Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты



бет5/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Авиациялық психология - ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология – адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына қатысты болып келеді.
Медициналық психология – дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез – құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді, әрбір тармақтың адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология психикалық құбылыстыр мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психотерапия – ауру адамға психикалық әдіс – айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс – тәсілдерін айқындаумен шұғылданады.
Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындағы қарым – қатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдеріні оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым – қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе қамтылды:
А) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық – әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманың құрамына жалпы бұқаралық байланыстыр: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл – күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.
Ә) Кіші топтардағы психологиялық – әлеуметтік жағдайлар. Оқшауланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым – қатынастарының сыры мен хал – жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтері болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат – мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата – ана мен баланың өзара қарым – қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты да мәселелер енеді.
Б) Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік – психологиялық орны. Азамат – әлеуметтік психологияның зерттеу обьектісі. Осы ретте олардың жоғырыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сондай – ақ, қоғамдағы азаматтың өзін - өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт – бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік психологияда біріне – бірі қарама – қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым – қатанастардың жиынтығы деп қарастыралады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік психологияның тармақтары: этностық психология, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан – жақты қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені