Дәріс. Минералдардың физикалық қасиеттері


Минералдар кристалының морфологиялық ерекшеліктері



бет2/2
Дата23.11.2022
өлшемі42.44 Kb.
#361284
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
Лекция 5
СПЗ тест Word
Минералдар кристалының морфологиялық ерекшеліктері
Табиғатта минералдар өзінің басты массасында бұрыс пішінді түйірлер түрінде таралған. Оларда кристалл қырлары болмағанымен, бірақ өздерінің пішіндері мен өлшемдеріне тəуелсіз кристалдық құрылысты болады. Табиғи жақтарымен шектелген, жақсы жаралған кристалдар, яғни индивидтер өте сирек кездеседі.Олардың табылымы мынадай жағынан қызығушылық туғызады – зерттеушінің қол астында солар арқылы минерал анықтала алатын белгілер көп болады. Минералдарды олардың кристаллографиялық пішіндері бойынша анықтайтын арнайы анықтауыштар да жасалған. Кристалдардың морфологиясы жəне симметрия туралы ілім кристаллографияның арнайы курстарында толық баяндалады.
Біз мұнда минералдарды анықтаған кезде де біршама практикалық мəнге ие болатын кристалдар морфологиясының кейбір жалпы ерекшеліктеріне жəне олардың жақтарына ғана тоқталамыз. Кристалдардың келбеті. Кез-келген дененің кеңістікте үш өлшемі болатындықтан, кристалдар мен кристалл түйірлерінің сан қилы пішіндерінің арасында біз ең алдымен мынадай негізгі типтерін бөлуіміз керек:
1. Изометрлі пішіндер яғни кеңістікте барлық үш бағытта бірдей дамыған пішіндер. Олардың мысалына анартастың ромбододекаэдрлері, магнетиттің октаэдрлері, пириттің кубтары жəне т.б. жатады. Изометрлі кейіп əсіресе кубтық сингониялы минералдарға тəн. Дегенмен басқа сингониялар минералдарының кристалдары да изометрліге жақындайтын кейіпте бола алады
2. Бір бағытта созылған пішіндер; яғни призма, бағана, сырық, ине, қыл пішінді кристалдар, талшық жаралымдар. Мысалы, аквамарин, турмалин жəне басқалардың кристалдары.
3. Екі бағытта созылған пішіндер, олар қысқа бағытын сақтайды. Бұған тақташа, қалақ, парақ жəне қабыршақ пішінді кристалдар жатады. Мысалы,гематиттің (Fe2O3), слюдалардың жəне басқалардың кристалдары осындай.
Пішіндердің осы негізгі типтері аралығында өтпелі келбеттілері де кең таралған. Мысалы, кианиттің (Al2SiO5) тақтай тəрізді кристалдары екінші жəне үшінші типтер аралығындағы аралық пішінге ие (жалпайған бағана тəрізді кристалдар); корундтың бөшке тəрізді кристалдары немесе кальциттің (Ca[CO3]) скаленоэдр кристалдары бірінші жəне екінші типтердің аралық пішіндері ретінде;линза тəрізділерге жақындайтын (бірінші мен үшінші типтер аралығындағы) –титаниттің (СаTi[SiO4]O), монациттің (Ce[PO4] жəне басқалардың.
Кристалл индивидтерінің келбетінен басқа кристалдар кейпін де ажыратылады,олар жақсы қырланған минералдарға қатысты болады (əдебиетте осы терминнің түсінігі бойынша көзқарастардың бірдей еместігін ескеру керек. Көп авторлар «келбет» пен «кейіп» терминдерін синонимдер деп санайды). Келбеттің сипаттамасы берілген минерал кристалдарында қандай да бір кристаллографиялық пішіндердің басымдылығына негізделеді. Мысалы, галениттің (PbS) кристалдары əдетте кубтар түрінде кездесіп, олардың бұрыштары кейде октаэдр жақтарымен шамалы доғалданады, кейде кубоктаэдрлер жəне одан да сирек октаэдрлер түрінде кездесіп, куб жақтарымен біршама доғалданады (23-сурет). Олардың барлығының жалпы пішіні (кейпі) изометрлі болғанымен, бірақ кристалдарының келбеті əр түрлі: біріншісінде басым немесе тек қана кубтың жақтары дамыған, үшіншісінде керісінше, негізінен октаэдрдің жақтары дамыған, ал екіншісінде – барлық жаралымдар шамамен бірдей дəрежеде. Кристалдардың қандай да бір келбетінің жаралуына минералжаралу жүретін орта құрамының ерекшеліктері ықпал ететіні көрінеді.


Әдебиет: 1 негізгі [180-188]
Бақылау сұрақтары:
1. Минералдар физикалық денелер ретіндегі түсі.
2. Минералдар кристалының морфологиялық ерекшеліктері.
3. Кристалл индивидтерінің келбетінен басқа кристалдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені