Дәріс №32, 33 Тақырыбы: Хабар теориясы туралы негізгі түсініктер. Қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері және хабар параметрлері Дәрістің мақсаты



бет1/3
Дата11.04.2022
өлшемі24.14 Kb.
#220163
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
a3f4b298-f212-4440-89a7-7b883156f1ca
1 апта.соц., ...., 44f43387-c88d-4cf5-9770-ed3cbbcc3b33

Дәріс №32, 33

Тақырыбы: Хабар теориясы туралы негізгі түсініктер.

Қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері және хабар параметрлері
Дәрістің мақсаты: студенттерді телетрафик теориясында зерттелетін шақырулар ағындарының негізгі моделімен, теорияның негізгі терминдерімен, шақырулар ағындарының қасиеттер және сипаттамаларымен таныстыру.
Мазмұны:

1) телетрафик теориясы туралы түсінік;

2) қызмет көрсету жүйесі құрамы, түрлері, әдістері ;

3) шақыру ағындарының қасиеттері және сипаттамалары.


Телетрафик теориясы ХХ-ғасырдың басында пайда болған. Пәннің негіздерін құрастырған даниялық математик, Копенгагеннің телефондық станциясының қызметкері болған – А. К. Эрланг. Ғалым телетрафик теориясының негіздерін 1908-1918 жылдары жарық көрген еңбектерінде жариялаған. Негізінде телетрафик теориясы - ақпаратты үлестіру жүйелеріне келіп түсетін хабарлар ағынына қызмет ету процестерін зерттейді және олардың жұмыс сапасын көрсететін сандық көрсеткіштерді анықтайды. Мұндай жүйелерге байланыс желісі, коммутациялық станция мен коммутациялық торап жатады.

А. К. Эрланг алған нәтижелер  жаппай қызмет көрсету теориясының негіздерін құраған.

Телетрафик теориясында зерттелетін негізгі математикалық модель келесі компоненттерден тұрады: келіп түсетін хабарлар ағыны, қызмет көрсету жүйесі, қызмет көрсетудің тәртібі және сапасы. Қолданылатын негізгі модель сұлба түрінде 49-суретте көрсетілген.

49-сурет. Негізгі модель


Қызмет көрсету жүйесі ретінде толық телекоммуникациялық жүйе, телефондық станция немесе олардың бөліктері қарастырылады.

Қызмет көрсету тәртібі ретінде қызмет көрсетудің әдісі, реті және бос шығыстарды іздеу тәсілдері қарастырылады.

Қызмет көрсетудің  әдістері келесі  түрлерге бөлінеді:

1) айқын шығындармен қызмет көрсету - келіп түскен шақыруға қызмет көрсетілмесе, ол жүйеден шығып кетеді (жоғалады, шығын болады);

2) күтумен қызмет көрсету - келіп түскен шақыруға қызмет көрсетілмесе, ол кезекке тұрып қызмет көрсетуді күтеді;  

3) аралас әдіс - келіп түскен шақыруға қызмет көрсетілмесе, ол кезекке тұрып қызмет көрсетуді күтеді.  Алайда, күту уақыты шектелген.

Қызмет көрсетудің реттері: кезекпен, кездейсоқ түрде, приоритетпен. Бос шығыстарды іздеу тәсілдері екі түрге бөлінеді: реттеген және кездейсоқ.

Келіп түсетін хабарлар ағынына қызмет көрсетудің сапасының көрсеткіштеріне: хабардың шығын болуының ықтималдығы, хабарға қызмет көрсетудің орта уақыты, кезекте күту уақытының орта мәні, қызмет көрсету жүйесінің өткізу мүмкіндігі және т.б. жатады.

Теорияның негізгі және бірінші есептері жүйені талдауға арналған.

Қызмет көрсетудің сапасын келіп түсетін хабарлар ағынының көрсеткіштері мен қасиеттеріне қарай және жүйенің құрамы мен қызмет ету тәртібіне қарай анықтау. Осы есеппен қатар, теорияда келесі есептер де қарастырылады. Жүйенің қызмет ету тәртібін және оның сапасының көрсеткіштерін біле отырып, келіп түсетін ағынның қасиеттеріне қарай қызмет ету жүйесінің параметрлерін анықтау.

Телетрафик теориясының негізгі бағыттарына коммутациялық сұлбаның тиімді құрылымын салудың әдістерін, өткізу мүмкіндігін есептеу әдістерін құрастыру, байланыс желісінің құрылымын үнемдеу есептері және қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерін есептеу әдістері кіреді.

Қызмет көрсету көрсеткіштерін нормалау және оларды желі бойынша тағайындау – теорияның тағы бір есебі.

Телетрафик теориясының математикалық аппараты ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикаға, дискреттік математикаға негізделген.

Енді телетрафик теориясының негізгі түсініктемелерімен танысайық.



Хабар – басы және соңы белгіленген байланыс желісі немесе коммутациялық жүйе арқылы таратуға арналған ақпаратты беру қалпы.

Хабар үлестіру уақыты мен шығыс және қабылдағыш адрестерімен, ақпаратты беру түрімен (диалогты-дискретті) сипатталады. Яғни, хабар бірнеше сипаттамаларға бірден ие бола алады. Хабарға телеграмма, радио және теледидар бағдарламалары, телефон аппараттарымен жүргізілетін сөйлесу және компьютерлік файлдар жатады.



Шақыру – коммутациялық жүйеге, байланыс желісіне қосуды ұйымдастыру үшін немесе хабарды үлестіру үшін келіп түсетін талап.

Әрбір шақыру тек өзінің ғана келіп түскен уақытымен сипатталады. Яғни, шақыру тек бір ғана сипаттамаға ие. Шақырудың көзі ретінде телеграф, телефон, факсимильді аппарат, компьютер болуы мүмкін. Осы аталған приборлар қабылдағыш та болуы мүмкін.

Шақырулар келесі түрлерге бөлінеді:

қызмет етілген (қойылған талапқа сәйкес қосу ұйымдастырылған жағдайда);

жоғалған (шығын болған, яғни қызмет етілмеген жағдайда);

табысты шақыру (қосу ұйымдастырылып, хабар қабылдағышқа келген жағдайда);

тоқтатылған ( кезекте күтіп тұрған шақыру);

бастапқы (қарастырылып отырған хабар үшін бірінші);

қайталанған (бастапқы шақыру шығын болған жағдайда байланыс желісіне кездейсоқ  немесе белгілі уақыттан кейін келіп түсетін шақыру).

 Алу (занятие) – кезкелген приборды, жолды, құрылғыны, қосуды ұйымдастыру мақсатымен алу. Алу бастапқы уақыт мезгілімен сипатталады.



Босату (освобождение) – приборды, жолды, құрылғыны бастапқы жұмыссыз күйіне келтіру. Босату - болған уақыт мезгілімен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан