Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты



бет27/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Годфруа Ж. «Что такое психология». Том 1. - М.: Мир,2005-496с.

  2. Даниел Гоулман. «Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше, чем IQ». Изд-во Мани, Иванов и Фербер: 2018. -560с.

  3. Джакупов С.М. «Введение в общую психологию». – А.: Қазақ университеті,2014.

  4. Ильин Е.П. «Психология общения межличностных отношений». –СПб.: Питер, 2009.-576с.ил.- (Серия «Мастера психологии»).

  5. Майерс Д. «Әлеуметтік психология»/ Д.Г.Майерс, Ж.М. Туенж: ауд№ Г.Қ.Айқынбаева№ -12бас№ - Астана: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ,2018.-559с.: сур. (Рухани жаңғыру).

  6. Руденко А.М. «Психология в схемах и таблицах»: учебное пособие. –М.: Феникс,2016. -379 с.

Сандық білім беру ресурстары:

  1. http://www.psychology-online.net/

  2. http://psynet.narod.ru/main.htm

http://psyfactor.org/
Дәріс №6
Тақырыбы: Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде
Мақсаты: психология ғылымындағы құндылықтар жүйесін табу, нормалық категорияларды талдау
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
1. Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы. Өзін-өзі таныстыру.
2 . Адам өміріндегі құндылықтар.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.


Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.
Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.
Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде көрсетілген).
Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылып әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.
Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте, және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін өзі ұстау тәрбиесін алады.
Психологияда әлеуметтеуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбекті бөлісумен және оған сай білімнің таралуымен байланысты. Адам еңбек етудегі өзінің ролін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтың концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты – индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тұлғаның даму процесін түсіну керек.

Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан. Онда: «Білім


беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.Тәрбие иен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырары анық. Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.
Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
Педагогикалық сөздікте «құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі», - делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.
Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды.
Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді [2].
Мәселен, адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Себебі әрбір адам - өзінше жеке тұлға.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды топшылай отырып, біз рухани-адамгершілік құндылықты белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе деп түсіндіреміз. Яғни, рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан–дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы. Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет. Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені