Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты


Тұлғаның өзін-өзі анықтау



бет30/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Тұлғаның өзін-өзі анықтау
Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Тұлғаның бағыттылы
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
Тұлғаның имплицитті теориясы
Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.
Тұлғаның өзін-өзі анықтау
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі — адам үміттенетін мақсат деңгейі.
Психикалық iс-əрекеттiң мақсат бағдарлы жəне нəтижелi болуы үшiн адам ең алдымен өзiнiң ой-санасын iстеп жатқан əрекетi мен сол əрекет нысанына тоқтата бiлуi қажет. Əдемi сурет салуға бекiнген баланы көз алыңызға келтiрiңiз. Сурет затын, оның түр-түсi мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшiнiң жұмысқа шомғаны сонша, тiптi ата-аналарының оған қарата айтқан сөздерiн мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейiнiн iстеп жатқан əрекетiне шоғырлады, назарын қажеттi заттарына аударды, басқа заттардың бəрiне алаңдамастан, өз керегiмен шұғылданды деймiз. Келтiрiлген мысал адамның бiр мезгiлде əрқандай заттар туралы ойлап, əртүрлi iспен бiрдей шұғылдана алмайтынының дəлелi. Сондықтан да оның санасы белгiлi мезеттiң əрбiр бөлiгiнде өзiне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мəндi тараптарына бағытталады. Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық əрекеттiң таңдамалылық сипатын, нақты объектi күнi бұрын ниеттi iрiктеуiн, не оған мəн бермеуiн айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені