Дәріс кешенін э.ғ. к., доц. Жаксыгуловой Г. К, э.ғ. к., доц. Хаджиевой А. Б., аға оқытушы Оразбаева Д. Б. құрастырды



Дата28.03.2017
өлшемі183 Kb.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ

ДӘРІС КЕШЕНІ





1.3 ДӘРІС КЕШЕНІ

ЖОО аты: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Кафедра: «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг»

Пән «Мамандыққа кіріспе»

Мамандық 5В050700 - «Менеджмент»

Оқу сағатының (кредит) көлемі - 45 сағ (1 кредит)

Тәжірбиелік (семинарлық) сабақ - 10 сағ

Студенттердің өзіндік жұмысы

оқытушының басшылығымен (СОӨЖ) - 7 сағ

Барлығы аудиториялық - 17 сағ

Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 28 сағ

Курс - 1 Семестр – 1


Алматы,


2012

Дәріс кешенін э.ғ.к., доц. Жаксыгуловой Г.К, э.ғ.к., доц. Хаджиевой А.Б., аға оқытушы Оразбаева Д.Б. құрастырды.


Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доц. Жақсығұлова Г.К.




  1. Тақырып № 1 Мамандыққа кіріспе: кіріспе бөлім

    1. «Менеджмент» мамандығының түсінігі

    2. Маман ретінде менеджердің квалификациялық сипаттамасы

    3. Жалпы білім беру міндетті пәндердің қысқаша сипаттамасы және шолу

    4. Базалық пәндермен танысу және шолу

    5. Профильді пәндерге шолу

    6. Оқу және өндірістік тәжірибе мазмұнының қысқаша сипаттамасы

  1. Мақсаты: студенттердің «Менеджмент» мамандығына қызықушылығын ынталандыру, кәсіби қызмет сферасы жөнінде түсініктерін қалыптастыру, қоғамдық өндірістегі оның орны мен ролін түсіндіру, өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру, еңбекті рационалды ұйымдастыру дағдылары мен қабілетін дамыту.

  2. Дәріс тезисі:

«Мамандыққа кіріспе» пәнін оқыту процесі бастапқы пән. Бұл пән ұйымдастыратын пән, оны оқу таңдалған кәсіп бойынша дайындау жүйесі жөнінде толық түсінік береді, кәсіпті ары қарай меңгеру үшін әдістемелік ұсыныс және оқудың жалпы мен жеке міндеттерін анықтауға көмектеседі. Негізгі түсініктерді ашып, кәсіптің негізгі құрама элементтерінің көп, күрделі және әртүрлілігін, оны меңгеру үшін басқарушылық қызмет тәжірибесі керектігін көрсетеді.

«Мамандыққа кіріспе» пәндеріне шолу оларды жекелеп оқудың және алынған білімнің «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі», «Бизнесті ұйымдастыру», «Өндірістік менеджмент», «Персоналлы басқару», «Инновациялық менеджмент», «Басқару шешімдерін жасау» және т.б. сияқты профильді пәндермен интеграциясының және дипломдық жұмысты дайындаудың басы.

«Менеджмент» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірушілерге менеджмент бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Менеджердің квалификациялық сипаттамасы маман ретінде кәсіби қызмет сферасын, объектісін, пәнін, түрлерін, бағыттарын, мазмұнын және менеджмент мамандығы бойынша бакалаврдың шешуші құзыретіне қойылатын талаптарды оқу позициясынан қарастырылады.


  1. Көрнекті материал: слайдтар, ұсынылатын әдебиет тізімі.

  2. Әдебиет

  1. Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. Бакалавриат. // Национальный центр государственных стандартов образования и тестирования. Астана, 2006 г.

  2. Квалификационная характеристика бакалавра специальности 050507 – Менеджмент. // Министерство здравоохранения РК. Казахский Национальный Медицинский Университет им. С.Д. Асфендиярова. Внутренний нормативный документ.

  3. Введение в специальность. Менеджмент организации. Учебное пособие для вузов. // Резник С.Д., Игошина И.А., Резник В.С. – М.: «Логос», 2004. – 320 с.

  4. Алексеевский В.С., Коротков Э.М. Введение в специальность. Менеджмент организации. Учебное пособие для вузов. ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

  5. Одинцов А.А. Менеджмент организации: Введение в специальность. Учебное пособие для вузов. М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 420 с.

  1. Бақылау сұрақтары

  1. «Мамандыққа кіріспе» пәнін оқудың мәні неде? Оның маңызы мен қажеттілігі қандай?

  2. «Менеджмент» түсінігіне анықтама беріңіз.

  3. Менеджер кәсібінің өзектілігі неде? Оның әлеуметтік-экномикалық жүйені дамытудағы ролі мен мәні қандай?

  4. Менеджер кәсібінің негізгі типтерін атаңыз.

  5. Менеджер әкімшілік, психолог, тәрбиеші ролінде.

  6. Нарық жағдайында менеджерге қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.

  7. Жалпы білім беру міндетті пәндерді оқудың мақсаты мен міндеттері.

  8. Базалық пәндердің сипаты мен оларды оқудың қажеттілігі.

  9. Профильді пәндер дегеніміз не?

  10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты мен міндеттері қандай?

  11. Тәжірибені ұйымдастыру, практиканттардың құқықтары мен міндеттері, тәжірибе мазмұны мен бағдарламасы.

  12. Тәжірибе есебі мен оған қойылатын талаптар.


2. Тақырып №2 Менеджерді оқыту курсының мазмұны

1.1. Маманның кәсіби сипаттамасы

1.2. Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық

1.3. Ғылыми дайындық

1.4. Жалпы білім дайындығы

1.5. Арнайы дайындық


2. Мақсаты: студенттердің менеджер курсының жалпы мазмұнын қарастыру және оқу, менеджмент мамандығы бойынша ары қарай оқуға қажетті арнайы білім алу.

3. Дәріс тезисі:

Маманның кәсіби сипаттамасы: менеджерлер Қазақстан Республикасының көптеген жоғары оқу орындарында дайындалады. Әрбір ЖОО өзінің даму ерекшелігімен тарихына байланысты жеке білім беру бағдарламасы бар. ЖОО дайындау бағдарламасы әртүрлі, бірақ бәріне ортақ міндетті бір талап бар – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен «Менеджмент» («Менеджер» квалификациясы) мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы міндетті стандарт бар.

Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық: гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық ғылымдар облысында негізгі біліммен танысу қандай ғылыми тәсілдер мен әдістер көмегімен әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді талдауға болатынын, тәжірибеде болашақ кәсіби қызметте басқару жүйесінің әртүрлі тәсілдері мен оны зерттеуді қалай қолдануды түсінуге мүмкіндік береді.

Шынайы-ғылыми дайындық: математикалық және шынайы ғылыми пәндерді оқу болашақ менеджердің логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, индукция және дедукция секілді математикалық түсініктерін қолдануға және осы түсініктерді басқару жүйесі мен процестері экономика-математикалық моделдеу үшін қолдануды үйретуге көмектеседі.

Жалпы-кәсіби дайындық: жалпы кәсіби пәндердің әдістеме, теория және тәжірибені байланыстыру ролі бар. Ол пәндерді оқу нәтижесінде алынған білім болашақта тәжірибеге нарықтық ортаны талдау әдістерін, кәсіпорынның өндірістік-экономикалық әлеуетін бағалау тәсілдер және менеджменттің жоғары тиімділігіне қол жеткізу жолдарын қолдануға көмектеседі.

Арнайы дайындық: «Менеджмент» мамандығы бойынша мамандардың арнайы дайындау кәсіби білімнің қажетті тереңдігін қамтамасыз ететін элективті пәндерді қамтиды. Кейбір пәндер бойынша студенттер курстық жұмыстар мен жобалар жасайды. Бұл жұмыс таңдалған мәселені өз бетінше қарастырады.

Төртінші курста барлық студенттер дипломдық жоба жасайды.

На 4-ом курсе все студенты выполняют дипломный проект.

4. Көрнекті материал: слайдтар, қосымша әдебиет, таратылатын материал.

5. Әдебиет


  1. Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. Бакалавриат. // Национальный центр государственных стандартов образования и тестирования. Астана, 2006 г.

  2. Квалификационная характеристика бакалавра специальности 050507 – Менеджмент. // Министерство здравоохранения РК. Казахский Национальный Медицинский Университет им. С.Д. Асфендиярова. Внутренний нормативный документ.

  3. Введение в специальность. Менеджмент организации. Учебное пособие для вузов. // Резник С.Д., Игошина И.А., Резник В.С. – М.: «Логос», 2004. – 320 с.

  4. Алексеевский В.С., Коротков Э.М. Введение в специальность. Менеджмент организации. Учебное пособие для вузов. ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

  5. Одинцов А.А. Менеджмент организации: Введение в специальность. Учебное пособие для вузов. М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 420 с.

  6. Рейс Ф. 500 советов студентам // Пер. с англ. Выглежанина Д.Н., М.: Аудит, ЮНИТИ, 1996

6. Бақылау сұрақтары

1. Ұсынылған пәндер тізімі жеткілікті ма, әлде оны толықтыру қажет пе?

2. Жоғарыда аталған пәндердің қайсысын мектепте оқу қажет деп ойлайсыз?

3. Сізді табысқа итермелейтін не? «Маған табыс не үшін қажет?» - деп өзіңізден сұраңыз. Өзіңіз ойлап тапқан барлық жауапты жазыңыз.


3. Тақырып № 3 «Менеджмент» мамандығының негіздері

1.1. Менеджмент мәні және мазмұны

1.2. Менеджмент тарихы

1.3. Менеджмент функциялары

1.4. Менеджмент міндеттері

1.5. Менеджмент әдістері



2. Мақсаты: менеджмент негіздерін, функцияларын, міндеттері мен әдістерін оқу.

3. Дәріс тезисі: Қазіргі кезде ұйымды басқару күрделі жұмыс. Ұйымды, кәсіпорынды басқару дегеніміз-оның өндірістік шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру және оны дамыту жағдайын жасау. Әрбір басшы әртүрлі жағдайда тиімді басқару негіздері туралы білімді қолдана алу қажет. Бұл тақырыпта менеджмент мәні мен мазмұнын анықтаудың негізгі тәсілдері қарастырылады. Менеджменттің негізгі міндеттері, функциялары мен әдістері көрсетілген.

4. Көрнекті материал: слайдтар, таратылатын материал.

5.Әдебиет

  1. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. М.: Изд-во МГУ, 2005.

  2. Герчикова Н.Н. Менеджмент. М.; ЮНИТИ, 2005.

  3. Менеджмент: Учебник / Под ред. Ф.М. Русинова и М.Л. Разу. М.: ФБК-ПРЕСС, 2008.

  4. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента / Пер. С англ. М.: Дело, 2006.

  5. Румянцева З.П., Саломатин Н.А., Акбердин Р.З. Менеджмент организации: Учебное пособие. М.: Инфра-М, 2005.

  6. Дункан Дж. У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики / Пер. с англ. М.:Дело, 1996.

6. Бақылау сұрақтары

1. Ұйымдағы менеджменттің ролі қандай?

2. «Менеджмент» түсінігінің әртүрлі анықтамаларын талдаңыз және олардың өзара байланысын көрсетіңіз.

3. Менеджменттің негізгі мектептерін атаңыз.

4. Менеджменттің негізгі міндеттерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

5. Менеджмент функцияларының мазмұнын ашыңыз.

6. Менеджмент функцияларының ішінен бастысын ерекшелеуге бола ма?

7. Басқару әдісінің біреуін таңдауда, басшының әрекеті қандай болады?

8. Сіз қалай ойлайсыз, менеджмент ғылым ба әлде өнер ме? Сізге белгілі менеджерлер неге сүйенеді: тәжірибеге ме, интуицияға ма немесе теорияға ма?

9. Менеджмент туралы алған біліміңіз негізінде тиімді менеджерге қажетті қасиеттерді анықтап көріңіз.


4. Тақырып № 4 Персоналды менеджмент негіздері

1.1. Персоналды менеджмент мақсаты

1.2. Персоналды менеджмент функциялары және техникасы

1.3. Персоналды менеджмент жүйесі

1.4. Жоспарлау және мақсатты анықтау

1.5. Жұмыс уақытын үнемдеудің негізгі ережелері



2. Мақсаты: персоналды менеджмент негізін қарастыру және оқу.

3. Дәріс тезисі: Персоналды менеджмент (selfmanagment — өзіндік менеджмент) — бұл менеджменттің тәжірибелік әдістерін күнделікті өмірде өз уақытын оптималды және мәнімен қолдану үшін мақсатты және ретті түрде пайдалану.

Персоналды менеджменттің негізгі мақсаты- өз мүмкіндіктерін дұрыс қолдану, өз өмірінің барысын басқару, жұмыстағы және жеке өміріндегі сыртқы жағдайды жеңу.



4. Көрнекті материал: слайдтар, таратылатын материал.

5.Әдебиет

  1. Введение в специальность. Менеджмент организации. Учебное пособие для вузов. // Резник С.Д., Игошина И.А., Резник В.С. – М.: «Логос», 2004. – 320 с.

  2. Кабушкин Н.И. Основы менежмента. Учебное пособие. 10-е изд. – М.: Новое знание, 2007 г.- 336 с.

  3. Персональный менеджмент. Учебник. Резник С.Д. и др.- 2-е изд.. перераб. и доц. – М.: Инфра-М, 2004 г. – 622 с. (Серия «Высшее образование»).

  4. Веснин В.Р. Менеджмент. Учебник. – 3 изд. перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд.-во Проспект, 2006 г. – 504 с.

6. Бақылау сұрақтары

    1. Персоналды менеджмент дегеніміз не?

    2. Оның негізгі мақсаты қандай?

    3. Өзіңді басқару қабілеті дегеніміз не?

    4. Тиімді басқаруға қажетті адамның қасиетіне не қосар едіңіз?

    5. Мақсатты іздестіру технологиясы дегеніміз не?

    6. Өз мақсаттарыңды нақты қою не үшін қажет?

    7. Өзіңіздің жеке және кәсіби мақсаттарыңызды анықтаңыз?

    8. Өзіңіздің мақсаттарыңызды жоспарлаудың негізгі принциптерін атаңыз.

    9. Жоспарлаудың жазбаша формасының артықшылықтарын көрсетіңіз.

    10. Өз қызметіңізді жоспарлауда қандай қадамдар қажет?



5. Тақырып № 5 Мансап технологиясы

1.1. Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс

1.2. Жеке қабілеттердің мансапқа әсері

1.3. Жұмыс орнын іздеу әдістері

1.4. Өзін-өзі жарнамалау: анкета, резюме, жолсерік хаттар, телефон шалу

1.5. Жұмысқа қабылдау кезінде сұхбаттасу және келісім-шарт жасау

1.6. Жұмыс орнындағы табыс: кәсіби факторлар, қызмет бабы бойынша жоғарылау

2. Мақсаты: мансап құру технологиясын қарастыру.

3. Дәріс тезисі: мансаптың дамуына интелект деңгейі, арнайы қабілет, білім, құзыреттілік, ақпараттану, жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттері мен адамның қажеттіліктері әсер етеді. Өз дағдылары мен іскерлік қасиетін дұрыс бағалау адамның өзін, өз күшін, әлсіздіктері мен кемшіліктерін білуін қажет етеді. Тек осындай жағдайда ғана мансаптың мақсатын дұрыс қоюға болады.

Жұмыс процесінде мансапты басқара отырып, келесі жұмыстарды жасау қажет:

■ өз білімін кеңейту, жаңа дағдылар алу;

■ өзіңді жоғары төлемді лауазымды алуға дайындау;

■ мансап үшін маңызды басқа адамдарды тану және бағалау;

■ өмірде барлығы адам да, білім де, дағдылар да, нарық, ұйым, қоршаған ортаның өзгеретінін ұмытпау қажет;

■ мансап жөнінде сіздің шешімдеріңіз барлық уақытта сіздің қалауыңыз бен шынайылық арасындағы, сіздің мүдделеріңіз бен ұйым мүдделері арасындағы сәйкестік болып табылады.

4. Көрнекті материал: слайдтар, таратылатын материал

5.Әдебиет


  1. Менеджмент: Учебник / Под ред. Ф.М. Русинова и М.Л. Разу. М.: ФБК-ПРЕСС, 2008.

  2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента / Пер. С англ. М.: Дело, 2006.

  3. Огарев Г. 31 закон карьерного роста. М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2002.

  4. Пасс Ю., Торшина К., Беляева Е. Трудоустройство. Советы профессионалов. М-: Экономика,1999.

  5. Хрупкий В. Е, Как добиться успеха. М.: Политиздат 2001.

  6. Швальбе Б., Швальбе X. Личность, карьера, успех- Психология бизнеса. М.: Прогресс, 2007.

  7. Шекшня С.В. Управление персоналом современной компании. М., 2006.

  8. Дебра Олкок. Управление временем и рабочей нагрузкой. М.: Фин-пресс, 1998.

  9. Джонс Р. Как сделать карьеру // Пер. с англ. Екатеринбург: «Урал ЛТД», 1999.

  10. Друкер П. Управление, нацеленное на результаты // Пер. с англ. М.:

  11. Дункан Дж. У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики // Пер. с англ. М.:Дело, 1996.

  12. Русинов Ф.М. Менеджмент и самоменеджмент в системе рыночных отношений. М.: Инфра-М, 1996.

  13. Якокка Ли. Карьера менеджера. М.; Прогресс, 2001.

6. Бақылау сұрақтары

  1. «Мансап» сөзі нені білдіреді?

  2. Өзіндік маркетинг деген не?

  3. Еңбек нарығындағы өзгерістер дегеніміз не?

  4. Жұмыс іздеуде мінездің қандай қасиеттері көмектеседі?

  5. Мансапты таңдауда немен басшылық жасауға болады?

  6. «Жұмыс» түсінігіне анықтама беріңіз.

  7. «Жұмыс» түсінігі қандай үш элементті қамтиды?

  8. Жұмыс орнын іздеудің негізгі ережелерін атаңыз.

  9. Жұмыс орнын іздеудің негізгі әдістерін атаңыз.

  10. Жұмыс орнында қалай тез бейімделуге болады?

  11. Жұмысқа тұруда өзін-өзі жарнамалау дегеніміз не?

  12. Сауалнамадағы негізгі сұрақтарды атаңыз.

  13. Хронологиялық жазбамен жасалған резюменің негізгі блоктарын атаңыз.

  14. Сұхбаттасуға қалай дайындалу керек?

  15. Сұхбаттасуда өзін-өзі қалай ұстау керек?

  16. Тесттердің қандай категорияларын атай аласыз?


6. Тақырып № 6 Менеджер және оның командасы: табыстылық тарихы

1.1. Менеджер қызметінің жаңа жағдайлары

1.2. Таңдалған мамандықтың сәйкестігі

1.3. Менеджер сапасы моделі

1.4. Менеджер командасы: командалық жұмыс тиімділігі

1.5. Көшбасшылық



2. Мақсаты: заманауи өмірде менеджер қызметінің жаңа жағдайларын оқу және командалық жұмыстың мәнін анықтау.

3. Дәріс тезисі: Менеджердің еңбегі ұйымды (бөлімді) басқару, оның жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оны жоспардың орындалуына бағыттау. Ол басқару шешімдерінің уақтылы қабылданып, жүзеге асырылуына жауапты.

Басшы не істеу туралы шешім қабылдауға, адамдар арасында әріптестік орнатуға, қойылған мақсатқа қол жеткізуге қажетті күш жігерді қамтамасыз етуге жауапты.

Менеджерге қойылатын талап: өзін өзі және өз уақытын тиімді басқару, өзінің жеке құндылықтарын анықтау қабілеті, өз мақсаттары мен орындалатын жұмыс мақсатын нақты анықтау, өзін өзі жетілдіру, мәселелерді тез және тиімді шешу қабілеті, өнертабыстылық, бағыныштыларына тікелей бұйрықпен әсер ету дағдысы, персоналмен қатынастың жаңа тәсілдері, адам ресурстарын ұтымды қолдану, басқа адамдарға көмектесу, топтар құру мен жетілдіру қабілеті.

4. Көрнекті материал: слайдтар, дәріс, таратылатын материал

5.Әдебиет


  1. Кабушкин Н.И. Основы менежмента. Учебное пособие. 10-е изд. – М.: Новое знание, 2007 г.- 336 с.

  2. Веснин В.Р. Менеджмент. Учебник. – 3 изд. перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд.-во Проспект, 2006 г. – 504 с.

  3. Менеджмент: Учебник / Под ред. Ф.М. Русинова и М.Л. Разу. М.: ФБК-ПРЕСС, 2008.

  4. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента / Пер. С англ. М.: Дело, 2006.

6. Бақылау сұрақтары

  1. Басқару еңбегінің мазмұны неде?

  2. Басшылық деген не?

  3. Менеджер еңбегінің соңғы өнімі не?

  4. Басшы кәсібіне сай тұлғаның қасиеттерін атаңыз.

  5. Басшы не істей алуы қажет?


7. Тақырып № 7 Шешім қабылдау қажеттілігі және техникасы

1.1. Шешім қабылдау техникасы

1.2. Мәселені белгілеу және баламаны анықтау

1.3. Оптимальды нұсқаманы таңдау

1.4. Шешімді жүзеге асыру және нәтижені бақылау
2. Мақсаты: менеджер қызметіндегі шешім қабылдаудың мәні және қажеттілігі.

3. Дәріс тезисі: Шешім қабылдау мақсатты бағытталған және түпкілікті басымдылықтарды белгілеуді білдіреді.

Шешім қабылдау техникасы маңызды емес, одан да жүйелі, мақсатты бағытталған тәсіл, факторларды дұрыс ескеру мағызды.

Баламаларды анықтаудың негізгі міндеті — мүмкін варианттарды жинау тұтастығын қамтамасыз ету. Қолда бар варианттардың ішінен тиімдісін таңдау керек. Нәтижені бақылау аралық стадияларда шешімді жүзеге асырғаннан соң жүргізілуі керек.

4. Көрнекті материал: слайдтар, таратылатын материал

5. Әдебиет


  1. Злобина Н.В. Управленческие решения. Учебное пособие. Изд.-во ТГТУ, 2008 г.

  2. Воробьев, С.Н. Управленческие решения : учебник для вузов / С.Н. Воробьев, В.Б. Уткин, К.В. Балдин. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2003.

  3. Голубков, Е.П. Технология принятия управленческих решений : учебник / Е.П. Голубков. – М.: Дело и сервис, 2005.

  4. Заичкин, Н.И. Управленческие решения : учебное пособие / Н.И. Заичкин, Е.Е. Панфилова / ГУУ. – М. : 2003. – Ч. 1.

  5. Колпаков, В.М. Теория и практика принятия управленческих решений : учеб. пособие / В.М. Колпаков. – 2-е изд., перераб. и доп. – Киев : МАУП, 2004.

  6. Ларичев, О.И. Теория и методы принятий решений, а также Хроника событий в Волшебных странах: учебник / О.И. Ларичев. – 2 изд., прераб. и доп. – М. : Логос, 2003.

  7. Смирнов, Э.А. Разработка управленческих решений : учебник для вузов / Э.А. Смирнов. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2002.

  8. Футхутдинов, Р.А. Управленческие решения : учебник / Р.А. Футхутдинов. – М. : Дело и сервис, 2007.

  9. Чудновская, С.Н. Управленческие решения : учебник / С.Н. Чудновская. – М. : Эксмо, 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. «Шешім қабылдау» деген не?

2. Шешім қабылдаудың негізгі этаптарын атаңыз.

3. Басымдылық деген не?

4. Шешім қабылдауда болатын негізгі қателерді атаңыз.

5. Матрицаның шешім қабылдаудағы мәні неде?

6. Шешім қабылдаудың жеке моделін жасаңыз.


беттің беті





Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар