Дидактикалық ойындар



бет3/6
Дата19.11.2021
өлшемі35.85 Kb.
1   2   3   4   5   6
«Тілші» ойынның шарты:

Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады. (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала)

- Мынау не?

- Мынау жеміс алма.

- Алма қандай?

- Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай)

«Құстардың атын ата»- ойын шарты:

Суреттегі құстардың атын ату.

«Тазалық бұйымдардың атын ата»- ойын шарты – тазалыққа жататын бұйымдарды атау.

Қазіргі уақытта ересек тобында өзім мына ойындарды қолданамын бұл ойын МАД топтарында қолдануға болады. Кіші топтарға қарағанда күрделі болып келеді.


«Мекенін тап»

Ойынның барысы:

Үй және жабайы жануарлар суретің біртіндеп ала отырып, немесе бірнеше балаға бөліп берілген суреттерді мекен жайларына орналастыру қажет. Мысалы: үй жануарларын жайлауға орналастыру. Ал жабайы жануарларды орманға орналастыру керек. Жаңылмай тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтап, жаңылысқан балаларға көмектесіп түсіндіру.
«Эстафета»

Ойынның мақсаты: Балалардың тілін және сөздік қорын жетілдіру.

Ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: Таяқша.

Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолында эстафеталық - таяқша болады. Жүргізуші бір ертегі кейіпкерінің атын айтып, қолындағы таяқшаны қасындағы балаға береді. Таяқшаны алған бала сол ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекет қимылына байланысты сөз айтып, келесі балаға тездетіп таяқшаны беруі тиіс. Жүргізуші қолына таяқша қайтып келгенде, ол жаңа сөздер айтып, басқа балаға беріп бастайды. Балалар сөз тауып айта алмаса, айып салынып ұпай беріледі. 3 айып салынған ұпай алғаннан кейін, ол бала ойыннан шығып қалады. Ойын соңында кімде айып салынған ұпайы аз болса, сол бала жеңімпаз аттанады. Мысалы: «ит» сөзі - үреді, жүгіреді, үй күзетеді т. б. «мысық» сөзі – ойнайды, тышқан аулайды т. б.
«Бағдаршам»

Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін және тілін дамыту. Ертегілер және ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: қызыл, жасыл түсті дөңгелектер және суреттер.

Ойын барысы: Балаларға екі қызыл және жасыл түсті дөңгелек береді. Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты сөздер айтады, бала сөздердің дұрыс атауын естісе, жасыл дөңгелекті көтереді.

Ал қате болса – қызыл түсті дөңгелекті көтереді. Содан кейін суреттерді көрсетіп, балалармен бірге әр сөзді қатты, жай және анық қайталап айтуы тиіс. Сөздер қай ертегіде кездесетіні туралы әңгімелеу.

Қыз Мала Тасқыр Сауырсақ

Мыз Зала Насқыр Тауырсақ

Тыз Бала Басқыр Бауырсақ

Шыз Кала Қасқыр Сауырсақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде