Дәріс сабақтарының мазмұны 1-2-сабақ. Мектептегі педагогикалық -психологиялық кеңес беру мен педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары (2 сағат)

Loading...


Дата18.10.2020
өлшемі159.5 Kb.
Дәріс сабақтарының мазмұны
1-2-сабақ. Мектептегі педагогикалық -психологиялық кеңес беру мен педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары (2 сағат).

1. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру іс-әрекетіне жалпы сипаттама.

2. Педагог-психологтың кеңес беру қызметі.

3. Педагог-психологтың кеңес берудің жүргізілу міндеттерінің құрылымы.
Дәрістің мақсаты: Педагог-психолог маманның қазіргі таңдағы орнымен таныстыру.
Тірек сөздер: кеңес беру, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, кеңес беру іс-әрекеті, психодиагностика, психодиагностиканың нәтижесі, психокоррекция, психотерапия, әлеуметтік-психологиялық кеңес, кеңес беру іс-әрекетінің жүргізілу жағдайы.


  1. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру іс-әрекетіне жалпы сипаттама.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен.

Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.

Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.

Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.

Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.


  1. Педагог-психологтың кеңес беру қызметі.

Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену мүмкіндік терін көре білу, өз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б.

Біз құрып отырған қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени,

Шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді. Педагог-психолог – отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер, өз ісіне жауапты маман.

Мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері:


  • жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;

  • писхологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;

  • .мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуаоды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді; оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;

  • педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің, сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;

  • мектептегі психология бөлмесінқұруды және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады;

    • мектептегі писхологиялық қызметтің писхологиялық-

педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын қатаң түрде жүзеге асырады.

Мектеп психологы: жалпы, орта және кәсіптіс білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.

Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.

Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп психологының тікелей міндеттері.

Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық нормаларын бала бойына сіңіре біледі.

Педагог бала бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра білетін іс-әрекеті



    • баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

    • пәнге терең қызығушылығын арттыру;

    • оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;

    • оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

    • жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;

    • білім базасын арттыру;

    • пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану.

  • педагог; психолог; тәрбиеші; ақылшы; қамқоршы; жетекші;

    • мейірімді жан.

Ал, Педагог-психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет.

Педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сипатына негізінен педагогикалық ұжымда қалыптасқан моральді-психологиялық хал-ахуалы әсер етеді. Мұғалімнің өз әріптестерімен мектеп әкімшілігімен іскерлік, тату байланыстары бүкіл мұғалімдер ұжымының өз оқушылары мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасауында тәрбиелік ықпалының біртіндеп және бірыңғай бағыт алушылығын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Көрнекті психолог, профессор С.М.Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды.

Педагог-психолог мамандығына талдау жасағанда, мектептегі кәсіби қатынас мәдениетінің төмен екекнін көрсетеді. Мұнда ең аз дегенде үш себеп айтуға болады:



  1. Мұғалім оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынасқа көп көңіл бөлмейді және оны ұйымдастыруды ойламайды.

  2. Мұғалім практикалық жұмысында адам психикасына көз жұма қарайды.

  3. Әр мұғалімнің өзінің ортадағы кәсіби мәдениетінің жоғарылауына мән бермейді.

Үш мәселеде мынадай педагогикалық ситуацияда кездеседі:

  1. Сабақта материалдарды қандай мөлшерде және қалай жеткізу;

  2. Уақтылы оқу бағдарламасын орындау;

  3. Қайталауға және сабақты қорытындылауға қандай материалдар беру.

Мұғалім сабақ жүргізу барысында көп сөйлемейтін балалардың сенімділігін арттыру, белсенді балалардың белсенділігін түсірмеуді жоспарлайды.

Педагог-психологтар тек мектепте ғана емес, қоғамдағы түрлі мекемелерде де жетекші қызметтер атқарады.


3. Педагог-психологтың кеңес беру іс-әрекетін құжаттандыру мен уақытын бөлу.

Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:



  1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,

ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

  1. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,

ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

  1. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,

әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.

  1. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие

мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

  1. Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар

мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.

Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.

Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.

2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады.

3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.

4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:

- жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;

- балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;

- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;

- баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.

Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық жақтары жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы мамандармен тартылады.

Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.

Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек .

Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі.



Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.

Маманның кәсіби құзіреттілік мєселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.



Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.

Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық жєне практикалық жањалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

Н.С.Розовтың пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:

- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;

- проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

- коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның жєне адамның осындай жағдайда қатысын жєне өзара ықпал жасауға тиісті мєдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тєрбиешінің тұлғалық шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.

Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оның мазмұны толықтырылып отырған.

Мектептегі педагог–психолог оқушылармен төмендегідей жұмыстар атқара алады:


  • оқу әдебиеттерімен жұмыс;

  • қосымша әдебиеттермен жұмыс;

  • сөздіктер мен энциклопедияларды еркін бағдарлау;

  • библиографиялармен жұмыс істеу;

  • коллоквиум мен семинарларда өз көзқарасын білдіру;

  • конспектілеу, тезистер құрастыру, аннотациялар жасау, шығармалар, рефераттар, пікірлер жазу;

  • көрнекіліктер дайындау т.б.

Практикалық сабақтарда;

  • теориялық материалдарды меңгеру;

  • құбылыстың мәнін анықтауда, оның үлгісін құру;

  • өз іс-әрекетіне міндеттер қою;

  • оқытылған материалдарды тәжірибеде қолдануға дағдыландыру;

  • іс-әрекетті жүргізу барысында,құбылыстың дамуын анықтау, оның себебін табу;

  • дағдыландыру және үйретудің аргументті дамуы,сонымен бірге қарастырылған ережелерді негіздеу;

Тәжірибелік сабақтар;

  • зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсіби іскерлікпен зерттеу;

  • қарастырылып отырған теорияның, пәндік мәнін анықтау;

  • математикалық тәжірибелерді сұрыптау және оны есептей білу дағдысын

қалыптастыру;

  • өңдеу техникасы және әртүрлі техникалық құрылғылармен жұмыс істеу

дағдысын қалыптастыру;

Кәсіп – адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.

Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі.

Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі.

Қазір ғылыми тілде мұғалім жєне педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.

Білім-жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады.

Кәсіп-мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол университетте, институтта, кәсіби техникалық колледждерде, гимназиялар мен жалпы мектептерде беріледі.Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет.

Іскерлік –оқу,білім,кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.

Іс-әрекет- әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады.Бұл үрдістің орындалу ,игерілуі керек.

Игеру-қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру,қолданудан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Білімнің түрлеріне келер болсақ жалпы, арнайы, кәсіби, техникалық болып бөлінеді. Білім алу үшін кәсіп, мамандық таңдау,оқитын оқу орныңызды таңдауыңыз керек. Таңдаған кәсібіңізге іскерлік таныту үшін оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, дағды,білік т.б қажет. Іс-әрекетті игеру, ұғыну, жүзеге асыру, танымдық қызығушылықтың туындауынан қалыптасады.



Нәтиже-білімді тәрбиелі оқушы тұлғасын қалыптастыру

Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Жіктеу:

Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:


    • ақпараттық (ақпарат беру);

    • дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);

- мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);

- қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);

- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);

- ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);

- зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);

Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:



- ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);

- тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);

- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);

- коррекциялау (қайта түзету);

- диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу).

- психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау).

Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева, А.А.Леонтьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б. педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған.



Педагогикалық қарым-қатынас– қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.

Кан-Калик былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынас – тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы».



Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Жалпы псхология В.В.Богословский, А.А. Степанов, А.Г. Ковалев, редакциясымен. 2-басылымынан қазақ тіліне аударылған. Алматы.:1980

2. Актуальные психолого-педагогические проблемы обучения и воспитания. Тезисный доклад конференции… - Рига –АГУ- 1979.с17

3. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.,”Политиздат”, 1975г. с304

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология. –Алматы, 1993- 272 б.

Қосымша:

1. Ананьев Б.Г. Позновательные потребности интересов // Ленинградский гос. Университет-1959.

2. Психологиялық қызмет көрсету // Мектептегі психология, 2006, №2, 27-бет.

3. Есаулова М.Б., Лобанова Н.Н. Самоанализ профессиональной педагогической деятельности. - СПб. 1999

4. Поляков В.А. Технология карьеры. – М., 1995.

5. Рогов Е.И. Личность учителя: теория и практика. – Ростов-на-Дону. 1996.

6. Сорина Н. Необходимый имидж. – М., 1999.

7. Радионова Н.Ф. Взаимодействие педагогов и старших школьников. - Л., 1989

1 СОӨЖ тапсырмасы. Төмендегі «Мектеп педагог-психолог қызметі» модель бойынша дәріс мәтінін құрастырыңыз).
3-4-сабақ. Психолог-педагог пен оқушы арақтынасындағы сенімділікті құру (вербалды және вербалды емес тәсілмен) жолдары –( 2сағат)


  1. Саналылық пен бейсаналылық сенім.

  2. Іштей тәжірибені өңдеу тәсілі: аудиалдық, визуалдық, кинестетикалық.


Дәрістің мақсаты: Педагог-психолог маманның қазіргі таңдағы орнымен таныстыру.
Тірек сөздер:

5-6-сабақ. Әлеуметтік психологияның тәжірибелік негізгі бағыттарын қолдану үрдісіндегі психологиялық -психологиялық кеңес беру (2 сағат).


Дәрістің мақсаты: Педагогикалық-психологиялық кеңес беру түрлерінің мәнін ашу.

Жоспары:

1. Әлеуметтік психологияның тәжірибелік бағыттары мен тәсілдеріне қысқаша шолу, әлеуметтік-психологиялық кеңес берудің іске асырылуы.

2. Классикалық психоанализ жасау. Психоанализдің қолданылу техникасы. Логотерапия.

3. Франклудің өмір туралы ойлары мен ізденістері. (Э. Берн) стереотиптер және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы. Гештальттерапия. Перлза. Арттерапия.

Психологиялық кеңес беру - тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Бұнда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады. Психологиялық кеңес берудің мазмұны- педагог-психолог өзінің кәсіптік-ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша тексеріледі:

1. Педагог- психолог өте байқампаз болуы қажет. Клиентті тоқтатып, маңызды ақпараттарды сараптайды;

2. Педагог- психологтың іс-әрекеті құрастырмалы. Ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады;

3.Клиенттің жауабы педагог- психологтың айтқандарымен сәйкес;

4. Педагог- психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету енгізеді;

5. Педагог- психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар;

Психологиялық кеңес берудің мақсаты- клиентке проблеманы түсіндіру және оны шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбіне педагог-психологтың клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде. Кеңес беру процесінде мына тапсырмалар шешіледі:

1. Клиентті оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттандыру;

2. Жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы;

3. Клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарту;

4. Тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау;

Педагог-психолог сиуцидтермен әңгімелесіп, кеңес беру кезінде сауысқандай сақ болу керектігін, әлденелер оның онсыз да «апатты жағдайда» тұрған көңіліне зақым келтіруі мүмкін екендігін ескеруі керек. Ескере отырып, ол көмекті қажет етіп отырған әрбір суицидке психологиялық қолдау көрсетуге тырысуы абзал. Осы орайда айта кету қажет, педагог-психологтың кеңес беруі жалпы екі сипатта жүреді: даралық және топтық.Топтық кеңес беру көбіне адамдар арасындағы қарым- қатынасқа байланысты туындайтын қиыншылықтарда жүзеге асырылады. Ал, өз- өзін өлтірушілерге байланысты мәселе төңірегінде кеңес беру жеке даралық формада өткізілуі тиіс. Себебі, олар өздерінің жандарына батып жүрген қайғыларын, сезімдерін, үмітсіздікті, өзінің тіршілігінің мәнін жоғалтқанын және т.б. айтуды қалап келеді. Сондықтан педагог-психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, оны өзі туралы ақпараттардың шүбәсіз құпия сақталатынына сендіре отырып, суицидтің әбден ойындағысын айтып қалуға, психикалық ширығуын босатуға барынша мүмкіндік береді.


7-8-сабақ. Педагогикалық -психологиялық кеңес беру тәсілдері мен әдістерін талдау (2 сағат).

Жоспары:

1. Диагносткалық әңгіме кеңес беру этаптарының қортындысы ретінде.

2. Диагностикалық әңгімелесудің өзің туралы негізгі тәсілдерін айт. В.В. Столиннің тұжырымдауы бойынша кленттің ойланбастан мазасызданып айтқан әңгімесінің түрлерін талда.

Нағыз педагог-психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын – күрескер болуы керек. Өйткені ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек тететін тұлға.



Мақсаты:

  • бейімділік

  • ойлау

  • зейін тұрақтандыру

  • тілдік таңбаларды дұрыс қолдану

  • сөздік қорын байыту

Тәрбиелік:

  • адамгершілік

  • еңбексүйгіш

  • эстетикалық

  • ұйымшылдық

  • патриоттық

Дамытушылық:

  • қабілетін

  • тіл байлығын

  • өз бетінше жұмыс істеуін

  • ізденімпаздық

  • қорытынды жасауға үйрету.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.

Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.

Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.

Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы) немесе білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты.

Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет Білім және ғылым министрлігінің педагогикалық және психологиялық қызмет бөлімі, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық орталығы, облыстық, аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің педагогикалық-психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.



9-10-сабақ. Педагогикалық-психологиялық диагностикалық әдістерге қысқаша шолу (2 сағат).


Жоспары:

1. Тұлғаға кеңес беруде оның жеке дара ерекшеліктерін бағалау әдістері (темперамент, акцентуация мінез-құлық және т.б.).

2. Жеке даралық ерекшелігін, қабілеттілігін, дарындылығын бағалау әдістері.

Психологияда адамның психологиясын зерттейтін негізгі әдіс деп айтады. Психологияда адамның психикасын зерттейтін бірнеше әдістер бар. Оның бірінші тобы негізгі әдіс, екіншісі қосалқы әдіс.



Байқау әдісі- белгілі бір жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойынша зерттеуші адамның іс-әрекетіне тікелей араласпай-ақ жүреді. Бақылауға алған адам ол туралы білмеуі керек. Егер де өзін зерттеп жүретін білсе адам өзінің қасиетін жасады. Байқаудың арнайы жоспары болады. Жоспар бақылаушылардың барысымен сәйкестігін салыстыру керек. Міндетті түрде байқау күнделікті жүргізеді. Байқау күнделігінде тек факторлар емес, болып жататын жағдайлардың бәрі тіркелеуі керек. Күнделікті жазылмаса фактілерді қорытындылап бағалауға және әр түрлі себепті ажыратуға болмайды. Бақылау әдісі арқылы жекелеген психологиялық қасиеттерді, ерік пен сезімді психологиялық жағдайды байқап көруге болады. Сонымен қатар зерттеушынің қимыл қозғалысы, мимикасы, сөз реакциясы, мінез-құлқы түгелдей байқалады. Бақылауды жаппай немесе ішінара жүргізуге болады. Жаппай бақылау кезінде жалпы психологиялық процестер мінез-құлқының көптеген жақтары қамтылады. Әсіресе бақылаушыға маңызды назар аударлық болып есептелетін баланың жаңа сапалары мен мүлігі жазылып отырады. Бала қалай киінеді, жазады, ойлайды осының бәрін тіркеп жүріп мінездеме жасағанда тіркеуге болады. Ішінара бйқауда баланың мінез-құлқының бір жағы ғана немесе іс-әрекет кездегі қарым-қатынас және бала мінез-құлқы есепке алынады. Ол үшін дәптерді бөлімдерге бөліп, бірін құрдас қатынас, 2-нін үлкендермен қатынасын, 3-іне семьядағы қатынасын жазады.

Бақылау күнделігінің үлгісі мынадай


  1. Баланың аты жөні

  2. Бақылау кезіндегі жағдайлар

  3. Баланың мінез-құлық жағдайына сипаттама

  4. Педагогикалық психикалық қорытынды

Бақылау нәтижелі шығу үшін мынадай шарт қажет

  1. Бақылау ұзақ уақыт жүргізіліп бір факт өзі бірнеше қайта тексеріледі.

  2. Зерттелетін обьектін ойланып бақылау жүргізбес бұрын, мақсат қойып, мақсат мәнін түсініп жоспар құру керек. Мысалы: Байқау обьектісіне нашар оқитын баланы алсақ, байқау мақсаты сабаққа дайындық кездегі ойлау жұмысының кейбір ерекшелігін білу.

  3. Байқаған фактілерді сол сәтте жазып алып, зертелуші сөзін магнитафонге стенографиллап кейін мұқият талдап, фактілерді реттеп отыру қажет. Кейде бақылау әдісінің көңілсіз жері де бар:

а) зерттеуші өзіне тән қажетті құбылысты керек уақытта зерттей алмай уақыт өткізіп алады.

б) байқауды ойдағыдай өткізуге мүмкідік болмайды, яғни зерттеп жүрген бала келмей қалады немесе зерттелуші іс тәжірибесі жетіспеушілігінін нәтижелі қорытынды шығара алмайды. Кейінгі кезде байқаудың ғылыми түрінде ұйықтап жүргізеді. Мысалы: зерттелуші обьектіні суретке түсіреду, зерттейтін адамның сөзін жазу үшін магнитафон қолданылады, пленкаға түсіреді. Бақылаудан кейінгі көп қолданылатын әдіс-эксперементтік әдіс. Бақылауға қарағанда біраз артықшылығы бар. Эксперименттік зерттеу адамның психикалық әрекетін бірнеше құбылтып, өзгертіп кейде жасанды, жағдайда зерттеулерді айтамыз. Эксперименттік әдістін 2 түрі бар.



1) Табиғи эксперимент

2) лабараториялық эксперимент

Арнайы лабараториялық апараттармен жабдықталған қабинетте өтілетін зерттеу лабараториялық эксперимент делінеді. Лабараториялық эксперименттің ерекшелігі – тек онда адам сөзі қимыл қозғалысы, сыртқы ым-ишарасы байқалып қана қоймайды, адам ішіндегі көрінбей тұрған жастын физиологиялық ерекшеліктерін айтады.Мысалы: күрделі эмоциялық өзгерісте қан тамырының соғуы, жүрегінің жұмысы, арнайы апараттармен жазылып отырады.

Табиғи эксперимент-зерттейтін адам өзін күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында оқу, ойын, еңбек, әрекет үстінде зерттеп біледі. Бала өзін зерттеп жататын білмегендіктен, табиғи жағдай көреді. Өйткені бала өзінің сөзін жазып жататын біледі. Немесе зерттеуші мен зерттелуші ортада қабырға айнана тәрізді. Эксперименттің мынандай тиімді жерлері бар зерттеуші өзіне қажетті құбылысты қашан пайда болған деп сырттан бақылауын күтпейді. Қажет процесті өзіне қажет уақыт арасында жасауды қолданатының тудырыды. Мысалы: математикадан бала есіне түсіру үшін жеке сұрақ қолданады немесе белгілі қысқа мерзімде есеп шығартады, тақпақ жаттатқызады, оны қайта айтады. Зерттеуші зерттеу барысында психологиялық процестер үстінде мақсатты түрде жағдайларды өзгертеді. Балаға практика жүзінде ортаға тапсырма береді. Зерттеу мен бетпе-бет әрекет жасайды. Бір эксперимент өзін бірнеше қайталынады. Ал эксперименттің тиімді жері- бала өзінің зерттеп жататын біледі де жасанды қылық көрсетеді. Эксперимент жүргізудің өзі үш түрде жүзеге асады.

1)Констанциялау эксперимент. Мұның мақсаты тексеретін жұмыстың мақсатын бағытын алдын-ала біледі. Мысалы: педагогика білгермеу себебін білген соң, оқу, тәрбие жұмысын жоспарлы ұйыптап, соған қатынас әдіс тәсілі іріктейді.

2) Қалыптастыру экспериментте арнайы ұйымдасқан оқу-тәрбие жұмысында жеке адамға тән салаларды қалыптастыру барысында жүреді. Ол үшін арнайы програмаға сәйкес, оқу программалары беріледі.

3) Қорытынды эксперимент- бірінші және екінші эксперимент нәтижесін қалпын ілгері басу нәтижесін байқатады. Оған көз жеткізу үшін бастапқыдай эксперимент жасайды. Әңгіме әдісі қосалық әдіс деп есептеледі. Бұл да алдына мақсат қойып жоспарлы түрде дұрыс жауап алу үшін күні-бұрын сұрақтарды дайындайды. Көбінесе баланың білімін, қызығушылығын әрекетке бей-гі үшін жүргізеді. Әңгіменің барысында негізгі мақсаты көздей отырып сабақтың мазмұны мен болғанын сақтап берген жауапқа қарай сұрақтарды түрлендіруге болады. Әңгіме барысында зерттеуші өзін жайма шуақ еркін ұстауы керек.

11-12-сабақ. Оқу іс-әрекетіндегі мәселелер бойынша оқушылармен жеке -дара және топтық кеңес беру жұмыстары (2 сағат).


1. Оқу іс-әрекетіндегі әртүрлі кезеңдер бойынша оқыту үрдісіне бейімдеу, мектепке оқуға дайындық сауалдары бойынша кеңес беру.

19-20-сабақ. Жасөспірімдер мен балалардың жүріс-тұрысына (ерте наркамания мен ішімдікке салынуы) т.б. мәселелер бойынша ата-аналар мен педагогтарға топтық кеңес беру (2 сағат).

1. Жасөспірімдер мен балалардың құқық бұзушылық тәртібі мәселелері. Құқық бұзу тәртібінің алдын-алу міндеттері.

Кез – келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.

Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды ( алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендерде кіреді ).

Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж.Пиаже, В.Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.).

Яғни, педагог-психологтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшклігіне қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты Л.С.Выготский бастауыш мектеп, кіші мектеп және жоғарғы мектеп оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды.

Бастауыш мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамассыз ететін физиологиялық және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Мектепке оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге , үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге: мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу оған қызығу бастауыш мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр.

И.С.Кон атап көрсеткендей, « қазіргі күнгі психология нақты, мінез-құлықтық автономияны (жас өспірімнің тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы ), эмоционалдық автономия (ата-аналарынан тәелсіз таңдалған, өзінің соған деген қызығушылығының, қажеттілігі мен құқығының болуы ), мораль және құндылықтық автономияны (іс жүзінде өз көзқарасының болуы қажеттілігі мен құқығы ), ажырата отырып, ер жеткен балаларды автономилау мәселесін қояды ». Осы жаста достық сенімді қатынастар өте маңызды. «Жоғары сыныпта оқушылардың формалды емес өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие болад», - дейді М.Ю.Кондратьев, олар «қандай да бір зерттеу «полигонының» рөлін атқарады, онда бозбалалар мен бойжеткендер болашақ «үлкендер» өмірінің стратегиялары мен тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан өткізіліп, сенімділікке тексеріледі. Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласында бейімділікке , өмірлік талаптарға бағдарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюктурасынан, пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды. Тек қана мақсатқа ұмтылған және шынымен де әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалыптасуы, тұлғалық өзін-өзі анықталу жолында табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады. Жеткіншектік және жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі анықтау қажеттілігі жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды.


25-26-сабақ. Білім беру мекемелеріндегі өндірістік кеңес беру (4 сағат).

1. Әріптестердің жұмыс істеу тәсілдері.

2. Жұмысшыларды тұлғалық сапалық және кәсіби оқыту әдістері.

Практикалық психологтардың іс-тәжрибесінің мәнін аша білу үшін,оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айрықшаланып тұратын он түрлі негізгі сапасы арқылы сипатталады. Бұл сапалар тәжрибеде кеңінен қолданылып жүрген ТМД әдебиеттерінен алынды.




1.Психологиялық көмектің мақсаты

Білікті психолог

- өзінің алдына келген адамның мақсаттарын анықтай алатын мінез-құлқы болу керек .

- мақсаты айқын мәдени тұлға болу, өмірде өз көз қарасының болуы, алдағы атқаратын ісін толық сезе алады.

- алдына келген адаммен қарым-қатынас жасау барысында психо-логиялық көмек көрсетіліп жатыр деп білу керек.



Білікті емес психолог

- алдына келген адам арқылы тек жеке өзінің мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді. Яғни, өз ой түйіні арқылы алдына келген адамның түсініктерін түгелдей жоққа шыға-рып, мән–мағынаның бәрін жойып жібереді.

- психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен – тұжырым-дамасы» арқылы құрыуға тыры-сады.

- клиенттің айтқан ойларын ес-кермей, өз пікірін қлданып, оның қобалжуына, мазасыздануна алып келеді.



2. Өз кәсібіне көңіл аударып, мән беріп, жауап қайтаруы.

- кең көмемді мәселелер мен жағдайлар барысында вербальды және вербальды емес мінез-құлықтары ар-қылы жауап қайтарып, назар аудару әдістерін таба біледі.

- жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.



- мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.

- клиенттің әрекеті бірқалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.



3. Практикалық психологтың көзқарасы, тұжырымдамасы.

- өз зерттеуіндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін олардың бір тұжырым-даманың шеңберінде ғана қарап, зерттеудің мүмкінеместігін түсінеді. Өйткені ол өз жұмысында көптеген тұжырымдамалар пайдалануға тыры-сады.

- анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды; өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қала береді.

4. Мәдениетті түрде жемісті іс атқаруы.

- көптеген ойларды, сөйлеуді, өзінің мәдениетін басқа мәдениеттермен ұштастыруға тырысады.

- оның жеке басының мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы оның іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады.



- «Мен» деген тұжырымдаманың шеңберінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ал мәдениетті норма, мінез-құлықтың стандарты деп түсінеді.

5. Конфеденциалдық (құпияны сақтау).

- жұмыстағы құпияны сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады.

- психологиялық ақпаратты тапсыр-ушыны, клентті және психологиялық ақпаратты пайдаланушыны бір-бірінен нақты ажырата алады.



- құпиялықты сақтай алмайды, психологиялық ақпаратты таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.

6. Психологтың іс-әрекетіндегі шектеулер.

- өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, мүмкіндіктерін, мамандық дәрежесін дұрыс бағалай алады және сол шеңберде жұмыс істейді.

- өзіне ұқысас әріптестермен бірігіп жұмыс істей алады. (психиатор, нейропсихолог, дефектолог, социолог).

- өз әріптестерімен кәсіби бағытта қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.

- егер алдына келген адамға «Мен бұл мәселелер төңіріегінде жұмыс істеймін» -десе ол оның өз ісін жете білмейтіндігінен емес, керісінше сы-пайылық танытып, орынды үлгі көрсеткені.



- жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады. Кейбір шеше алмайтын мәселелерге барады.

- басқаға өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарас-тырып, «психолог ретінде менің жасағандарым қалай да, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санймын» - деген сенімді ойда болады.



7. Жұмыстағы тұлғааралық әсер.

- психологтың іс-әрекеті алдына келген адамға әсер ете алады және клиенттің әсері оған да ықпалын тигізетінін түсінеді.

- алдына келген адамның көңіл-күйін, оның қобалжуын қайта сұрай оты-рып, ашық және жабық сұрақтарды қолдану арқылы жүзеге асырады.



- тұлғааралық және өзара әсер етуде түснушілік болмайды.

- «Мен-тұжырымдамасын» жоғары қойып, келген адаммен есептеспей өзінің ойын ерекше бөліп көр-сетуге тырысады.





8. Психолог жұмысындағы адамның жетістігі.

- психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен си-патталады.

- алдына келген адамға психолгиялық ақпарат беруде оның адамгершілігін сыйлау-бұлжымас аксиома болып табылады.



- келген адамға сыйластық көрсетпеу, жэұмыс барысында басқа дамға деген менмендік көрсету, кәсіби рефлексиясы болып санал-майды.

- психолгиялық ақпараттар беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлер немесе арнайы терминдермен араластырып, өзінің мықтылығын көрсетуге ты-рысады.



9. Жалпылама теория.

- жұмысында жалпылама теория ма-ңызды орын алады. Бұл білім жаңа теориялар мен қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді.

- ол бір теорияны ұстанғаны мен жаңа білімдерді игеруге, ұқысас көзқарастарды қабылдауға бейімділік танытып, жұмыс барысында жүйелі жолға түсуге тырысады.



- бір ғана өзіне танымал теориямен жүруді көздеп, альтернативтік ойларға көңіл аудармайды, басқа көзқрастарға жүйе ретінде талдау жасай алмайды, қорытындылаған теориясы өзінің жеке ойының нәтижесі емес.


10. Психолгтың жалпылама теорияға қатынасы.

- теорияны шындықтың көрінісі деп түсінеді.

- кез-келген теорияда оның пәні мен сипаттамасы бар екенін түсінеді.

- барлық зерттеушілерге пән біреу болса, ал сипаттау, талдау барлық авторлар үшін әр түрлі. Өз тео-риясын қорытындылау кезінде басқа теориялар мен салыстыра алады.

- позициясы кәсіби рефлекске құрылады.



- әртүрлі теорияның авторларына қарсы шығып, оның заты мен әдісін жеке көрсете алмайды.

- өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесін ескермейді.



- позициясы «Мен – тұжырымда-масына» құрылады.

Психолог барлық мұғалімдер мен оқушылар жөнінде жетік білетін және олардың жұмыстарын жүйеге келтіруді ой талқысынан өткізе алатын адам болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, жылы жүзді, жинақы жан болуы тиіс. Оқушыларға, мұғалімдерге сеніммен қарайтын, қажет кезінде көмекке келетін, барлық мүмкіншілікті тиімді пайдалана білетін, нәтижелі еңбек ететін адам ғана нағыз психолог бола алады . Сондықтан мектеп психологы қызметінің негізгі бағыттары мынадай жүйеде құрылғаны жөн.

  1. Психолог – кеңесші .

  2. Психолог – әдіскер .

  3. Психолог – куратор.

Төменде ұсынылып отырған сызба-нұсқалар басты бағытта жан-жақты талдау беретініне сенім мол.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...