Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты



бет24/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

МІНЕЗ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мiнез туралы жалпы түсiнiк. Мiнез анықтамалары. Мiнез қалыптасуының заңдылықтары. Мiнез қырлары туралы түсiнiк. Мiнез қырларын топтастыру.
Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды бағыттар. Эксперименталды зерттеулер мәселесiнiң негiзi ретiнде мiнез. К.Леонгард және А.Е.Личко тұжырымдамалары. Темперамент пен мiнез арақатынасы.
Мiнездiң қалыптасу ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуының ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуындағы сензитивтi кезең. Мiнез қалыптасуындағы үлкендер мен бала өзараәрекетiнiң рөлi. Мiнездiң мектеп жасында қалыптасуы. Өзiндiк тәрбие. Мiнез қалыптасуындағы еңбектiң рөлi.
Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл жеке, дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.
Мiнез типологиясы

  1. Адам мiнезi онтогенездi пайда болып, бүкiл өмiр бойына тұрақты.

  2. Мiнезге кiретiн жеке адам бiтiстерi кездейсоқ емес, олар мiнездi анықтауға көмектеседi және типтерге бөледi.

3.Сол мiнез типтерi бойынша адам мiнезi бiрнеше топқа бөлiнедi.
Э.Кречмер бойынша дене бiтiмi бет әлпетiне қарай астеникалық тип-арық, жiңiшке адам, соның арқасында ұзын болып көрiнедi. Астениктердiң дене және бет терiсi жұқа. Иықтары кiшкентай. Саусақтары ұзын жiңiшке, бұлшық еттерi нашар жетiлген, ал әйел адамдар сонымен қатар кiшкентай болады. Атлетикалық тип- орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкiрегi үлкен, басы ұзынша, әрi тығыз, қаңқа сүйектерi мен бұлшық еттерi жақсы жетiлген. Пикниктик тип- орта бойлы, мойны қысқа, семiруге бейiм, себебi бұлшық еттерi мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердiң айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкiн. Астениктер мен атлетиктер шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектiк, сезiмталдылық, менменшiлдiк, суықтық, қатiгездiк, билiкке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал, пикниктер маникалды –депрессивтi психозға бейiм, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңiлдiлiк, ашық мiнездiлiк, көпшiлдiк, көп сөйлегiштiк, қалжыңға бейiмдiк, жеңiлтектiк тән.
Мiнездiң психологиялық теориялары 19ғасырдың аяқ кезiнен бастау алады. Сол кездегi зерттеушiлер адамның мiнезiн дене құрылысына қарай түсiндiруге тырысқан. Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мiнезi соған сәйкес қалыптасады дедi. Адамның мiнезiн сыртқы тұрқы, бет-әлпетi, нышандарынан зерттеп қарастыруға болады . Осы кезде френология ағымы қалыптасты. Ол ағым бойынша адамның бас сүйегiне, формасына, жүйке саласына қарап адамның мiнез-құлқын,ақыл-ойы дәрежесiн т.б.ажыратуға болады дедi. Ал, графалогия ағымы бойынша адамның жазуына қарап оның мiнез ерекшелiгiн ажыратуға болады дедi.
Осы кездерде көптеген ғалымдар мiнез мәселесiмен айна-лысты: немiс психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені