Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты



бет3/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Ауызша сауалнама, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалнаманың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жазбаша сауалнама, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауалнама, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп отырады.
Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттамадағы қиындықтарға тап болдық. Бір жағынан бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты. Психологтар өздеріне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: Бақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады? Психологияның қалыптасу және даму барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталды. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталауы. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігінің дәлелі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы мәселесіне де байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет? Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі Ф. Гальтон (1822-1911). 1884 ж Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф. Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әр түрін, реакция уақыты және басқа да сенсомоторлы қасиеттері өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсыныстар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылды. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл «психотехника» деген атқа ие болды.
Бұл термин Д. Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж. Mind журналында Ф.Гальтонның қортынды сөзімен Mental Tests and Measurmentң («Ақыл-ой тесттері және өлшемдер») мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада Психология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайтындыған атап көрсеткен. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болды.
Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттер объективті және субъективті әдістердің арасында. Сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тесттерді орындауда, әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса, ол тестіден өткізудің нәтижесіне саналы немесе бейсаналы әсер ете алады. Алайда объективті тесттер де бар. Оларға жобалы тесттерді жатқызуға болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтижесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тесттер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын және сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.
Зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасауға негізделген эксперимент - әдісінің көмегі арқылы объективті мәліметтерді алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жүргізіледі. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Табиғи экспериментті алғаш рет А.Ф. Лазурский қолдана бастады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.
Психологиялық әдістердің бірі – модельдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан модельдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.
Модельдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық модельдеуде айнымалылардың өзара байланысы мен олардың қатынасы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қолданылады. Техникалық модельдеуде зерттеуді жүргізетін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық модельдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық модельдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негізделген.
Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды модельдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен. Ол компьютердің жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көзге елестету және сипаттауға мүмкіндік берді. Осындай зерттеулерге байланысты Д. Миллер, Ю.Галантер, К. Прибрам атты америка ғалымдарының және ресей психологы Л.М. Веккердің есімдері белгілі.
Психология ғылымының негізгі салалары

Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс – әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннің зерттейтін обьектісін, екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.


Адамның нақты іс – әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені