Дәріс Дәріс №7 Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын құру


                  Диаграмма (Диаграмма (Chart Wizard)) –



бет9/13
Дата11.04.2022
өлшемі51.43 Kb.
#219840
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Мәліметтер Қорын құру
1508-29a Алимкулова Барно 14-апта философия
6.                  Диаграмма (Диаграмма (Chart Wizard)) – диаграммасы бар форманы құру;

7.                  Жиынтық кесте (Сводная таблица (PivotTable Wizard)) - MicrosoftExcel жиынтық кестесі бар форманы жасау.

Ең оңайы 3-5 нұсқалары бойынша форманы жасау болады. Бұл жағдайларда мәліметтер (кестенің немесе сұраныстың) көзінің барлық өрістерін қамтитын қарапайым формалар жасалынады.

Бір баған формасында мәліметтер көзінің әрбір жазбасының өрістерінің мәндері бір жолға бейнеледі. Формадағы жолдар саны мәліметтер көзінің жазбалары санына сәйкес келеді.

Кестелік форма сырқы түрі бойынша кестенің өзінен немесе Көру тізіміндегі сұраныстан айырмасы болмайды.

Жиынтық форма мен жиынтық диаграмма мәліметтерді талдауға ыңғайлы әрі жинақы етіп бейнелеуге мүмкіндік береді. Оған қоса, диаграммаларды басқа формалар мен есептерге енгізуге болады.

Жасап болғаннан кейін форманы көруге, мәліметтерді редакциялауға болады. Шеберді (2 нұсқа) қосқан кезде пайдаланушы түрлері 3-5 нұсқаларын таңдаған жағдайдағыдай формаларды жасай алады. Бірақ, мұнда мәліметтер көзі ретінде формаға қажетті өрістерді қоса отырып сұраныстардың және/немесе кестелердің кез келген санын таңдап ала алады. Сонымен бірге, фондық бейненің стилін өзгертуге болады. Қажет болса форма макетіне басқа да өзгерістер енгізуге болады, шебермен жұмыс істеу аяқталған соң Конструктор режиміне ауысуға болады. 

Конструктор режимі форма жасаудың ең күшті құралы, бірақ көп еңбекті қажет етеді. Форманы жасап шығудың жалпы уақытын азайту үшін Конструкторды шақырмас бұрын форма жасаудың басқа тәсілдерінің бірін пайдаланған дұрыс болады, ал содан кейін Конструкторды форманы керекті формаға келтіру үшін қолдану қажет.

Формалар Конструкторын шақыруды форманы жасау кезінде немесе бар форманы ашып, оны Конструктор режиміне ауыстырған кезде жүзеге асырады. Бірінші жағдайда формалар конструкторы режиміне ашылған МҚ терезесінде Формалар (Формы (Forms)) қосымшасынан Жасау (Создать (New)) батырмасын басу арқылы және шыққан терезеде (5.14-сурет) OK батырмасын басу арқылы өтуге болады, немесе ??? Конструктор (Конструктор (Design)) батырмасын басу жеткілікті. Ашылған форманы Конструктор тізіміне ауыстыру үшін құралдар тақтасындағы батырманы тышқанмен шерту жеткілікті болады.

Форманы жасау терезесі 5.15-суретте көрсетілген, ол Формалар Конструкторын шақырған кезде шығады. Жалпы жағдайда Конструктор режиміндегі форма немесе облыстарды қамтиды: форманың атауы мен ескертпелері, жоғарғы және төменгі колонтитулдар және мәліметтер облысы (онда мәліметтер көздері бейнеленеді). Мәліметтер облысы міндетті түрде болуы керек болса, қалғандары – міндетті емес. Атау мен ескертпелер облысы форманың басы мен санында бір реттен ғана бейнеленеді. Мәліметтер облысында әдетте кестелер өрісі орналастырылады.

Міндетті емес облыстарды бейнелеуді Конструктор режимінде ашылған формада Түр (Вид (View))мәзірінің пунктінің көмегімен немесе форманың контекстік мәзірінен басқаруға болады.

Форманың контекстік мәзірінің қасиеттерінің Конструктор режимінде бос форманы ашқаннан кейін жазбалар көзі жолында өрістері формада бейнеленетін көзді (кесте/сұраныс немесе SQL-сұраныс) көрсету қажет.

Конструкторлардың басты мүмкіндіктері 5.15-суретте көрсетілген Элементтер тақтасындағы (Панели элементов(Toolbox)) құралдар құрамымен анықталады, оның көмегімен жоғарғы аталған форманың облыстарында көздің мәліметтері бейнеленеді. Элементтер тақтасы төмендегідей құралдарды қамтиды (солдан оңға және жоғарыдан төмен есептегенде):

·                    Нысандарды таңдау (Выбор объектов (Select Objects))– басқару элементтерін ерекшелеуге, өлшемін өзгертуге, ауыстыруға және редакциялауға пайдаланылады.

·                    Шеберлер (Мастера (Control Wizards)) – басқару элементтерін жасайтын шеберлерді автоматты түрде шақыратын қосу/ағыту батырмасы топты, тізімдері бар өрістерді, тізімдерді және командалық батырманы жасайтын Шеберлер бар.

·                    Жазу (Надпись(Label)) – өзгермейтін мәтінді ұстап тұратын басқару элементін жасауға арналған. Үнсіз келісім бойыншабасқару элементтерінің көбінде қосылған мәтіндік элемент бар.

·                    Өріс (Поле (Text Box)) – жазбалар көзінде қамтылған мәліметтерді бейнелеуге, енгізуге немесе өзгертуге, есептеулер нәтижелерін шығаруға, сонымен бірге пайдаланушы енгізетін мәліметтерді қабылдауға қолданылады.

·                    Ауыстырып қосқыштар тобы (Группа переключателей (Option Group)) – балама мәндердің жиынтығы болатын топтарды, элементтерді жасауға арналған, олардың ішінен бір ғана мән таңдалады. Егер топ форма немесе кесте негізі болатын қор сұранысы өрісіне қосылған болса, онда топтың элементтерінің бірін таңдаған кезде оның мәні өріске беріледі.

·                    Айырғыш (Выключатель (Toggle Button)) – айырып қосқыш тобы (Группа переключателей (Option Group)) және Жалауша (Флажок (Check Box)) – түрлері бойынша әртүрлі, бірақ қолданылуы бойынша бірдей элементтер, олар логикалық мәндерді бейнелеуге арналған. Элементті таңдау (қосу) сәйкес логикалық өрнек «Иә», «Ақиқат» немесе «Вкл» («өріс форматы»өрісі қасиетінің мәні арқылы анықталады) мәндерін енгізуге алып келеді. Элементті екінші рет таңдау оның мәнін қарама – «Жоқ», «жалған» немесе «Выкл» мәндеріне өзгертеді. Бұл элементтерді топтың ішіне орналастыруға болады. МҚ кестесінде бейнеленетін мәннің түрі Басқару элементінің типі (өріс қасиетін қою қосымшасы) қасиетіне тәуелді болады.

·                    Тізімі бар өріс (Поле со списком (Combo Box)) – өрісті біріктіретін және тізімді ашатын басқарудың құрама элементі болып табылады. МҚ кестесінің өрісі мәнді енгізу үшін, мәнді өріске енгізуге болады немесе тізімнен мәнді таңдап алуға болады.

·                    Тізім (Список (List Box)) – мүмкін мәндердің тізбегін (тізімін) жасауға арналған. Тізімді жасау үшін мәліметтерді тікелей енгізуге болады, немесе мәліметтер көзі болатын кестені не сұранысты көрсетуге болады. Тізім бірнеше бағаннан тұруы мүмкін, оған қоса олардың кез келгенін бейнелегенде ұзындығын белгілеу бұл бағанды көрінбейтін етеді. Тізіммен байланысты өріске бір кез келген бағанның мәндерінің жиынынан, оның ішінде көрінбейтін бағанның да мәні меншіктеледі.

·                    Батырма (Кнопка (Command Button)) – көбіне өзіне тіркелген Visual Basic тіліндегі макросты немесе бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады.

·                    Сурет (Рисунок (Image)) – формаға өзгермейтін суретті орналастыруға арналған.

·                    Нысанның еркін жиегі (Свободная рамка  объекта (Unbound Object Frame)) – OLE технологиясына жәрдем ететін қосымшадан алынған нысанды орналастыруға пайдаланады. Қосылған нысан форманың бөлігіне айналады, бірақ та МҚ кестесінде сақталмайды. Нысан ретінде электронды кесте, сурет, диаграмма, дыбыстық файл және т.б. алынуы мүмкін.

·                    Нысанның қосылған жиегі (Присоединенная рамка объекта(Bound Object Frame)) – формаға OLE-нысандарын қосу үшін қолданылады. Кейбір нысандар формада бейнеленсе (мысалы, суреттер, диаграммалар не электрондық кестелер), басқалары осы нысан жасалынған қосымшаның белгісі түріндегі формада шығарылады.

·                    Беттің бөлінуі (Разрыв старницы (Page Break)) – көпбеттік формада беттің бөлінуін қоюға мүмкіндік беруі.

·                    Қосымшалар жинағы (Набор вкладок (Tab Control)) - әрқайсысы басқарудың басқа элементтерінің қамтитын қосымшалардың бірнешеуін жасауға мүмкіндік береді.

·                    Бағыныңқы форма/есеп (Подчиненная форма/отчет (Subform/Subreport)) – формаға қандай да бір басқа (бағыныңқы) форманы кіргізуге арналған.

·                    Сызық (Линия (Line)) және (Прямоугольник (Rectangle)) – сәйкес геометриялық фигураларды жасауға арналған.

·                    Қосымша элементтер (Допольнительные элементы (More Controls)) – басқан кезде жүйеде орналастырылған барлық ActiveX басқару элементтерінің тізімін ашатын батырма.

Элементті формада орналастыру үшін курсорды элементтер тақтасындағы керекті элементке әкеліп оны шертеді, сосын форманың керек жерінде шерту қажет. Бұл жағдайда формада екі элемент – таңдап алынған элемент пен Жазу (Надпись) шығады.

Элементті бейнелейтін түпнұсқа өрісімен байланыстыру үшін осы элементтің контекстілік мәзірін шақыру керек және 5.16-суретте оның қасиеттерінің терезесін ашу керек.

Қасиеттердің Мәліметтер (вкладка Данные) жолында түпнұсқа өрісін көрсету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы