Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты



бет38/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Годфруа Ж. «Что такое психология». Том 1.- М.:Мир,2005-496с.

  2. Даниел Гоулман. «Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше, чем IQ». Изд-во Мани, Иванов и Фербер: 2018.-560с.

  3. Джакупов С.М. «Введение в общую психологию». – А.: Қазақ университеті,2014.

  4. Ильин Е.П. «Психология общения межличностных отношений». –СПб.: Питер,2009.-576с.ил.- (Серия «Мастера психологии»).

  5. Майерс Д. «Әлеуметтік психология»/ Д.Г.Майерс, Ж.М. Туенж: ауд№ Г.Қ.Айқынбаева№ -12бас№ - Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ,2018.-559с.: сур. (Рухани жаңғыру).

  6. Руденко А.М. «Психология в схемах и таблицах»: учебное пособие. –М.: Феникс,2016. -379 с.

Сандық білім беру ресурстары:
http://www.psychology-online.net/
http://psynet.narod.ru/main.htm
http://psyfactor.org/
Дәріс № 12
Тақырыбы: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы
Мақсаты: Коммуникацияның негізгі құралдары мен түрлеріни талдау
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
1.Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Коммуникацияның құрылымы, негізгі функциялары және түрлері
2. Коммуникациядағы цифрлық технологиялар. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары.
Қарым-қатынастың үш жағы. Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.Қарым-қатынастың осы үш жағын бірлікте қарастыру қажет. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мәлімет алм 3. Перцептік жағы Коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. Адамдар арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоедырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі. Коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі сияқты процестермен байланысты. Кері байланыс дегенміз – Кері байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды» , «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл – қозғалыс (жест) , ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады. Жанама кері байланыс – психологиялық мәлметті берудің асыратын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұақтар , кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда камуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсінуі әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсіну қиынырақ болады.Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат (информация ) деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады.
Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері:
1.Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.
2.Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында психологиялық ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен өлшенеді.
3.Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады.
4. Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады. Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар көпшілікке бағытталса, онда ол ретиалды коммуникация болып табылады.
2. Кез-келген ақпаратты алмасу белгілер жүйесі арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік процесте бірнеше белгілер жүйесі бар, осыған сәйкес коммуникативтік процестің классификациясын құрастыруға болады. Коммуникацияны вербальды және вербальды емес деп екі топқа бөлуге болады.
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданылады. Вербальды емес коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөздік емес белгілер жүйесі қолданылады. Вербальды емес коммуникация 4 формаға бөлінеді: кинесика, паралингвистика, проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр қайсысы өзінің белгілер жүйесін қолданады. Сондықтан коммуникация процесін 5 түрге бөлеміз
3. Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” терминдерін И.А.Зимняя вербальдық коммуникацмяның психологиялық компоненті ретінде енгізген болатын. әлеуметтік психологияда сөздік ықпалдың тиімділігін арттырудың тәсілдері мен шарттарын анықтауға көптеген эксперименталдық зерттеулер болды. Осыған бағытталған жұмыстардың жиынтығы “дәлелдеуші коммуникация ” атауын алды. Осы коммуникацияның моделін американ зерттеушісі Г.Ласуэлл ұсынды. Оның коммуникативтік процесінің моделі 5 элементтен тұрады:
1.Кім? (хабар беруші )- Коммуникатор.
2. Не ? (беріліп тұр) – Хабар(текст).
3. Қалай? (қандай жолмен беріліп тұр) – Арна.
4. Кімге? ( бағытталған хабар) – Аудитория.
5. Қандай тиімділікпен?- Тиімділігі.
Сөздің тиімділігін арттырудың 3 типі бар:
Ашық- коммуникатор айтылған ойдың жақтаушысы екенін ашық айтады.
Алшақ- коммуникатор екі қарама-қарсы көзқарасты салыстырып, өзін екеуінен де алшақ ұстайды.
Жабық- коммуникатор өзінің көзқарасын білдірмейді, кейде арнайы әдістерді қолданып жасыруға тырысады.
4. Адамдар өзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емыс белгілер жүйесі арқылы алады. Ақпараттың көпшілігі адам:
а)55%дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы(мимика, қол, дене қимылы )
б)40% дауыс(интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы)
в)5% сөздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90%көру, 9%есту, 1%т.б.
Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор, көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиын болады. 20 000 бет қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі.
Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың озара қатынасын байқауға болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының шындық болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.
1. “Жабық поза”- мұнда адам денесімен алдыңғы бөлігін жабуға және кеңістікте неғұрлым аз оран алуға тырысады (психологиялық дискомфорт), тығылып, иығына басын тығып, аузын жабады.
2. “Ашық поза”- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім, келісім,жылышырайлықты білдіреді.
3. “Қорғану”- кеудеге қолды айқастыру. Мұны ата-анасының айтқанын жоққа шығарушы балалар, өзінің құқын қорғаушы қарттарда жиі қолданылады.
4. “Бағалау”, “Сынау”- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла орналасқан, қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл еңкеюмен бірге болса, онда сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай қисайса, ол қызығушылықпен байланысты.
5. “Дайындық”- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі. Мұндай позаны жарыс кезінде спортшылардан өз кезегін күту кезінде жиі көруге болады.
Орындықтың шетіне отыру- әрекетке дайындалып отырғанды білдіреді.
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде:
- онаң сыртынан, арқасынан сөйлесуге болмайды, себебікейбіреулердің арқасынан қорғануы жоқ болады, оларды бірінші партаға отырғызуға болмайды.
- олардың төбесінен қарауға болмайды, себебі олар өздерін кіші , төмен сезінеді.
- отырып-тұрып тұрған адаммен сөйлесуге болмайды, себебі менсінбеуді білдіреді, позалардың тең еместігі.
Қозғалыстан адамның ішкі жағдайын, оның жеке дара ерекшеліктерін(жынысын, жасын, темперамент типін) білуге болады:
1. ең ауыр қозғалыс ашу кезінде болады.
2. жеңіл қозғалыс қуаныш, мақтаныш кезінде болады.
Нашар көңіл-күйде қол салбырап тұрады,жақсы көңіл күй кезінде ұшатындай жүріспен қозғалады.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлардың отырысының коомуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулергепроксемикка деп ат қойылды. Төрт түрлі ара қатынас бар:1.көңілдестік,2. жеке бастық,3. әлеуметтік,4. көпшіліктік. Алғашқы екі қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас- бөтен адамдармен араласу. Жеке адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі. Мысалы: mini американдықтарда, maxi жапондықтарда. Әр адаммен өзінің арақатынасы болады.
0-0,5м- өте жақындық, көңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар спорттың кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б.
0,5-1,2м - жеке адамдар арақатынасы қашықтығы, достар арасында болады.
1,2-3,7м - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы.
3,7м-жоғары - көпшіліктік арақатынас. Бірнеше сөзбен алмасу немесе қарым-қатынас жасаудан қашу.
Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі вербальды коммуникацияға қосымша ретінде қолданылады.
Паралингвистикалық жүйе- бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс тоны.
Экстралингвистикалық жүйе- сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.
Дауыс тонынан ашу және қайғыны жеңіл байқауға болады, ал ашу және қызғанышты тану өте қиын. Дауыс тоны серіктес адамның сезімін түсінуде негізгі роль атқарады.
Дауыс күші мен биіктігі де кейбір сезімдерді анықтауға мүмкіндік береді. Мыс:ашу, қорқыныш, қуаныш, сенімсіздік биік дауыспен берілсе, мұң, қайғы және шаршағандық жұмсақ және төмен дауыспен беріледі.
Сөздің жылдамдығы да сөйлеушінің сезімін білдіреді. Өзінің басындағы қиындықты айтқанда, қобалжып тұрғанда адам тез сөйлейді. Баяу сөйлеу қайғыда, көкіректік немесе шаршаған кезде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені