Дәріс №10. Маркетингтегі коммуникация жүйесі



Дата16.01.2017
өлшемі57.99 Kb.
#302
Дәріс № 10. Маркетингтегі коммуникация жүйесі


      1. Коммуникация жүйесі түсінігі

      2. Жылжыту жоспары (комуникация әдістері)

      3. Жарнаманың мәні (коммуникация стратегиясы)

1. сұрақ.

Коммуникация дегеніміз – тауарлар , қызметтер туралы хабарландыру , оларға деген тұтынушының сенімін күшейту үшін қолданылатын әдіс –амалдар.

Кәсіпорын тұт—ға тиімді әсер ету үшін Коммуникацияның келесі әдіс-амалдарын пайдалануы мүмкін. Олар: жарнама, арнайы сату , өтімді ынталандыру, қоғаммен байланыс (Паблик рилейшнз).

Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер қолданылады. Бірақта олады пайдалану әдістері бір – маркетинг концепциясын табысты енгізу үшін стратегиялық және тактикалық мәселелерді дұры шешуді қамтамасыз ету.Комуникация элементтерін дұрыс қолдану арқылы нарықта тауарды дұры жылжытуға болады.

Жарнама дегеніміз – белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған әрекеттер. “Жарнама” латын тілінен аударғанда “айқайлау” ұғымын сипаттайды.

Маркетингте жарнама мынадай қызметтер атқарады:



        1. экономикалық қызметі- сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, «сатып –алу» үдерісін тездету.

        2. ақпараттық қызметі – тұттынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

        3. коммуникация қызметі – маркетинг зерттеулері кезінде қолданылатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқы нарық пен тұтынушыны қайыра байланыстырады.

Маркетинг жүйесіндегі жарнама қызметі бірқатар сатыларға бөлінген құрамдас үдеріс ретінде сипатталады. (1 сурет)
Жарнама қызметін жүргізудің негізгі сатылары


          1. Жарнаманың мақсатын анықтау

          2. Жарнамалық жариялау туралы шешім қабылдау

          3. Жарнама тарату құралдарын таңдау

          4. Жарнама қаржысын анықтау

          5. Жарнама қызметінің тиімділігін белгілеу.

Жарнама жариялауды дайындаған кезде мына мәселелерді шешу қажет:



  • жарнамалық жариялаудың құрылымын. Ол AIDA ( Attention – назар, interest – қызығу, Desire –ықылас, Action- әрекет) талаптарына сәйкес болуы қажет.

  • жарнамалық жариялаудың түрін. Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету әдісіне байланысты. Көрсету әдістерінің келесі түрлері бар: тауардың ұнатымды жақтарымен клиенттердің пікірлерін игеру, қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауардың жағымды қасиеттерін анық және дәлелді көрсету , тұтынушылардың көңіл көтеру үшін әзіл -ысқақ жағдай жасау.

  • жарнамалық жарнаманың бет –бейнесін.Көзделген ойды тұтынушыға ауызша не жазбаша түрде жеткізу керек.Жарнамада 5 түрлі бет- бейнесін айыруға болады:

    • ресми іскерлік

    • ғылыми түрде кәсібилік

    • жарияламдық

    • әдеби тілмен сөйлеу

    • деректі тілмен сөйлеу

Жарнама тарату құралдарының көптеген түрлері қалыптасқан (1 кесте)





Жарнама түрлері

Жарнаманы тарату құралдары

Тікелей жарнама

пошта хаттары , баспа материялдары

Баспа жарнамасы

Анықтамалар, каталоктар , Буклет , анықтама

Баспасөз жарнамасы

Газеттер , журналдар

Хабар жарнамасы

Радиожарнама, тележарнама

Сыртқы жарнама

Үлкен габариттік плакат, мультивизио плакаты

Экран жар-сы

Кино және видеофильмдер, слайд-фильмдер

Транспорт жар-сы

Транспорт сыртындағы жарнама,

Сату орнындарындағы жарнама

Витрина, тауар қорабы, зат таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар («ай-стоппер»)

Жарнаманың басқа түрлері

Көрме және жәрменке, компьютер жарнамасы, купон, лоторея




  1. сұрақ

Коммуникацияның келесі жарнамадан кейінгі әдісі – арнайы сату әдісі. Арнайы сату әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • Сатушы мен сатып алушы тауарға байланысты өзара қарым –қатынасы туралы арнайы кездесу өткізеді.

  • Қарым- қатынас содан кейін тұрақты қалыптасуы мүмкін

Арнайы сату әдісі мынадай кезеңдерден тұрады:

    1. Сатып алушыларды таңдап табу

    2. Сатып алушыны сауда жасауға дайындау және онымен қарым -қатынас орнату

    3. Оны тауармен ресми таныстыру

    4. Болатын кедергілерді күні бұрын жою

    5. Келісімді тиянақты жүргізіп аяқтау

    6. Сатып алушымен тұрақты қарым қатынас орнату

Тауар өтімін ынталандыру әдісі келесі шаралар кезінде қолданылады:

      1. нарықта ұқсас бәсекелес тауарлар шыққан кездер

      2. нарыққа жаңа тауар шыққан кезде

      3. тауар «құлдырау» өмір кезеңіне келген кезде

Өтімді ынталандырудың үш жолы бар:



  • Сауда саласында (делдалдарды) ынталандыру. Делдалдарды ынталандыру үшін мына әдістер қолданылады: баға жеңілдіктері, сауда жарыстарын жүргізу, тауарды тұтынушыға жеткізу

  • Өткізумен айналысатын фирма жұмысшыларын ынталандыру. Мысалы, ақшалай, заттай силықтар, қосымша демалыс уақыттарын беру.

  • Тікелей тұтынушыларды ынталандыру.Мұнда тұтынушыларға баға жеңілдіктері, купондар, кепілдемелер беріледі.

Қоғаммен байланыстар(паблик рилейшнз) әдісі дегеніміз- фирма туралы қоғамның жақсы пікірін қалыптастыру мақсатымен кәсіпорын мен оның тауары туралы коммерциялық жағымды ақпарат тарату .

Паблик рилейшнз саясатының негізгі мақсаты мыналар: 1) ішкі саясатты жүзеге асыру

2) сыртқы саясатты жүзеге асыру 3) фирма беделін көтеру




  1. сұрақ. Коммуникация стратегиясы

Коммуникация стратегиясын белгілеу үдерісі бірнеше сатыдан тұрады

Коммуникация стратегиясын белгілеу үдерісі



    1. Мақсат пен алдағы мәселелерді анықтау

    2. Стратегия таңдау

    3. Коммуникация кешенінің құрылымын анықтау

    4. Қаражат бюджетін белгілеу

    5. Қорытындысын талдау.

Коммуникация стратегиясының мақсаты- сұранысты ынталандыру, яғни сұранысты көбейту не оны бір денгейде сақтау.

Тұтынушылар тобының сипатына байланысты фирма төмендегі 2-кі стратегияның біреуін таңдайды: 1) өзіне тарту стратегиясы 2) сатып алуға итермелеу стратегиясы
Каталог: Книги -> 966 -> Жапарова%20Д.К.%20Маркетинг
Жапарова%20Д.К.%20Маркетинг -> Дәріс №3. Маркетингтік зерттеулер және маркетингтің ақпарат жүйесі
Жапарова%20Д.К.%20Маркетинг -> Дәріс № Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті
Жапарова%20Д.К.%20Маркетинг -> Маркетингтен тест сұрақтары
Книги -> Мемешов С. К. Топырақтану геология негіздерімен (Оқу-әдістемелік кешен) Көкшетау, 2012 мазмұНЫ
Книги -> «Тұрғындар географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады
Книги -> Көкшетау 2006 ббк 88,3я 73 /5к/ к 76


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан