Дәріс №5. Тақырыбы: Инклюзивті білім берудегі технологиялар. Мақсаты



бет1/2
Дата11.04.2022
өлшемі21.77 Kb.
#219696
  1   2
Байланысты:
Дәріс 5.


Дәріс №5.

Тақырыбы:Инклюзивті білім берудегі технологиялар.

Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Дәріс жоспары:

1.Білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беру бойынша технологиялар.

2.Тьютор жұмысының негіздері.

3.Оқытушының мазмұны мен формалары.

4.Тьютор жұмысының әдістемелік және дидактикалық негіздері.

5. Тьютормен бірге мүмкіндігі ерекше балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.


1.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың психологиялық ерекшеліктері адамның көру және есту анализаторларының мүмкіндіктерін қалай және қалай тиімді пайдалануды танытады.

Білім алу үдерісінің алғашқы кезеңінде – сезіну мен қабылдауына әсер етіп, сезім органдары арқылы қабылданатын сигналдарды дұрыс өңдеуіне, сөйтіп дерексіз ойлау аясына түсуіне АКТ игі әсер ете алады. Осы үдерістің нәтижесінде оқушыда белгілі бір нәрсе туралы қарапайым болса да байымдау және түйін ой қалыптасады.

Компьютердің есту мен көруді бір мезетте оқушыға жеткізе алатын мүмкіндігі оқушының беріліп жатқан білімдік ақпаратты шамасы жеткенше саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді. Саналы түрде қабылдау барысында оқушының көрнекілікті қолдануы – ұғымдар мен ой қалыптасуына негіз қалайды.

Сонда аудиобейнелі оқу құралдары саналы ойлауға алып келетін ойлау үдерісі үшін қажетті шарттар пайда болуына әсер ететінін көруге болады.

Білім беру саласындағы АКТ-ның қол жетімділігі жөнінде зерттеулер олардың әрбір балаланың индивидуалды қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаларды құрастыруға көмектесетіні және оқу үдерісін жеңілдететінін айқындады.

АКТ инклюзиясы әдетте қолданыста даму ерекшеліктері бар тұлғалар тарапынан белсенді интеграцияны да кездестіреді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтендірудегі жетістігі тек қоғам мен ғана емес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өзінің интеграциялануға деген талпынысына байланысты. Бұл арнайы білім беретін компьютерлік бағдарламаларды үйренуге, қоғамның баспа өкілдерімен икемді қарым-қатынас жасау және байланысқа арналған жаңа құрылғыларды қолдануға талпынысынан көрініс табады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін компьютерлік бағдарламалар олардың заманауи қоғамда интеграциялануының құралы екенін түсініп анағұрлым тез үйренеді, ақпараттық тапшылықты жою мақсатында қашықтықтан білім алады.

АКТ-ның «ерекше» балаларға білім беру саласында қолданылуы әлемдік білім беру саясатында универсалды ұстанымы болып табылады. Бұл сұрақтанегізгі халықаралық құжат БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары жөнінде Конвенциясы» болып табылады. Құжатқа 2006 жылы қол қойылып 2008 жылы заңды күшіне енді. Ал 2010 жылда бұл Конвенцияға 145-тен астам ел қосылды. Оның ішінде 90 мемлекет бірден ратификациялады. Ол елдердің ішінде Қазақстан да бар[113].Осы халықаралық құжатқа сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға шектен тыс назар аудару денсаулығында ақаулар болуына байланысты емес, қоғамдағы белгілі бір кедергілерге тәуелді.

Инклюзивті білімі беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың психологиялық негіздерін былайша модельдеуге болады деп ойлаймыз.

Бұл психологиялық негіздеменің күрделігі – оның бірнеше аспекті тұрғысынан қарастырылады. Бірінші аспекті - «бастауыш мектеп оқушысының психологиясы», екіншісі - «инклюзивті білім берудің психологиялық ерекшеліктері», үшіншісі - «ақпараттық-коммуникаицялық технологияларды қолданудың психологиялық ерекшеліктері», төртіншісі - «инклюзивті білімі беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың психологиялық ерекшеліктері».

АКТ-ны қолдануда мұғалім мен оқушының өзара бірігіп орындайтын әрекетінің нәтижелі болуы, көп жағдайда, оқушылардың ақпаратты қабылдауға зейінін қоюға және соны біраз уақыт ұстап тұруға байланысты болып келеді. АКТ қолданып, оқушылардың зейінін сақтап ұстаудың бірнеше жолы ретінде – әсерленуді күшейтуді, зейін қоюды тікелей талап етуді, енжарлық пен алаңғасарлықты жоюға қарсы әрекет жасау, сабақты қызғылықты ұйымдастырылуы.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып сабақ беруде оқушылардың зейінінің мынадай психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, реттеп отыру керек. Оқушының зейінін қадап отыруы, тұрақтылығы, зейінінің дұрыс бөлініп отыруы, зейінін басқаға ауыстыруы. Осындай амалдарды қолданып, оқушылардың сабақ барысында талдау, салыстыру, қорытындылар жасау, соның арқасында сабақ оқуға деген жағымды мотивация қалыптастыру мүмкін болады.

Қазіргі уақытта білім беру үрдісінде мұғалімдердің әр түрлі компьютерлік технологияларды қолдану мүмкіндігі төмен екендігін айқындадық, бұл жағдай олардың АКТ құралдарын қолдануда кәсіби дайындықтан өтпегендігін білдіртеді, осы фактор оларды АКТ технологиялардың қолдану мүмкіндігінде қиындық туғызғандықтан, белгілі бір ішкі үрей пайда болатыны белгілі. Осыдан кейін мынадай мәселе туындайды: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне инклюзивті білім беру аясында жұмыс жасау дағдыларына үйрету, білімдер беру мен технологияларды қолдану негіздеріне оқыту мен оқу үдерісіне оларды тиімді интеграциялау және қолжетімді технологиялар арқылы жетістікке жету қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі заманның жоғарғы оқу орны түлектері, өзінің алдындағы бітірушілерінен қарағанда компьютерлік технологияларды қолдануы құзіреттілігі жоғары десек қателеспейміз.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуетін тиімді ашу үшін білім беру үдерісінің дәстүрлі тәжірибеге сәйкес сандық технологияларды ұтымды қолдануға болады. Бұл үдерісте жеке рөл оқытушыға беріледі: ол белгілі бір балаға психологиялық дамуы мен коммуникативтік дағдылар қалыптастыру бойынша қандай құралдар пайдаланатынын және оң әсер беретінін анық білуі тиіс.

Ғылыми-зерттеудің талдауы бойынша, оқытушының міндетіне дәстүрлі оқыту үдерісімен кезектесіп АКТ дұрыс таңдауы да кіреді. Бұдан шығатын қорытынды, АКТ-ды қолдануда болашақ мұғалімдер инклюзивтік құзыреттіліктің пайда болуына төмендегідей құзіреттіліктер негізгі болып табылады:



  1. Психологиялық құзыреттілік. Ол мектеп кеңістігінде жұмыс істеу мақсатын, өзін-өзі дамыту мен өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін, педагогикалық қызметті өз бетінше және жауапкершілікпен жүзеге асыруды, оқушының психикалық дамуына көмектесуді, ұдайы өз-өзімен, ойлау және тану қабілетімен жұмыс істеуді көздейді.Ғылыми-теориялық құзыреттілік. Ол педагогикалық ғылымды дамыту тұжырымдамасын білумен, тұлғаны дамыту схемасын үлгілеу шеберлігімен және т.б. теңдестіріледі.

  2. Тәжірибелік құзыреттілік. Бұл – педагогикалық іс-әрекетті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәжірибелік білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

  3. Психофизиологиялық құзыреттілік. Ол тұлғалық қасиеттер мен балалармен педагогикалық жұмысты іске асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір білімдердің үйлесімінен тұрады.

Физиологиялық құзыреттілік. Бұл – педагогтың физиологиялық және психикалық денсаулығының кәсіпке қойылатын талаптарға сәйкестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан