Шақырулар ағыны – шақырулардың келіп түскен уақыт мезгілдерінің жиынтығы. Яғни, ол – кездейсоқ сандардың жиынтығы.
Егер келіп түсетін уақыт мезгілдері алдын ала белгілі болатын болса, шақырулар ағыны детерминанттық (кездейсоқ емес) деп аталады. Детерминанттық ағындар тәжірибеде сирек кездеседі. Мысал ретінде радио және теледидар бағдарламаларының басталу уақыттарының мезгілдерін, ғарыштық спутниктермен байланыс сеанстарының ағынын алуға болады.
Байланыс желілерінде көп жағдайларда кездейсоқ шақырулар ағындары орын алады. Кездейсоқ шақырулар ағынын анықтау үшін келесі кездейсоқ мәндердің ықтималдық үлестірім заңдары қолданылады: шақырулардың келіп түскен мезгілдерінің (tn), көршілес шақырулардың арасындағы уақыт аралығының (zk), және [0, t] аралығында келіп түскен шақырулардың саны.
Кездейсоқ шақырулар ағындары келесі үш қасиеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.
Тұрақтылық (стационарность). Тұрақты ағында берілген уақыт аралығында ( ), ағынның ықтималдық сипаттамалары тек осы аралықтың ұзындығынан тәуелді. Ал, осы аралық уақыт білігінің қай жерінде орналасқанынан тәуелсіз. Басқа сөзбен айтқанда, осы аралықта келіп түскен шақырулардың орта саны тек аралықтың ұзындығынан тәуелді. Кері жағдайда ағын тұрақсыз. Мысалы, телефондық станцияға келіп түсетін шақырулар ағынын тәулік ішінде қарастыратын болсақ, онда ағын тұрақсыз болып шығады, өйткені күндіз және түнде келіп түсетін шақырулар саны әртүрлі. Бірақ егер біз осы ағынды бір сағаттың ішінде қарастырсақ, онда ол тұрақты болып шығады.
Даралылық (ординарность). Егер берілген уақыт мезгілінде желіге немесе жүйеге бір ғана шақырудың келіп түсуі мүмкін болса, онда ағынды жалғызданған немесе даралылық деп атаймыз. Байланыс жүйелерінде ағындар жалғызданған болады. Абоненттерден АТС-қа келіп түсетін шақырулар ағындары жалғызданған, ал телеграфқа топтарымен келіп түсетін телеграммалар жалғызданған емес ағынды құрайды.
Кейінгі ықпалдылық (последействие). Кейінгі ықпалдылық деп аталатын шақырулар ағынының қасиеті оның ықтималдық сипаттамалары алдыңғы оқиғалардан тәуелді екенін көрсетеді. Кейінгі ықпалдықсыз ағында ағынның ықтималдылық сипаттамалары алдыңғы оқиғалардан тәуелсіз болады. Мұндай кездейсоқ үрдістерді алғашқы зерттеген, ықтималдықтар теориясының дамуына көп үлес қосқан математик Марков А.А. Кейінгі ықпалдықсыз үрдістерді Марков үрдістері деп те атайды. Егер өтіп жатқан кездейсоқ үрдісті t уақытында (болашақта) болатын оқиғаның ықтималдық сипаттамалары тек t0 уақытындағы (нақты уақыттағы) сипаттамасынан тәуелді болып, ал оның алдындағы (өткен уақыттағы) сипаттамаларынан тәуелсіз болса, онда ол Марков үрдісі.
Кездейсоқ шақырулар ағындарының негізгі сипаттамалары ретінде жетекші функцияны, ағынның параметрін және екпінділігін қарастыруға болады.
Жетекші функция
Достарыңызбен бөлісу: |