Дәріс Дәріс №7 Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын құру



бет6/13
Дата11.04.2022
өлшемі51.43 Kb.
#219840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Мәліметтер Қорын құру
1508-29a Алимкулова Барно 14-апта философия
Сұраныстарды жасау.

Сұраныс жасаудың алдында, кейін ол сақталатын мәліметтер қорын ашу керек. Бұдан кейін Сұраныстар (Запросы (Queries) қосымшасын таңдап алып, сосын Жасау (Создать (New)) батырмасын басу қажет.Сонымен бірге, сұраныс жасауды Access-тің басты мәзірінде Кірістіру (Вставка (Insert)) пунктінде Сұраныс (Запрос (Query)) ішкі пунктін таңдап алып бастауға болады. Оның нәтижесінде қажет нұсқаны таңдауды ұсынатын терезе (5.10-сурет) шығады.

Сұраныс жасаудың келесідей нұсқалары болуы мүмкін:

·      Конструктор (DesignView)конструктор көмегімен қолмен орындау;

·                    Қарапайым сұраныс (Простой запрос – Simple Query Wizard)) – таңдау жүргізілетін қарапайым  сұранысты автоматты түрде жасау;

·                    Қиылысатын сұраныс (Перекрестный запрос (Crosstab Query Wizard)) – мәліметтерді жалпылама (қиылыспалы) кесте түрінде оңтайлы бейнелуге арналған қиылысатын сұранысты автоматты түрде жасау;

·                    Қайталама жазбалар (Повторяющиеся записи (Find Duplicates Query Wizard)) өрістердің мәндері қайталанып отыратын жазбаларды іздеуге арналған сұранысты автоматты түрде жасау;

·                    Тәуелділері жоқ жазбалар (Записи без подчиненных (Find Unmatched Query Wizard)) – басқа кестеде тәуелді жазбалары жоқ кестенің жазбаларын іздеуге арналған сұранысты автоматты түрде жасау.

Жасалынатын сұраныстар кестелер өрістеріне және/немесе мәліметтер қорындағы сұраныстарға негізделген. Біріншісінен басқа тәсілдердің бәрі сұранысты жасауды жеңілдететін Шеберлер көмегімен жүзеге асырылады. Егер жасалған сұраныс талаптарға сай болса, онда Конструкторды пайдалануға болады, немесе Шебер көмегімен сұраныс дайындамасын жасап, алып, сосын оны Конструктор тізімінде жөндеп алуға болады.

Ұсынылып отырған қарапайым нұсқалардың аясынан шығатын сұраныстарды жасау кезінде аса маңызды әрі қажетті ретінде Конструктор режимін қарастырайық.

Сұраныстар Конструкторын шақыру сұранысты жасау кезінде немесе бұрыннан бар сұранысты ашып сосын оны Конструктор тізіміне ауыстырған кезде орындалады. Бірінші жағдайда сұраныстар конструкторы тізіміне ашылған МҚ терезесінде Сұраныстар (Запросы (Queries)) қосымшасынан екі тәсілмен: Жасау (New) батырмасын ашылған терезеде (5.10-сурет) ОК батырмасын немесе Конструктор (Конструктор (Design)) батырмасын басу арқылы, ауысуға болады. Сұранысты Конструктор тізіміне ауыстыру үшін құралдар тақтасындағы түймені тышқанмен шерту жеткілікті болады. Конструкторды шақырған кезде Access-тің басты мәзірінде Сұраныс (Запрос (Query)) қосымша пункті пайда болатынын айта кетейік, онда сұранысты жасау үдерісінде сұранысты орындау, сұраныс моделіне кестені қосу, сұраныс түрін өзгерту және т.с.с. түрлі амалдарды орындауға мүмкіндік беретін ішкі пункттер бар.

Жалпы жағдайда Конструктор тізімінде сұранысты құрастыру келесілерді анықтауды қамтиды:

·      нысандар (кестелер мен сұраныстар) мен оның өзгерістерін;

·                    сұраныс түрін (іріктеу, қосу,жою,жаңарту,қиылысатын сұраныс, SQL-сұраныс);

·                    жазбаларды таңдау шарттарын;

·                    сұранысты орындау нәтижелерін бейнелейтін параметрлері (өрістерді көрсту, мәндерді іріктеу);

Осы әрекеттерді бәрі сұраныстық формада (5.11-сурет) орындалады, оны QBE тіліндегі сұраныс формасына жатқызуға болады. Сұраныстық форма үш негізгі элементті қамтиды, олар: тақырып (сұраныстың атауы мен түрі); нысандар, олардың өрістері мен кестелер арасындағы байланыстар аймағы; үлгі бойынша сұраныс бланкісі.

Сұраныста пайдаланылатын обьктілерді анықтау үшін сұраныстық формаға осы кестелердің немесе сұраныстардың сұлбасын орнату керек, сосын олардың арасындағы байланыстарды көрсту қажет. Нысандарды сұранысқа енгізу сұраныспен жұмыс істеу кезінде автоматты түрде (сұраныс жасау кезінде) немесе құралдар тақтасындағы ??? түймесін басу жолымен Кестелерді қосу (Добавление таблицы (Show Table)) терезесінде жүзеге асырылады. Қажетті нысандарды анықтағаннан кейін сұраныстық форманың төменгі жағында осы нысандардан алынған қажетті өрістер орналастырылады және іріктеу мен таңдау шарттары беріледі. Таңдау шарты салыстыру амалдары мен And, Or және Not логикалық амалдарды пайдаланылған өрнектен тұрады. Мәтіндік өрістер үшін * (барлық символдарды) және ? (бір символды өткізу) шаблондық символдары бар мәтіндік жол – шаблонын қолдануға болады. Сонымен бірге, өрнекті тұрғызу үшін өрнектер тұрғызушысын батырмасын  ??? басу арқылы пайдалануға болады.

Шығаруға арналған жазбаларды таңдау шарты «>3000» немесе «<2000» өрнектері болады, ал «Amount» өрісінің мәндері не 3000-ден үлкен, не 2000-нан кіші болуы керектігін білдіреді. Шығарылатын жазбалар «Date» өрісінде мәндердің кішіреюі бойынша сұрыпталады, ал «Onum» өрісі шығарылмайды.

Қарапайым сұранысты жасау кезінде Өрістер тұрғызушысы терезесінде ұқсас терезе ашылады, онда нысандардың ішінен қажетті өрістер таңдап алынады, сосын Қарап шығу немесе Конструктор ауыстыру орындалады.

Қиылысатын сұранысты құрастыру кезінде келесі үш компоненті анықтау қажет:

·                    жолдар тақырыбы – бастапқы кестенің өрістері, олардың қайталанбайтын мәндері нәтижелер кестесінің жолдарын анықтайды;

·                    бағандар тақырыбы – бастапқы кестенің өрістері, олардың қайталанбайтын мәндері нәтижелер кестесінің бағандарын анықтайды;

·                    мәндер-бастапқы кестенің өрісі, ол нәтижелер кестесінің өріс мәндерін есептеуге пайдалынады.

Жолдар тақырыбы ретінде «Orders» кестесінің «Snum» өрісі, бағандар тақырыбы ретінде - «Date» өрісі және «Amount» өрісі бойынша есептелінетін мәндері (қосындылар) таңдап алынған қиылысатын сұраныстың мысалы келтірілген.

Сұраныс түрін жүйенің негізгі мәзірінің Сұраныс (Запрос (Query)) пунктінің көмегімен өзгертуге болады, мұнда сұраныстардың мүмкін түрлері мәзірдің ішкі пункттері ретінде келтірілген. Оған қоса, кестені толықтыруға, жоюға, жаңартуға және жасауға арналған сұраныстар таңдауға арналған сұраныс нәтижесін қажет болса сәйкес өңдеу жүргізіп пайдаланылады.

Сұраныс жасауды келесі түрдегілердей аяқтауға болады:

·      Файл|Сақтау (Файл|Сохранить (File|Save)) мәзірінің пунктін таңдау;

·                    Файл|Қалай Сақтау (Файл|Сохранить как/Экспорт (File|Save As Export)) мәзірінің пунктін таңдау арқылы;

·                    құралдар тақтасындағы Сақтау (Сохранить (Save)) түймесін басу арқылы;

·                    сұраныс жасау терезесінің жабу арқылы.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы