Макростарды жасау.
Макросты жасамас бұрын оны орналастыратын мәліметтер қорын ашу қажет. Жалпы, Макросты жасау МҚ ашылған терезесінде Макростар (Макросы (Macros)) қосымшасын таңдап алып, сосын Жасау (Создать (New)) батырмасын басу арқылы орындалады. Сонымен қатар, макросты жасауды Access басты мәзірінің Кірістіру (Вставка (Insert)) пунктінде Макрос (Макрос (Macros)) ішкі пунктін таңдап алып та бастауға болады. Оның нәтижесінде макросты жасау терезесі ашылады (5.20-сурет).
Макросты жасау терезесі жалпы жағдайда келесі ??? ??? бағандарды қамтиды: Макрос атауы (Имя макроса (Macro Names)), Шарт (Условие (Conditions)), Макрокоманда (Макрокоманда (Action)) және Ескерту (Примечание (Comment)). Алғашқы екі бағананың макростарды жасау кезінде міндетті түрде болуы қажет емес, сондықтан да оларды Access мәзірінің Түр (Вид (View)) пунктінің көмегімен немесе құралдар тақтасындағы және сәйкес батырмаларын басу арқылы алып тастауға болады.
Әрбір макрос шартсыз немесе белгілі бір шартқа сәйкес орындалатын бір немесе бірнеше макрокомандаларды қамтиды. Белгілі бір шарт қойылған жағдайда макрокоманданың тұсында шартты өрнекті немесе «...» көп нүктені көрсетеді. Егер макрокоманда жолындағы логикалық өрнек ақиқат болса, онда осы макрокомандада және Шарт (Условие (Conditions)) өрісінде көп нүктеден тұратын макрокоманда, одан кейінгі макрокомандаларда орындалады. Логикалық өрнектің дұрыстығы жағдайында осы Макрокоманда және барлық Шарт (Условие (Conditions)) өрісі көп нүктелі қамтитын одан кейінгі макрокомандаларда өткізіледі.
Сақтауға ыңғайлы болу үшін мағынасы бойынша байланысқан макростарды топтарға біріктіруге болады. Топтағы такростың толық атауы топтың атауы мен одан нүкте арқылы бөлінген макростың атауынан тұрады. Макростардағы Макрокомандалар МҚБЖ бекітілген тізімнен алынған параметрлермен орындалатын амалдарды білдіреді.
Барлық Access макрокомандаларының жиынтығын фнукцияоналдық принцип бойынша келесі топтарға шартты түрде бөлінеді:
· кестелерді, формалар мен есеп берулерді ашу және жабу;
· мәліметтерді басып шығару;
· сұранысты орындау;
· шарттардың ақиқаттығын тексеру және макрокомандалардың орындалуын басқару;
· мәндерді белгілеу;
· мәліметтерді іздеу;
· арнайы мәзірді құрастыру және мәзір командаларын орындау;
· экранға шығару мен фокусты басқару;
· орындалып жатқан іс-әрекет туралы пайдаланушыға хабарлау;
· нысандарды қайта атау, көшірме жасау, жою, импорттау және экспорттау;
· басқа қосымшаларды іске қосу.
Пайдаланушы үшін макрокомандаларды енгізу барынша жеңілдетілген, себебі макрокомандалардың атауын, сонымен бірге аргументтердің мәндерін клавиатурадан енгізумен қоса, тізімнен де (Макрокоманда (Макрокоманда (Action)) бағанының ұяшығында немесе макрокоманда аргументінің өрісінде) таңдап алуға болады. Аргументтер макрокомандаларды орындау шарттары облысындағы өрнектерді клавиатурадан тікелей енгізуге немесе өрнектер тұрғызушысын пайдалануға болады. Макрокомандалар мен олардың аргументтерін енгізу (тізімнен таңдау) үдерісі макросты жасау терезесінің (10.21-сурет) төменгі оң жағындағы көмексөзбен бірге жүргізіледі. Бұл мкрокомандаларды қосу үшін макрокомандаларды енгізу облысында келесі жолға көшу қажет. Макрокомандалар бланкіде орналасу реті бойынша орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |