Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


§ 2. Мотивацияның психологиялық теориялары



бет31/111
Дата21.11.2021
өлшемі1.03 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111
§ 2. Мотивацияның психологиялық теориялары

Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы талпыныстары антикалық дәуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы” трактатында жан функцияларының iшiнен “бiр нәрсеге” деген немесе “бiр нәрседен” адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi. Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды бөлiгi мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.

Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.

Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау” теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.

Екiншiсi- адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi “Автоматизм” теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нәтижесiнде пайда болып, кейiннен тiрi организмнiң сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тәуелсiз, жеке және философиялық iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.

ХIХғ. екiншi жартысы барлық ғылымдар саласы үшiн күрделi жаңалықтарға толы болды. Соның бiрi-×.Дарвиннiң “эволюциялық теориясы”. ×.Дарвин өз iлiмi арқылы осы уақытқа дейiн адам мен жануарды анатомиялық, физиологиялық, психологиялық тұрғыда өзара сиыспайтын екi үлкен топқа бөлiп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негiзделген көпiр орнатты. Ол алғаш рет осы екi тiрi жаратылысты жүрiс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бiр-бiрiне жақындастырып, әсiресе, қажеттiлiктер мен инстинктердiң эмоционалды-экспрессивтi түрде көрiнуiнде екеуiне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүрiс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны өсе түстi.

Жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде В.Келер, Э.Торндайк, адамдардағы инстинкттi зерттеуде З.Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл теорияларда бұрын қажеттiлiктердi тек жануар жүрiс-тұрысына тән деп есептесе, ендi оны адам жүрiс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттiлiктер түрiн анықтау басты орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретiнде органикалық қажеттiлiктер мен инстинктерiн сипаттады.

Бiздiң ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинкт” түсiнiгi неғұрлым әйгiлi түсiнiк болды. Осындай мәнi бойынша, биологиялық иррационалдық теориялардың бiрi-З.Фрейд пен У.Макдоуголл негiзiн салған “Инстинкттер теориясы” болды. Олар адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерiнiң себебiн тума инстинктерден iздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша мұндай инстинкттер саны үшеу; өмiр сүру, өлiм, агрессивтiлiк инстинктерi.

У.Макдауголл инстинктiнiң негiзгi санына қатысты ретпен белгiленген ұғымды кеңейтiп және он инстинктiден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыс, әуес, қашу, кезең, төбелесу, ата-аналық, жек көрушiлiк, өзiн кем тұту, өз-өзiн сендiру инстинктiсi. У.Макдауголл өзiнiң кейiнгi жұмысында негiзiнен органикалық қажеттiлiкке тиiстi тағы 8-инстинктiнi қосты. өсынылған инстинктер санының көбеюiне қарамастан, оның теориясының негiзi жануарлардың жүрiс-тұрысымен ұқсастықта қолданылды.

З.Фрейд бойынша, мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетедi, бұл жүрiс-тұрыстың психикалық себептiлiгiн бейнелейтiн оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компонентi бар: “Мен”- жеке адамның өзiндiк санасы. “Оно”- санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы-Мен” өмiр әрекетi барысында жеке адам санадан тыс игерген моральдық стандарттары, тыйымдары, ынталандырулары. Жеке адамның бағыттанған белсендiлiгi болып жоғарыда аталған компоненттердiң арасындағы қарама- қайшылықтардың нәтижесi табылады.

Мотивация механизмдерiн зерттеу бихевиористiк мектепте орталық орын алған. Мотивация мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде “драйв” деген арнайы түсiнiк енгiзiледi, яғни ол- адамды немесе жануарды белсендi болуға мәжбүр ететiн стимул немесе қозғаушы. Өзiнiң психологиялық мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай келедi.

Осы проблеманы необихевиористер К.Халл, Э.Толмен, Б.Скиннер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған S—R формуласының моделi аралық элементтер қатарымен толықтырылған. Бүл жерде сана жүрiс-тұрысты итермелеушi және реттеушi элемент ретiнде көрiнедi. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес, сонымен қатар, iшкi “қажеттiлiк” ретiнде қарастырылады.

Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегi психология ғылымындағы негiзгi психологиялық бағыттар немесе мектептердiң ғылыми зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.

Гештальт психологиясының өкiлi-К.Левиннiң “мотивацияның динамикасы теориясы. К.Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүрiс-тұрыста, кейiннен коллективтi жүрiс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өрiс” ұғымын “психологиялық кеңiстiк” ұғымымен сәйкестендiрдi. К.Левин концепциясы бойынша; адам жүрiс-тұрысының негiзгi қозғаушы күшi өмiрлiк психологиялық кеңiстiктегi адамдардың мотивтерiнiң iшкi шиеленiсi. К.Левин және Э.Толмен көзқарастары негiзiнде жүрiс-тұрыс екi өзгермелiден: а) бiр нәрсенi күту; б) мотивтерге айналатын құндылықтар ретiнде қарастырылады.

К.Левин бойынша, адам өз-өзiне берген тапсырмалар негiзiнде, “квази қажеттiлiктер” соны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, iс-әрекетте шынығатын, шиеленiстер жүйесiн шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгiзсе, онда бұл iс-әрекет тежеледi, шиеленiстiк қайта шынығуға әкелетiн, үзiлiп қалған iс-әрекетке қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделi теориялардың бiрi- американдық психологтар Д.Макклелланд, Д. Аткинсон және немiс психологы Хекхаузен ұсынған iс-әрекет түрлерiндегi “Табысқа жету мотивi”. И.Аткинсон және К.Берчтiң- ңаисторическая и афизиологическаяң мотивациялық теориялары.

ңҮшiншi күшң ретiнде танылған жеке тұлғаны зерттеудiң тағы бiр бағыты -ңөркендеу теориясың деп аталады. Бұл теорияны гуманистiк психология өкiлдерi А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетiлуге талпынуын, өз мүмкiндiгiн жүзеге асырылуын белгiледi.

А.Маслоудың мотивацияның ңтұлғалықң теориясы негiзiнде өз-өзiн актуализациялау концепциясы жасалған. Негiзгi еңбектерi ңМотивация и личностьң (1954, 1957) А.Маслоу осы уақытқа дейiн адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжiрибе жасау арқылы қол жеткiзуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша, әрбiр адамда өмiрге келген сәттен бастап, белгiлi бiр қажеттiлiктер жүйесi бiрге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлiнiп орналасқан. Қажеттiлiктердiң деңгейi неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмiр сүруi үшiн маңызы күрделiленiп, адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi ретiндегi маңызы артады. Осы төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттiлiктерi бой көрсете бастайды.


  • Физиологиялық қажеттiлiктер; (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас)

  • Қауiпсiздiк қажеттiлiктерi;(өзiн, сәтсiздiк, қорқыныш жағдайларынан қауiпсiз сезiну, өз-өзiн қорғау қажеттiлiгi),

  • Сүйiспеншiлiк және өзiн қабылдау қажеттiлiгi; (өзiнiң белгiлi бiр ортада қабылдануы, танылуы, ұнатуы сезiмдерiне бөлену қажеттiлiгi),

  • Өзiн құрмет тұтуға қажеттiлiк (өзiнiң қажеттiлiгiн сезiну, бiлiктiлiк, табысқа жету, құптау, жетiстiгiн мойындату).

  • Өзiн жүзеге асыруға немесе жетiлдiруге қажеттiлiк; (өз мақсатын, қабiлеттерiн жүзеге асыру, жеке тұлғасын дамыту).

Бұл теория бойынша, ең маңыздысы- өз-өзiн актуализациялауға деген қажеттiлiк. Қажеттiлiктердiң иерархиялық жүйесi бастапқы мотивацияның -өзiн-өзi актуализациялауды жүзеге асыруға бағытталған. Өзiн-өзi актуализациялау олар арқылы адамның даралылығының қалыптасуы үшiн бастапқы мотивациялық негiз ретiнде анықталады. Өзiн-өзi актуализациялаудағы қажеттiлiк негiзiнде, адамда белгiлi бiр жеке адамдық қасиеттердiң жиынтығын дамытуға мүмкiндiк беретiн мотивацияның ерекше типi қалыптасады. Жүрiс-тұрыс қажеттiлiктер мен қабiлеттерге тәуелдi және iшкi, сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

ХХғ. 2-шi жартысында адам жүрiс-тұрысының мотивациясын түсiндiруде “әлеуметтiк қажеттiлiктер” мен “гуманистiк” теорияларының маңызы зор болды. Оның өкiлдерi Д.Аткинсон, Ю.Роттер, Г.Хекхаузен, Г.Маррей Г.Келли, А.Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерiн қарастырғанымен олардың келген тұжырымдары мен жасаған қорытындыларының бәрiне бiрдей ортақ жақтары бар. Олар:



  • Адам және жануар жүрiс-тұрысын бiрдей түсiндiретiн бiртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкiн еместiгiн мойындау;

  • Адамның мотивациялық қозғаушы күшi тек iшкi шиеленiсу деңгейiмен сипатталмайтындығына сендiру;

  • Адам мотивациясының қозғаушы күшi оның белсендiлiк принципiнiң негiзiнде адам психологиясына байланысты екенiн бекiту;

  • Адам жүрiс-тұрысының сана арқылы реттелiп отыратындығы;

  • Адам мотивациясына ғана тән ерекшелiктердi (әлеуметтiк қажеттiлiктер, мотив, өмiрлiк мақсат, танымдық фактор) бөлiп шығару;

  • Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшiн жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдiстердi терiске шығару;

  • Адам мотивациясын зерттеуге арналған әдiстердi iздеу және оны санамен, тiлмен байланыстыра отырып жүргiзу.

Мотивацияның адам жүрiс-тұрысын түсiндiрудегi жаңа психологиялық концепциялары арасында адам бiлiмi мен санасына ерекше маңызды орын беретiн мотивацияның когнитивтi теориялары жоғары орын алады. Iс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерiнен ғана емес, сонымен бiрге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкiн.

Осы кезде дүниеге келген қазiргi кезге дейiн адам жүрiс-тұрысын түсiндiруде көп қолданылатын теориялардың бiрi-“Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория бойынша, негiзгi мәселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты феномендерге тiкелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негiзгi ұғымдары- когнитивтi диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшiн құндылығы, сәтсiздiкке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейi. Бұлар бiр-бiрiмен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестiкте болатын мотивациялық феномендер. Бұл факторға алғашқылардың бiрi болып көңiл аударған- “Когнитивтi диссонанс” теоориясының негiзiн салушы Л.Фестингердiң мотивации теориясы әлеуметтiк психология мен биология негiзiнде қалыптасқан. Негiзгi еңбектерi-ңТеория когнитивного диссонансаң(1958), Оның пiкiрiнше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзi туралы бiлiмдер жүйесi өзара келiсiмге ұмтылады. Өзара келiспеушiлiк немесе диссбаланс орнаған жағдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.

Бұл теория бойынша, адамда өзi қабылдаған шешiмiне маңызды құндылық беру және осы таңдауының жалғыз дұрыс шешiм екендiгiн ақтайтын психологиялық қорғаныс жүйесi жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қабылданбаған шешiмдi жоққа шығаруға, жарамсыздығын дәлелдеуге қосымша фактiлер iздеп, сол арқылы өз шешiмiнiң дұрыстығына көңiл қояды. Когнитивтi диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек адам өзiн келiспеушiлiктiң негiзгi себепшiсi ретiнде түсiнiп, өзiн тiкелей жауапты сезiнiп, уайымдағанда пайда болады.

Отандық психология ғылымында А.Н.Леонтьевтiң “Адам мотивациясының iс-әрекеттiк тегi” теориясының маңызы зор. Бұл теория адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегiн түсiндiруге бағытталған.

Психиканың даму анализi, адам санасының генезистегi қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейдi, ңадам өзiнiң жеке адам ретiнде қалыптасуының психикалық көрiнiсiн өзiнiң мотивациялық сферасының дамуынан табадың. Мотивация 2 топ мотивтерден құралады, мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-шi топ мотивтер iс-әрекеттiң жеке адамдық мағынасын анықтайды. 2-шi топ мотивтерi де iс-әрекеттi себептендiредi, оның орындалуының стимулдары ретiнде көрiнедi.

А.Н.Леонтьев бойынша iс-әрекет схемасы, қажеттiлiк -мақсат, таңдау- қажеттiлiктiң қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттiлiктi туғызатын iс-әрекет мотивiнiң пайда болуының қажеттi шарты ретiнде анықталады.

А.Н.Леонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшелiктерi сияқты өзiнiң практикалық iс-әрекетiнен басталады. Адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi осы iс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттiлiктерiмен сипатталады. Бұл теория бойынша, iс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестiлiкке негiзделедi. Адамның мотивациялық сферасында болатын динамикалық өзгерiстер өз кезегiнде қоғамның объективтi заңдарына бағынатын iс-әрекет жүйесiнiң даму бағытына байланысты.

Отандық психология ғылымында мотивация мәселесiмен айналысқан ғалымдардың теорияларына жасалынған мотивация механизмiнiң үлгiлерiн талдау бiзге келесiдей қорытындыларды жасауға мүмкiндiк бередi:



  • Барлық үлгiлер, мотивацияны жеке адам белсендiлiгiнiң қайнар көзi ретiнде, iс-әрекеттiң қандайда бiр механизмi ретiнде анықтайды.

  • Келтiрiлген үлгiлердi құрылымына байланысты 2 топқа ажыратуға болады, моноқұрылымдық (бiрқұрылымдық) және полиқұрылымдық (көп құрылымдық).

  • Аталған үлгiлердiң көбiсi 2-деңгейден құралған: 1 деңгей -төменгi органикалық физиологиялық, яғни байланыс индивидтiң өмiрлiк қоғамдық маңызды себептенiп, саналы түрде жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік