Дәріс Урбоэкология: қаладағы адам экологиясының мәселелері



бет5/6
Дата11.04.2022
өлшемі24.62 Kb.
#220064
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 5 (копия)

Қалалық кеңістік. Қала өзімен бірге барлық қала тұрғындары үшін макро ортаны құрайды, дегенмен әрбір қала тұрғынына барлық қалалық макро ортаның әсері болмауы мүмкін, ал белгілі тарихи уақытта қала кеңістігіндегі микро ортаға бейімделеді (локальды антропоэкожүйе, ортақ қалалық антропоэкожүйенің бөлігін құрайтын).

Адамның «мекен ету аймағы» түсінігіне қазіргі уақытта тұратын орны, тұратын үйден3-4 квартал асқанда (дүкен, дәріхана, аурухана, кинотеатр) мәдени-тұрмыстық қызмет ауданы, үйден жұмысына және керісінше жиі жүретін жолы кіреді. Ереже іспетті, жастарда миграциондық жол кеңдеу болады және балалар мен қарттарда азкеледі.

Жеке өмірлік циклды қалыптастыру үрдісінде (күндік, апталық, жылдық т.с.с.) адам әрқашан қарапайым бағытпен қозғалады. Мысалы, жұмыс күні уақытында ол шалғай жерде орналасқан үйден қаланың орталығында орналасқан жұмыс орнына қарай бағыт алады, ал жұмыстан соң – қаланың орталық бөлігінде азық-түлік алуға немесе театрға соғады, содан кейін оның жолы тағы да өз үйіне бағытталады және т.б.

Өмір сүру аймағы адам өмірінде әртүрлі архитектуралық-жоспарлы іс әрекетпен, тұрғын үйдің техникалық құралдары мен әлеуметтік ұйымдастырылу жүзеге асып, жақсы шарттарды қалыптастырукерек.

Қалалық өмірде макро және микро деңгейде әртүрлі ортаны атап көрсетуге болады:


  • әлеуметтік орта микроорта ретінде – көптеген әлеуметтік-аймақтық топтар, олардың ерекшелігі және олардың көшеде, қоғамдық ортада, көлікте өздерін ұстауы, микроорта ретінде – шағын топтардың және ұжымдардың еңбек етуі, тұрмыста, бос уақытта, қоғамдық саясиөмірі;

  • материалдық-заттық орта макродеңгейде – қалалық инфрақұрылым, қаланың ландшафты-архитектуралық бейнесі және микродеңгейде – ішкі көрінісі, заттар,киімдер;

  • әлеуметтік-мәдени ортада макродеңгейде, жаппай ақпарат құралдары мен жарнамалардан туындайтын, сонымен қатар мәдениет мекемелерімен (қауым, радио, теледидар, қалалық жарнама, кино, театр, музей және т.с.с) және микродеңгейде ақпарат пен жарнама құралдарынан туындайтын, сонымен қатар ұжымдағы жеке шығармашылық ұйымдардан (таралымы аз баспа, қабырға газеттері, үйірмелер және радиохабар құрылғыларыт.б.)

Әлеуметтік мәдени топтардың әртүрлілігі үлкен қалада өзіңді тұлға ретінде белгілі бір орын іздеу кезінде қиындық тудырады. Қаланың тұрғыны ол бір мезгілде біртұтас кіші және үлкен әлеуметтік топтағы адам (ол отбасы мүшесі, кәсіпкерлік немесе студенттік ұжым, спорттық топтар, бейбіт компаниялар, қоғамдық ұйымдар немесе политикалық партиялар және т.б.). Бұл топтар мен бірлестіктердегі мінез құлық нормалары мен іскерліктер әртүрлі, сондықтан бір топтан екінші топқа ауысу адам үшін бір нормативтік жүйеден екіншісіне ауысу, іскерлік пен мінез құлықтың қағидаттарын өзгерту қажеттілігін білдіреді. Сонымен қатар, жеке қиындық тудыратын белгілі бір келіспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Олармен күресу үшін, адамның өзіндік ұйымдастыру деңгейі жоғары болуықажет.

Ірі қала жағдайында адамдар арасында өзара қарым қатынас жүріп жатады. Заманауи әлеуметтік өмірдің жүйесі мен өндірісті ұйымдастыру соншалық,адамдар осы жүйе шеңберінде басқа адамдармен әртүрлі қарым қатынас пен байланысқа түсетіндей етіп ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ол осы қарым қатынасты тоқтатуға немесе өзгертуге шамасы жоқ. Мысалы, қызмет көрсету саласы қызметкерлерінде медициналық қызметкермен әлсін әлсін қарым қатынас әрдайым болып тұрады. Кейбір қарым қатынасты адам өмір ағымында өзгертеді мұғаліммен және тәрбиешімен, мекемелер мен кәсіпорындардың жетекшілерімен, әріптестерімен, кейбіреуі тұрақты отбасылық қарым қатынасты, достық қарым қатынасты өзгертеді. Осындай қарым қатынасты қолдау мен өзгерту проблемалық жағдайларды тудырады, қарым қатынас жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың әлеуметтік статусының өзгеруімен жәнет.б.

Қала тұрғындары үшін психологиялық проблемалардың негізгі көзі қала шеңберіндегі халықтың тығыз орналасуы болып табылады. Еңбектің кеңістіктік жағдайы технологиялық қажеттіліктердің бір жағдайда және қалыптасқан дәстүрде мынадай, тар шекаралардың бір шама аздаған уақыттың үлкен санын жинақтайды. Сонымен қатар, адамдар арасында күрделі байланыстар мен қарым қатынастар қалыптасады. Олардың қолдауы менөзгеруі,

келіспеушіліктердің пайда болуы адамдардың уақыты мен күшінің кетуі, осы проблемалардың күрделілігіне байланысты болып келеді.

Заманауи қалалық сферада адамның қанағаттанушылығы мен жеке демалысының қаралмауы жағдайды қиындата түседі. Бұл қатынастағы проблемалық жағдаяттар транспортта, көшеде, үлкен қалада, жұмыс жерінде, тұрғын үй жағдайы және демалу орны болып табылады. Үйлерді, квартираларды жобалау тұрғындардың өзара қарым қатынастарын талап етеді. Демалыс орындарды оқшаулануды есепке алмайды. Олар негізінен жаппай демалуға бағытталған.

Осылайша, кеңістікті қозғалыс пен халықтың үлкен қалада тығыз орналасуы адамдардың психологиялық қысымын арттырып, олардың көбірек қарым қатынасқа түсуін мәжбүрлейді.

Үлкен қала тұрғындарында қарым қатынас жасау үшін уақыттары өте аз болады. Сондықтан адамдар осы жағдаяттар жеке, тұлға аралық қиындық тудырмау үшін, қысқа мерзім ішінде қарым-қатынасты құруды, қолдауда және тоқтатуда шеберлікті қажет етеді.

Қалалық өмірдің әлеуметтік мәдени деңгейі мынаған алып келді, өткен қарым қатынастағы стериотиптер өзінің қарапайымдылығын жоғалтты, ал жаңалар болса әлі қалыптаспады. Заманауи қарым қатынастың бір түрі ол рольдік қарым қатынас. Ол тиімді, информациялық, тез арада шешім қабылдауға әсер етеді, бірақ эмоциялық қарым қатынасқа, сезімдерін қалыптастыруға орын жоқ.

Қала халқының денсаулығы. Ең негізгі қалалық антропосистема қоғамдық денсаулығының жағдайына тәуелді. Ол санитарлық демографиялық параметрлермен сипатталады (өмір ұзақтығымен, стандарттық өлім коэффициентімен, сол қатарда балалардың, аурулардың, инвалидтардың, т.б.). Қоғамдық денсаулықтың функциялары мәдени дәстүрлердің ұзақтығына байланысты, адамның заманауи жағдайларда адаптация жасау деңгейі, оның тәрбиесі мен кәсіптік оқыту, шығармашылық еңбектің өзгешелігі және т.б. Қоғамдық денсаулықтың фундаментальды қызметтерінің ішіне мыналарды жатқызуға болады:


  • Ұрпақтыңтууы;

  • Әртүрлі қоғамдық сферадаға адамдардың нақтыеңбегі;

  • Тәрбие мен келер ұрпақтыңбілімділігі;

  • Сақтау және қоршаған ортаның жақсаруы;

  • Отанды қорғау.

Қаладағы жоғары дәрежелік функциясы ұрпақтың тууына, әсіресе қоршаған ортаның ластануының жағдайында, генетикалық ақаулардың жоғарылауына, ауруларға, сонымен қатар отбасы институтына және т.б. қоғамдық денсаулыққа кері әсеріне алып келеді. Сонымен қатар, ол ұрпақтың қалыпты әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, жемісті еңбек ету мүмкіндігін төмендетеді.

Әсіресе, өндірісі дамыған үлкен қаладағы жағдай мүшкіл.Байқалған жайттар:



  • Ауаның, судың, жердің, тамақтың химиялықластануы;

  • Қала құрылысында сапасыз құрылыс материалдарын жасанды пайдалану және басқа дакемшіліктер;

  • Зиянды қуаттықсәулелер;

  • Геопатогендік аймақтар және т.б.

Зиянды факторлар мен концентрацияларды шамадан тыс ұзақ уақыт пайдалану олардың патогенттік әсері қаупін ұлғайтады. Шамадан тыс асырған сайын осы факторлардың кері әсері жоғарылайды. Сонымен, зиянды заттардан тұратын, КРА-ды 3-5 рет асыратын суды ішіп немесе пайдаланса, ол 1-2 ай ішінде тұрғылықты халықта уланудың бастапқы нышандарының пайда болуына апарады. Егер де су концентрациясы КРА-ды 10 ретке жоғарылататын улы заттардан құралса, онда 2-4 апта ішінде тұрғылықты халықтың бір бөлігінде уланудың бастапқы нышандарының пайда болуы басталады. Зиянды заттардың концентрациясы КРА – ды 100 ретке жоғарылататын суды пайдаланса, онда тұрғылықты халықта уланудың бастапқы нышандары бірнеше күннен-ақ байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан