Дәріс Дәріс №7 Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын құру



бет13/13
Дата11.04.2022
өлшемі51.43 Kb.
#219840
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Мәліметтер Қорын құру
1508-29a Алимкулова Барно 14-апта философия
Модульдер жасау.

Кейбір іс-әрекеттерді орындауды автоматты түрде жүргізу үшін қарапайым қосымшаларда макростарды пайдаланады. Кейбір жағдайларда макростар жеткіліксіз болғандықтан, VBA-бағдарламаларын жазуға тура келеді. Мысалы, келесі есептердің шешілуінде бағдарламалауды пайдалану тиімді болмақ:

-       қосымшалардағы қателерді өңдеу;

-       мысалы мәндерді дөңгелектеу үшін, өңдеудің өзіндік функциясын жасау;

-       Windows API функцияларына тікелей қол жеткізу мүмкіндігін алу;

-       жоғары өнімділікті (бағдарламалар макростармен салыстырғанда тезірек компиляцияланады және орындалады) қосымшаларды жасау;

-       қосымша жұмыс істеп жатқан кезде МҚ жаңа нысандарын жасау.VBA-бағдарламалары МҚ модульдерде сақталынады және екі түрде болады:

-                     стандартты түрде – пайдаланушы жасайды және МҚ Модульдер (Модули (Modules)) қосымшасында көрініп тұрады;

-                     формалар/есеп берулер модульдері – автоматты түрде жасалады және осы нысандардың (формалар/есеп берулердің) бөлігі болып табылады.

VBA тіліндегі бағдарламалар екі түрдегі процедуралар:

Функциялар (Function сипаттаушысы(описатель Function)) және бағдарламалар(Sub сипаттаушысы (описатель Sub)) түрінде құрылады. Процедураның оған мәндер берілетін параметрлері болуы мүмкін. Функцияның ішкі бағдарламадан негізгі айырмашылығы – функцияны шақыру нүктесіне жалғыз мәнді қайтаруы мүмкін, ал ішкі бағдарлама мәндерді қайтармайды. Оған қоса, функцияны әртүрлі жерлерден, мысалы сұраныстарда, кестелерде (в условиях на значение (Validation Rule) мәніне шарттар қойғанда) немесе формаларда пайдаланылатын функциядан немесе формадағы не есеп берудегі оқиғаны өңдеу процедурасы ретінде шақыруға болады.

Стандартты модульдер МҚ әртүрлі нысандарынан шақырылатын процедураларды жасауға және сақтауға пайдаланылады. Формалар/есеп берулер модульдері формаларда/есеп берулерде пайдаланылатын процедураларды жасауға және сақтауға арналған. МҚ әрбір формалар/есеп берулер модулінде формада немесе есеп беруде пайда болатын оқиғаларға жауап ретінде шақырылатын оқиғаларды өңдеу процедурасының дайындықтары бар. Пайдаланушы осы дайындықтарға VBA-бағдарламаларының мәтінін қоса отырып өзінің оқиғаларды өңдеу процедурасын жасай алады.

Стандартты модульдерді жасау үшін мәліметтер қорының ашылған Модульдер (Модули(Modules)) қосымшасын таңдап алу керек және Жасау (Создать (New)) батырмасын басу керек. Модуль жасауды сонымен бірге, Access мәзірінің Кірістіру (Вставка(Insert)) пунктінде Модуль (Модуль(Module)) командасын орындау арқылы да бастауға болады.

МҚ ашылған терезесінде формалар/есеп берулер модулін редакциялау үшін сәйкес нысанды тышқанмен ерекшелеп алу керек немесе оны Конструктор режиміне ауыстыру керек. Сосын Түр (Вид(View)) мәзірінде Бағдарлама (Программа(Code)) пунктін таңдап алу керек немесе құралдар тақтасындағы ??? батырмасын басу керек. Стандартты модуль немесе формалар/есеп берулер модулі бағдарламалар мәтіндерін енгізуді және редакциялауды модуль терезесінде (5.21-сурет) жүргізеді.

Модуль терезесінің жоғарғы жағында келесі екі ашылатын тізім орналасады:

1.                  Нысан (Объект (Object)). Форма/есеп беру модулін редакциялаған кезде осы режимнен форманы/есеп беруді (тұтастай) оқиғаны түзіп шығуға қабілетті бөлімді және басқару элементін таңдап алуға болады.

Сипаттау бөлімін таңдап алуға арналған (Жалпы облыс (Общая область (General))) элементі бар. Нысан тізіміндегі стандартты модуль (Общая область (General)) элементін ғана қамтиды.

2.                  Процедура (Процедура (Procedure)) дегеніміз – бірінші тізімнен таңдап алынған, редакциялауға болатын нысандар процедурасының тізімі. Осы тізімде таңдап алынған процедура модуль терезесінің мәтіндік облысында шығады. 5.21-суретте дыбыстық сигналдың берілу процедурасы келтірілген.

Бағдарламалардың енгізілген мәтіндерін мәзірдің Файл (File) пунктіндегі Сақтау(Сохранить (Save)) командасы бойынша, құралдар тақтасының сақтау батырмасының көмегімен немесе модуль терезесін жауып, одан кейін сақтау туралы бекітумен сақтауға болады.



Мәліметтер қоры файлдарында Жасалынған және орналасқан VBA-бағдарламалары оларға бірінші рет барғанда Access-ке автоматты түрде компиляцияланады, сосын орындалуға шақырылады. Қосымшаның жұмыс істеуін жеделдету үшін VBA-бағдарламаларын алдын-ала компиляциялап бастапқы мәтіндермен бірге мәліметтер қорында сақтап қоюға болады. Бұл мақсатта МҚ кез келген модульді ашып, Іске қосу/барлық модульді компиляциялау (Запуск|Компилировать все модули (Run| Compile All Modules)) командасын орындау қажет. Бұдан кейін модуль терезесінде (10.22-сурет) тұрып, компиляция нәтижесі Файл/Сақтау (Файл |Сохранить (File|Save)) командасының көмегімен сақтау қажет. МҚ VBA-бағдарламасын шақыруды жеделдету мәліметтер қорының mdb-файлының өлшемін (көлемін) арттыруға әкеліп соғады.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы