Дәріс Дәріс №7 Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын құру



бет3/13
Дата11.04.2022
өлшемі51.43 Kb.
#219840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Мәліметтер Қорын құру
1508-29a Алимкулова Барно 14-апта философия
Кестелерді жасау.

Кестені құрар алдында кесте орналасатын мәліметтер қорын ашу керек. Мұны бастапқы терезенің (5.2-сурет) көмегімен, сондай-ақ, құралдар тақтасындағы Мәліметтер қорын ашу (Открыть базу данных (Open An Existing Database)) түймесін басу арқылы немесе Файл/ Ашу (Файл/Открыть (File |Open)) мәзір командасымен орындауға болады. Осы кезде мәліметтер қорының 5.2-суреттегі терезеге ұқсас Ашылу файлы (Open) терезе пайда болады. OK басу таңдап алынған МҚ ашуға және бұрын ашылған қор болса, оны жабуға әкеледі.

Ашылған МҚ Кестелер (Tables) вкладкасын таңдап алу керек, және Құру (Создать (New)) түймесін басу керек. Кестені құруды Access бас мәзірінің Қою (Вставка (Insert)) пунктіндегі Кестелер (Tables) подпунктінде таңдаудан бастауға болады.

Терезедегі элементтерге қарағанда кестені құрудың тқмендегідей бес түрлі нұсқасы болуы мүмкін:

·                    бос кестеге мәліметтерді енгізу жолы, мұнда мәліметтерді сақтау кезінде Access мәліметтерді талдайды және әрбір өріске сәйкес мәліметтер типі мен форматын автоматты түрде меншіктейді. Кесте режимі-Режим таблицы (Режим таблицы (Datasheet View));

·                    Конструктордың көмегімен (Конструктор (Design View));

·                    Шебердің көмегімен – Кесте Шебері (Мастер таблицы (Table Wizard);

·                    Импортталушы кестелерден – Кестелер импорты(Импорт таблиц (Import Tables)).

·                    Сыртқы файлда орналасқан кестелермен байланысты кесте құру жолымен Кестелермен байланыс – (Связь с таблицами (Link Tables));

Қандай тәсілмен жасалғанына қарамастан кестенің құрылымын өзгертуді жасалынып отырған кестенің параметрлерін анықтауда, мейлінше ыңғайлы және көлемді мүмкіндіктер беретін Конструктор режимінде орындауға болады.

Конструктор режиміне өту үшін, терезе таңдау аймағындағы (5.4-сурет) екінші қатарды бөліп алып және OK түймесін басу жеткілікті. Ортасында өрістерді сипаттайтын арнайы формасы (кесте түріндегі) бар, жасалынып отырған өрістер сипаттамаларын енгізуге арналған терезе пайда болады (5.5-сурет). Әрбір өріске бұл формада бір жазба сәйкес келеді. Бұл формада әрбір өріске бір жазба сәйкес келеді.

Өрістердің аты бірінші бағанға енгізіледі, өріс типтері (1-кесте) мен олардың қасиеттері (2-кесте) – екінші бағанға, ал аса қажет емес түсініктемелер – үшінші бағанға енгізіледі.

1-кесте



Типтер




Сипаттамасы





Мәтіндік




Алфавиттік-цифрлық символдар тізбегі (ұзындығы 255 символдан артық емес)





MEMO




Айнымалы ұзындықтағы мәтін, 64000 байтқа дейін





Сандық




Бүтін және нақты сандар





Күн/Уақыт





Күні және уақыты





Ақшалық




Дөңгелектеуге болмайтын сан





Санауыш




Жаңа жазбаны енгізгенде 1-ге артып отыратын сан





Логикалық





Логикалық мән (“Ақиқат” немесе “Жалған”, “Иә” немесе “Жоқ”, “True” немесе “False”)





OLE-объектісі





Басқа қосымшаларда құрылған OLE-объектілері (құжаттар, суреттер және т.б.)





Гиперсілтеме





URL-адресі немесе файл маршрутынан тұратын мәтіндік жол





Подстановка шебері





Мәні тізімнен таңдап алынатын өріс, ол басқа кестелердің бағанын білдіретін, немесе алдын ала пайдаланушы қалыптастырған тізім болады.





 

2-кесте




Қасиеттері





Сипаттамасы





Өріс мөлшері





Мәтіндік өрістің ең үлкен ұзындығын немесе сандық өрістің өлшемі (3 кесте)





Өріс форматы





Формада және сұраныста мәліметтерді шығару форматын көрсетеді





Оңдық таңбалар саны





Санның бөлшек бөлігіндегі таңбалардың санын анықтайды





Енгізу маскасы





Енгізу барысында мәліметтердің маскасын анықтайды





Қолтаңба




Формада немесе басылымда өріс қатарында шығарылатын мәтін





Келісім бойынша мән





Жаңа жазбаны құру кезінде өріске автоматты түрде енгізілетін мәнді анықтайды





Мән бойынша шарт





Определяет условие, которое накладывается на допустимые значения этого поля





Қате туралы мәлімет





Шығарылатын мәндердің шарттарды бұзылған жағдайда экранға шығарылатын қателер туралы мәтіннен тұрады





Міндетті өріс





Жеке жазбалар үшін өріс бос болу керек пе немесе кейбір мәндердің болуы міндетті ме соны анықтайды





Бос жолдар





Нөлдік ұзындықтағы мәтіндік жолды енгізу мүмкіндігін қояды





Индекстелген өріс





Өрісті индекстік өріс ретінде анықтайды, егер өріс кілттік өріс болса, онда ол автоматты түрде индекстік болады





Сығылған Юникод





MEMO және мәтіндік өрістерді, сонымен қатар гипермәтінді сығуды орнатады





IME режимі





Шығыс тілдерінде (жапон, қытай) мәтінді енгізуді қамтамасыз етеді.





IME ұсыныстар режимі





IME режиміне ауыстыру





 

3-кесте




Мәндер




сипаттама





длина




Байт




0-ден 255-ге дейінгі сандар





1 байт




Бүтін




-32768-ден +32767-ге дейінгі сандар





2 байта




Ұзын бүтін





-2147483648-ден +2147483647-ге дейінгі сандар





4 байта




Бір жылжымалы нүктелі Одинарное с плавающей точкой





-3,402823Е308-ден +3,402823Е38-ге дейінгі бөлшек бөлігі 6 таңбадан тұратын бөлшек сандар





4 байта




Екі жылжымалы нүктелі Двойное с плавающей точкой





1,79769313486232Е308-ден +1,79769313486232Е308-ге дейінгі бөлшек бөлігі 10 таңбадан тұратын бөлшек сандар





8 байта




Репликация коды





Бірегей ауқымды идентификатор (GUID)





16 байтов





Нақты




Бөлшек бөлігінде 28 таңбалы шифрлары бар (-10Е38)-ден (+10Е38)-1-ге дейінгі сандар





12 байт




 

Кестелердің дайын құрылымдарын пайдалану керек болса Конструктор режиміндегі немесе құралдар тақтасындағы ????батырмасын басу арқылы шақырылатын өрістер құрушысының көмегіне немесе Кестелер шеберінің көмегіне жүгінуге болады. Бұл жағдайда өрістердің дайын сипаттамасын таңдап алуға мүмкіндік беретін терезе пайда болады.

Кесте құрылымын сипаттау кезінде Индекстелген өріс (Индексированное поле (Indexed)) деп аталатын өрістер қасиетіне назар аудару қажет. Ол келесі мәндерді қабылдауы мүмкін: Жоқ (Нет) (No) – индекстелмеген және Иә (Сәйкес келулер болады) (Да (Допускаются совпадения)) (Yes (Duplicates OK)) және Иә (Сәйкес келулер болмайды) (Да (совпадения не допускаются)) (Yes (No Duplicates)) бере алады.

Access жүйесіндегі өрістерді индекстеу өрістің кілттік өріс екенін көрсетпейді. Өрісті кілттік өріс жасау үшін, алдымен өріс қасиеттерін беру керек (сәйкес келулер болмайтын осы өрісті индекстеуде толыққанды кілттік өріс шығады), сосын өріс сипаттамасының жолын бөліп алып, құралдар тақтасындағы ???? түймесін басу қажет.

Кестенің ең болмағанда бір кілттік өрісінің болуы қалыпты жағдай болып есептеледі. Сондықтан кестені жасауды аяқтау кезінде (мысалы, Файл-Сақтау (Файл | Сохранить (File | Save)) мәзіріндегі пунктін таңдау арқылы, құралдар тақтасындағы Сақтау (Сохранить (Save)) батырмасын басу арқылы немесе кестені жасау терезесін жабу арқылы), егер оның кілті болмаса, Access бұл туралы ескерту жасайды және Санауыш типтес (Счетчик (AutoNumber)) кілт жасауды ұсынады. Қажет болған жағдайда кілт кейініректе жасалуы мүмкін.

Мәліметтерді импорттау үшін Файл мәзірінен сыртқы мәліметтер опциясын, ал оның ішінен Импорт командасын таңдап алу керек. Мәліметтерді импорттауды кестелер импорты (Импорт таблиц)режимінде де орындауға болады. Терезе ашылады.

Импортталушы мәліметтер келесі форматтағы файлдарда сақталуы тиіс:

·      MS Access;

·      Мәтіндік;

·      Microsoft Excel;

·      Paradox;

·      Exchange;

·      Oulook;

·      HTML құжаттары;

·      dBase III;

·      dBase IV;

·      dBase 5;

·      Lotus 1-2-3 кестелері;

·      XML құжаттары;

·      ODBS Database.

Терезедегі (5.7-сурет) керекті файл мен типті таңдап алған соң Импорт түймесін басу керек.Бұл жағдайда Импорт шебері бағдарламсы іске қосылып, оның сұхбат терезесінде қажетті амалдарды орындау арқылы мәліметтерді  импорттау жүзеге асырылады. Импорттау  жолымен  жасалатын жаңа кестелер бос немесе  мәліметтер бар болады. Бұл бастапқы МҚ таңдауда пайда болатын Нысандардың импорты (Импорт обьектов (Import Objects)) терезесіндегі параметрлермен  Параметрлер батырмасы (Кнопка параметры (Options) анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы