!! Бітіруші
downloads -> Әож 94(574. 1): 332 021(043) Қолжазба құқығында
downloads -> М.Өтемісов атындағы БҚму-нің Ғылыми Кеңесімен бекітілді «25» 02 2013ж
downloads -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді