ДӘрістер №1 модуль 1Модуль

Loading...


Дата05.04.2020
өлшемі21.04 Kb.
ДӘРІСТЕР
1 модуль 1Модуль. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.

2.1. 1-дәріс тақырыбы: Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері. (2сағат)

Дәрістің жоспары:

1. Cауат ашу әдістемесі пәні туралы түсінік беру.

2. Cауат ашу әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері.

3. Cауат ашу әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.


Дәрістің қысқаша мазмұны: Бастауыш мектептерде сауат ашу әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс – тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі » – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу.

Пәннің міндеті – студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу жолдарын меңгерту. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерте отырып, оның ішкі құрылыс жүйесін, өзгерістерін талдауға жетілдіру. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсініктерін молайтып, қазақ тілінің сөздіктерімен жұмыс жасатудың ең оңай әдіс – тәсілдерін меңгерту.

Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі деген тұрғыда анықтама берілген./под ред. проф. Д.Н.Ушаков. «Толковый словарь русского языка» том 2,стр 199./ Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.Метод – халықаралық термин болып орныққан сөз.Метод – сөзбе – сөз алғанда жол, прием т.б.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» ғылымның бір сал䀰 Ѐде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс – тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Бастауышта сауат ашу әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты.



Дәрісті қорытындылау: Бастауыш сыныпта сауат ашу пәні, мақсаты мен міндеттері. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Бастауыш мектептерде сауат ашудың оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы. Бастауыш мектептерде сауат ашуға қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптар. Сауат ашу әдістемесі – ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым екендігі. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал;

2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жататындығы туралы түсіндіру.



Бақылау сұрақтары:

1.Cауат ашу әдістемесі пәнінің маңызы неде?

2. Cауат ашу әдістемесін түсіндір

3. Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдары



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений-

Семипалатинск, 2006

2 . Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984

8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985

9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959

10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991

11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004

12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-« Ұлт тағылымы» журналы №2/2006, 59-б




2.1 2-дәріс тақырыбы: Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар. (2сағат)
Cауат ашу әдістемесі пәнінің ұстанымдары.

2. Дайындық кезеңін оқыту.

3. Әліппе кезеңінің оқу-тәрбие міндеттері.

4. Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері.




Дәрістің қысқаша мазмұны: Сауат ашу пәні бойынша стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды және "Сауат ашу" пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелері:

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне қарамастан, "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың жалпы білімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде,

- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде,

- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында пән бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында,

- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында "Сауат ашу" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,

- білім саласындағы орталық жөне жергілікті атқару органдарында "Сауат ашу" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылуы және сақталынуы міндетті.

Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Сауат ашу" пәні бойыпша осы стандарт мектептің бастауыш сатысындағы базистік оқу жоспарымен білім беру ұйымларының типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.

4.1 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты

"Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру: байланыстырып сөйлеуге үйрету; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

4.2 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты міндеттері: Әліппеге дейінгі кезең: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Әліппе кезеңі: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Әліппеден кейінгі кезең: оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.

4.3 "Сауат ашу" пәнінің зерттеу объектілері Интеграцияланған (оқу, жазу) мазмұндағы "Сауат ашу" пәні - ана тілінің байлығын меңгертудегі алғашқы саты, "Филология" білім саласына кіретін пән. "Сауат ашу" пәнінің оқыту аясы:

- қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі;

- қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;

- балалар көркем әдебиеті шығармалары.
3-дәріс


  1. Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қолданылатын әдіс-тәсілдер.

  2. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері.

  3. .Әңгімеде қолданылатын әдіс-тәсілдер:



Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.

Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді.

Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыджүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.

Баланың алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.

Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінің тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.

Сондай пәндердің бірі алты жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.



Дәрісті қорытындылау:

Сауат ашу әдістемесі пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдермен таныстыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін қалай пайдалануға болады (психологиядан алған білімдеріңмен ұштастырып айтып беріңдер)?

  2. Бірінші сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауын қалай тәрбиелеу керек.

  3. Сабақты түсінікті болуын қамтамасыз ететін негізгі талаптар қандай.

  4. Оқыта отырып тәрбиелеу, дамыту дегенге қалай түсінесіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...